Материалдар / Орыс сыныптарында қазақ тілін тиімді оқытуда қызықты грамматика мен танымдық ойын түрлерін қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Орыс сыныптарында қазақ тілін тиімді оқытуда қызықты грамматика мен танымдық ойын түрлерін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тілді қазіргі заман талабына сай оқыту, оқытудың тиімді жолдарын жүйелеп ұсыну барлық қазақ тілі мұғалімдерінің басты мәселесі болып табылады. Мұғалімдер орыс сыныптарындағы оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын еркін жеткізе алуларына баса назар аударса, сол орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің де негізгі мақсаты – оқушылардың қазақша сөйлеуіне, өз ойын еркін жеткізіп, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізуге бағытталады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орыс сыныптарында қазақ тілін тиімді оқытуда қызықты грамматика мен танымдық ойын түрлерін қолдану

Мемлекеттік тілді қазіргі заман талабына сай оқыту, оқытудың тиімді жолдарын жүйелеп ұсыну барлық қазақ тілі мұғалімдерінің басты мәселесі болып табылады. Мұғалімдер орыс сыныптарындағы оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын еркін жеткізе алуларына баса назар аударса, сол орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің де негізгі мақсаты – оқушылардың қазақша сөйлеуіне, өз ойын еркін жеткізіп, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізуге бағытталады. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі. Тілді оқытуда жаңа технологияларды жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны жүйелі қолдану да үлкен талап туғызады. Оқушылардың қазақ тілін жақсы меңгеруі, түсініп оқуы мен қатесіз жазуына байланысты екендігін көрсетеді.

Қазақ тілін оқытуда оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру - ең маңызды жұмыстардың бірі. Орыс сыныптарындағы оқушылар қазақ тілі сабақтарында берілген мәтіндер мен тапсырмаларды дұрыс түсініп, мәтін бойынша сұрақтарға дұрыс жауап қайтаруға, қазақ тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануға, сөйлемді дұрыс құруға үйренеді. Ал оны жүзеге асыру үшін, әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану, қызықты тіл дамыту тапсырмаларын және тақырыпқа сәйкес танымдық тапсырмалар арқылы қызықтыра оқыту керек. Қазіргі заман талабы бойынша мұғалімдер әр түрлі жаңа технологияларды қазіргі өз тәжірибелерінде қолданып жүр. Ең бастысы оқу, сөйлеу, талдау, жазу жұмыстарына мұқият көңіл бөлу.

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін танымдық тапсырмалар арқылы дамыту жолдары. Негізгі мақсат пен міндет - орыс тілді сыныптардың оқушыларына ана тілімізді оқытып, үйретудің танымдық, амалдық табиғатын зерттеу. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында танымдық тапсырмалар мен жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының қазақ тілі сабағына деген қызығушылығының артуына, білім, іскерлік, дағдыларының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабілеттілігінің артуына жағдай жасайды. Әр сабақ сайын тақырыпқа түрлі танымдық суреттер, кестелер, бейнероликтермен фильмдермен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың қызығушылығы артады деп ойлаймын. Мектеп қабырғасынан күнделікті өмірдегі, қолданыстағы тілді үйреніп қана қоймай, сауатты жазыпғ сауатты сөйлеуге үйреніп, қазақ тілі грамматикасын меңгеріп шықса, болашақта орысша да, қазақша да сауатты тіл мамандар шығар еді.

Танымдық тапсырмалар – мәтіндегі жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. «Ұлттық тағамдар» тақырыбын өткен кезде тағамдардың суретін көрсету арқылы немесе сыныпта оқушыларға ұлттық тағамдарды көрсету арқылы жүзеге асып отырады. Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Бұл әдісті – спорт түрлері, пайдалы тағамдар, жеміс- жидектер, оқу құралдары, ойыншықтар тағы да басқа тақырыптарда жүзеге асыруға болады.

Келесі бір танымдық әдістің түрі сұрақ – жауап әдісі.
Бұл әдіс балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Қай сынып болсын, сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға болады . Өте белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындалады.
Мысалы: Сен тұратын қала қалай аталады? Мен тұратын қала Астана деп аталады. Қаланың ортасынан қандай өзен ағады? Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Екі оқушының сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қосымша сұрақ қою арқылы сұхбатқа араласады.
Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Қандай әдіс болсын мұғалім өз сабағына икемдеп қолдануы керек.

Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі — сабақта ойын элементтерін қолдану. Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік ойын қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Мен мұғаліммін», «Менің отбасым», «Мен жолсерікпін», «Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін», «Біз қонақтамыз». Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі  - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі тіл мамандары мен қазақ тілі мұғалімдеріне қойылатын талап - оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру болып табылады. Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – танымдық тапсырмалар. Танымдық мақсатта жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің ашылуына түрткі болады. Мектеп тәжірибесінде білім мазмұнын жетілдіру, үшін оқыту процесінің тиімді жолдары, жаңа әдістері жан-жақты қарастырылуда. Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін, оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну-үлкен мәселе. Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Менің жүргізіп жүрген пәнім орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме болды. Тіл дамыту - қазақ тілі пәні бойынша әрбір сабақтың ең негізгі мақсаттарының бірі болатындығы осы жұмыста дәлелденді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!