Материалдар / Орыс сыныптарына тіл мерекесіне арналған сыныптан тыс іс- шара.

Орыс сыныптарына тіл мерекесіне арналған сыныптан тыс іс- шара.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан тыс іс- шара орыс сыныптарының оқушыларына тіл мерекесінің маңыздылығын жан- жақты жеткізу үшін алынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
4385
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Тіл – ел тірегіСабақтың мақсаты:1.Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету,өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап,ой-өрісін,білім деңгейін кеңейту.2.Қазақ тілі туралы мақал- мәтелдер,өлең,тақпақ,нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту.3.Адамгершілікке,ізденуге,тілді құрметтеуге,тіл байлығын,маңызын түсінуге баулу.Сабақтың түрі:сыныптан тыс іс- шара,сайыс сабақСабақтың әдіс- тәсілі:сұрақ-жауап,түрлі тапсырмалар,ойынСабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,мақал мәтелдер ,нақыл сөздер жазылған плакаттарСабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі:(Оқушылар екі топқа бөлінеді)Мұғалімнің кіріспе сөзі:Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бәрімізге белгілі 22-қыркүйек тілдер мерекесі.Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап «Тіл – ел тірегі» атты сыныптан тыс іс-шарамызды бастайық.Жүргізуші: Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Өзі ана тілін қадірлеп,қастерлемейтін адам жоқ. «Халықтың мәңгі ғұмыры-оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін ұлы»,-деген Шыңғыс Айтматов, айтқандай! Әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей білуге міндетті. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды- қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі тіл мәртебесіне ие.Ана тілім- тірлігімнің тірегі,Тілмен ғана кірер адам реңі.Тілсіз қоғам-өлі,мынау дүние,Түсініксіз тылсымменен бірге еді.Ана тілім- бәрін сөйлер шежірем,Тілсіз нені білдіре алам,не білем!Тілім барда ғана мынау ғаламның,Кілтін табар саналысы сезінем,-деп Т.Әбдірахманова жырлағандай,ана тілімізді әр уақытта құрметтейік,өзге тілмен шұбарламайық.Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сайысымыз бес кезеңнен тұрады:1-кезең.Әр топ өз топтарының атымен,ұранымен таныстырып өтеді.Бірінші топ: «Бәйтерек»Ұраны: «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»Екінші топ: «Сұңқар»Ұраны: «Пайда ойлама,ар ойла, Талап қыл артық білуге»2-кезең.Екі топтың оқушылары тіл туралы өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқиды.1.Туған тілім-тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сөз ойдағы.Өлсе тілім мен де бірге өлемін,Өшсе тілім мен де бірге өшемін.2.Туған тілде сыры терең жаным бар,Туған тілде әнім менен сәнім бар.Туған тілім тіл болудан қалса егер,Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.3.Қазақ тілім- өз тілім,ана тілім,Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашаққа бастаған дана тілім.4.Сүйемін туған тілді-анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген танысүнің.5.Жанбасам да ,жансам да,Туған тілде сайраймын.Мылқау болып қалсам да,Туған тілді ойлаймын.6.Дәулет деген ұғыңдар,Кеше бар да,бүгін жоқ.Тілің болса, үнің бар,Тіл болмаса,түгің жоқ.Екі топтың қатысушыларының өздерінің тіл туралы жаттап келген мақал-мәтелдерін тыңдайық.Тіл жарасы бітпес.Адам-тілінен,сиыр- мүйізінен.Тіл жүйрігі-басқа,Қол жүйрігі-асқа.Татуға тіл,сұлуға сұқ.Тіл-ақылдың өлшемі.Піл күшті,Піл күшті емес,тіл күшті.Тіземнен сүріндірсең сүріндір,Тілімнен сүріндірме.Тілге шешен,іске мешел.Тілде сүйек жоқ,Таста тамыр жоқ.3-кезең «Cен білесің бе?» деп аталады.Әр топ бір- бірлеріне сұрақтар қойып, тез және нақты жауап берулері керек.Бірінші топтың сұрақтары:Қазақстан қандай мемлекет?(бай,кең,байтақ)ҚР-ның мемлекеттік тілі?(Қазақ тілі)ҚР-ның рәміздері(ту,елтаңба,әнұран)Тіл туралы заңы қашан қабылданды?(1998 жыл)Қазақша жыл басы қалай аталады?(Наурыз)Наурызда пісірілетін басты тағам қандай?(Наурыз көже)Екінші топтың сұрақтары:Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?(1991жылы 16 желтоқсанда)Қазақ хандығына биыл неше жыл толып отыр?( 552жыл)Ұлы Жеңіске неше жыл толды?(72 жыл)Қазақтың билері кімдер?(Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би)Әнұранның әнінің авторы кім?(Шәмші Қалдаяқов)Әнұранның сөзін жазған кімдер?(Нұрсұлтан Назарбаев,Жұмекен Нәжімеденов)Тудың авторы кім?(Шәкен Ниязбеков)Елтаңбаның авторы кім?(Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков)4-кезең «Кім жылдам?» Синоним сөздерді сәйкестендіруге екі топ та атсалысады.Ертеде...................(баяғыда ,бұрынғы кезде,ілгеріде)Алыс..........................(шалғай,ұзақ)Үлкен......................(дәу)Кішкентай....................(ұсақ,майда,шағын)Сұлу.............................(әдемі,көрікті,шырайлы)Тамақ ...............................(дәм,ас)Қорқақ.........................(қоянжүрек,сужүрек)5-кезең «Тіл-өнер» Мен ұнатқан үш пән. Полиглот. Берілген мақал-мәтелдердегі жасырын тұрған сөзді тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару. Екі топтың оқушылары да қатыстырылады.Бірлігі жарасқан............бұзылмас.(ел,страна,country)Татулық-табылмас.......................(бақыт,счастье,happiness).........-ұлы қару(сөз,слова,speech)Адамды...............үйретеді.(өмір,жизнь,live)Тіл............жарады(тас,камень,stone)Тас жармаса.............жарады(бас,голова, head)Өнер алды-...........тіл(қызыл,красный,red)Құрметті оқушылар,бүгінгі сайысымызға белсенді қатысқандарыңызға алғыс білдіремін! Қадірлі ұстаздар көріп,тамашалағандарыңызға көп рахмет айтамыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ