ӨСІМДІК ҚҰРАМЫНДА САПОНИНДЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ САБЫН АЛУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӨСІМДІК ҚҰРАМЫНДА САПОНИНДЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ САБЫН АЛУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: дәрілік өсімдіктер құрамындағы сапониндерге сапалық анализ жасау, табиғи сабын алу. Анализ нысандары: Қызылмия (лат. Glycyrrhіza glabra) - бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қолданысы: Медицинада қызылмия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде, қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады. Тибет медицинасында өкпе туберкулезін емдеуге, атеросклерозға қарсы .Батыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

ӨСІМДІК ҚҰРАМЫНДА САПОНИНДЕРДІ АНЫҚТАУ
ЖӘНЕ ТАБИҒИ САБЫН АЛУ

Мақсаты: дәрілік өсімдіктер құрамындағы сапониндерге сапалық анализ жасау, табиғи
сабын алу.
Анализ нысандары:
Қызылмия (лат. Glycyrrhіza glabra) - бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын
көпжылдық шөптесін өсімдік. Қолданысы: Медицинада қызылмия препараттарын эликсир,
сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде, қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде
пайдаланады. Тибет медицинасында өкпе туберкулезін емдеуге, атеросклерозға қарсы .Батыс
Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады.
Ақ қаңбақ (лат. Gypsophila paniculata) - қалампыр тұқымдасына жататын көпжылдық
шөптесін өсімдік. Қолданысы: Емдік мақсатта сабағы, жапырақтары мен гүлдері қолданылады.
Тамыр ұнтағы сабын, шампун өндіру өнеркәсібіне қолданылады. Шөбінің тұнбасын бауыр ауруын
емдеуге пайдаланады.
Қараматау (лат.Camphorosma) - алабұталар тұқымдасына жататын көп жылдық жартылай
бұта және бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қолданысы: Қараматау - мал азықтық шөптер,
оны түйе, қой, ешкі жейді. Марсель қараматауының құрамында 0,2 % жуық эфир майы бар,
сондықтан оның несеп жүргізетін, тер шығаратын және жарақат жазатын қасиеті бар. Шөбінің
тұнбасымен денедегі жараны жуып, ісіктерді булайды.
Сапониндер (лат. saponis—сабын) - өсімдік гликозидтер тобына жататын азотсыз күрделі
органикалық қосылыстар.
«Сапонин» немесе «сапонозид» терминін 1819 жылы Мэлон енгізген, 1811 жылы ең алғаш
сапониндерді өсімдік құрамынан бөліп алған Шрайдер[1].
Сапониндер 2 топқа бөлінеді:
1) Тритерпенді сапониндер (тетрациклды және пентациклды)
2) Стероидты сапониндер
Сапониндер келесі мақсатта қолданылады:
1.Қан қысымынтөмендететін, жүрек қызметіне әсер ететін қасиеттері пайдаланылады.
2. Қандағы холестериннің мөлшерін азайту, атеросклероз ауруын емдеу үшін, сондай - ақ
стероидты гормондары синтездеу үшін де қолданады.
3. Медицинада күш-жігерді қалпына келтіруге, қақырық түсіргіш, зәр айдағыш, бүйрек
ауруларында қолданады.
Өсімдік экстрактісін алу үшін сиымдылығы 100 мл дөңгелек колбаға 1 г өсімдік шикізатын
салып, үстіне 1 мл дистильденген су құйып, кері тоңазытқышқа жалғап, сулы моншада 10 мин
қыздырдық. Колба суығаннан кейін ерітіндіні сүзіп алдық. Ары қарай сапалық реакцияларды
жасауға пайдаландық.
Өсімдік құрамындағы сапониндерді жұқа қабатты хроматография әдісімен сапалық
анықтауүшін хроматографиялық пластинаға трафарет көмегімен алған экстрактіні тамыздық.
Еріткіш ретінде хлороформ-метанол-су (61:32:7) қоспасын қолдандық. Камераға осы еріткішті
құйып, экстракт тамызған пластинканы салдық. Сонда капиллярлық күштер әсерінен еріткіш
компоненттерді әр түрлі жылдамдықпен тасымалдайды. Сосын пластинканы алып, ауада еріткіш
ұшып кеткенше кептірдік. Сосын спрей-камера ішіне пластинканы қойып, шыны пульверизатор
көмегімен фосфорвольфрам қышқылын сеуіп, 100-105°C 3 мин кептіргіш шкафта кептірдік.
Сосын УК-жарықпен өңдеп (250 – 366 нм), өсімдік құрамында сапонин бар екенін анықтадық. Ақ
фонда малина түсті таңба пайда болды [2].
Табиғи сабынды сақардан алуға болады. Сақар – өсімдік күлінен дайындалады. Сақар—
калий карбонаты немесе поташ. Химиялықформуласы: K2CO3. Жанып болған өсімдік күлін
суығаннан кейін стақанға салып үстіне ыстық су құйып, қайнаттық. 1-2 тәуліктен кейін
стақандағы сұйықты фильтр арқылы тұнбасынан айырып алдық. Сосын алынған сақарға екі есе
көп мөлшердекүнбағыс майын қосып, 6-8 сағ қайнаттық. Үстінде қою көбік пайда болып,
артынша бетінде сұйық сабын пайда болды. Қатты сабын алу үшін үстінен натрий хлориді тұзын
қостық. Бетіне сумен кір шығып, қатты сабын астында қалды.
Дайын сабынға табиғи қоспалар қосып, пайдалы сабын алу үшін 1 ас қасық түймедақ
шөбіне 250 мл су қосып, қайнаттық,суыған соң фильтр арқылы сүзіп алдық. Сол қайнатпаның
үстіне 20 г балаларға арналған үгітілген ақ сабын, 2 ас қасық сұйық май қосып, су моншасында


Page 2

қыздырдық. Сосын үстіне біраз бал, А және Е витаминін және 5 тамшы жалбыз майын қостық.
Алынған сабынды формаға құйдық.
Табиғи сабынның пайдалы қасиеттері мол. Мысалы:
1. Кір-қоңды кетіру деңгейі жоғары. Қазіргі кір кетіргіш жасанды тазартқыштар сияқты
қолды бөрттіріп, қышытпайды.
2. Жұқпалы тері ауруының емі бола алады.
3. Жұмсақ шаш тазартқыш болады.
4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр
иіскегенде 10 мин жұмсаса, мұрны ашылып, аурудан тез айыққан)

Қорытынды
 Дәрілік өсімдік құрамында сапониндердің бар екені жұқа қабаттық хроматография
әдісімен анықталды.
 Осы өсімдіктен табиғи сабын алынды.
 Кез - келген құрамында сапонин бар өсімдіктен табиғи сабын алуға болады.
 Дайын сабынға табиғи қоспалар қосып, теріге пайдалы сабын алуға болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Махатов,Б.Қ. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы / Б.Қ. Махатов Ә.Қ.Патсаев, К.К.
Орынбасарова // Оқу құралы. -Шымкент. 2011 ж.-180 б.
2. Петрухин, О.М. Аналитическая химия. Физические и физико-химические методы анализа /
О.М. Петрухин //М.: Химия, 2001. - 496 с.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
13.10.2018
534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі