Отбасы құндылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі интернетке тәуелді заманда,жастар санасына отбасылық,ұлттық құндылықты сіңдірудің маңызы жайлы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасы құндылықтары

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы тұнып тұрған құндылықтар екені сөзсіз.Ата-бабамыз Отан-отбасынан басталады деп бекер айтпаса керек. Отбасы құндылығын сақтау,бүкіл ұлттың құндығылығын сақтаудың негізі болып табылады. Ұрпақ санасына ата-ана,туған-туысты,қара шаңырақты сыйлауды үйрете білу үлкен өнегелі тәрбие. Өз отбасында саналы тәрбие алған бала ғана ұлтының жанашыр азаматы болып қалыптасады.Бұл орайда отбасындағы үлкендердің тәлім-тәрбиесі үлкен маңызды рөл атқарады.Өмірге енді ғана келген сәбидің еститіні – ананың үні, көретіні – ата-анасының қарым-қатынасы, сондықтан баланың өміріндегі, қалыптасуындағы отбасының орнын ештеңе айырбастай алмайды.Атасы мен әжесінің «айналайынынан» нәр алып, әкесі мен анасының мейірімін сезініп  жетілген баланың иманды, көргенді, көпшіл  болып өсетіні анық. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бабаларымыз текке айтпаған, ананың сүтімен, әкенің қанымен бойға сіңген қасиет жеткіншектің алдағы өмірінің бағдаршамындай болады.

Ұлттық құндылықтардың бастауы – отбасы. Әке – отбасының тірегі болса, ана – берекесі. Көзін ашқаннан көргені мен естігені бала жадында  тасқа басқан хаттай жазылып қала беретіні анық. Бақытын баладан іздейтін ата-ана  «не ексе; соны оратынын» біліп, өзінің  әрбір сөзі мен әрекетіне мән берген. Қазақта «уызына жарымаған» деген сөз бар. Алғашқы сүт – уызды тойып ембеген қозының ет алып, оңалуы қандай қиын болса, отбасынан оңды тәрбие алмаған баланың дұрыс өсіп-жетілуі сондай қиын. Отбасылық, ағайындық, туыстық қарым-қатынастарды үйрететін,қазақ шаңырағына ғана тән, жазылмаған қағидалар – әдептілікке тәрбиелеудің үлкен мектебі.

Қазақтың тарихында киелі отба­сының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдар көп. Уақытында бізге бай, феодал ретінде оқытылған Құнан­байдың өзі тегін адам болмаған­дығын еліміз егемендікке жеткенде ғана білдік. Кішкене артық сөйлеп кетіп «Мен сізден оздым әке, мені бүкіл қазақ таниды» деген Абайға, «Е, Абай, сен менен оздым деуің үшін әуелі мен құсап өзің сияқты ұл тудырып ал» деген сөзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнегелі сөз емес пе? 

Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген біздің балалары­мыз­­дың кіндігін кім кеспей жүр, бұ­рын жерге ғана көмілетін сол кін­дік қайда қалмай жатыр? Басқа­сын айтпағанда ұлдарымыздың сүндет тойын, мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде, арақ-шарап араластырып, ысы­рап­­шыл­дықпен өткізуіміз қай ата­дан қал­ған дәстүрімізде бар еді? Өкініш­­­тісі, той өткізу бәсекеге ай­на­­­­лып, құдалық даңғазалыққа ұла­­­сып бара жатыр. Сол қыруар шы­­ғын­­ның үйленген жастардың ба­­қы­­ты­на емес, бақталастығына ай­­на­­лып, ақыры жақсылыққа апармай жат­­қан­дығын да көріп жүрміз. Бұған дәлел ретінде неке құрған жас отба­сы­­лардың арасындағы ажы­­ра­­су­­д­ың кейінгі жылдары аса қауіп­ті деңгейге жеткенін айтсақ та жеткілікті. 






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2020
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі