Материалдар / «Орта мектепте информатиканы оқытуда CLIL технологиясын іске асыру әдістемесі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Орта мектепте информатиканы оқытуда CLIL технологиясын іске асыру әдістемесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәнін ағылшын тілінде жүргізетін ұстаздарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2021
507
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Баяндама


Тақырыбы: «Орта мектепте информатиканы оқытуда CLIL технологиясын іске асыру әдістемесі»

































МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ............................................................................................

4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


  1. CLIL технологиясының негізгі сипаттамалары...................

  2. CLIL технологиясымен оқытуды ұйымдастыру..................

5

7

  1. Орта мектепте информатиканы оқытуда CLIL технологиясын іске асыру элементтері.................................

  2. Информатиканы оқытуда CLIL технологиясын іске асыру әдістемесін әзірлеу .................................................................



9


11

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................

13

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................

14































Баяндама жоба мақсаты:

Орта мектепте информатиканы оқытуда CLIL технологиясын іске асыру әдістемесін әзірлеу және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелдеу.


Баяндама міндеттері:

  1.  CLIL әдістемелік тәсілінің негізгі сипатын айқындайтын тарихи аспектілерін анықтау;

  2. CLIL контекстінде тілдік және тілдік емес информатика пәнінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың мүмкіндіктерін айқындау;

  3. Орта мектепте информатиканы оқытуда CLIL технологиясын іске асыру әдістемесін әзірлеу және қолдану технологиясын жетілдіру.


Жоба құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімімен мазмұндалған.




























КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» аясында білім беру жүйесін, оның ішінде жалпы орта білім беруді жетілдіру бойынша кең көлемді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі CLIL пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы. Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын кезеңнен өтуде. Жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, жаңа оқу жоспарлары және жаратылыстану-математикалық бағытының пәндерін кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Осы орайда, «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы негізінде орта мектепте информатиканы оқытуда CLIL технологиясын іске асыру әдістемесін әзірлеу маңызды. Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі жеке пәндерді оқытуда негізгі құралға айналып жатқандығы мәлім. Әсіресе, информатика саласын ағылшын тілінде меңгеру, білімгерлердің ғылымдағы жаңалықтармен жылдам танысуына, әлемдік деңгейдегі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа технологиялармен және жаңа бағыттағы ғылыми мақалалармен уақтылы танысып отыруына мүмкіндік береді. Ал бұл жағдай білімгерлердің бойында қазіргі заман талабына сай құзіреттіліктердің қалыптасуына септігін тигізеді. Сондықтанда пәнді ағылшын тілінде оқытуда CLIL технологиясын пайдалану оқытудың тиімділігін арттырады және қазіргі таңда бұл технологияны пайдалану арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселелердің бірі.



















НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. CLIL технологиясының негізгі сипаттамалары

Қазақстан Республикасында 2016-2019 жж. арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі - білім беру жүйесін және технологияларын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуді талап ететін орта білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады. Олардың ең көп таралған түрі CLIL тілдік интеграцияланған оқыту технологиясы (Content and Language Integrated Learning). CLIL-оқытудың жаңа технологиясы, CLIL (Content and Language Integrated Learning - Пән және Тілді Кіріктіріп Оқыту) осы CLIL әдісі арқылы оқытудың ерекшелігі, мұнда түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде (отандық және шетелдік) жүзеге асырылады. Информатика– ақпарат туралы ғылым. «Информатика» пәнін табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты. Кіріктірілген білім беру әдісі бізге не үшін қажет? Ағылшын тілін жеке оқып, информатиканы неге жеке оқымасқа деген сұрақ туындайды. Бірақ пәндерді біріктеру арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, белсенділігін арттырамыз.

CLIL әдісі лексикалық, тіл дағдылармен және де гуманистік дағдылармен байланысты. Дэвид Ласагабастер - лингвистика профессоры, ол 1997 жылы «шығармашылық және металингвистиканы түсіну: олардың ішінде ағылшын тілін үшінші тіл арқылы үйрену» докторлық дәрежесін қорғады. Д.Ласагабастердің және А.Хюгет қостілділік пен көптілділіктің аражігін ажыратып, тек қана басқа тілдермен оқытылуы ғана емес, лингвистикалық қашықтыққа немесе алыс шет тілдермен байланысы туралы жазған. Авторлар қостілділіктік білім беруді: ең алғаш шет тілін оқытылу кезінде аздап бастап, одан кейін көптілділікті қосып көбейту керек, деген. Осыған орай, интернационалдық Еуропа мектептері біртіндеп көптілділікке айналады деп жазған. CLIL- өзгерістерге және өзгертуге дайың өскелең ұрпаққа арналған тың бағдарлама. CLIL бағдарламасы алдына екі міндетті қояды: оқушылардың пәндерді оқу кезіндегі деңгейін көтеру және пәндерді шет тілімен өзара байланыстыру. Ағылшын тілін информатика пәнімен байланыстыра, салыстыра оқыту үлкен нәтиже беретіндігі сөзсіз, сондықтан пән мұғалімі арасында үнемі байланыс болуы керек. Европа елдерінің тәсілдері бойынша Ду Коил CLIL оқыту- әдістемесі бойынша 4 негізгі тәсілді дайындаған, мәдени және тілдік ортаны қамтитын, тақырыпты және білім міндеттердің шешу үшін. Әрбір 4 тәсілді жүзеге асырылуда әртүрлі оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты, әлеуметтік лингвистикалық кіріктірілген білім беру бағдарламасына қарай әр түрлі қолданылады.

Кіріктірілген білім беру 4 негізгі тәсілі құрайды, олардың ішінде: Content (мазмұны) - біліктілік дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту, Communication (қарым-қатынас) - шет тілін оқыту кезінде тілді дамыту, Cognition (таным) - танымдық және ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы түсінік, Culture (мәдениет) - өзге ұлттың мәдениетін білу, пәнаралық байланыс орнату. CLIL әдісі оқытылу кезінде мұғалімге де талаптар қойылады: оқушылардың тілдік білімін және пәндік білімін біріктіруге, сабақ мәтіндерге негізделуі тиіс (аудио- жазба немесе баспа), лексикалық тәсіл грамматикалық тапсырмалардан да маңызды (оқушының білім деңгейіне байланысты). CLIL бағдарламасын меңгеру негізінде, мұғалімдердің екі тілді оқытудың дағдаларын көрсетеді және оқыту бағдарламаларының жеткіліксіздігі, мазмұнның түсіну салдарынан тілдік құзіреттілік аз қолданылуымен, мұғалімдерге қиыншылық туғызады. CLIL әдісітемесі оқушыларға көмектеседі: кең мәдени контекст енгізуге, халықаралық сертификаттауға, жалпы және арнайы тілдік құзіретін арттыруға ынталандырады. CLIL әдісінің информатика пәнің оқытудағы артықшылықтары, біріншіден, тілдік құзыреттілікті және сенімділікті арттыру, екіншіден оқытушы мен оқушы арасындағы мотивацияны көтеру, үшіншіден өз пікірін еркін жеткізу, ойлау қабілетін дамыту және мәдениет пән мәдениетаралық білімді дамыту. Кіріктірілген білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы ағылшын тілін оқып, үйрену. Ағылшын тілін үйрену – көптеген ізденістерді, талпыныстарды, уақытты, жаңа технологияны керек етеді.

Оқушыларды информатика сабағын ағылшын тілінде оқыту үшін, мынадай маңызды нәрселерді ескерген жөн: 1. Сабақ барысында жылы, достық жағдай тудыру: оқушының жеке басындағы сенімсіздікті жоюға көмек беру; жеке дыбыстарды, сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді, грамматикалық түрлерді дұрыс қолданбаған жағдайда оқушыны тоқтатпау, сөзін бөлмеу, қателіктеріне акцент жасамау («шет тілде қате сөйлеуге құқығың бар!» ). 2. Жаңа тақырып материалын тек жағымды үлгі арқылы ұсыну. 3.Оқушы баға үшін оқымайтындығы ойын қалыптастыру. 4.Сабақ барысында үйреніп жүрген тілде араласу талабын қатаң сақтау. Тілдерді араластыруға жол бермеу. 5. Сабақ материалы «жанды», күнделікті өмірмен тығыз байланыстыру. Түрлі проблемалардан жол табу мүмкіндігін ескеру. 6. Сөздікпен жұмыс жасау әдісін оқушының жетік түрде меңгеруі.












  1. CLIL технологиясымен оқытуды ұйымдастыру

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері – бұл:

тұрақты және логикалық шегіне жеткен педагогикалық процесті ұйымдастыруға тән жүйелілік және тұтастықтың, оқушылар құрамының қалыптылығының, өткізудің белгілі тәртібінің болуы;

белгілі тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылатын мұғалім және оқушылардың келісілген іс-әрекеттері көрінісінің болуы.

Классикалық дидактикада оқытудың ұйымдастыру түрлерінің жалпы ережелерінде, мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болып табылады деген пайымдау бар. Сабақ дегеніміз:

кеңістіктік-уақыттық анықтылық (сабақтың режимі, сабақтың өтетін орны, оқушылар мен мұғалімдер құрамы);

сабақтың құрылымы және жұмыс кезеңдерінің бірізділігі;

оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білулерінің жеткілікті деңгейі;

сабақтың дидактикалық мақсаты.

Сабақтың негізгі қызметі: ықпалдастық, коммуникативтілк, басқарушылық.

Сонымен қатар заманауи дидактикада дәстүрлі және стандартты емес сабақтарды бөліп көрсету қарастырылады. Стандартты емес сабақтардың қатарына іс-әрекеттің әртүрлі түрлерін қамтитын, танымдық қызығушылықты арттыратын, қиялдауды, ойлауды, зейінді дамытатын, оқушылардың шаршағандықтарын, артық күш жұмсауларын болдырмайтын кіріктірілген сабақтар жатады.

Кіріктіру өзін-өзі танытуға, өз ойын білдіруге, мұғалімнің шығармашылығн жүзеге асыруға, оқушылардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Кіріктіру оқушылардың түрлі пәндерден жүргізген бақылаулары бойынша жасаған қорытындыларын нақтылаудың және тереңдетудің, жаңа фактілер табудың қайнар көзі болып табылады.

Егер дәстүрлі сабақ оқушыларды біліммен қаруландыруға және негізінен түсіндіру-көрнекілік әдісінде құрылатын жалпы білім беру міндеттерін шешуге бағытталған болса, ал кіріктірілген сабақтар оқытудың түрлі әдістерінің және құралдарының үйлесуі негізінде құрылып, сонымен қатар ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндері мен ағылшын тілі пәнінің көптеген міндеттерін шешеді. Кіріктіру барысында түсіндіру-көрнекілік, іздеу, зерттеу әдістері, пікірталас, білімнің түрлі дереккөздері, теледидар бағдарламалары, кино үзінділері, мультимедиа курстары, интернет-технологиялары, оқыту мен бақылаудың басқада техникалық құралдары қолданылады.

Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту ең алдымен тілдік іс-әрекеттің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған.

Оқытудың бинарлық моделі екі мұғалімнің өзара қарым-қатынас жасауын қарастырады. Бұндай сабақтарды құрастыру барысында байланысты пәндер мұғалімдерінің ынтымақтасып жұмыс істеуі емес, тілдік пәннің және тілдік емес пәннің мұғалімдерінің бірігіп сабақ өткізуі негізгі қиындықты туғызады. Бинарлық сабақтың әдістемесі дәстүрлі сабақ тақырыптарының әдісінен ерекшеленеді, яғни кез келген тақырып бойынша екі мұғалім бір мезгілде сабақ өткізеді.

Бинарлық сабақ өткізу барысында екі мұғалімнің іс-әрекетінің сәйкестігін келесі нұсқада ұсынуға болады (1-кесте):

1-кесте. Бинарлық сабақ өткізу барысындағы сәйкестік

Тілдік емес пән мұғалімінің іс-әрекеті

Ағылшын тілі мұғалімінің іс-әрекеті

Мақсат қою

Өткен сабақтардың материалдары

бойынша оқушыларды сұрау

Орындалған

меңгерілу сапасын тексеру

Оқылатын тақырыптың теориялық

сұрақтарын баяндау. Оқушылардың

сұрақтарына жауап беру

Ағылшын тілінде тілдік іс-әрекеттің

төрт түрін дамытуға арналған оқу

тапсырмаларын орындау барысында тақырып бойынша теориялық тапсырмаларды пайдаланудың тәсілдерін түсіндіру

Сабақтың теориялық материалын қабылдау және тілдік құзыреттіліктерді меңгеру деңгейінің сапасын бақылау

Оқушылардың практикалық

жаттығуларды түсініп орындауларын,

теориялық тапсырмаларды

тәжірибеде дұрыс пайдалануларын

бақылау

Тілдік дағдыларға жаттығу процесі барысында оқушыларға ағымдық нұсқаулықтар беру

Тақырыпты аяқтау барысында қорытындылау, бекіту сабағы ретінде бинарлы сабақ өткізу өте тиімді болып табылады. Біріккен жұмыс барысында мұғалімдер оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жақсы байқайды.

Барлық кіріктірілген сабақтардың типі ортақ болады. Бұл сабақтар:

оқу бағдарламасымен қарастырылған ұғымдарды, жаңа фактілерді оқушылардың меңгеруі бойынша жұмысты ұйымдастыруға бағытталған жаңа білім қалыптастыру

оқу бағдарламасына сәйкес оқушылардың бойында нақты біліктер мен дағдыларының қалыптастыруға бағытталған біліктер және дағдыларға үйрету;

білімді тәжірибеде қолдана білу;

оқу тоқсанының, жылының аяғында немесе бағдарламаның ірі тақырыптарын зерделеу барысында білімді тереңірек меңгеруге, қорытындылаудың және жүйелеудің жоғары деңгейіне бағытталған білімді қайталау, жүйелеу және жинақтау, біліктерді бекіту;

білім, білік және дағдыларды кешенді, ауызша және жазбаша бақылауды жүзеге асыратын білімдер және біліктерді бақылау және тексеру сабақтарын іріктеу.

  1. Орта мектепте информатиканы оқытуда CLIL технологиясын іске асыру элементтері

Кіріктірілген информатика сабағында келесі элементтер болуы тиіс:

сабақтың оқу-әдістемелік міндеттері: кіріспе, бекіту, ағылшын тілді материалды жандандыру, қорытынды бақылау жұмысы;

оқу материалдары мазмұнының тақырыптары: мәтін, ауызша тақырып, жаттығулар, жағдаяттар, әдістемелік тәсілдер, тілдік материал;

сабақтың жабдықталуы: көрнекілік, дидактикалық материалдар, сонымен қатар қолданылатын оқу-әдістемелік кешен компоненттері, АКТ;

мақсатты қою: дағдыларды және ағылшын тілді тілдік іс-әрекеттерді дамыту;

сабақтың тәрбиелік мақсаттары: адамгершілік, эстетикалық, еңбекке баулу, өркениетті тұлға, ойлау, тілдесу, сезім және тәртіп мәдениетін тәрбиелеу;

сабақ мақсаттарының оқу тақырыбын зерделеудегі оның орнына, ағылшын тілін оқыту бағдарламаларының және сол сыныпқа арналған оқу жоспарының талабына сәйкестігі;

ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың «ағылшын тілі» пәніне ауысуының тиімділігі; мұғалімнің оқушылармен ағылшын тілінде әңгімелесуі; мұғалімнің сыныпқа дайындық туралы сұрағы; осы сабақта жүргізілетін жоспардың сипаты туралы хабарлама; оқушыларды практикалық, тәрбиелік, жалпы білім беру мақсаттарына жетуге бағыттау; мұғалімнің оқушылармен байланыс орнатуы;

үй тапсырмасы: тапсырманы сабақта тексеру, жаңа оқу материалымен жұмыс істеу барысында оны бақылау; үй тапсырмасының орындалу сапасы; тапсырманың орындалмау жағдайларын оны тексеруді бастауға дейін есепке

алу; тапсырманың орындалуына мұғалімнің түсінік беруі, оны тексерудің түрлерін қолдану; ағымдағы сабақ барысында кемшіліктердің орнын толтыру тәсілдері;

жаңа материалды кіргізу: жаңа материалды кіргізу формасы; индукция (дедукция) әдісін қолдану; тақтаны, оқулық материалын қолдану; пәндік, бейнелі көрнекіліктерді, жаңа материалдың тілдік бірліктерінің мағыналық мәнін талдау үшін түсіндіруді, анықтамаларды, тасымалды, мәнмәтінді, жағдаяттарды қолдану;

тілдік жаңа материалды меңгеруді қамтамасыз ету: тілдік іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне арналған тілдік, шартты-сөйлеу және сөйлесу жаттығуларын пайдалану;

тыңдалымға үйрету: қойылған мақсатқа жету үшін мұғалімнің қолданған тәсілдері; аудиомәтінмен жұмыс істеу кезеңдерінің әдістемелік негізделуі;

айтылымға үйрету: сөйлеуге арналған диалог-үлгілер, м

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!