Материалдар / Отандық орта білім беру жүйесінің озық үлгісін қалыптастыру – ҚазҰУ ұстаздарының басты мақсаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Отандық орта білім беру жүйесінің озық үлгісін қалыптастыру – ҚазҰУ ұстаздарының басты мақсаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта біздің еліміздің білім беру саласы қалай болу керек деген мәселеге қатысты отандық ғалымдар мен әдіскерлер арасында қызу пікірталас жүріп жатыр. Орта білім беретін мекемелерге арналған оқулықтарда жіберілген олқылықтар туралы да аз сын-пікірлер айтылған жоқ. Пәндер бойынша оқулықтар жазылмас бұрын отандық орта білім беру саласының белгіленген мемстандарты мен бүгінгі күннің талабына, сұранысына сай сараланып айқындалған, халықтың қолдауына ие болған оқыту үлгісі, оқу-әдістемелік жұмыс бағдарламасы болуы қажет. Елімізде жоғары білім беру саласына әлемдік оқу үдерісіне негізделген кредиттік оқытудың ұлттық жүйесі, отандық үлгісі енгізілді. Жоғары оқу орындарында жаңа оқу бағдарламасы білім мен ғылымды коммерцализациялауға, оқу ісін нақты тәжірибемен ұштастыра жүргізуге үлкен мүмкіндіктер берді.
Авторы:
05 Қазан 2023
147
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отандық орта білім беру жүйесінің озық үлгісін қалыптастыру – ҚазҰУ ұстаздарының басты мақсаты


Наралиева Рахила Турсыновна,

Әл-Фараби атындағы Қазақ

ұлттық университетінің аға оқытушысы



Отандық орта білім беру жүйесінің озық үлгісін қалыптастыру

елімізді жарқын болашаққа жетелейтін ізгілікті бастама. Мемлекетіміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бұл бағытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ҒА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ (толығырақ: www.kaznu.kz сайтынан біле аласыздар) – Ұлттық Жоспарды жүзеге асыру арқылы әлемнің дамыған елдердің қатарына қосылу басты мақсатына сай аянбай еңбек етуде. «Среди названных процессов основополагающей является модернизация духовной сферы. Полагаю, что основания для этого посыла более чем аксиоматичные. Очевидно, что успех и политической, и экономической модернизаций зависит в первую очередь от уровня общественного сознания, где приоритетом является духовность. Поэтому духовное возрождение на сегодня – задача что ни на есть самая актуальная» [1,3]. Елімізде саяси реформа мен экономикалық дамудың жаңа моделін құруды жүзеге асыру үшін рухани жаңғыру мен халықтық қолдау қажет. Қоғамымызда рухани жаңғыруға бет бұрудың басты қадамы отандық орта білім беру жүйесінің озық үлгісін қалыптастырудан басталады. Қазіргі уақытта біздің еліміздің білім беру саласы қалай болу керек деген мәселеге қатысты отандық ғалымдар мен әдіскерлер арасында қызу пікірталас жүріп жатыр. Орта білім беретін мекемелерге арналған оқулықтарда жіберілген олқылықтар туралы да аз сын-пікірлер айтылған жоқ. Пәндер бойынша оқулықтар жазылмас бұрын отандық орта білім беру саласының белгіленген мемстандарты мен бүгінгі күннің талабына, сұранысына сай сараланып айқындалған, халықтың қолдауына ие болған оқыту үлгісі, оқу-әдістемелік жұмыс бағдарламасы болуы қажет. Елімізде жоғары білім беру саласына әлемдік оқу үдерісіне негізделген кредиттік оқытудың ұлттық жүйесі, отандық үлгісі енгізілді. Жоғары оқу орындарында жаңа оқу бағдарламасы білім мен ғылымды коммерцализациялауға, оқу ісін нақты тәжірибемен ұштастыра жүргізуге үлкен мүмкіндіктер берді. Жаңа оқу жүйесі арқылы отандық жоғары оқу орындары әлемдік рейтингте жаңа деңгейге көтерілді, білім-ғылым кеңістігінде қомақты табыстарға қол жеткізді. Ал жалпы орта білім оқу орындарында осы мәселе ыңғайлы шешімін тапқан жоқ. Бұл жерде мен, дарынды балаларға арналған зияткерлік мектептер туралы айтып тұрғаным жоқ. Мәселе жалпы білім беретін орта мектеп туралы. Жалпы білім беретін мектептердің оқу жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылып жатқан ұсыныстар аз емес. Бірқатар ғалым ұстаздар өткен замандағы: кеңес дәуіріндегі оқу жүйесіне қайта оралуды ұсынса, ал кейбір оқымысты-ағартушыларымыз осы жүйені жетілдіруді және тағы да топ жаппай он екі жылдық оқу жүйесіне көшуді ұсынуда. Кеңестік оқу жүйесін сақтап қалуды ұсынушылар мынадай деректерге сүйенеді, мысалы, Ұлыбритания мемлекеті КСРО кезеңіндегі математикалық бағытты тереңдетіп оқытатын арнайы мектептердің тәжірибелерін, олардың жетістіктерін жоғары бағалағанын тілге тиек етеді. «В Британии готовятся к открытию специализированных школ с углубленным изучением математики по образу и подобию математических спецшкол СССР» «На альбионе высоко оценили опыт математических спецшкол эпохи СССР» [2].

Әлемдік аренада бәсекеге қабілетті және дүниежүзілік білім-ғылым кеңістігінде әрқашанда алғашқы үштікке енетін осы Ұлыбританияның айтулы оқу бағдарламалары мен олардың білім беру барысына шолу жасап көрсем. Мысалы, Ұлыбританияның жалпы білім беру саласы – тарихы терең, жүздеген жылдар, ғасырлар бойы қалыптасқан, қазіргі заманда белгілі қатаң стандартқа бағынған сапалы білім беретін жүйе. Тарихшы ғалымдардың пікірінше, алғашқы оқу орындары Ерте Ортағасырдың басында (ХІІ ғ. Рим Папасының бұйрығы бойынша) бенедикт монастырьлерінде ашылған интернат-пансионаттар болып саналады. Ақылы түрде оқыту жүйесі де алғаш рет осы интернат-пансионаттарда бастау алған. Ұлыбританияда 5 жастан 16 жасқа дейінгі адамдардың оқуы міндетті болып табылады. мектептер аралас мектептер, тек қыздар немесе ұлдар мектептері де кездеседі. Біздегі аралас мектептер деп мемлекеттік тілмен қоса ұлттық тілдерде білім беретін мекемелер (қазақ-орыс мектептері) айтылса, Ұлыбританияда аралас мектеп дегеніміз ұл да, қыз да оқитын білім орындарын айтады. Міндетті мектептік оқу екі сатыдан тұрады: 1) дайындық және бастауыш (Preparatory Education) білім және орта (Secondary Education) білім. Preparatory Education атауын қысқаша Prep School, ал Secondary Education мектебін Senior School [3]деп атайды. Жалпы орта білім беру екі сектор арқылы: мемлекеттік тегін оқу және жекеменшік мектептерде ақылы түрде оқу салалары бойынша жүзеге асырылады. Independent school – бұл Англиядағы Тәуелсіз мектеп. "Diamond school" немесе «Private School» – бұл мектептердің аттары Independent school атауына синонимдер болып табылады. Ақылы түрде оқытатын мектептерге мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейді, яғни салық төлеушілердің жарнасына тәуелді емес. Мектептің бюджеті оқушылардың төлемақысының, балаларының оқуы үшін төленетін ата-аналардың қаржысының есебінен құралады. Ал Тәуелсіз мектеп аталатын себебі жекеменшік мектептердің оқыту жүйесі мемлекеттік оқу стандартына, білім беру құрылымына, оқу бағдарламасына тәуелді емес болады. Мектеп басшылығы Қамқоршылар кеңесі, Кеңестің төрағасы, Кеңес мүшелерінен құралады. Оқу жүйесі тәуелсіз болғанымен Білім Берудің Ұлттық Жүйесінің оқу ережелеріне бағынады. Білім министрлігі белгіленген стандарттан тым ауытқып кетуге болмайды. Мемлекеттік мектептер секілді Тәуелсіз мектептер де тұрақты түрде ресми мемлекеттік комиссияның тексеруінен өтіп тұрады. "Public Schools" – аты айтып тұрғандай көпшілікке арналған дегенмен, алайда ақылы түрде оқытатын зияткерлік мектептер. Бұл зияткерлік мектептердің ерекшелігі директорлар мен директрисалар ("Headmasters' and Headmistresses' Conference") ассоциациясына мүшелік болып табылады. Ерекше дарынды оқушыларға арналған бұл зияткерлік мектептердің Ұлыбританияда да, АҚШ-та да оқу функциясы өте күрделі. Барлық оқу стратегиясының теориялық негіздері оқытылады. Мысалы, дифференциация, дамыта оқыту, мәселелі-бейіндік(бағдар беру) оқыту, мәселені шығармашылық жолмен шешуге бағдарлап оқыту, әлеуметтік әсер беруге бағытталған оқыту жүйелері бойынша білім беріледі. Оқу жүйесінің дифференциациясы Ұлыбритания мен АҚШ-та ерекше дарынды индивидтерді оқыту барысында басымдық ие. Оқу жүйесінің дифференциациясы дегеніміз бұл білім алушының өзіндік ерекшеліктерін, қабілеттерін ескере отырып, бір топта оқыту. «Оқытуды саралау оқушылардың бейімділігін, қызығушылықтарын, қабілеттерін ескертетін оқу қызметінің ұйымдастыру нысаны [4,65]. Зияткерлік мектептерде оқыту жүйесін саралаумен бірге талдау, зерделеу жұмыстары да қатар жүргізіліп отырады. Зияткерлік мектептердің оқу саласын дамыту, жақсарту мақсатында білім беру саласының заманауи тенденциясын талдап қарастырады, зерделейді. Ұлыбританияда да, АҚШ-та оқыту дифференциациясы зияткерлік мектептерде жиі қолданса, ал бұл жүйені көрші ел Ресейде жалпы білім беру мекемелерінде пайдалануда.


Оқытудың дифференциациясының психологиялық негізгі ерекшеліктері






Оқыту дифференциациясы білім алушының ақыл-ой қабілетінің деңгейіне қарай оқу жұмысын бағыттай отыра, оқушының денсаулығын сақтауды және білім беру бағдарламалары, сабақтар баланың жеке басының қызығушылығы мен мүддесіне басты назарда ұстай отыра ұйымдастыруды көздейді.

Дифференциалдық тәсілді қолдану – оқушының қатемен жұмысын ұйымдастыру барысында өте қажет үдеріс. Мысалы, 1) материалдарды тез меңгеретіндерге арналған; 2) материалды меңгеру барысында қандайды бір қиындыққа тап болатындарға арналған; 3) білімінде ақ таңдақтар бар, оқу материалдарын толық меңгермегендерге, өз біліміне, күшіне сенімді еместерге арналған дифференциалдық деңгейлік тапсырмалар беру өте тиімді. Тапсырманың 1-нұсқасының мазмұны күрделі емес, дегенмен кейде ұстаздың немесе досының көмегіне жүгінуді қажет ететін, 3-топқа арналған жаттығу жұмыстары болса, ал 2-нұсқа алған білімін жаңа жағдайда дұрыс пайдалан білуге бағытталады. Тапсырмада өткен материал мен жаңа сабақтар тығыз байланыста ұсынылады. 3-нұсқа білім алушының ақыл-ой қабілетін дамытуға, өз бетінше әрекет етуіне арналған шығармашылық жұмыс болып табылады. Негізінен, тапсырмаларды сабақтың алғашқы жартысында берген ұтымды, себебі сабақ жаңа басталды, оқушылар сабақтан жалыққан жоқ. Тапсырмалар әрбір білім алушының қабілеті мен зейініне сәйкес берілуі қажет. Баға да тапсырмалардың нұсқаларының деңгейіне қарай қойылады. Оқыту дифферциациясы білім алушының оқу машықтарын, дағдыларын, қабілеттерін, білім деңгейін бағалауда жеке критерийлерді ескеруді талап етеді. Әрбір білім алушы – қайталанбайтын жеке тұлға, сондықтан да оқу үдерісінде оқушылардың жеке бас мүддесін, қызығушылығын ұстаз басты назарда ұстауы қажет.

Қорыта айтқанда, отандық жалпы білім беру жүйесіне әлемдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, оқытудың, орта білім берудің үш бағытын енгізуді ұсынғым келеді. Мысалы, 6-16 жастағылар үшін міндетті он жылдық орта білім, белгілі бір саланы тереңдете оқытатын он бір жылдық арнайы мектеп-гимназиялар, он екі жылдық кәсіби бейіндік мектеп-лицейлер. Себебі бүгінгі оқушы – ертең студент, болашақ маман, еңбеккер. Отандық жалпы орта білім берудің озық үлгісін қалыптастыру – еліміздің әлемдік білім-ғылым кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, рухани жаңғыруымыздың алғышарттарының бірі, басты қадамы. Сондықтан да Ұстаздың қасиетті міндеті, асыл парызы – әрбір білім алушының бойындағы дарынын, жеке қасиетін тану, бағалау, оны дамыта білу, олардың бойына оқу-біліммен қатар ізгіліктің дәнін еге білу.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Г.Абдикаликова. Духовное возрождение – приоритет Третьей модернизации Казахстана.// Казахстанская правда. №73 (28452) 17 апреля 2017 года. Стр.3;

  2. Дмитриева О. Британия хочет учить по-советски. На Альбионе высоко оценили опыт математических спецшкол эпохи СССР. Российская газета. Федер. вып., №5958(285). rg.ru (11 декабря 2012); 

  3. https://www.studentinfo.net/faq1-education-system-uk
    Русскоязычное образовательное агенство Великобритании;

  4. Б.Құсбекова. орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздік (білім беру саласы). Алматы, 2010. Б.65.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!