Материалдар / Отбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Класс жетекшилерге арналған тарбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жанұяның мәдениет құндылықтары және олардың балаға деген мәні.Қаралатын мәселелер: 1. Кітап және оның тұлға дамуына әсері. Жанұяның мәдени дәстүрі. 2. Жанұя мәдениет құндылығының баланың танымдық дамуына әсері. 3. Ата-аналардың өз жанұя дәстүрі жайлы әңгімелері.Қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтар. Әр халықгың өзіндік ерекшелігіне қарай отбасы тәрбиесінде де ерекшеліктер болады. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы бала тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дүрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болады.Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырады. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашақта мамандық таңдауға дайындауды түсіндіреді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға паидалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген салалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағына қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланың қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізгі — ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізгі ойлау операцияларын меңгерту зиялылық біліктері мен дүние-танымын қалыптастыру міндеттері шешілді.Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ отбасында ерекше мән берілді.Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдаланбағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек түбі — береке», «Үнемшілдік — сараңдық емес», «Ескі киімді балтағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл қазақтардың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігу, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. Қазақ халқы экономиканың жаны — табыс табу мәнін балаға түсіндіре отырып, оның таза жолмен келгені дұрыс екендігін де ескертіп отырған. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу, пайда табудан да үлкен өнер екенін жақсы түсінген. Мәселен, «Артық олжа — басқа еңбек», «Оңай олжа — тұрмас қолға», «Шығысы шықпай, кірісі кірмейді», — дейді халық.Қорыта келгенде, қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға, уақытты ұтымды пайдалануға, үнемшілдікке, сараңдыққа салынбауға, үқыптылыққа, ақша, қаражатқа дұрыс көзқарас калыптастыру, олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу болған деуге толық негіз бар.Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген ізгі мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен аитуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер-Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан.Сондықтан, экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл-ғұпыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Мәселен, «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме». Қазақ отбасында жоғарыда аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудағы ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар.Олар: балаларға қайырымды, ізгі қатынас жасау, сыйлау, адамгершілік сезімдеріне әсер ету, жанама ықпал жасау, қулықтық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, реніш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелете кінәсін мойындату, түсіндіру, мысалдар келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды есептейміз. «Айналадағы дүниенің ең жақсы дегені менің отбасыммен байланысты» — деп, еске алып, жазған еді. Берлин университетінің негізін салушы Вильгельм Гумбольт. Бізде баланың отбасында адамгершілікке баулу дегенді қалай түсінуіміз қажет?Адамгершілік тәрбиелеу туралы айтқанда, өмір және қоғам «адамгершілік» деген ұғымға қандай мағына беретінін түсіну қажет. Белгілі педагог және психологы И.С. Кон белгілегендей: «Баланың көзінде ата-аналар түрлі рөлдерде ойнаиды, көрінеді: эмоциялық жылу және қолдау көзі ретінде, онсыз бала өзін қорғансыз, көмексіз сезінеді, басқарушы орган ретінде, ізгілерді таратуда, жазалаулар, мадақтауларда, үлгі ретінде, ұқсау үшін шексіз ақыл иегі ретінде және барлық жақсы қасиеттер иесі ретінде, үлкен досындай, ақылшы, оған бәрінде сеніп тапсыруға болады».Тағы бір отбасындағы адамгершіліктік қажеттіліктер ар (ар-намыс) түсінігінің қалыптасуы болып табылады. Ар-намыс түсінігі сөздіктерде былай түсіндіріледі: «Ар-намыс — бұл адаманың қағамның моральды бағалау негізінде өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі бақылай алу қабілеті. Балада ар-намысты ұят сезімінен бастап тәрбиелеп қалыптастыру керек.Бірінші ата-аналардың міндеті-өздерінің балаларында ар-намыс түсінігінің рухани әлемінің ажырамас бөлігі ретінде, терең, сенімді тәрбиелеу. Ата-аналардың адамгершіліктік қажеттіліктерді білуі адамдарды мейірімді және бақытты қоғамға игілік алып келетін баланы тәрбиелеуге көмектеседі.Біріншіден -ата-аналар балаларды адамгершілікке тәрбиелеу қажет екендігіне жете түсіну керек.Екіншіден — ата-аналар адамгершілік қажеттіліктерді өз бойында дамыту керек.Үшіншіден — егерде ата-аналар өздерінің балаларын үстіртін емес, жетік түсінісіп тәрбиелегісі келсе, өз балаларының тәрбиелеуін талдай өз-өзін талдаудан, жеке тұлғалық ерекшеліктерін талдаудан бастау керек.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!