
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған



Барлығы: 24 материал
Бұл жұмыста оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кезінде оқу-тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатының мәселелері қарастырылған. Бүгінгі таңда жаңа технологияларды оқыту жүйесінде пайдаланудың негізгі мақсаты – қазіргі заманғы талаптарға байланысты, ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес, оқушылар мен педагогтардың қоғамдық, тұрмыстық және кәсіби өмір салаларына толық және тиімді қатысуы. Мультимедиялық технологияны, қашықтықтан оқытуды, электронды оқулықтарды, интернет жүйесін және оқу орындарындағы компьютерлер желісін пайдалану ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құрады. Бұл жұмыста орта мектеп оқушыларының қызығушылығын және жаңа технологияларды
Алғашқы әскери дайындық
Авторлық бағдарлама
Басқа
Жұмыстың бірінші кезеңінде зерттеу қызметі жас ерекшеліктеріне байланысты бастауыш сыныптарда енді ғана қалыптаса бастайды. Сондықтан бастауыш сыныптардағы басты мақсат - білім беру іс-әрекетінің әр түрлі түрлерін, сонымен қатар білім беру ынтымақтастығының жолдарын қалыптастыруға ықпал ету.
Биология
Авторлық бағдарлама
8 сынып
Сапалы бiлiм, саналы тәрбие алған жастарымыз егемендi елiмiздiң ертеңiн баянды етiп, қоғамымыздың әлеуметтiк-экономикалық, рухани адамгершiлiк тұрғыда дамуына үлес қоса алады. Сондықтан бастауыш сыныптан берiлген бiлiм мен iс-әрекет тәсiлдерiн бағалау өлшемдерiн қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәрбие тағылымдарын игерiп қана қоймай, оны әрi қарай өзiнiң белседi, мақсатты iс-әрекетiмен сабақтастыру үшiн күнделiктi оқу үрдiсiнде бағдар алып отырғанда ғана нәтижеге қол жеткiзе алады.
Бастауыш сынып
Авторлық бағдарлама
3 сынып
Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып, қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек. Қазіргі кезде барлық бағытта эссе жазылып жүр.
Қазақ тілі
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар
Мәтінді құрастырып, тілді оқыту саласында бұл әдістемеліктің айрықша назар аударатын мәселесі – тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту болып табылады. Яғни жайы ғана оқушылырдың тек сөйлемді дұрыс құрастыру ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әр түрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндіктері ескерілген. Әдістемелікте оқушылардың қарым-қатынаста өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге сауатты, дұрыс жаза білуге ерекше мән берілген. Бұл дегеніміз сөйлеу әрекетінің ішінде жазбаша сөйлеу үдерісін (процесс) тез де сапалы игеруге үйретеді. Сондықтан әдістемеліктің басты мәселесі – жазбаша сөйлеу әрекеті арқылы сауаттылықты, тіл мәдениетін меңгерту және сол арқылы тілдік қатысымға жаттықтыру.
Қазақ тілі
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар
Мәтінді құрастырып, тілді оқыту саласында бұл әдістемеліктің айрықша назар аударатын мәселесі – тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту болып табылады. Яғни жайы ғана оқушылырдың тек сөйлемді дұрыс құрастыру ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әр түрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндіктері ескерілген. Әдістемелікте оқушылардың қарым-қатынаста өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге сауатты, дұрыс жаза білуге ерекше мән берілген. Бұл дегеніміз сөйлеу әрекетінің ішінде жазбаша сөйлеу үдерісін (процесс) тез де сапалы игеруге үйретеді. Сондықтан әдістемеліктің басты мәселесі – жазбаша сөйлеу әрекеті арқылы сауаттылықты, тіл мәдениетін меңгерту және сол арқылы тілдік қатысымға жаттықтыру.
Қазақ тілі
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар
Мәтінді құрастырып, тілді оқыту саласында бұл әдістемеліктің айрықша назар аударатын мәселесі – тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту болып табылады. Яғни жайы ғана оқушылырдың тек сөйлемді дұрыс құрастыру ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әр түрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндіктері ескерілген. Әдістемелікте оқушылардың қарым-қатынаста өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге сауатты, дұрыс жаза білуге ерекше мән берілген. Бұл дегеніміз сөйлеу әрекетінің ішінде жазбаша сөйлеу үдерісін (процесс) тез де сапалы игеруге үйретеді. Сондықтан әдістемеліктің басты мәселесі – жазбаша сөйлеу әрекеті арқылы сауаттылықты, тіл мәдениетін меңгерту және сол арқылы тілдік қатысымға жаттықтыру.
Қазақ тілі
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар
Бастауыш сыныптың логикалық математикасына арнап жазылған
«Қызықты математикалық есептер» авторлық бағдарламасының құрылысы мен мазмұны математика курсының негізгі болып табылады. Мұнда тек қажетті дайындық деңгейі жетістіктерін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар логикалық-математикалық дайындықты күшейтетін терең әрі жан-жақты математикалық білімді игеруді, математикалық нысандармен жұмыстағы нақты тәжірибені, дифференциалдық тәсіл мүмкіндіктерін, оқу қызметінің маңызды элементтерін дамытуға жол ашады. Жаттығулар жинағында сабақтарды белгісіне қарай бөлуге және оларды орындауға, салыстыруға, жүйелеуге, логикалық сөздерді түсінуге және оларды дұрыс қолдануға, талдауға, ұғымды анықтауға, арналған тапсырмалар берілген.
Математика
Авторлық бағдарлама
2 сынып
Бүгінгі таңда қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Бұл бағдарламаның үйрететіні қазақ тілін оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады.
Қазақ тілі
Авторлық бағдарлама
5 сынып
Көркем жазу оқушының мектепке келген күнімен, жазуымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр оқушыға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс.
Бастауыш сынып
Авторлық бағдарлама
1 сынып
Оқыту мен оқу ағарту саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады. Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту, мультимедия жүйесін қолдану т.б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкеледі.Тарих сабағында оқушылардың танымдық белсенділігі, танымдық әрекетті педагог дұрыс ұйымдастыру барысында қалыптасады.
Қазақстан тарихы
Авторлық бағдарлама
10 сынып
Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тұрғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, мәдени білім жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез-келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үрдісінің өзіндік ерекшеліктері болады. Қазақ халқына тән білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқушыға білім беруде, соның ішінде қазақ тілін оқытуда қолдану бүгінгі күннің басты міндеті болуы тиіс.
Бастауыш сынып
Авторлық бағдарлама
4 сынып
Жазу мен сөйлеуде қателiктерді азайту. Бастауыш cынып оқушылаpы үшiн тілдiк қателіктердi болдырмaу өте маңызды. Оқушылар дұрыс сөйлем құрастыру, сөздердi орынды қолдану, тыныс белгілерiн дұрыс қою дағдыларын меңгерген сайын жазу мен сөйлеу барысында қателіктері азаяды. Ойлау қабiлетін дамыту. Тілдiк сауаттылық тек тілдің құрылымын меңгерумен шектелмейді. Ол сонымен қатар оқушының ойлау қабiлетін, тілдiк логикасын дамытады. Тілдегi грамматикалық ережелердi дұрыс пайдалану оқушының жүйелi ойлауын, байланыс пен себеп-салдар ұғымдарын түсінуiн жақсартады. Оқу материалдарын жақсы меңгеру. Тiлдік сауаттылық оқу барысында мәтiнді дұрыс түсiну мен оған дұрыс жауап беру қабiлетін арттырады. Баланың мәтiнді оқу және түсіну деңгейі жоғары болса, оның білім деңгейі де өседі.
Бастауыш сынып
Авторлық бағдарлама
4 сынып
Дене тәрбиесі жеткіншек ұрпаққа нысаналы тәрбие берудің ежелден келе жатқан тарихи формаларының бірі болып табылады. Ал «Волейбол» ойыны адамның жан-жақты дамуына, физикалық және ақыл-ой қабілеттерін жетілдіруге, өмірде пайдалы дағдылар мен қабілеттердің қалыптасуына жақсы ықпал етеді. Сондықтан 11- сыныпқа арналған «волебол ойыны» атты әдістемелік құралы әзірленіп, ұсынылып отыр. Бұл әдістемелік құрал спорттық әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулықтарда қарастырылған мазмұнға сүйенеді. Әдістемелік құрал мазмұны 5-бөлімге топтастырылған
Дене шынықтыру
Авторлық бағдарлама
11 сынып
Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарады, оқушыныға жалпы адамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Ол өте құмарлы және назданбайды Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды
Дене шынықтыру
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар
Оқушы бiлiмiнiң тиянақтылығының ең басты шарты – математикалық логиканы ойланып меңгерiлуi болмақ. Егер жаңа сабақ мұғалiмнiң баяндауы арқылы түсiндiрiлсе, оқушының бәрi естiгенi арқылы ойлана ала ма? Әрине, оқушылардың бiр бөлiгi естуi бойынша-ақ ойланып, тиiстi қорытындылар жасайды, бiрақ бәрi де солай етедi дей қою қиын. Сондықтан – математика сабағында өзiндiк жұмыстың ең басты қажеттiлiгі – оқушыны ойға жетелеуiнде, ойланта отырып, өзiндiк қадам жасатуына байланысты. Оқушылардың өзiндiк қадамы, өзiндiк ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейдi.
Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бiтiредi, қиял бередi. ғылым-бiлiмдi меңгерудi мақсаттандырады, өзiнiң барар жерiн, жеңер қиындығын, шығар биiгiн айқын етедi. Оқушының бiлiм жүйелерiнiң меңгерудегi сан алуан қадамдары бiрiгiп, бiртұтас дүниеге айналады.
Бастауыш сынып
Авторлық бағдарлама
4 сынып
Бұл зерде жобамда жарнама психологиясына байланысты қазақ тілінде жарнаманың психологиялық әсері, жарнаманы қолдаудың мотивациялық аспектілері зерделенді. Жарнаманы оқушылардың қабылдаудағы психологиялық танымдық процестер рөлі де анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы.
Ұсынылған зерттеу жұмысым практикалық психологияның ерекше бір қолданбалы саласы ретінде ерекше рөл алатын құндылығымен дараланады.
Психология
Ғылыми жұмыстар
7 сынып
Бұл зерттеу жобамда Тұрар Рысқұлов ауданының топырағының қасиетін зертедім. Сондай ақ луговой ауылының ылғалды және сазбалшықты топырағын бақылау барысында топырақтың баяу жылитындығын және баяу суыйтындығын сонымен қатар топырақтың қызуына көп жылу қажет және жылу процесінің өзі де баяу жүретіндігін байқадым. Сондықтан оларды «салқын» топырақ деп атадым. Топырақтың түріне қарай олардың жылу қасиеті де әр түрлі болады екен. Қара топырақ сұр топыраққа қарағанда тез жылиды, Қиыршық құмды, құмдақ топырақтар тез қызады, олар «жылы» топыраққа жатады екен.
География
Ғылыми жұмыстар
7 сынып
Бұл жобаны зерделеуге түрткі болған жағдай, мен биолгия сабағында Түйе сүтімен қатар пробиотикалық тағамдарды тағам ретінде және жұқпалы ауруларды емдеуде кеңінен қолданылатынын естідім. Пробиотиктердің негіздері – сүт қышқылды түзгіштері болып табылатынын білетінмін. Зерделей келе түйе сүтіндегі және пробиотиктер-тірі микроорганизмдер, олар қажетті мөлшерде адамның денсаулығына пайдалы әсерін тигізетінін түсіндім.
Биология
Ғылыми жұмыстар
7 сынып
Жалпы осы зерде жоба жұмыста мозайка өнеріне және қағаздан жасалынатын жапсырмалау әдісіне кеңірек тоқталамын. Атап айтсам фигураларды қағаздан және матамен жапсырмалау жолдарын зерделедім. Яғни жапсырмалау жұмысын кез келген матадан, қағаздан немесе картоннан жасау жолдарын зерделеп үйрендім. Кәдімгі қолөнерге арналған нұсқа ретінде мата мен қағазға жапсырмалауды қолдану арқылы зерделеу жақсы идея болды. Бұл өте қарапайым және бастауыш оқушысы ретінде маған жетекшімнің аз ғана көмегі қажет болды. Қорыта келгенде бұл жобада – жапсырмалау мен мозайкаға толық тоқталамын. Жапсырмалау мен мозайка жасау арқылы, балалар заттарын әшекейлеу тәсілі жобада көрсетіледі. Киімдерге арналған жапсырмаларда әр түрлі жемістердің, жануарлардың, сандардың, ойыншықтар мен геометриялық пішіндердің бейнелерін пайдалануға ұсынылады.
Бастауыш сынып
Ғылыми жұмыстар
2 сынып
1
2