Материалдар / Өс, ұлан! Өтебай Тұрманжанов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өс, ұлан! Өтебай Тұрманжанов

Материал туралы қысқаша түсінік
өлең мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
1232
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Өс, ұлан! Өтебай Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты: өлең мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: өлеңді өмірмен байланыстыра талдауға мүмкіндік беру. Өлеңнің оқылу мәнерін іздету. Қосымша материалдар арқылы өлең идеясындағы мәселелерді кеңейте қарауға ой салу.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: оқушының шығармашылық мүмкіндігі мен дәстүрден тыс ойлау мүмкіндігіне қозғау салу.

Тұлғалық нәтиже: дене саулығы мен жан саулығының табиғатпен үйлесімділігін түсінуге, әсемдікті түсінуге жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, бор, маркерлер, интер-активті тақта, мақалдар, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

Сабақтың осы кезеңін өз қалауыңыз бойынша түрлі жұмыстармен ашуға болады.

  1. Терезе желдеткішін ашып, оқушыларға көздерін жұмып, даланың таза ауасын қалай сезінгендерін топтау арқылы жинақтауды ұсыну. Немесе:

  2. Семантикалық карта дайындап, оқушыларға тарату.

  • Балалар, сендер күнде ұйқыдан белгілі бір мезгілде тұрасыңдар.

  • Үйлеріңде кім ерте тұрады?

Оқушылардың айтқанын тыңдап, қорытындылап, тақтадағы семантикалық картаның бірінші бөлігіне жазу.

  • Иә, көбінесе үлкендер ерте тұрады.

  • Ал ақын Н. Айтов кімнің ерте тұратынын «Ерте тұрды» деген өлеңде өте қызық жазған екен. Сендер алдарыңдағы картаның 1-бөліміне өздерің өлеңнен ерте тұратындар кім, не екенін ести отырып, кейіпкерлерді түртіп алып жазып отырыңдар (егер мүмкіндігіңіз бар болса, өлеңді интер-активті тақтаға немесе парақшаға жазып беруге болады).

Ерте тұрды

«Күн шықты!» - деп жар салып,

Сәуле түсті әйнекке.

Ызылдап тұр ән салып,

Ерте тұрған шәйнек те.

Ерте тұрған анасы

Біраз ісін тындырды.

Ерте тұрған ағасы

Жұмысына үлгерді.

Таң бозынан атасы

Қорада жүр күйбеңдеп.

Бұзауы мен ботасы

Кетті өріске шүйгіндеп.

Қарамай өз сиқына,

Күшігі жүр ырылдап.

Бұл уақытта ұйқыда

Кім жатады пырылдап?

Ең алдымен бағана

Шыққан күнді құттықтап,

Тауықтары далаға

Шығып кетті «қыт-қыттап».

Үңілді де сағатқа,

Ерте тұрды Қанат та.

Қарамастан тамаққа,

Тартып кетті сабаққа!

Несіпбек Айтов

Мысал ретіндегі үлгі кесте:

Ерте тұрды (кім? не?)

Ерте тұрудың пайдасын білемін

Сұрағым

Үйрендім

Күн

Таң атты

Ақын қалай қиялдай біледі?

Мақалдар

Шәйнек

Шай қайнатты

Сонда ең бірінші кім ерте тұрады?


Анасы, атасы

Жұмыс

Тындырды

Бұзауды оятатын ата, апасы емес пе?


Бұзау, бота

Өріске кетті

Ерте тұрудың керегі не еді?


Тауық, күшік

Қорегін тапты

Бала сабаққа асығады, тауық пен күшікке не керек асығып?


Қанат

Сабаққа кетті

Қанат өзі тұра ма? Ақын сағатты ұмытқан сияқты? Тағы кімді, нені ұмытты? (есек, қораз...)



Осы ерте тұруға байланысты «Қызықты сұрақтарды» картаның 2-бөлігіне оқушылар өздері жазады. Оқушылардың мәселе көтерген қызықты сұрақтары тақтадағы картаға түседі.

Оқушылардың қызық, күлдіргі сұрақтарына көңіл аударып, соңғы сұрақты тірек ретінде жаңа сабақ тақырыбымен байланыстыру.

ІІ. Мағынаны тану.

Автормен таныстыру.

Өлеңді бір рет іштей оқыту, бірнеше оқушыға дауыстап оқыту. Оқушының оқу мәнеріне, дауыс ырғағына мән беру. Оқулықтағы тапсырма бойынша жұмыс:

а) өлеңді бұйрық мәнерінде оқу дұрыс;

ә) өлеңді көтеріңкі көңіл күйде сыпайы сезіммен оқу дұрыс.

  • Балалар, сонымен өлеңді оқығанда өздеріңнің қай сұрақтарыңа жауап тапқандай болдыңдар?

  • Ерте тұрудың адамға қандай пайдасы бар екен?

  • Айнала табиғаттан адам қандай күш-қуат алады?

  • Ерте тұрған адам табиғаттың қандай әдемілігін сезінеді?

Оқулықтағы сұрақтар бойынша жұмыс жасау.

Талдау кезінде өлеңнің тәрбиелік мәні болған мәселелерді көтеру, байқату.

Ш. Ойтолғау.

а) Мақалдарды жинастыру.

Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады,

Жай тұрсаң, алдыңнан түн шығады.

Денсаулық - зор байлық.

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

Дені саудың - жаны сау.

ә) Немесе оқушының бір сұрағын алып, күлдіргі айтыс ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқушылар осы кейіпкерлер бейнесіне еніп, «Кім ерте тұрады?» деген сұрақ бойынша Күн, Шәйнек, т.б. болып дауласады.

б) Олардың қайсысы осы өлең мазмұнына жақын екенін сұрастыру.

Жаңа сабақтан білген, сезгендерін картаның соңғы бөлігіне жазу.

Өлеңдегі адам денсаулығына күн тәртібінің үлкен маңызын байқату, сездіру қажет. Семантикалық карта бойынша сабақтан алған пайдалы кеңестер топтамасына шолу жасау.

Табиғаттың әсемдігі мен адамды сақтаудағы рөлін айта кетіп, «5 жолды өлең» стратегиясын да пайдалануға болады.

Оқушылардың жұмыстарына, сөйлеу, оқу мәнерлеріне талдау жасап, бағалау.

Үйге күн тәртібін жасап келуге тапсырма беру.

Өлеңді жаттап келуді тапсыру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!