Материалдар / Ортағасырлық қала Ұтырлы (Үтіртӛбе)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ортағасырлық қала Ұтырлы (Үтіртӛбе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздегі орта ғасырлық қалалардың бірі – Мырзашӛл ӛңіріндегі Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласы. Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласынан 30 шақырым солтүстік-шығыста , «Үтірлі» ауылынан солтүстікте 11 шақырым қашықтықта, Сырдария ӛзенінің сол жағалауынан 5 шақырым қашықтықта, Сырдарияға құятын Сорӛзек саласының жағалауында орналасқан .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2022
225
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Ортағасырлық қала Ұтырлы (Үтіртӛбе)

«Жол-кӛлік колледжі», Шымкент
Студент: Абдуайт Е.Ғ. АТУЖТ-9-221 тобы
Жетекшісі: Тәнтік М.С.


Еліміздегі орта ғасырлық қалалардың бірі – Мырзашӛл ӛңіріндегі
Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласы. Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласы Оңтүстік Қазақстан
облысы, Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласынан 30 шақырым
солтүстік-шығыста , «Үтірлі» ауылынан солтүстікте 11 шақырым
қашықтықта, Сырдария ӛзенінің сол жағалауынан 5 шақырым қашықтықта,
Сырдарияға құятын Сорӛзек саласының жағалауында орналасқан .
Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласын Қазақстан археологтары зерттемеген. Оның
басты себебі Мырзашӛл ӛңірі, оның үлкен бір бӛлігі - Мақтарал ауданы 1963-
1971 жылдары Ӛзбекстан Республикасына қараған. Сондықтан да бұл аймақ
ӛткен ғасырдың 60 жылдары жүргізілген Шардара археологиялық
экспедициясының зерттеу аясынан тыс қалған.
Үтіртӛбені алғаш зерттегендер Ӛзбекстан археологтары. Қала туралы
алғашқы деректі 1971 жылы Ю.Ф. Буряков пен О.М.Ростовцев жазған .
Ю.Ф.Буряков «Историческая топография Ташкенского оазиса» - деген
монографиясында Чиначкент (Шыназ) қаласынан 30 шақырым жерде
Сырдарияның сол жағалауындағы «Ұтырлы» қаласын атап ӛтеді. Жазушы
М.Жақып «Мырзашӛлім-мырза елім» (Алматы,1998) деген еңбегінде бұл
қала жӛнінде шағын түсініктеме береді .
Сонымен, Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласы туралы мағлұматтар Қазақстан
археология ғылымы үшін тым мардымсыз, белгісіз болып отыр. Осы бір бай
ортағасырлық қаланы және Мырзашӛл ӛңірінің ӛзге де ескерткіштерін
зерттеу барысында Қазақстан тарихына қатысты ортағасырлық елді мекендер
мен қалалар жайлы жаңа деректер алуға болады. Сондықтан да бұл тарихи-
мәдени аудандарда зерттеу жүргізу еліміздің археологиясындағы ӛзекті
тақырып болып табылады.
Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласына 2004 жылы 5-20 тамыз аралығында Жетісай
қаласындағы «Сырдария» университеті ӛз қаржысымен «тарих»
мамандығының студенттерінен құралған археологиялық практика
ұйымдастырып, қазба жұмыстарын жүргізді. Ұтырлы ( Үтіртӛбе ) қаласына
жүргізілген осы алғашқы археологиялық зерттеудің ӛзі-ақ, бұл қаланың орта
ғасырларда осы ӛңірдегі ірі экономикалық орталық болғанын кӛрсетеді және
ӛңір тарихын байытып,одан біршама мағлұматтар береді.
Қаланың ежелгі аты белгісіз. Жазба деректерде кездеспейді. Жергілікті


Page 2

халық Ұтырлы қаласының атауын Үтірлі немесе Үтірлітӛбе, Үтіртӛбе деп те
атайды.Үтірлі атануы «Ұтырлы» деген сӛзден шығуы мүмкін. «Ұтырлы»-
қазақ тілінде ұтымды, ұтқыр, қолайлы деген мағынаны білдіреді. Бұл
қаланың тіршілікке жайлы, тоғыз жолдың торабында, қолайлы жерге
орналасуынан шығуы мүмкін. Ал, Үтірлітӛбе, Үтіртӛбе атануына келсек,
қазіргі кезде қаланың пішіні «үтір белгісіне» ұқсас болғандықтан жергілікті
халық осылай атаған дейді.
Шынында да қаланың географиялық орналасуы қолайлы, жол торабында
орналасқан. Қаладан солтүстік-шығысқа қарай жол Сырдан ӛтіп,
Чиначкентке (Шыназ), одан әрі Орта Азияның ірі орталығы - Шашқа
(Ташкент) барған. Ал, Сырдың сол жағалауымен жоғары қарай ӛрлеген жол
Хожентке жеткен. Сырмен тӛмен қарай жүрген тағы бір негізгі бағыт
Сүткент қаласы арқылы ӛтіп, Оқсызға (Весидж) барған. Одан әрі жол жан -
жаққа (Яссы-Сауран-Сығанақ, Испиджаб және Орталық Қазақстан
бағыттары) тармақталады. Ал,қаладан оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай
шыққан тағы бір бағыт Мырзаның шӛлін басып ӛтіп Жызаққа, одан әрі
Самарқан , Бұхараға жол тартқан.
Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласы нақты қай уақытта ӛмір сүрген және ол қай
елге, тайпаға тиесілі деген мәселеге келсек, алғашқы археологиялық
зерттеулер бұл қаланың ҮІІІ-ХІІ ғасырларда, оғыздар дәуірінде ӛмір сүрген
қала екенін кӛрсетеді. Әсілі, бұл оғыздардың қаласы болуы керек. Олай
дейтін себебіміз, біріншіден, Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласының Сырдың орта
ағысы бойындағы ондаған қалалармен ӛте ұқсастығы, олардың жобасы мен
құрылыс технологиясы, тіпті табылған заттарына дейін ұқсастығы бұл
қалаларды бір кезде бір халық салғандығын кӛрсетеді. Оғыз дәуірі кезінде
Сырдың бойындағы қала мәдениеті даму сатысының жоғары деңгейінде
болды. Махмұд Қашқари ӛзінің еңбегінде оларға сипаттама береді .
Екіншіден, сол дәуірдегі тайпалар мен мемлекеттердің геосаяси орналасуы да
біздің бұл ойымызды қуаттай түседі. «Мауереннахр шекарасының ӛн
бойында, - деп хабарлайды Әл-Истархи, - соғыс шайқастары болып жатады.
Хорезмнен Испиджаб тӛңірегіне дейін оғыз-түріктермен, Испиджабтан
Ферғананың ең шалғай жерлеріне дейін қарлұқ-түріктермен шайқас болып
тұрады». Бұдан біз Испиджабтың оғыздар мен қарлұқтар арасындағы шекара
болғанын кӛреміз. Сонымен бірге Келес даласында «Оғыздар қонысы» (Дех
и гузз) болған. Шаш аймағында оғыздар мен қарлұқтардың исламды
қабылдаған тайпалары жиылып қоныстанған . Демек, Испиджаб пен
Шаштың батыс аймақтары, оның ішінде Ұтырлы да оғыздардың жеріне
кірген.


Page 3

Үтіртӛбе қаласының қазіргі жобасы шынында да үтірге ұқсап жатыр.
Қаланың сыртқы кӛлемін су шайып кеткен. Сондықтан оның бұрынғы пішіні
белгісіз. Қазіргі сақталған кӛлемі шығыстан батысқа қарай 388 метр,
солтүстіктен оңтүстікке қарай 180 метрге созылып жатыр. Батыс жағынан ені
40 метрге дейін жіңішкеріп барып біткен
Қаланың сыртын 10-30 метрге дейін су шайып, 1-2 метрге дейін жететін
тік жар қабақ жасаған. Оңтүстік-шығыс жағын 1 метрге дейін су шайған. Бұл
тұстан қаланың бекініс қамалы 1,5 метр биіктікке дейін жақсы байқалады.
Қаланың басқа шеттеріндегі бекініс қамалдарын су шайып кеткен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша ӛткен ғасырдың 60- жылдары
салынған Шардара су қоймасының суының кӛтерілуінен қаланы су баса
бастаған. Қазіргі кезде қала үстін қамыс пен жыңғыл басып кеткен. Су
жылда қаланың мәдени қабатын 1-2 метрге дейін шайып, қаланың кӛлемі
жылдан-жылға кішіреюде. Егер су осылай шая берсе, 10-15 жылдан кейін
қала тегіс жойылады. Қала апаттық жағдайда. Қаланы су басқаннан соң
қираған ба, жоқ әлде жау шапқыншылығынан соң қираған ба белгісіз. Оны
келешектегі зерттеулер анықтайды.
Археологиялық қазба барысында кӛптеген бұйымдар: қыштан жасалған
түрлі құмыралар, күбілер, дастархандар, түбек, қазан, қақпақтар, кеселер т.б.
бӛліктері , темірден жасалған найза ұшы, жебе ұшы, қылыш сынығы және
кӛгілдір хрустальдан, кӛк тастан, қызыл түсті сердоликтен, қара пастадан,
теңіз ұлу қабыршағынан, мӛлдір тастан, сүйектен жасалған түрлі моншақтар,
сондай-ақ, ӛркениеттіктің басты белгілерінің бірі - қыш ыдысқа жазылған
жазу табылды . Бір қызығы, екі табақ сынығынан табылған бұл екі жазу да
тӛрт таңбалы альфавиттен тұрады және олар үш рет қайталанып басылған.
Қазіргі кезеңде жазудың мәтіні анықталған жоқ. Ол қалыппен басып
салынғандақтан әлі кӛптеп кездесуі мүмкін.
Қорыта келгенде, ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртӛбе) қаласына жүргізілген
археологиялық зерттеудің алғашқы нәтижелері біздің кең-байтақ
Отанымыздың бір пұшпағы болып табылатын – Мырзашӛлдің тарихы кешегі
мақта шаруашылығына қатысты орман-арықтардан ғана басталмайтынын,
оның тарихы тым ертеден бастау алатынын және қалалық мәдениет гүлденіп
дамыған ӛңір болғанын кӛретеді. Ғылыми ізденістер болашақ жас мамандар
үшін тарихи жәдігерлерді ӛз қолымен ұстап, ғылымға деген қызығушылыған
арттыруға, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, ӛлкенің
тарихымен тереңірек танысып, Отанға деген сүйіспеншіліктерінің арта
түсуіне мол мүмкіндік берері сӛзсіз».


Page 4

Қолданылған әдебиеттер.

1. Ғ.Байпақов, А.Нұржанов «Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан»,
Алматы, 1992ж.
2. Қазақстанның тарихи ескерткіштерінің жинағы, І том.Оңтүстік Қазақстан облысы,
Алматы, 1994ж.
3. Ә.Нысанбаев «Қазақстан»: «Ұлттық энциклопедиясы», Алматы ІV том.1998ж.
4. Ислам Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2010ж.






















Page 5

САЙРАМ ӨҢІРІНДЕГІ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІҢ ТАРИХЫ
(Ибраhим ата, Қарашаш ана кесенелері)

«Жол-кӛлік колледжі», Шымкент
Студент: Нұрлан Мұсабек, ТҰРАТ 9-181 тобы
Жетекшісі: Бекболат Айжан Құдайбергенқызы

«Түркістанда Түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб» демекші,
Оңтүстік Қазақстан облысында киелі орындар кӛптеп кездеседі.
Сайрам –сансыз баптар мекені деп бекер аталмайды.Себебі, бұл ӛлке киелі де,
шежіресі мол аймақ. Тарихы тереңде жатқан Сайрам қаласында мәдени-тарихи орындар
кӛптеп кездесетіні баршамызға мәлім. Қазы Байзави әулие, Сүзік ата, Ибраhим ата
кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қыдыр мешіт мұнарасы т.б. Сайрам қаласының
аумағында тарихи мекендер мен қалашықтар, сонымен қатар архитектуралық және қала
құрылысының ескерткіштері бар.Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан бұл кӛне
қалада Ибраhим ата және Қарашаш ана кесенелері орналасқан.Бұл ескерткіштерді
араламай, Түркістан саяхаты толық болмайды.
Ибраhим ата кесенесі- Орта ғасырларда ислам дінін насихаттау орталықтарының
біріне айналған кӛне Сайрамда кӛптеген діни ғұламалар, ұстаздар пайда болған.Солардың
бірі- атақты Қожа Ахмед Яссауидің әкесі Ибраhим ата діни кӛсем әрі осы ӛңірлерге
танымал уағызшы болған.Ол жасаған ХІ ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы
болған. Мұнда кӛптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Сонымен қатар ел арасында
ол кісінің әулиелік, кӛріпкелдік кереметтері туралы аңыздар тараған. Ибраһим ата
кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында
Сайрам ауылының шетінде биік тӛбеде орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII
ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-
жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта
жасалды. Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер ӛңдеуші болды. Халық
арасында оның әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы аңыздар тараған. Ибраһим ата
мұқтаж адамдарға кӛмектесіп, тақуалық ӛмір сүрді және мыңдаған ізбасарларға ислам
дінін уағыздады.
Сайрамда бүгінгі күнге дейін Ибраһим Ата мен оның зайыбы Айшаның мазарын
құрмет тұтады. Ибраһим Ата – бізге жеткен аңызға қарағанда ―тӛрт әділ халифтің‖
тӛртіншісі Әли Әбу Талибтің ұрпағы болып келетін Ысқақ бабтың 13-ші ұрпағы. Ибраһим
Ата және оның баласы Қожа Ахмет Иасауи – қазақ жерінде исламды таратуда шешуші
рӛл атқарған.
Кесене бір камералы, шаршы түріндегі құрылыс. Ибраһим ата кесенесінің алаңы 7,2х7,2
м, ал ұзындығы — 8,25 м. Имарат бір орын-жайы бар екі деңгейлі болып келеді. Оңтүстік
жағында кіреберіс, батыс жағында ағаш жақтаулы терезе орналасқан. Ішкі қабырғалары
әрленген, еден кірпішпен қапталып үстінен цемент араластырылған балшықпен сыланған.
50-жылдары күмбез құлағаннан кейін кесене тӛбесі ақ жапырақты қаңалтырмен қапталып,
ортасына сүйір ұшты мұнара орнатылды. Кесененің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс
бӛліктерінде терең емес сүйір ұшты текшелері бар порталдар бар. Ұзақ уақыт бойы


Page 6

жолдың шетіндегі тӛбеде тұрған кесене қатерлі жағдайда болды. 90-жылдары жолды 20
метрге ауыстыруға және кесене негізін топырақ қатпарымен бекітуге қаржы бӛлінді.
Қарашаш ана кесенесі- Қарашаш ананың шын есімі Айша бибі сайрамдық атақты
Мұса шейхтің қызы болған. Айша бибі ӛмір сүрген ХІ ғасырда ӛлкемізде ғылым мен
ӛнердің, мәдениеттің дамыған кезі еді.Ұлы ғұлама Қожа Ахмедтің анасы ӛз дәуірінің кӛзі
ашық, әдепті, білімді әйелдерінің бірі болды.Қарашаш ананы бүкіл түркі әлемі ардақ
тұтады.
Қарашаш ананың қабірстандағы ол кісіге қатысты Ибрагим қожа, Сүлеймен қожа,
Сәлім қожа және Дәуіт қожа сынды жандардың да қабірлері қойылған.
Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың бұндай типі
кейінгі ортағасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ
ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет
қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Ол 27 х
27 х 5 см мӛлшерлі тӛртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ, құрылыс
барысында ағаш пен саз қолданылды. Кесене сапалы материалдардан және ерекше
ұқыптылықпен тұрғызылды. Екі ғасыр ширегінде ескерткіш бұзылған жоқ. Құрылыста
қолданылған ағаш бӛлшектер және ағаштан ойылған ою-ӛрнек те шірімеді. Кесененің
ӛлшемі 6,3 х 6,3 метр. Ғимарат бұрыш қалқандарына негізделген барабанда тұрған
күмбезбен аяқталады. Күмбез биіктігі 7,08 метр. 1996 жылы күмбезді жапырақты ақ
қаңалтырмен қаптады. Оңтүстік жіне оңтүстік-батыс қасбеттері ұзын сүйірленген
текшелері бар порталдармен безендірілген. Алдыңғы жазықтықтары терең емес
сүйірленген және тікбұрышты текшелермен әшекейленген. Кесененің оңтүстік және батыс
жақтарында кіреберіс есіктер бар.
Ішкі бӛлігінде күмбез ұшы сыланған, кіреберіс үстіндегі жарық саңылауы ағаштан
жасалған панжар торымен жабылған. Құм тығырындағы едендер кірпіштен қаланған.
Кесененің орталық бӛлігінде мрамор тақтайшаларымен қапталған Қарашаш ананың бейіті
орналасқан.
Осы жұмыстар барысында ашылған археологиялық сипаттағы элементтер мен
құрылымдарды Оңтүстік Қазақстан облысының туристік нысандарына қосуға мүмкіндік
береді.










Page 7

Қолданылған әдебиеттер.

1. Ғ.Байпақов, А.Нұржанов «Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан»,
Алматы, 1992ж.
2. Қазақстанның тарихи ескерткіштерінің жинағы, І том.Оңтүстік Қазақстан облысы,
Алматы, 1994ж.
3. Р.Насыров «Оңтүстік Қазақстан» Алматы, 1990ж.
4. С.Хизами «Орта ғасырлар тарихы және ӛркениеті» Шымкент, 2001ж.
5. С.Жолдасов «Шежірелі Оңтүстік» (Кӛне заманнан бүгінге дейін) Алматы,2002ж.
6. Ә.Нысанбаев «Қазақстан»: «Ұлттық энциклопедиясы», Алматы ІV том.1998ж.
7. Ислам Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2010ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!