Мектепке дейінгі шағын орталықты Ш.Уәлиханов
атындағы орта мектеп –гимназиясы КММ
Сабақтың
тақырыбы:
Орта ғасырларда шыққан
даналар
(Қ.А.Иассауи)
Тарих пәнінің мұғалімі:
С.К.Джуманова.
2017-2018 оқу жылы
Сыныбы:7
|
Мектеп:
Ш.Уәлиханов атындағы
ОМГ
|
Күні:
|
Пән
мұғалімі:С.К.Джуманова
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Орта ғасырларда шыққан даналар
(Қ.А.Иассауи)
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
6.2.2.4 – түркі кезеңіндегі
қоғамды бейнелеуде Қ.А.Иассауи кесенесіндегі жәдігерлердің тарихи
құндылығын түсіндіру;
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Барлық
оқушылар:
Қожа Ахмет
Иассауидің кесенесіндегі жәдігерлердің тарихи құндылығын
біледі.
|
Оқушылардың басым
бөлігі:
Тақырыптың тарихи маңыздылығын
анықтайды.
|
Кейбір оқушылар:
Білімді сыныптастарына
түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстармен жұмыс істейді,қорытынды
жасайды.
|
Бағалау
критерийі
|
Қожа Ахмет Иассауидің
кесенесіндегі жәдігерлердің тарихи
құндылығын
Негізгі деректерге сүйене
отырып, тақырыптың тарихи маңыздылығын
анықтайды;
Оқулықтан тыс ресурстармен жұмыс
істейді,қорытынды жасайды.
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Музыка, қазақ тілі,тарих.
|
Түрі
|
|
Көрнекіліктерр
|
|
Құндылықтарға
баулу
|
|
Тақырып бойынша алдынғы білім
|
Қазақстан тарихы 5-сынып
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
түрлері
|
Ресурстар
|
(Ұйымдастыру кезеңі)
2-минут
Сабақтың басы
3-минут
|
Жағымды ахуал туғызу. Жолсерік
күлімдеп қарсы алады да билет ұсынады.
(оқушылар музыкалық сүйемелдеумен есіктен кіріп,
билет алады) сол бойынша топтастырылады.
«Ой қозғау». «Кім зерек»
әдісі
Суреттерді не байланыстырып
тұр?
Сабақтың тақырыбы:Орта
ғасырлардағы шыққан даналар (Қ.А.Иассауи)
Мақсаты:түркі кезеңіндегі
қоғамды бейнелеуде Қ.А.Иассауи кесенесіндегі жәдігерлердің тарихи
құндылығын түсіндіру;
1-ші аялдама. Топпен
жұмыс.
«Иассауи кесенесі
аялдамасы»
«Рухани тамақтану
»
1-тапсырма.
І
топ. Қ.А.Иассауи туралы не
білеміз?
Дескриптор
1. Қожа Ахмет Иассауи өмірін
біледі, еңбектерінің тарихи құндылығын
сипаттайды.
ІІ
топ. Тайқазан, лауха, шырағданның
құнды жәдігер екенін дәлелде.
Қ.А.Иассауи кесенесіндегі
Тайқазан , Лауха, шырағдан
тарихи маңызын талдайды.
ҚБ: Кәмпит арқылы
бағалау.
|
«Кіру-шығу» билеті,
музыка
1-топ
2-
топ
1-топ Иассауи
2-топ Тайқазан
Лауха, шырағдан
|
Сабақтың ортасы
2-
мин
|
2- аялдама . Жұптық
жұмыс
«Қызық екен» айдары
1-топ. 63 жаста қандай оқиға болды?
Тақтадағы суретпен байланысты ма?
-
2-топ.
« Ош,Ош» деген cөздің мағынасын
қалай түсінесің?
Дескриптор
-
Қылует жерасты мешітінің тарихын
сипаттайды.
-
Аңыз бойынша
Қырғыздардың «Ош» қаласы қай әулиенің атымен байланысты шыққанын
біледі.
ҚБ:
|
Қылует
жер асты
мешіті
|
Сабақтың соңы
2
мин
Қорыту
1мин
|
3-аялдама.
«Саяхаттан алған
әсерім»
Қызықты
Әсерлі
Қызықсыз
Мұғалім
сөзі:
Бүгін міне, киелі Түркістан
қаласына саяхатымыз аяқталды. Түркістан көркем де, әсем, киелі қала
екеніне көзіміз жетті.
|
«Шығу»
билетін
толтыру
|
-
Шырағдан туралы
баяндаңыз?
Құлпытасты айналдыра Әмір
Темірдің Қожа Ахмет Ясауиге сыйға тартқан қола шырағдандары
қойылған. Шырағандардағы жазулардан хижираның 799 жылы құйылғанын
оқуға болады
2.Аңыз бойынша Қырғыздардың «Ош» қаласы қай
әулиенің атымен байланысты шыққан?
Арыстан баптың төртінші ұрпағы Зеңгі ежелгі Шаш,
қазіргі Ташкент қаласына таяу жерде орын теуіп, сол араны жай
етіпті. Ол таңертеңгі уақытта шығып, паданы айдап, алдын қайырмай,
еркінше жіберіп; “Ош, Ош!” - деп сонау қырғыздың жерінен бір-ақ
қайырып әкеледі екен. Ош қаласының атауы содан пайда болса
керек.
Лауха туралы не білесің?
Бұл кітапшада «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы
қорында сақталған 14 ғ. жәдігері қола лауханың символдық мәні
ғылыми-танымдық тұрғыда талданады.«Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік
Әзірет Сұлтан мұражайы қорындағы ортағасырлық тарихи құнды
мұрағаттың бірі Әмір Темір дәуірінен сақталған қола лаухалы ту.
Тудың сабы ағаштан жасалынып, жасыл түсті бояумен боялған, оның
ұзындығы 8 метрге жуық, лаухасы, яғни ұшы қоладан құйылған,
биіктігі – 98 см, салмағы – 5 кг. «Лауха» сөзі – жазу жазылған
тақташа мағынасын береді. «Тарих – таным, тағылым, тәрбие, бабалар
тәжірибесі, туған топырағыңды танудың кілті, Отаныңа деген
сүйіспеншіліктің ақ бастауы Түркістан – төл тарихымыздың үлкен де
күрделі арнасы. Түркістан төңірегінде ел аузында жүрген мәнді аңыз,
әпсана мен әңгіме көп, көненің көзі, асылдың сынығы – құнды
жәдігерліктер мол
-
Қылует жерасты мешітінің
тарихын баянда?
Түркістан қаласындағы «Қылует» жер асты мешіті
ерекше рухани тәрбиелік мәнге ие, терең тарихы бар ортағасырлық
сәулет ескерткіштерінің бірі. Кезінде он сегіз бөлмеден тұрған бұл
жартылай жер асты құрылысы жан-жақты діни, рухани, мәдени қызмет
атқарған кешен болуымен назар аудартады. Құрылыста адам өмір
сүруіне, құлшылық-ғибадатын атқаруға қолайлы жағдай жан-жақты
қарастырылған. Мұнда жер астындағы Қожа Ахмет Ясауи салдырған бір
адамдық «Ғар» бөлмесіне қоса «Мешіт» бөлмесі, «Жамағатхана» залы,
шәкірттерге арналған «Құжыра» бөлмелері, ыстық су дайындайтын,
жуынатын, дәрет алатын бөлмелер де ескерілген. Деректерде «Қылует»
мешітінің қонақ үйлері мен жылқы байлайтын ат қоралары да
болғандығы жазылады. «Қылует» сөзі арабша «Халуәтун» – жалғыз,
оңашаланып өмір сүруге ұмтылу деген мағына береді. «Қалыпты
(жүректі) бұрыс, сенімдерден, жаман әдеттерден арылтуды, құтқаруды
– “Қылует”
1.Қожа Ахмет Ясауидің тарихтағы
орыны?
Қожа Ахмет Ясауи дін
қайраткері ғана емес, көрнекті ақын, философ
болды. Сопылық "мистикалық" ағымның
түркі тілдес тармағының негізін қалаушы.
Ол өзін қоршаған дүниенің
астарын дәл көрсете білді. Оны тіршілік тынысы, әміршілер,
сондай-ақ халық тағдыры толғантты. Данышпан бола отырып: сыртқы жан
дүниесі – ойшыл, ішкі жан дүниесі табиғаттың ең жоғарғы рухымен
байланысы бар рухани тұлға ретінде өмірдің барлық сыры мен қырын
түсіне алды. Қожа Ахмет Ясауи туындылары - өлеңдері, шығармалары,
рисалдары жергілікті халықтың арасында кең тарады. Ол тек рухани
жетекші ғана емес, ақылгөй мемлекет қайраткері ретінде танылды.
Өзінің рухани өсиеттерінде, өлеңдері мен трактаттарында халыққа
жүрекжарды сөзін айтар кезінде, аса қасиетті нәрсеге де көңіл
аударып отырды. Бөгде нанымдағы адамдарға кешірімді болуға шақырды.
Аңызға сүйенсек, Ясауи күйкі өмірдің күйбең тіршілігінен безіп,
тәңірісіне құлшылық етуге біржола бет бұрды. Ол Иассы қаласындағы
мешіттің маңындағы жерасты үңгірге қоныс теуіп, ғұмырының қалғанын
сонда өткізді.
-
Тайқазан — Түркістандағы қасиетті қазан.
Оны Қарнақ қаласында
1399 ж. Тебриздік шебер Абд
ул-Әзиз ибн Шараф әдДин 7 металл қоспасынан құйып жасаған.
Оған алпыс шелек су сияды, салмағы 2 т. Қазан суы қасиетті су деп
танылған. Қазанның бүйіріне өсімдік кейпіндегі өрнектер салынып,
араб әріптерімен оюлап құйылған жазулары бар. Түркістан тай қазаны
1935 ж. Санкт-Петербургтегі
Әрмитаж басшыларының өтініші бойынша 3-халықаралық
конгреске көрсету үшін әкетілген еді. Әрмитаждың төменгі қабатында
48-залда 54 жыл тұрып, Қазақстан үкіметінің
талап етуі бойынша 1989 жылдың 18 қыркүйегінде қасиетті
Т. Қожа
Ахмет Яссауи кесенесіндегі өз орнына қойылды. Оның
қайтарылуына Ө.Жәнібеков көп еңбек
сіңірді.
-
Қ.А.Ясауидің 63 жасында жер астына түсуінің
себебін түсіндір. Ол хикметте қалай
жырланған?
Рухты тәрбиелеп өсіруде нәпсіні жеңу үшін олардың
әрқайсысының қалауын ажыратып, білудің маңызы зор. Сондықтан рух
тазалығына ұмтылу, Хақ дидарын талап ету – басты мақсат. «Өлмес
бұрын өлу» жайлы Пайғамбардың (с.ғ.с.) өсиетін орындауға амал
қылған ғұлама, осы хадистің танымдық мәнін ашып қана қоймай, іс
жүзіне асырады. Демек, жүректі тазалап, нәпсіні жеңіп, көңілдегі
Алладан басқа қалау, тілектердің бәрін жоюдың үлгісін көрсетіп,
дүниеден өтпей тұрып өлімді жеңеді, осылайша мәңгі тірілікке қол
жеткізеді.
«Алпыс үште сүндет болды жерге кірмек,
Расул үшін екі ғалам жарық бермек,
Ғашық жанның сүннеті дүр тірі өлмек,
Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет»
деп алпыс үш жасында жер астына кірген ғұлама бүкіл ғұмырын
нәпсімен күресіп, рухани кемелдікке жетудің ғибратты үлгісін
көрсетуге арнағанын көреміз. Оның шешуші қадамы «қылуетке» – жер
астына түсуін Пайғамбардың (с.ғ.с.) жасымен үйлестіруінің өзінен-ақ
о бастан Мұхаммед Расулдың (с.ғ.с.) аманатын иеленген Әзірет
Сұлтанның Алла елшісінің рухани кәмелеттікке жету жолын
жалғастырушы екендігі белгілі болады. Ол қылуетке түсуінің мәнісін
– «Нида (Құдайдың әмірі) келді құлым жерге кір деген», «Мұстапаға
аза тұтып кірдім мен» деген хикмет жолдарында айқындай түседі.
Әйтседе, әулиелердің осы әрекетін халқымыз – Пайғамбарға (с.ғ.с.)
деген махаббаттың және сүннетке адалдықтың үлгісі ретінде аңызға
қосқанына жүгініп, қылуетті – Құдай мен сүйген құлының арасындағы
тылсым мәнді айырықша сыр деп білген жөн
дейді