Материалдар / Орталық жəне Шығыс Еуропа елдері

Орталық жəне Шығыс Еуропа елдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұгалімдерге керек ашық сабақ слайд туринде тиімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
641
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

16-желтоқсан «Тәуелсіздік күніне арналған» дөңгелек үстел.Қатысушылар 7-9 сыныптар.Барлығы: 25 оқушыАрмысыздар қадірменді оқушы қауымы!Бүгінгі «Тәуелсіздік -Тірегім» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймын.Гимн Қазақстан Республикасы бүгінде Тәуелсіз, демократиялы, зайырлы , егеменді мемлекет болып отыр. Қазақстан Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ел болып танылуында, әлемге әйгілі болуына зор ат салысып, көп еңбек терін төккен адам. Бірақ осы бүгінгі терезесі тең, аспаны ашық құбыласы түгел заманға біз Тәуелсіз Қазақстан жастары қалай қол жеткіздік?Оқушылар жауаптары.Ия, Тәуелсіздік жолы бізге оңай жолмен келген жоқ. Көптеген қан төгіспен, зор күштің арқасында егеменді ел болып отырмыз. Қазір біраз тарихқа тоқталайық. Сонау 18 ғасырдан бастап Қазақ хандығы басынан қилы замандарды өткерді. Абылай атамыз үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын қолында ұстап қалмақ болды. Бірақ ел басына күн туған заманда бұл мүмкін бе еді?!Әрине ол қиын сұрақ. Абылай тарих сахнасынан кеткеннен кейін де көптеген қас батырларымыз ұлт-азаттықты аңсап, отаршыл саясатқа қарсы шыққан жоқ па? Әрине шықты, бірақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар заманда сатқындық, жеке бас мүдделігі бірінші сапқа шығып, ұлт мүддесі аяққа тапталды. Қазақ атамыз басынан қилы замандарды өткере отырып, бүгінгі арайлы таңға қол жеткізді. 2012 жылдан бері 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып аталып өтуде. Бұл мерекені атап өту туралы мәжіліс депутаттары ұсынып оң шешімін алған еді. Президент туралы слайд.8-сынып оқушысы «Елін сүйген Елбасы » атты шығармасын оқиды.16-желтоқсан күні 1991 жылы Тәуелсіздік туралы Заң қабылданған күннен бастап бұл күн тарихта елеулі оқиғалардың бірі болып саналады. Осы күннен бастап жас егеменді елдің тарихы басталды. Қазақстан Республика болып жарияланып, жаңа тарих беттерін ашты. Егеменді Қазақстан Республикасының тарихында Елордамыздың тарихы ерекше. 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстанның ресми астанасы болып жарияланады. 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола Астана деген атқа ие болады. 1998 ж. 10 маусымынан бастап жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті. Сол күннен бастап Есілдің сол жағалауында жаңа қала бой көтерді. Мұнда құрылыс жүргізетін инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілді. Астана туралы слайд көрсетіледі.







Қазақстаным!Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,Бойына жиған имани тазалық нәрін.Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,Қорғады сені серт беріп сан АрыстарымҚазақстаным!Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,Қариялардың ұрлаған даналық шамын,Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –Қазақстаным!Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным! Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барынҚазақстаным!,- міне, осындай патриоттық өлең жолдарымен отырысымызды одан әрі жалғастырамыз. Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытуға деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауыЕгемендікМұз жастанып азаттықтын жолында,Тәуелсіздік туы тұрды қолында.Сойыл таяқ ойнаса да жанында.Отан үшін жанын қиды ұлдарың,Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,Күйініштен ауырады жүрегім,Естігенде желтоқсанның ызғарын.Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,Ұрпақ өсер айналатын тірекке,Егемендік тиді бүгін еншіме,Желтоқсаныметкіздің ақ тілекке.

Желтоқсан боздақтары слайд.



 Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.

Қазақстанда әр жыл мәдени атаулармен аталуда. 1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің "Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.

Қуан, қазақ!Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!Ендіктерді аралап еркін дүбір,Алаулатты керемет көркіңді нұр.Алақайлап аспанға атып тұрып,Берекелі бастағы бөркіңді бір...Қуан, қазақ!Күн туды қуанатын!Қазақ елі азат,Қазақ жері азат,Қазақ ері азат,Бұдан нұрлы шақ бар ма?Бұдан асар бақ бар ма?Қуан, қазақ!

Біздің елбасымыз – Н. Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. ОлАта Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.Қазір сегізінші сынып оқушысы Жұмабек Әлішер Президентіміздің биылғы жолдауындағы білім мәселесі туралы ой қозғайды.

Президентіміздің жыл сайынғы қазақ халқына жолдауы Республиканы дамытуғ бәсекеге қабылетті жастар тәрбиелеу мәселелерін өзекті етіп көрсетеді. Сөзіміздің соңында Н.Ә.назарбаевтың сөздерімен аятайық: «біздің жалпы ұлттық идеямыз Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ