Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2023 - 2024 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы
Тобы: ортаңғы топ
Балалардың жасы 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2023-2024 оқу жылы қыркүйек айы
|
Айы |
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері |
|
қыркүейек |
Дене шынықтыру |
Жалпы дамытушы жаттығулар. Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету. Жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру; Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу. Жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындау; |
|
Сөйлеуді дамыту |
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. -дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білу; Тілдің грамматикалық құрылымы -сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, Байланыстырып сөйлеу: -суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу; |
|
|
Көркем әдебиет |
Ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға |
|
|
Қазақ тілі |
"Балабақшаға саяхат". Кел, танысайық!"Мақсат-міндеттері. Қазақ тілін тыңдап, түсінуге, қабылдай алуға үйрету, ересек адамның үлгісі бойынша амандасуды және қоштасуды, өзін таныстыруды білдіретін сөздерді түсінеді және қолдана алады, сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. |
|
|
Математика негіздері |
Біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету |
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру |
Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру. 1) ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру; |
|
|
Құрастыру |
Әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру |
|
|
Сурет салу |
Заттық сурет салу. Түрлі бағытта тура сызықтарды, олардың қиылысуын жүргізе білуді қалыптастыру: 1)көкөністер мен жемістерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, жануарларды бейнелеу, дөңгелек пішінді заттардың суретін салу (шарлар, бұлт, күн). |
|
|
Мүсіндеу |
Заттық мүсіндеу: сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. |
|
|
Жапсыру |
Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету; Желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игеру. |
|
|
Музыка |
Музыка тыңдау. түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау; Ән айту. Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру. |
Білім беру ұйымы
Тобы: ортаңғы топ
Балалардың жасы 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2023-2024 оқу жылы қазан айы
Білім беру ұйымы
Тобы: ортаңғы топ
Балалардың жасы 3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2023-2024 оқу жылы қараша айы


