Материалдар / «Отбасы құндылықтары - көркем әдебиетте»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Отбасы құндылықтары - көркем әдебиетте»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоба да Қазақтың көркем әдебиетіндегі отбасы туралы жазылған және авторлардың шығармалары қазақ отбасындағы әлеуметтік және мәдени құбылыстарға деген көзқарастарының мәселесі қарастырылған. Бұл зерттеу жұмысында отбасылық өмірді бейнелеуге баса назар аудара отырып, авторлардың әрқайсысының шығармаларына талдау жүргізілген. Жалпы зерттеу жұмысының мақсаты: Әдебиет шығармаларындағы отбасы образдарын салыстырмалы талдауға арналған. Ал өзектілігі көркем әдебиетте шығармаларда отбасы туралы өз ойын жеткізу үшін қолданатын стилі мен көркемдік тәсілдеріне тоқталып, сондай-ақ шығармалардың оқырманның эмоционалды реакциясын қалыптастыруға қалай ықпал ететінін зерттеген. Жоба нәтижесі отбасы құрылымдары мен құндылықтарындағы зерттеу сұрақтарына жауап бере отырып, заманауи өзгерістер жағдайында, отбасы тұлғаны қалыптастырудың маңызды элементі ретінде бейнеленетін шығармалар туралы қысқаша түсініктеме береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2024
107
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аңдатпа

Бұл жоба да Қазақтың көркем әдебиетіндегі отбасы туралы жазылған және авторлардың шығармалары қазақ отбасындағы әлеуметтік және мәдени құбылыстарға деген көзқарастарының мәселесі қарастырылған. Бұл зерттеу жұмысында отбасылық өмірді бейнелеуге баса назар аудара отырып, авторлардың әрқайсысының шығармаларына талдау жүргізілген. Жалпы зерттеу жұмысының мақсаты: Әдебиет шығармаларындағы отбасы образдарын салыстырмалы талдауға арналған. Ал өзектілігі көркем әдебиетте шығармаларда отбасы туралы өз ойын жеткізу үшін қолданатын стилі мен көркемдік тәсілдеріне тоқталып,  сондай-ақ шығармалардың оқырманның эмоционалды реакциясын қалыптастыруға қалай ықпал ететінін зерттеген. Жоба нәтижесі отбасы құрылымдары мен құндылықтарындағы зерттеу сұрақтарына жауап бере отырып, заманауи өзгерістер жағдайында, отбасы тұлғаны қалыптастырудың маңызды элементі ретінде бейнеленетін шығармалар туралы қысқаша түсініктеме береді. 



Аннотация

В этом проекте также рассматривается проблема отношения авторов к социальным и культурным явлениям в казахской семье, написанная о семье в Казахской художественной литературе. В этой исследовательской работе был проведен анализ работ каждого из авторов с упором на изображение семейной жизни. Цель общей исследовательской работы: посвящена сравнительному анализу образов семьи в литературных произведениях. А актуальность заключалась в том, что художественная литература касалась стиля и художественных приемов, которые она использует в произведениях для передачи своих мыслей о семье, а также изучала, как произведения способствуют формированию эмоциональной реакции читателя. В результате проекта, отвечая на исследовательские вопросы о семейных структурах и ценностях, дается краткое объяснение произведений, в которых семья изображается как важный элемент формирования личности в условиях современных изменений.










МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Отбасы көркем әдебиетте

1.2 Отбасы ақындар өлеңінде

1.3 Ұлағатты сөздер

1.4 Мақал мәтелдер

1.5 Тиым сөздер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Әр халықтың әдебиеті – оның мәдениеті мен дүниетанымының айнасы. Әдебиетте қоғамның түрлі қырлары, оның ішінде отбасы тақырыбы ерекше орын алады. Отбасы – әр адамның қалыптасуындағы маңызды әлеуметтік институт, мәдениет пен ұлттық болмыстың бастау көзі. Сондықтан мен осы жобаны қазақтың көркем әдебиеттегі отбасы тақырыбында алып зерделедім. Зерделеу барысында менің байқағаным көркем әдебиеттегі отбасы тақырыбы ең маңызды және көп қырлы зерттеу салаларының бірі екен, өйткені отбасы адам өмірі мен мәдениетінің негізгі элементі болып табылатынын аңғардым. Ол жеке тұлғаны қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге қоғамда болып жатқан әлеуметтік және мәдени процестерді түсінуге негіз болатынын білдім. Бұл еңбекте қазақ жазушыларының отбасы туралы жазған шығармаларының мазмұнына көп көңіл бөлдім. Бұл зерттеу жұмысы қазақ әдебиетінде отбасы тақырыбының мән-мағынасын, оның түрлі аспектілерін және әртүрлі әдеби шығармаларда қалай бейнеленгенін талдауға бағытталған. Көркем шығармалардағы отбасы образы тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы құндылықтар мен әлеуметтік өзгерістердің айнасы болып табылады

Зерттеу жобамның өзектілігі Отбасының әлеуметтік-мәдени мекеме ретінде қазақ әдебиеттін де, әлеуметтанудың да басты назарында болып қала беруіне байланысты. Отбасы құрылымдары мен құндылықтарындағы заманауи өзгерістер жағдайында отбасы тұлғаны қалыптастырудың маңызды элементі ретінде бейнеленетін шығармалар туралы қысқаша жинақ жасап, түсініктеме беру. Шығармаларды, атап айтсам, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Абайдың Қара сөздері, Аймауытов Ж. Ақбілек романы, Мүсірепов Ғ. «Қазақ әйелі» жазушы ана, әйел тақырыбына жазған шығармасы, Бегалин С. «Бала Шоқан», Момышұлы Б «Ұшқан ұя», Соқпақбаев Б. «Менің атым Қожа», Айтматов Ш. «Боранды бекет», Әшімұлы А. « ... Жан бөлек», Қабанбаев М. «Арыстан мен велончель және қасапхана», Ахметова З «Шуақты күндер», Керқұла атты Кендебай, Қарттың ұлына өсиеті. Қазақ ертегілері атты шығармалардың көркем әдебиеттегі отбасылық тәжірибелер мен

отбасылық қарым-қатынастар туралы тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

 Зерттеу барысында мен көркем әдебиеттегі отбасылық аспектілерді қарастыруды жоспарладым. Яғни   отбасылық жағдайлар шығармаларда қалай көрініс тапқанын түсіндім. Бұл авторлардың шығармалары қазақ отбасындағы әлеуметтік және мәдени құбылыстарға деген көзқарастарын қалай қалыптастырғанын анықтауға мүмкіндік берді. Екіншіден, мен отбасылық өмірді бейнелеуге баса назар аудара отырып, авторлардың әрқайсысының шығармаларына талдау жүргіздім. Зерттеуімнің үшінші қыры Әдебиет шығармаларындағы отбасы образдарын салыстырмалы талдауға арналды.  Сондай-ақ бұл азаматтардың тұлғалық және шығармашылық ерекшеліктерінің қалыптасуына қалай әсер ететінін талдадым. 

Соңында көркем әдебиетте шығармаларда отбасы туралы өз ойын жеткізу үшін қолданатын стилі мен көркемдік тәсілдеріне тоқталдым. Сондай-ақ бұл шығармалардың оқырманның эмоционалды реакциясын қалыптастыруға қалай ықпал ететінін зерттедім.

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.

Қазақтың көркем әдебиетіндегі отбасы туралы жазылған шығармаларда отбасы мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты дейді. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді. Қиналарлық жағдайлар да бар. Тәртіп бұзу, бұзақы сөздер сөйлеу, жатып ішерлік – мұның бәрі адам тәрбиелеуге теріс әсерін тигізеді.

Олай болса біздің жазушыларымыз жазған көркем әдебиеттерге көз жүгіртіп көрейік. Оларды оқи отырып та отбасылық тәрбие жайлы көптеген мағлұмат аламыз.

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы: Әйелдер галереясынан: Зере, Ұлжан, Айғыз, Ділда, Тоғжан, Әйгерім, Салтанат, Керімбалалар, көненің көздері – Бөжей,Байсал, Құнанбай, Жақып, Абай тұстастарынан: Жиренше, Ербол, Базаралы, Абылғазы, Тәкежан, Оспан, Көкбайлар ас пен тойда, құдалық пен руаралық қақтығыста, жаулықта, жер мен жесір дауында, жан жадыратар жаз жайлаулары мен аязды, боранды қыс-қыстауларында, аңшылық-саятшылықтарында бірге болып, бірге тыныстады: күйінсе – күйінді, сүйінсе – сүйінді, ауыр-жеңілін бірге көтерісті. Ұлы жазушының бұл роман – эпопеясынан отбасы жайлы, ондағы адамдардың қарым – қатынасы жөнінде көптеген мағұлматтар алуға болады.

Абайдың оныншы сөзінде: Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?

Балам орнымды бассын деген не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді?

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

Абайдың қара сөздерінің күш – қуаты жаңашылдығында, тереңдігінде, оның сөздері – қазақ отбасылық мұраларына қосылған бағалы қазына.

Аймауытов Ж. Ақбілек романы жанр табиғаты мен талабына толық жауап берумен бірге кемел ой мен көркемдікке, нақышты тіл мен келісті суреттеулерге де толы. Оны, атап айтқанда, Алтай мен ауыл көріністері, Ертіс – Күршім сипаты, Марқакөлдің мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жан-жануарлар әлемі, алуан түсті адам портреттері мен этнографиялық деректер байыта, толықтыра түседі. Сайып келгенде, қазақ қызының өмір, тағдыр жолын баяндағанда да Ж.Аймауытұлының ескі ауыл, этнографиялық суреттерді, адамдар қарым-қатынасын ой мен сезім өрілімі арқылы риясыз жеткізер тіл байлығына, шеберлік иірімдерінің үлгі-өрнектеріне көз жеткіземіз.

Сондай-ақ, романдағы әлеуметтік-психологиялық иірімдерден, жекелеген кейіпкерлерді мүсіндеу мен олардың ішкі монологтарынан, ең негізгісі қазақ тұрмысы мен заман көріністерінен, уақыт сырынан реалист суреткердің қолтаңбасы айқын көрінеді. « Ақбілек» әлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр – талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. «Ақбілек» романынан отбасындағы адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады» деп қысқа да нақтылы түйін жасаймын.

Мүсірепов Ғ. Қазақ әйелі: Жазушы ана, әйел тақырыбына шығарма жазуды үзбей, бұдан кейін де жалғастыра берді. Бірақ бір кездегі өзінің ізіне қайта түсіп шиырлауға бармай, көркемдік ізденістің соны өлкесіне, тың өрісіне жол тартты. Яғни, өзінің шығармашылық басты мұраты: ана, әйел өмірінің жаңа қырларын, мінез-характерінің тың сипаттарын көрсетуге барды. Олардың бейнесін сомдауға жаңа көркемдік құрал, ғажайып бояулар таба білді. Бұған оның Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері толық дәлел.

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автордың сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасағаны мәлім.

Әрине романдағы басты кейіпкер – Ұлпан.

Әр заманда, әр халықта өмірдің айрықша құбылысы болып жарқ ете түсетін төтенше дарынды, жарқын тұлғалар болатыны аян. Ұлпан өткен ғасырдағы қазақ топырағында пайда болған сондай ғажайып құбылыс еді. Жазушы ел өміріндегі тарихи фактіні ала отырып, өзінің суреткерлік қарымымен халық дарынының, ақыл-ойының типтік көрінісіндей адам характерін үлкен зергерлікпен сомдап берді.

Романдағы Ұлпан – негізінен реалистік тұлға. Оның бүкіл бойынан сол дәуірдегі қазақ әйелінің ең жарқын, ең асыл қасиеттерін көру қиын емес.

Романда суреттелетін Ұлпан – сырлы мінез-құлқымен, кесек бітімімен берілген тұлғалы образ. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген.

Бегалин С. Бала Шоқан: Шыңғыс өзі оқып білім алған және келешек ғылым-білім өрісі орыс мектебінде екенін біле тұрса да, баласына шығыс әдебиеті мен тарихынан хабардар болсын деп, Әубәкір молданы әдейілеп Орынбордан көшіріп алып келгенді. Алдымен балаларын ана тілінде сауаттандырып және өзімен өмірлес шығыс елдерінің мәдениетімен де таныс ету ниеті болған.

:

  • Сондықтан да Шоқанға өзің білетін барлық оқуыңды үйрет. Бұларға енді жеті

жұрттың тілін білу керек,- дейтін. Бұл үзіндіден балаға деген ақылды әкенің ақ тілегі, қамқорлығы көрінеді.

Момышұлы Б. Ұшқан ұя: Әкемді жиырма сегіз жасында ауылдың старшыны сайлапты. Он жеті жыл старшын боп тұрып, он сегізінші жыл дегенде бұл дәрежесін өз ықтиярымен құрдасы Еркеш деген кісіге берген екен. Әкем жарықтық өмірінің ақырына дейін ел арасында «Тура Момыш» атанып кетті. Қанша жыл аз ауылдың кіші–гірім әкімі болса да бүйірі томпайып, мал біткен емес. Бар байлығы жалғыз аттан артпапты.

Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той – томалақ өткізуге құмар боп тұрар еді. Дүние, мал жиюды жек көретін. Бір жолы мен, ес біліп, етек жиған кезім, базар барып азын–аулақ ақшаны жаратып қойсам керек, өгей шешеміз мұныма күңкілдеп ұрса берді.

- Әлден ұрма, ақша бітсе шашып жүреді, тұра бара не болады?!

Әкем сонда өгей шешеме жай ғана:

- Е, ақша дегеннің өзі шашуға шығарылған нәрсе де,- деп тастады.

... Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кіші–гірім той сияқты жиын болатын. Қоржынның екі басы базарлыққа толып келеді. Сонда өрік– мейізге бір тойып қаламыз.

Әкем менің сондай кісі еді, жарықтық. Қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлы өзінің әкесі туралы осылай ой қозғап, сыр шертеді.

... Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастархан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда» - деп сыбырлады. Мен қатты қызырақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкум, аталар» деп әр сөзді қадап–қадап айттым. Бұған әрине бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан « әлейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам ! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді»- дейтін. Міне, әке тәрбиесі осы деп, батыр Бауыржан ата жиі есіне алатын.

-Аққұл атамның немере інісі Дембай ұлды болды.

Шын айтасыңдар ма, жұртым – ау? Әке болдым ба, шынымен? Ұл көрдім бе? Үмітім жанғаны ма, халқым – ау! Е, айналайын жаратқан ием, көз жасымды көрген екенсің ғой. Жарылқадың ба, шынымен! Тоба! Тоба! – деп ол әркімнің кеудесіне басын сүйеп тұрып алды.

Біздің ауылға да сүйінші сұрап, елбе–делбесі шығып, бір бала жүгіріп келді. Әр сөздің аяғын жұтып, ентігіп, әрең тұр. «Сү – сү –йінші! Сүйінші!» «Де-ем -б – ай кө- кө-ем. Ұлды болды»- деп әрең айтты. Бұл үзіндіден отбасында баланың дүниеге келуі ата–ананы, туған-туыстарды шаттандырып, зор қуаныш сезіміне бөлейтінін көреміз.

Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа: Қадыр – менің әкем. Еһ, шіркін дүние-ай десеңші. «Әке» деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. Қандай жақын, қандай ыстық. Балалар менің әкем өйтті, менің әкем бүйтті. Менің әкем ананы сатып әперетін болды, менің әкем мынаны сатып әперетін болды деп мақтаныш етіп жатады. Ал мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені, ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. (Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады...)

Еһ, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім. Кім біледі, жер-әлемді шулатып, сотқар Қожа атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де шығар.

Кімге де болса бір әке әбден керек. Тіпті селкілдеген шалдардың өздері кейде «жарықтық, әкем анандай еді, әкем мынандай еді» деп, еске алып, армандап отырмай ма? Шіркін, менің әкем тірі болса деп, бала Қожа еріксіз әкесін есіне алып, сағыныш сезіміне беріліп кетті. Отбасында әке орны бөлек, асқар тау екендігі осы мән-мәтінен түсінеміз. Міне, әкең осындай парасатты, ақылды жігіт еді – деп үнсіз қалды. Міне, бұл үзіндіден жақсы әке балаға өмірбойы азық деген қорытынды жасауға болады.

Айтматов Ш. Боранды бекет: Қазанғаптың әкесін кулак деп тап жауы ретінде жер аударып жіберген ғой. Сөйтсе, кулак тұрмақ бәлесі де жоқ, асыра сілтеу жаласы жалмаңдап тұрған шақта, тектен–текке жазықсыз айдалғаны анықталып, айдаудан туған еліне босанып қайтып келе жатқан жолда қайтыс болады. Ақтауын – ақтады-ау, бірақ кеш болып қалды да. Отбасы – бір туған бауыр, іні–қарындас, аға–апалары – жел ұшырған қаңбақтай тоз–тоз болып, құлақ естімес, көз көрмес жаққа жосылып, жоғалып кетті. Қазанғап онда жап–жас жігіт қой, ауылдың әпербақан белсенділері күнде жиналыс шақырып, Қазанғапты қыстайды–ай келіп: «Айт, мына халыққа, әкемді жат элемент ретінде дұрыс соттады деп айт.Осы бағытты қолдаймын деп айт. Мұндай әкеден бездім деп айт, менің әкем сияқты тап жаулары жер бетін басып жүрмесін, бәрін де жаппай жою керек деп айт. Айт, айт!»

Ондай дозақы масқараға белшесінен батпас үшін Қазанғап елден безіп, қиян–қиырдан бір–ақ шықты. Самарқант маңындағы Бетпақдалада аттай алты жыл жұмыс істеді.

Бұл үзінді әңгімеден Қазанғаптың қиын–қыстау кезеңдегі өз отбасына деген шынайы махаббатын көреміз.

Әшімұлы А. ... Жан бөлек: Менің отбасыма сөз жоқ көз тиді. Небәрі алты жылдың ішінде үш алтынымнан айырылдым. Бұл үлкен соққы еді, бірақ «жыланның үш кессе де кесірткедей қауқары бар» демекші, осы жылдар ішінде мың өліп, мың тірілсем де бәрібір жан бөлек екендігіне көзім жетті. Қайғы–қасіреттің құзар басына шығандап шығып кетсем де, сендердің рухтарың мені қара жерге қайта түсіреді. Ырымшыл, тәубәшіл халықпыз ғой, кеудеңде жан болған соң, әйтеуір, үміттің үлбіреген нәзік жібін үзіп алғың келмейді.

... Әсіресе жаратылысынан ақ жүрек, ақ көңіл Сағиым кей сөздеріме онша мән бермейтін, өзінше ойлайтын, өзінше ақылды шешім қабылдайтын. Доспен де, дұшпанмен де ортақ тіл тауып жүре беретін. Бауыры болған соң оңай ма, Мәди нашарлаған сайын Сағидың да жаны шүберекке түюлі еді. Күн–түн қасынан бір елі шықпай, кірпік қақпай күзетті. Мәдидің кететінін ойласа жаны шырқырайтын. Бірде: « ағаң анау кеткелі жатыр» дегенім бар, болмашы нәрсеге ренжіп. Сондағы Сағиымның «не айтып тұрсың, аға!» деп айғай салғанын қазір есіме алсам, жанымды қоярға жер таппай кетемін. Мен балаларымды іштей сүйген екенмін. Бар сезімімді лап еткізіп сыртқа шығара алмаппын. Бәлкім, жаратылыс, мінез солай болар. Бір шүкіршілік ететінім, олардың да сол мінезімді сезетіндей, түсінетіндей қабілеті жеткілікті екендігі. Бұл үзінді Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімұлының ұлдары туралы жан толғанысы.

Қабанбаев М. Арыстан мен виоланчель және қасапхана: Мамамның ойынша, тәрбие атаулы екі түрге бөлінбекші. Алғашқысына әңгіме айту, жақсы көру, бастан сипау құралыптас жағымдылары саналады; соңғысына керсінше зеку, нұқу, ақыл айту шамалас жағдайсыздары жатады. Мамам біріншісін көкем өзіне бейімдеп, жүйкені жұқарта-жұқарта қырқыншы жіптің жіңішкелігіне жеткізетін екінші жағын өзіне итере салғанына риза емес. Өз сөзімен айтсақ: «Көкең барып тұрған өзімшіл, эгоист!».

Мамама, көкеме бағышталған қара қазандай өкпем жуырмаңда жібімес. Шыңғысқан екеумізді татуластыру үшін соншама тыраштанып жатқандары несі? Құрығанда төбелес себебін сұраса етті.

Олар – ересектер тілесе болды, біз – балалар бір-бірімізге арнап қойнымызға қара тас сап тұрсақ та құшақтаса кетуге тиіспіз. Иә, солай, жаңа ғана үлкендердің жан тыныштығына бола Шыңғыс хан екеуіміз бір-бірімізді іштей жек көре тұра сырттай дос екенімізді жұртқа түсіндірмек болдық, сөйттік. Кімді алдадық сонда? Өзімізді ме? Шыңғыс хан бұдан былай кептерді көршілерге сата ма, Арыстанның жанын қинап шанаға жеге ме, жоқ па, тым болмаса ол туралы ләм-мим сөз қозғалсашы. «Татулас, көгершін ұрлап, ит жексе де, өкпе-бауырың езіле елжіреп ұрының, ұрғыштың мүбәрәк қолын құшырлана қысып татулас, татулас...

Жер шарындағы және көршілер арасындағы бейбітшілік жасасын! Ура-а!». Айтары да, істегендері де солай болды ғой.

Жанжал себебін білгілері келмесе, білмек түгіл жұмған ауыздарын ашпаса шынында да біз не, бағасы екі тиын жанбыз ба? Егер мен ойлаған оймен, бастан өткізген күйініш-сүйінішіммен санасқылары келмесе, онымен тынбай алдап-сулап татуластыруға тырысса, «өзіме тартса татуласа салады» деп кещеге (мақұлыққа) санаса расында да құным көк тиын екен. Бұл шығарма да отбасында кейде баланың көңіл-күйімен де санасуға болатынын айтады.

Ахметова З. Шуақты күндер: Осы естеліктен біраз үзінділер беруді жөн көрдім.

... Атамның қасында отырып шай құйып беруді күнделікті дағдылы тіршіліктің ешқайсысына теңемеймін. Бұл деген мен үшін өзгеше бір үлкен дәреже, ұсынған кесені қолымнан алып шай ішуі маған істеліп жатқан ерекше құрметтей сезінемін.

Атамның ақ жүрегінің мейірімді шуағына бөленіп, дауысын естіп, жүзін көріп отырғаным үшін тағдырыма мың мәрте рақмет айтатынмын.

... Қазіргі әңгіме жемісі ерлік туралы болып жатыр екен. Дастарқанды дыбыссыз жасап, шай құя отырып, сөзге құлақ түрдім.

- Ешкім батыр болып тумайды. Басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны секілді, өнегелі ата-ананың тәліміне сусындап – адалдық, еңбек сүйгіштік, бауырмашылдық рухта ер жеткен бала, мектеп, қоғам тәрбиесін де бойына жақсы сіңіреді.

Мен бауырмалдық дегенді бірнеше рет қайталадым. Оның кең мағынасы халықаралық достық - интернационализм. Батырлықтың бір негізі осы бауырмашылдықтан шығады. Ерлік аспаннан түспейді, ол Отанды сүюден туады. Ал Отанды сүю үй ішіңнен, от басынан өседі. Ата-ананы, апа-қарындасты, аға-ініні сыйлап құрметтеген халқының да қадіріне жетеді. Халқын қадірлеген сын-сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. өйткені ерлік бірлікте емес, елін сүйе білген адал жүректе...

Атам қашан да «Отан, Халық» дейтін ұлы ұғымдар жайлы ой қозғағанда «айту керек» болғандықтан емес, өзінің бар болмыс-жаратылысымен елін, жерін қалтқысыз сүйіп, қастерлегендіктен бүкпесіз ағытылатын. Сондықтан да... Отаны үшін отқа түскен... атамның өмірі халық өмірімен жіксіз бірігіп, халық тағдырымен тұтас өріліп кеткен.

... Қазір атам арамызда жоқ, бірақ «Артында баласы қалса көзі қалды де, сөзі қалса өзі қалды де» дегендей, атамның өзі де, сөзі де арамызда. Сондықтан болар әкеміз бар кездегідей үйімізден кісі үзілмейді. Ырым әлі жалғасып жатыр. Дастарханымыздан нан ауыз тиіп, Бақытжан мен Ержанды көруге келеді. Атам отырған көнетоз креслоға отырып, «Москва үшін шайқас» кітабы жазылған үлкен жазу үстелінің үстін алақандарымен сипайды. Атам ойған оюға сүйсінеді, атам салған суретке таңданады. Осының бәрі – халықтың атама деген аппақ пейілі, толастамас сүйіспеншілігі. Халық кез келгенге сенбейді, өзі қадірлеген, өзі қастерлеген қыран перзенттерін ғана ырым көреді. Атамның биіктігінің, даралығының тағы бір қыры - өзі қайтқан соң да адамдарға көңіл сыйлап, сенім тарту етіп жатқаны еді.

Үзінділерде ақылы мен адамгершілігі мол, батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апайдың естелігі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай шынайы, жан – жақты ашылады.

1.2 Отбасы ақындар өлеңінде

Тәй-тәй

Өлеңін жазған – Е.Елубаев

Әнін жазған – Ш.Жағыпаров


Сені қашан көрем деп,

Үйге асығып жетем.

Үлбір беттен өбем деп,

Ұшып-ұшып кетем.

Қайырмасы

Тәй-тәй,

Тәй-тәй,

Күле қойшы, бөпешім.

Тәй-тәй,

Тәй-тәй,

Жүре қойшы, бөпешім.


Қатарыңнан кем болма,

Ер жеткенде, бөпем.

Қанаттасым, сен барда,

Жетер көкке төбем.

Қ.Баянбаев


Ана туралы жыр

(Әні бар)

Мереке күніңмен

Қарсы алдым өзіңді.

Сәбилік үніммен

Арнаймын сөзімді.

Көргенше алаңмын,

Аңсаймын, толғанам;

Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған.

Бөбегің оянса,

Ұйқыңнан мың тұрдың.

Гүліңмен балауса

Көктемдей құлпырдың.

Аялап алақан,

Әлпештеп өсірген.

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген.

Сырымды ұғатын,

Өзіңсің қуатым.

Күнімсің шығатын,

Айымсың туатын.


1.3 Ұлағатты сөздер

1. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. / Абай/

2. Жақсы отбасы да жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы. /Ғ. Мұстафин./

3. Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі. / Жүсіп Баласағұн/

4. Үлкен алдында жас қарызы,

Ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый. / Мұхтар Әуезов/


5. Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің,

Ағайынның қадірін, жалалы болғанда білерсің. /Шал ақын./



1.4 Мақал мәтелдер

1. Ағадан – ақыл,

Атадан – нақыл.

2. Ер бала ата-анаға таяу,

Қыз бала үйге жаққан бояу.

3. Баланың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.

4. Әкесін сыйламаған кісіні,

Баласы сыйламайды.

5. Інісі бардың тынысы бар

Ағасы бардың жағасы бар.

6. Өз үйім - өлең төсегім.

7. Атасыз үй – батасыз,

Анасыз үй – панасыз.


1.5 Тиым сөздер

1. Анаңа ауыр сөз айтпа.

2. Кісіге қарап күлме.


3. Адамды айналып жүгірме.


4. Жатқан адамның үстінен аттама.


5. Адамға қарап керілме.


6. Адамға қарап есінеме.


7. Босағаны керме.

8. Бас киімді теппе.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, отбасы – көркем әдебиетте ерекше орын алатын, әлеуметтік және мәдени құндылықтардың тоғысында тұрған ұғым. Әдебиетте отбасы бейнесі қоғамның әртүрлі кезеңдеріндегі көзқарастар мен дәстүрлердің әсерімен әр алуан сипатқа ие болған. Классикалық әдебиетте отбасы бірлік пен ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін тұрақты құндылық ретінде көрініс тапса, қазіргі әдебиетте отбасының әлеуметтік мәселелерге ықпалы, өзгерістерге бейімділігі көбірек зерттелуде. Зерттеу нәтижесінде отбасы образының қазақ әдебиетіндегі жалпы және ерекше қырларын анықтадым. Қазақ әдебиетінде отбасы тақырыбы көбінесе ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр және рухани байланыс арқылы көрсетіледі екен және әр отбасының әлеуметтік және психологиялық қырлары жан-жақты бейнеленеді екен. Бұл зерде де жұмысында мен әдебиеттегі отбасы образының қоғамдағы маңыздылығын айқындап, оның қазіргі замандағы рөлін түсіндім.

Осылайша, отбасы тақырыбы көркем әдебиетте тек жеке кейіпкерлердің қарым-қатынасын ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы құндылықтардың қалыптасуы мен өзгеруін көрсететін маңызды әлеуметтік институт ретінде ерекше орын алады деп ойлаймын.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Абай. Қара сөздер. Поэмалар.- Алматы: Ел, 1992. – 272б.

2. Адалдық /Құраст. Н. Төреқұлов, Ө.Есназаров.- Алматы: Жазушы, 1964. – 68б.

Бұл жинаққа адалдық туралы шығармалар енгізіліп отыр. Олардың ішінде атақты жазушыларымыз М.Әуезовтың, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің шығармалары да бар.

Балаларды туған жерді, туған елді, Отанды сүюге баулу, адалдыққа үйрету – міне, кітаптың негізгі мақсаты осы.

3. Аймауытов Ж. Ақбілек: Роман. - Алматы: «Раритет», 2003. 240б.

4. Айтматов Ш. Боранды бекет: Роман.- Алматы: Жалын, 1986.- 304 б.

5. Асылбеков А. Бала тәрбесіндегі семьяның рөлі. – Алматы: Мектеп, 1966. – 18б.

6. Ахметова З. Шуақты күндер: Естелік, эссе. – Алматы: Жалын, 1987. – 264б.

Кітап Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қан майданда әйгілі командирлердің бірі болған, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өміріне арналған. Ақылы мен адамгершілігі мол, халықтың ер жүрек асыл перзентінің бейнесі келіні жазған бұл шығармада жан-жақты ашылды. Семьялық архивтен алынған суреттер де кітаптың мазмұнын толықтыра түседі.

7. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея.- Алматы: Жеті жарғы, 1997.-

8. Әшімұлы А. ... Жан бөлек.- Алматы: Санат, 2001.- 208 б.

9. Бегалин С. Бала Шоқан. – Алматы: ҚМКӘБ., 1964.- 116 б.

10. Берік болсын босаға: Деректі әңгімелер, очерктер, мақалалар / Құраст. Ж.Солтиева. – Алматы: Жалын, 1988. – 246 б.

11. Қабанбаев М. Арыстан, мен, виоланчель және қасапхана: Повесть, әңгімелер. – Алматы: «Жалын», 1977. – 200б.

12. Қазақ ертегілері (Қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері).- Алматы: «Балауса», 2001.- 262 б.

13. Құлжанов Б.Ж. Семьялық қарым-қатынастардың мәдениеті.- Алматы: Білім, 1986. – 38б.


Қосымша:

«Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа» Бұл үзіндіден жақсы әке балаға өмірбойы азық деген қорытынды жасадым.


Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы «Момышұлы Б. Ұшқан ұя»

Ұлы жазушының бұл роман – эпопеясынан Қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлы.

отбасы жайлы, ондағы адамдардың қарым- өзінің әкесі туралы ой қозғап, сыр шерткені.

қатынасы жөнінде көптеген мағұлматтарды туралы ақпарат жинадым.

оқып білдім.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!