Материалдар / Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
өсімдіктің вегетативті мүшелері - өркен, бүршік жайлы мағлұмат беру.Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы. Бұтақтануды көбейтудің тәсілдері жайлы мәлімет беру. Топпен жұмыс жасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2070
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пән мұғалімі: Слем Н

Сынып :6 «А»

Тақырыбы: Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік – өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы. Бұтақтануды көбейтудің тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің вегетативті мүшелері - өркен, бүршік жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

  • Білімділігі – өркен, бүршіктің өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, олардың түрлері туралы мағлұмат беру.

  • Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүнетанымын дамытуға баулу;

  • Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Биологиялық тест

1. Тамырдың сабақтан қандай айрымашылығы бар? (буын және буынаралықтары болмайды, жапырағы жоқ)

2. Шығу тегіне қарай тамыр нешеге бөлінеді? (3-ке: негізгі, қосалқы, жанама)

3. Қосалқы тамырлар қай үлескіден өсіп шығады? (сабақ пен жапырақтан)

4. Негізгі тамыр қайдан пайда болады? (ұрық тамыршасынан)

5. Қосалқы тамырлар қандай қызмет атқарады, жақсы дамуы үшін қандай шаралар қолданылады? (берік орнығып, қоректенуін күшейтеді, тыңайтқыштар себу керек)

6. Тамыр жүйесі деген не, ол нешеге бөлінеді? (барлық тамырлардың жиынтығы, 2-ге бөлінеді: шашақ, кіндік)

7. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктерді ата. (астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы және т.б.)

8. Шашақ тамыр жүйесі деп неге аталған. Кіндік тамыр жүйесінен қандай айрмашылығы бар? Шашақ тамыр жүйесі бар өсімдіктерді мысалға келтір. (негізгі тамыр болмайды немесе өте нашар дамыған жуандығы жанама немесе қосалқы тамырлар сияқты шашаққа ұқсап топталып тұрады. Астық тұқымдастар: бидай, арпа, тары, сұлы, күріш және т.б )

9. Тамырда неше бөлік болады, әр бөлігін жеке-жеке атап көрсет. (4 бөлік: тамыр оймақшасы; 1) бөліну аймағы; 2)өсу аймағы; 3) сору; 4)өткізу аймағы)

10. Тамыр оймақшасы қай ұлпадан түзілген? (бөліп шығарушы ұлпа)

11. Бөліну бөлігі қай ұлпадан түзілген? (түзуші немесе меристема)

12. Сору бөлігі қай ұлпаға жатады? (жабын ұлпасы)

13. Тамырдың ұшынан өсуін қалай дәлелдейсің? (тамырдың ұшында түзуші ұлпа болады)

14. Тамыр өсімдікке не үшін қажет? (Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды; Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі; Вегетативтік көбеюге қатысады.)

15. Тыңайтқыштардың қандай түрлері бар, мысал келтір. (органикалық(құс саңғырығы, қи, қарашірік және т.б.) және минералды тыңайтқышар(Нитрагин, суперфосфат, азот силитрасы)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жапырағы мен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің бұтақтануы үш түрлі болады: дихотомиялы (айыр), моноподиалды және симподиалды.

Дихотомиялы бұтақтану кезінде өсу конусы екі еселенеді де, екі өркен береді, әрі қарай оның әрбіреуі тағы да екі өркеннен береді және т.с.с. Бұл – бұтақтанудың ежелгі тәсілі (плауындар, мүктер)

Моноподиалды бұтақтану кезінде бірінші реттің негізі білігінен жоғары қарай өсуі шектеусіз ұзақ болады, одан екінші ретті және қалған реттегі қысқа жанама біліктер өседі (шырша, самырсын және т.б. жалаңаштұқымдылар).

Симподиалды бұтақтану кезінде негізгі білігі өзінің өсуін ерте тоқтатады, бірақ оның жоғарғы жағының үстінен жанама бүршіктер шыға бастайды.

Өркендерді жіктеу

Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамиды

Жанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады.

Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.

Ұзарған өркеннің буанаралығы алыс орналасқан.

Қысқарған өреннің буанаралығы жақын орналасқан.

Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады.

Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.

Өркендердің түр өзгерістері

Тамыр сабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады.

Столон – ұзын жатаған өркен, көбінесе қабыршақты жапырағы болады, бір жылдан аса өмір сүреді және жаңа дараққа бастама береді.

Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнекке айналады.

Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықты өсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, т.б. жатады.

Түйнекті жуашық – сырттай қарағанда жуашыққа ұқсас өркен, бірақ қор заттары өсіп кеткен сабақ бөлігінеде жиналада, ал оның қабаршағы құрғақ (гладиолус, шафран).

Шөгір – түрі өзгерген өркен немесе оның бір бөлігі, төбесі (шырғанақ) немесе жапырағы (барбарис) қорғаныш қызметін атқарады.

Мұртшалар – түрі өзгерген өркендер (жүзім, қияр, асқабақ) немесе жапырақтар (бұршақ, асбұршақ), олар тірек, шырмалғыш қызметін атқарады.

Бүршік. Кез келген өркен бүршіктен дамиды, сондықтан бүршік бастапқы өркен.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: вегетативті(өсу) және генеративті(көбею) бүршік.

Вегетативті бүршік тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (гүл бүршігі) тек қысқарған өркенге ғана орналасады.

Бүршіктің ішкі құрылысы. Көктемде кез келеген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзыннан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабышақтар қаптайды. Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар. Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан тығыз ақшыл-сары түсті бастапқы сабақты көреміз. Оның жан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. Бастапқы сабақтың ұшы өсу нүктесімен бітеді. Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі және гүл бүршігі. Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады.

ІV. Бекіту. Кестені толтыра отырып сабақты бекіту.

Төбе

Қолтық

Қосалқы

Бұйыққан

2.Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік;

4.Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік.

3.Кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік;

1.Тыныштық күйге ауысқан бүршік;



V. Үй тапсырмасы. §15 оқып, мазмұндау. Кесте толтырып келу.

Өсімдік мүшесінің атауы

Бұл мүше қайда орналасады, және оның қызметі

Құрылысы

Ерекшелігі

Өркен




Бүршік




VI. Бағалау кезеңі.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!