Материалдар / Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2020
649
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

биология пәні бойынша 8 сынып

I тоқсан: Сабақтың нөмірі: №3

Сабақтың тақырыбы: § 2Өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларын жіктеу. №1 зертханалық жұмыс. Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу. 246 бетті қара. №2 зертханалық жұмыс. Жануарлардың ұлпаларын жіктеу. 247 бетті қара.

2. Сабақтың мақсаттары: өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларын анықтап, олардың ерекшеліктерін ажырату

3.Қысқаша тезисті конспект: Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі италян ғалымы М.Мальпиги мен ағылшын ғалымы Н.Грю (1671 ж.) болды. Олардан кейін микроскопиялық техниканың даму барысында ұлпалар туралы көптеген жаңалықтар мен жаңа эксперименттік деректер жинақтала басталды.1807 жылы фитогистолог Г. Линк өзінің зерттеулерінің нәтижесінде ұлпаларды жасанды түрде паренхималық және прозенхималық деп екі топқа бөлді. Бұл сипаттама әлі күнге дейін сақталып қалды. Ал П. Ван-Тигем (1891) ұлпаларды тірі және өлі ұлпалар деп бөлді. Егер олардың атқаратын қызметтерін ескермегенде осылай бөлу заңды еді. Алғашқы табиғи әрі нақты жіктеуді физиолог Ю.Сакс (1868) ұсынды. Ол морфологиялық ұқсастықтарын, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып ұлпаларды үш топқа бөлді: жабындық, негізгі, өткізгіш. Және олардың элементтеріне, өсімдіктер денесінде орналасуына, атқаратын қызметтеріне түсінік беріп кетті. Сонымен қатар ұлпалар туралы түсініктерді дамытуда С.Швенденер мен С. Габерландт (1879) өз үлесін қосты. Олар ұлпаларды физиологиялық қызметі тұрғысынан зерттеп, өсімдіктер әлемінің анатомиялық және физиологиялық дамуына зор үлесін қосты. Бірақ олардың жіктеулерінің барлығы жасанды болғандықтан, бұл нақты ғылыми жүйе жасауға, тіпті ол туралы ғылыми пікірлер айтуға қиындықтар туғызды. Оның себебі, біріншіден, белгілі бір жасқа келгенде ұлпа қызметін өзгертеді немесе алғашқы қызметтерінің кейбіреулері ғана сақталады. Екіншіден, өсімдік ұлпаларының басым көпшілігі бір мезгілде екі, үш қызмет атқарады.

Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұлпаларды негізінен мынадай алты топқа бөледі: меристемалық (түзуші), жабындық, негізгі, арқаулық (механикалық), өткізгіш және бөліп шығарушы. Осылардың ішіндегі түзуші ұлпалардан басқалары түпкілікті ұлпалар.

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/lesson/12682/media/4b76615b0198060eb6f9d35d41464133/content/script_00014/media/uc_b4_l010_03_03ss.mp4

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/lesson/12682/media/4b76615b0198060eb6f9d35d41464133/content/script_00014/media/mcc_ge_ls_14_05_01v.mp4

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/lesson/12682/media/4b76615b0198060eb6f9d35d41464133/content/script_00014/media/mcc_ge_ls_14_06_01v.mp4 бейне фильмді қараңыз.

4.Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме:8 сынып ,биология 2018 ж 7-12 бет 5.Оқушыларға арналған тапсырмалар:


1-тапсырма. Суретке қарап өсімдіктер мен жануарлардағы ұлпаларды жүйелеңдер. Ерекшеліктерін табыңдар.Әр суреттің тұсына аттарын және мағынасын жазыңдар.








































Оқулықтың 246-247 беттеріндегі № 1-2 зертханалық жұмысты орында кестелерді дәптерге сызып ұлпалардың әрбір типтерінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!