Материалдар / «Орында жол тәртібін,жолы болсын әркімнің»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Орында жол тәртібін,жолы болсын әркімнің»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Орында жол тәртібін,жолы болсын әркімнің» Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтау.2.Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру. 3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2023
1207
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты: «Орында жол тәртібін,жолы болсын әркімнің»

Мақсаты: 1.Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтау.2.Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру. 3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жол белгілері, бағдаршам, машина.

Ұйымдастыру. Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай болуды талап етеді.

Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі,көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшіншіжексенбісінде жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі

Ал біздердің жол жүру ережелерімен танысып, үйреніп жүргенімізге де біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз көшелер мен жолдарда қойылатын белгілермен таныстық.

«Көше ережесін білесің бе?»

1.Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы.

2.Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам.

3.Автобус деген не? Жолаушвлар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы.

4. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы

5.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі.

6.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек.

7.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция.

1.Жол дегеніміз не? Мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені.

2. Маршруттық көлік құралы деген не? Жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлік құралы.

3.Жолаушы деген кім? Көлік құралындағы(үстіндегі) және оны басқармайтын адам.

4. Жол-көлік оқиғасы деген не? Көлік құралының жол бойымен қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген оқиға.

5.Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші.

6.Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз? Егер бағдаршам болмаса, әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға қараймын.

7.Көлік құралы дегеніміз не? Жол бойымен адамдарды, жүктерді немесе оған бекітілген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы.

Жол белгілері туралы жұмбақ-өлең

1.Жол астында бір ін бар.

Не екенін кім табар?

Неге онымен адамдар

Арлы-берлі ағылар?

2. Ілулі тұрған не белгі?

Машинаға «Тоқта!» деген белгіберді.

Жол үстіне ақ-қарамен сызылған жолақшамен жаяуларға

«Өтіңдер!» деп белгі берді.

3. Аудан, мектеп,үй, стадиан

Салынып жатқан жерлерде,

Тура жүрсең түсетін

Шұңқырлар бар жерлерде

Жүйткіген жол үстінде

Қандай белгі тұрады?

Ситуациялық жағдайларға жауап беру.

1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек?

2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?

3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?

4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің?

Қорытынды: Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз. Көліктер мен қатар, аспанда ұшақтарымыз да ұшады. Олардың да жолда жүру ережелері бар. Қазіргі таңда біздің қаламызда болсын, басқа қалаларда болсын көліктер саны өте көп. Сондықтанда статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ көптеген жол апаты, жарақат алып жатқан адамдар саны қаншама. Бұлардың барлығы біріншіден жол ережесін білмегендіктен, екіншіден жол ережесіне бағынбағандықтан болып отыр








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!