Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Өрнек" үйірмесінің жұмыс жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Өрнек» үйірмесінің жұмыс жоспары
(авторлық бағдарлама)
Түсінік хат
Көптеген тәрбие жұмыстарының бір саласы өскелең жас ұрпақты халқымыздың ұлттық қолөнеріне баулуға бағытталған. Оқушының білімін тереңдету, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талап деңгейін жоғарылату барысында қолөнер үйірмесінің орны ерекше.
Үйірменің іс-тәжірибесіне көңіл аударар болсақ, баланың шығармашылық кезеңдеріндегі танымдық мүддесінің даму-бейнелеу өнері, геометрия, математика, сызу, тарих т.с.с пәндерге тікелей байланысты болады. Бала оқу процесінде алған білімін сарамандық жұмыста іс жүзінде қолданып,қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңдерінде пайдаланады. Үйірме оқушының сабақта алған білімін одан әрі жалғастырып, дамытудың жолы. Мұның өзі баладан шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді және де алдына қойған мақсатына жетуге, шеберлікке еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Үйірмеде оқушылар матамен, бисермен, кестемен, былғарымен, тоқыма жіптермен әр түрлі бұйымдар дайындап, аудан,облыс көлемінде қатысып, үнемі жүлделі І –ІІ-ІІІ орындарға ие болып жүр. Үйірмеде оқушы тек үйретумен бұйым жасаумен шектеліп, қана қоймай оған талдау жасап, өңделу технологиясына өз ойларын, ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша оқушылар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады.
Сабақтан тыс білім беру қолөнерді үйрету, оқушылардың жеке қабілеттерін айқындап, жетілдіре отырып оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен тәрбиесіне бағытталады.
Бұл бағдарламада технология сабағында және “Өрнек” үйірмесінде халықтық педагогика мн ұлттық өнерді біріктіре оқытуды қолданудың тиімді екендігі жөнінде мағлұмат берілген. Жалпы оқушыларға сабақта ұлттық өнерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілген:
Бағдарламаның мақсаты:
-
Оқушыларды халықтың ұлттық өнеріне сендіру, оның арнаулы түрлерін оқытып үйрету;
-
Ұлттық өнердің жасалуы мен орындалу жолдарына жаттықтыру, дағдыландыру;
-
Халық өнерінен үлгі өнеге алу және еліктеу;
-
Оқушылардың шығармашылық сезімдерін көтермелеу және дамыту, ойлау танымдық қабілетін қалыптастыру;
-
Халық шеберлерімен таныстырып, олардың еңбектері арқылы әсемдікті бағалауға, өз ұлтының мәдениетін арттыруға, қадірлей білуге;
-
Халқымыздың бұрынан жалғасып келе жатқан қолөнерін жаңа стильде жандандыру, уақыт талабына сай жетілдіру;
-
Өздерінің жасаған бұйымдарының нәтижесін көруге;
-
Оқу бағдарламасына енгізілген өзгерістер яғни қазақтың ұлттық қолөнерін сабақта пайдалану арқылы, қазақ халқының ою- өрнегінде кездейсоқ ешнәрсе жоқ, ондағы әрбір өрнектің өзінің белгілі бір мәні, мағынасы бар екені жөнінде оқушыларға түсінік беріледі.
Бағдарламаның міндеті:
-
оқушылардың шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он са6усағынан өнер тамған шәкірт тәрбиелеу. Оқушылардың шеберлігін, білім мен еңбегңін көсету.
-
ұлттық өнердің жасалуы мен орындалу жолдарына жаттықтыру, дағдыландыру;
-
іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік дағдысын жетілдіріп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Қазір егемендігімізді алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Сондықтан сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу.
«Өрнек» үйірмесі өнер мен білім ісін бір – бірімен ұштастырып, бала санасына кәсіби дарын, ізденімпаздылық, іскерлік және адамгершілік дүние танымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл авторлық бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 5-9 сыныптарда оқитын қыз балаларға арналған. Бағдарлама бір жылдық оқу жылына арналған. Сабақтың түрлері: баяндама, лекция,пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, жеке, топтық, кездесулер, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер, арқылы орындалуы жүзеге асырылады.
Күтілетін нәтижелер:
-
халқымыздың бұрыннан жалғасып келе жатқан қолөнерін жаңа стильде жандандыру, уақыт талабына сай жетілдіру;
-
оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмелерде көруі. Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепішілік, аудандық көрмеге жұмыстарды шығару.
Бұл бағдарлама 6 бөлімнен тұрады
Кіріспе бөлімінде
Үйірменің мақсаты, маңызы, қолданылуы, жұмыс түрлері, ережелермен таныстыру.
Өнер бөлімінде жалпы өнер туралы, даму кезеңдері жөнінде мағлұмат беріледі.
Дизайн бөлімінде дизайн өнерінің шығу тарихы және түрері туралы айтылады. Қазақстандық дизайнерлердің жұмыстарымен таныстырылады.
Ұлттық киім сән үлгісі бөлімінде: моншақтан, жіптен, былғарыдан әшекей бұйымдар (алқа, білезік, сақина т.б) жасауды үйренеді.
Ою-өрнек бөлімінде ою-өрнектің үлгілерін жасау, оюдың жиегін кестелеу әдістері үйретіледі.
Тоқыма өнері бөлімінде тоқу әдістері туралы көрсетіліп, құрал-жабдықтармен таныстырылады.
Бұл үйірменің бағдарламасының оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеті жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне байланысты орта 5-7 сыныпта, ересек 7-9 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен сарамандық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Әрбір мұғалім өз пәнін жақсы біліп қоймай, үнемі ізденіс үстінде болуы керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерінен, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді, әсіресе компьютер арқылы фото туындылары т.с. сиякты көрнекі материалдарды падаланып көп еңбектенуге тура келеді.
Қазір оқушылар өнердің барлық түрлерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс-әрекеттерімен көрсетуде. Оқушыларға арналған қосымша білім берудегі үйірменің күнтізбелік жоспарын ұсынып отырмын. 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.
Күнтізбелік жоспар
«Өрнек» үйірмесінің іс-жоспары
р/с |
Тақырыбы |
Сағат саны |
теория |
сарамандық |
1 |
Технико-технологиялық мәліметтер. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Үйірменің мақсаты, маңызы, қолданылуы, жұмыс түрлері, ережелермен таныстыру. |
1 |
1 |
|
2 |
Өнер туралы мағлұмат және даму кезеңдері. Былғарымен жұмыс. |
4 |
1 |
3 |
|
Қолөнер шеберлерінің жұмыстарымен таныстыру. Қолөнерінің түрлері(тігіс түрлері) Былғарымен жұмыс. |
|
|
|
3 |
Дизайн өнері туралы |
3 |
1 |
2 |
|
Дизайн өнерінің шығу тарихы және түрлері.Қазақстандық дизайнерлердің жұмыстарымен таныстыру. Құрақ,төсеніш, аяққап тігу |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Ұлттық киім сән үлгісі |
10 |
2 |
8 |
|
Эскиз салу, сызба салу, үлгі жасау, ұлттық сән үлгісін тігу, әшекейлеу |
|
|
|
5 |
Сәндік қолданбалы қолөнер бөлімі |
4 |
1 |
3 |
|
Көркем қолөнер элементерінің қолданыста пайдалану технологиясы. Моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар жасау, кестелеу. |
|
|
|
6 |
Ою-өрнек түрлері |
8 |
2 |
6 |
|
Ою-өрнек жұмысы. Ою өрнек туралы тарихи мәлімет беру. Шығу тарихы. Қазіргі қолданыста ою-өрнек ерекшелігі, ою-өрнектің үлгілерін жасау (қалауынша) |
|
|
|
7 |
Тоқыма өнері |
4 |
1 |
3 |
|
Тоқу өнері туралы түсінік беру, керекті құралдармен танысу. Тоқылу әдіс-тәсілдері технологиясын меңгерту, үйрету. |
|
|
|
Техикалық еңбек- 1 сағат
Ұйымдастыру жұмыстары, техниалық мәліметтер, оқушыларға үйірменің мақсаты мен маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Түстердің үйлесімділігі, желімнің түрлері, қажетті материалдар әзірлеу.
Өнер туралы мағлұмат және даму кезеңдері – 4 сағат
Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің жұмыстарымен танысу. Қағаз, мата, былғарыдан құрастырып бұйымдар жасау. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Дизайн өнері. Құрақ, төсеніш, аяққап тігу-3 сағат
Қазақстандық дизайнерлердің жұмыстарымен таныстыру. Дизйн өнері туралы мағлұмат беру. Құрақ, төсеніш, аяққап тігу.
Ұлттық киім сән үлгісі-10 сағат
Ұлттық киім түрлері. Ерлер, әйелдер және балалар киімдері. Түрлі материалдардан киімдерді тігу, әшекейлеу.
Сәндік қолданбалы қолөнер бөлімінде – 4 сағат
Көркем қолөнер технологиясына түсінік беру, моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар жасау, кестелу.
Ою-өрнек түрлері – 8 сағат
Ою-өрнектің шығу тарихы, қолданылуы. Ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері.
Тоқыма өнері – 4 сағат
Тоқу өнері туралы түсінік беру. Көрнекілік материалдар мен құрал- жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тоқу әдіс-тәсілдерін үйрету.
Құрал – жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:
-
ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды;
-
қол тігістерін орындап, техниқалық қауіпсіздік ережені сақтауды;
-
қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;
-
жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;
-
құрал – жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;
-
түстерді дұрыс сәйкестендіре білу;
-
сурет сала білу
-
бұйымның эскизін орындай білу;
-
ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білу;
-
шаблон үлгілерін дайындауды білуі;
-
технологиялық карталармен жұмыс істей білу;
-
үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.
Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:
-
Инені ине түйреуішке ғана түйреп салу керек;
-
Инені ауызға салуға, киімге түйреуге болмайды;
-
Жіпті тістеп кесуге болмайды;
-
Сынған инені жерге тастауға болмайды.
Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:
-
Үтікпен алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;
-
Ылғалды қолмен тоққа қосылатын үтікті ұстауға болмайды;
-
Үтікті мата түріне қарай қыздыру крек
Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:
-
Қайшыны жолдсыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;
-
Қайшының жүзін жабық түрінде партаның оң жағына қой.
Желіммен жұмыс істеу тәртібі:
-
Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жап;
-
Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін міндетті түрде қолыңды жу;
-
Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұста.
Бұл бағдарлама бүгінгі талапқа сай жабдықталған кабинетте жүргізіледі. Сонымен қатар дидактиқалық материалдар, суреттер, кітапшалар, слайдтар, бейне таспа қолданылады.
Қолөнер үйірмесі сабағының негізгі бағыты үйрету, оқыту, игеру болып табылады. Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдарын жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді.
Сонымен бірге оқушы салт-дәстүріміздегі қолөнеріміздің аса қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екндігін жете түсіне білуі керек.
Қолөнер үйірмесінде оқушылар халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан қолөнерін жасап үйренеді.
Бұрынғы ат-бабаларымыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күні басты міндетіміз. Олай болса үйірмеге қатысатын оқушылар алған білімдерін, өнерлерін өздері ғана біліп қоймай кейінгілерге де үйретеді деген ойдамыз. Шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керек заттардың жаңа сан алуан мата, қағаз, былғары, ағаш, су моншақ, тоқыма құрастыру т.б. әсем түрлі бұйымдарын жасауға қызығады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ай сайын шығатын “Технология” Республикалық әдістемелік журналы
Бас редакторы: Әбиева Фарида Бебітқызы 2009ж,2011ж,2013ж,2014ж
Марғулан А.Х. Казахское народное Прикладное – искусство –Алма –Ата:
Өнер 1986, 2566
Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы. 1988ж
Энциклопедия Ою- өрнектер. 2003ж
Журнал “Мектептегі технология. Технология в школе” 2005 №1,№2,№3
Джуджу Вейл. Коврики из лоскутков