Материалдар / Отбасы мен балабақша сабақтастығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы мен балабақша сабақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
1356
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы сабақтастық арқылы ұлттық құндылықтарды нығайта түсу »


Жоспар:

1.Кіріспе

2.Отбасы және мектепке дейінгі ұйым

3. Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние.

4. Қорытынды



І. Кіріспе.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.

Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті.

Халқымыздың дәстүрінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», «Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды бер» деп үйретеді. Ондай кезде үлкендер яғни аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың қолын алып, сәлем беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады.

Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз.



ІІ . «Отбасы және мектепке дейінгі ұйымда....»

Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің

болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді.

А.С. Макаренко.

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негігі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. Балабақша – бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал – еңбек, мінсіз – ақыл, таза – жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» – деген Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыздың сөзін арқау ете отырып, бүгінгі күн жастарды жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасылардың жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде. Бала саналылықтың сипатын ол өмірге келген күннен бастап өз отбасында бойына сіңіреді. Өмірген келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен, ең алдымен өз отбасында танысады. Мұхтар Арынның сөзіне сүйенсек: «Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп – отбасы. Осында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Отбасынан кеткен қателікті ешбір мектеп түзете алмайды…»

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.

Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Осы тұста қазақ зиялыларының бірі

М. Жұмабаевтың мынадай бір айтқан сөзі бар: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн».

Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар:

Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.

Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.

Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.

Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.

«Ата- ана және біз»

Мақсаты:

Ата – аналармен бірлесе отырып, баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру;

Отбасымен бірігіп балалардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау;

Ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты қалыптастыру және баласының бойындағы міңез – құлық ерекшеліктерін қаншалықты айыра білетінін анықтау;

Әрбір ата – ананың өзіндік пікірін білдіру іскерлігін қалыптастыру;

Ата – аналары мен балаларға ықыласты қарым – қатынастың рөлі туралы айту, оны іс жүзінде асыра білуге үйрету;

Қарым – қатынас жасай білуге, жеке тұлғаның өзіне деген сенімін дамыту; Баланың психикалық-физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету;

Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым – қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау;

Міндеттері:

-Баланың дамуы мен тәрбиесін жеңілдету үшін отбасы мен педагог тығыз байланыста болу керек.

-Балаларды тәрбиелеуде ата – аналардың белсенділіктерін арттырып, тәрбиелік іскерліктерін байытып, олардың сенімділіктерін қолдау.

-ата-аналардың балалардың дамытушылық және жобалық іс-шараларына белсене қатысуы ұлғаяды.

- Ата аналарды балалармен шығармашылық іс-әрекет түрлеріне қатысуын ұйымдастыру.

-Іс – әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;

-Мектепке дейінгі ұйымда оқу мен тәрбие үрдісін заман талаптарына сай, отбасымен ынтымақтасу мақсатында балалардың танымдық құзіреттілік білім негізін қалыптастыру;

-Балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;

-Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;

-Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;

-Баланың психикалық-физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

-Балалармен туындаған қарама - қайшылықтарды жеңу үшін отбасы мен педагог бірлесіп жұмыстануы керек.

МдҰ өміріне қатысу арқылы ата – аналар:

-өз баласының басқа балалармен қарым – қатынас жасауын көреді;

-балалардың даму кезеңдері туралы көбірек біліп таниды;

педагогикалық ұжымды жақын танып, оларды қадірлеу сезімі өседі.

балалармен үйде айналысуға болатын іс - әрекет түрлеріне үйренеді;

өз балаларының әңгімелерінен олардың достарымен танысады;

басқа ата – аналармен ұзақ мерзімді тілектестік байланыс құрылады;

«Алғашқы қадам» , «Зерек бала» т.б бағдарламаны игеруде балаға үйде көмек беру мүмкіншілігіне ие болады

-Ата – ана өзін мазалап жүрген сұрақтарына тәрбиешімен бірге жауап таба білді.

МдҰ өміріне ата- ананың қатысуы арқылы тәрбиеші:

-ата – ананың өз баласын ынталандыру деңгейін анықтайды;

-ата – аналардың өз балаларына тапсырманы орындауда беретін көмегін көреді;

-отбасында ересек адамдар өз балаларымен жүргізетін іс - әрекеттерді және ойындарды анықтайды;

-ата – аналардың өз балаларының жолдастарымен қарым – қатынасын бақылауынан оңды нәтиже шығарады;

-Жаңа көзқарас, пікір - ой қалыптастыру арқылы білім мен тәрбие деңгейінің сапасы артты.

-Психологиялық ерекшеліктері, қабілеттерінің әртүрлі болатыны туралы ата – анаға мағлұмат беріледі.

-Ата – ананың балабақшаға , тәрбиешілерге деген сенімі күшейді.


ІІІ. Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды боиымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».

Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

- балалардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.

Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Сондай-ақ қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл ой тәрбиесі деп есптелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізгі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттің бірі – ар болып есептеледі. Ары бар адамда намыста, әділдікте, адамгершілік пен имандылықта болары сөзсіз.

Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім»,«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақса імдіміз. мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға осы ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз.

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болды.

Сонымен , қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:

1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.

2. Отанды, халқын, жерін,елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын»

тәрбиелеу.

3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».

4. Жеті атсын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».

5. Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру. Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды.

Балалаларды жоғары мәдениетті адам етіп тәрбиелеу сіздер мен – біздің басты міндетіміз.



ІV. Қорытынды

«Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек»

М.Шаханов

Қоғамның белгілі қайраткері, ақынның осы ғибрадтың әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар, тәрбиешілер қауымы балаларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепке дейінгі ұйымда болғандықтан, ата-ана мен МДҰ, яғни тәрбиешілер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе дей келе өзім педагог ретінде ата-аналармен бірлесіп көптеген іс-шаралар өткіздім, атап айтсақ соның ішінде салт-дәстүрді дәріптеуде «Наурыз мейрамы», «Әке мен бала», «Бар байлығым балаларға берер білімім» т.б дамытушылық, ағартушылық, имандылық тәрбие шаралары.. Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұлттық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тәрбие беретін орын». «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор.

Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды».Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету басты міндетіміз болып қала бермек.

Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,

Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі.

Қасиетін өмірдің білу керек,

Басында ми бар болса, бетінде ары, - деп Шәкәрім ақын жырлағандай, біздің жастарымыздың өз өмірлерін бос өткізбей, білімге жұмсауды, артында өшпейтін із қалдырып, мәнді де, сәнді де бақытты өмір сүруге ұмтылуына көмектесуіміз керек. Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.Демек,осындай халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық!





Күтілетін нәтиже:

-ХХІ – ғасыр адами құндылықтарды меңгерту, дамыту заманы екенін ата – аналар терең ұғынып, әрбір ата – ананың өзіндік пікір білдіру іскерлігі қалыптасады;

Ата – анамен балабақша арасындағы тығыз қарым – қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болады. МдҰ өміріне қатысу арқылы ата – аналардың қол жеткізетін мүмкіндіктерімен тәрбиешілердің олармен байланыстылығының оң нәтижелігі айқындалады.

-Заман талабының жауапкершілігі жоғары, тұлғаны қалыптастыру бағытында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүгі ауыр, салмағы басым. Болашақта бірлескен жұмыстың нәтижелі болатынына сенімдіміз.

Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қаум елге жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!