ЭССЕ ЖАЗУ ТЕОРИЯС

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ ЖАЗУ ТЕОРИЯС

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып, қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек. Қазіргі кезде барлық бағытта эссе жазылып жүр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ













УДК:






Жалпы білім беретін тарих пәні мұғалімдеріне арналған




Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралған.


Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі әдістемелік кеңесінің 2025 жылғы 3-қаңтардағы №1 хаттамасына сәйкес сараптау комиссиясының шешімімен «Ustaz tilegi» желілік басылымға ұсынылды.



Авторы: Абишева Ардақ Алмаханбетқызы – Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі





















































МАЗМҰНЫ

1Түсінік хат...............................................................................................1

2. Кіріспе...................................................................................................3

3.Эссе жазу теориясы ..............................................................................4

4. Эссе жазуды үйрету жолдары............................................................13

5. Эссе жазуда қолданатын әдіс-тәсілдер түрі.......................................19

6. Эссеге тақырып таңдау жолдары.......................................................20

7. Танымдық ойындар-білім кілті..........................................................34

8. Эссе жазуға арналған әңгімелер (үлгі), сюжетті шығармалар.........42

9. Глоссарий............................................................................................56

10. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................57





















Түсінік хат

Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып, қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек. Қазіргі кезде барлық бағытта эссе жазылып жүр.

Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту мен жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп септігін тигізеді.

    

Мақсаты:


-әртүрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі.Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке композитцияның еркін мазмұндалуына тән.

  

Міндеттері:


  • Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

  • Сұрақ бойынша өзінің түсінігін,ойын айту;

  • Оқырмандарды ақпараттандыру;

  • Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рахатқа бөлеу;

  • Іс-әрекетке түрткі болу;


Өзектілігі:

Оқушының жеке көзқарасы көрініс табады,фактілерді келтіре біледі, дәлелдей алады (аргументтер), терминдерді орынды қолдануды меңгереді, әртүрлі көзқарастарды мысалға алады, логикалық ойлауы қалыптасады.Салыстыру және қорытындылауға дағдыланады,сауаттылығы көрініс табады, қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасауға бейімделеді.



Күтілетін нәтиже

-оқушылардың жазған эсселерін жинақтап,кітапша шығарады;

-Абай, Мағжан, мұқағали оқуларына қатысады;

-аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысады;

-оқушылар ғылыми жоба жазады;










КІРІСПЕ

Эссе жазуда тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдардан тұрады.

Бұл кезеңдеөзі зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдемелердің реттілігі қажет.Кіріспе бойынша жұмыс жасалғанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін:,эсседе ой ауыспалы мағынада, екі ұшты емес, дәл беріледі.Эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет.Ойды бергенде ішкі логика сақталуы тиіс.Кейбір кезде кейбір идеялардан, тәптіштеп түсіндірулерден бас тартуға тура келеді, әсіресе, ондай ойлар бір рет айтылып кетсе,оны ары қарай айта берудің қажеті жоқ.

Мақсаты. Эссенің мақстаты– әр түрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі.

  • белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

  • сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

  • оқырмандарды ақпараттандыру;

  • мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

  • өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рахатқа бөлеу;

  • көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

  • іс-әрекетке түрткі болу.

Міндеті.

- эссе құрылымын анықтау;

- эссенің ерекшеліктері мен түрлеріне тоқталу;

- эссе белгілерін жіктеу;

- эссе жазудың мақсаты, шарттары мен алғышарты туралы мәлімет беру;

- эссе жазудағы қателерді тізімдеу;

- эссе жазудағы тиімді тілдік оралымдарды анықтау.





























ЭССЕ ЖАЗУ ТЕОРИЯСЫ

Эссе құрылымы

Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр.Қазіргі мектеп оқушысы-келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс.ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады.

Эссе дегеніміз(фр. тіл. essai-тәжірибе, лат.m.exagium-құрау) –философиялық,әдеби, тарихи,публицистикалық,әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе–еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі.Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Эссенің мақсаты - эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді қолдану.

Эссе жазу тәртібі әдетте үш қадамнан тұрады.

Кіріспе бөлім

Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім немесе кіріспе болады.

Жақсы жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан, ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу маңызды.Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

Негізгі бөлім

Эссенің ең көлемді бөлігі.  Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады.

Әдетте негізгі бөлім әрқайсысында үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Бұл өмірден алынған түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәлелдемелер және т.б. болуы мүмкін. Бір идеядан екінші идеяға ауысу үшін өту немесе ауысу сөздері мен фразалардың арқасында оқырманға  мәтін мазмұнын игеруге көмек болады. (мысалы, сонымен қатар, одан басқа, тағы да бір себебі болып табылатыны… және т.б.)

Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:

Пайымдау

Түсіндіру

Мысал

Қорытынды пікір

Тұжырым

Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады.Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».

Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болады.Алғашында оқушыларды эссе жазуға үйрету үшін еркін тақырыптан бастаған жөн деп санаймын. Эсседе ең бастысы тезистік пікір болуы керек. Егер тезистік пікір тақырыпқа сәйкес болмаса немесе жүйесіз құрылса, эссе ары қарай оқылмайды да, бағаланбайды да. Ал еркін тақырыпқа тезистік пікір жазу шығарма жазғаннан жеңіл. Алдымен эссенің тақырыбына ассоциация құрып, жалпы түсінік қалыптастыру керек. Тақырып туралы не білесің, не ойлайсың, осы туралы жазғанда тезистік пікір шығады. Келесі кезекте әрбір ұсынылған ақпаратқа дәлелдер мен мысалдар жазылуы тиіс. Бұл негізгі бөлімді құрайды. Қорытынды бөлім «эссемді қорытындылай келе», «сөзімнің соңында» деген сияқты түйіндеуге арналған сөздермен басталуы тиіс. Қорытынды бөлімде жаңа ойдың болмауы шарт. Соңғы бөлімде тек қана негізгі бөлімде қозғаған ойыңнан нәтиже шығару керек немесе ұсыныс білдіруге болады.

Эссенің ерекшелілігі қандай?

Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai –тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу- тақырыпты дәлелдеу, сұраққа жауап беру немесе тақырыпты ашу деген сөз.

Эссе қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану деген сөз. Эссе- бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан сілтеменің аз блғаны да жақсы

Ал, шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Шығарма – берілген белгілі бір тақырып бойынша жазылатын, міндетті құрылымнан тұратын, пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.Шығарманың мақсаты –жазылым тілін, логикалық ойлауды дамыту. Шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алу.Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармада жоспарды жазу міндетті.

Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Шығарма көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.

Сондықтан, егер эссе жазу керек болса, онда оны басқалардан ерекшелейтін, жанрлық сипатты ерекшеліктерін ескеруіңіз қажет.Дұрыс жазылатын эссе кәдімгі шығарма жазудан ерекшеленеді.

Көркем туындыны талдайтын шығарамаға қарағанда, эссе авторлық көзқарасты және оның осы мәселеге қатысты ұстанымын қамтиды.Сондай-ақ, эссені шығармадан ерекшелейтін ерекшеліктердің бірі – оның қарама-қайшылықты (парадокстылық) болуы. Яғни, жарқын бейнелер мен афоризмдерді және тосын пікірлерді қолдану арқылы оқырманды таңғалдырып, оған әсер ету.

Эссе жазу кезінде қысқа фразаларды ұзын сөз тіркестерімен кезектестіріп қолдану керек. Бұл жағдайда мәтін оңай оқылуға жеткілікті серпін болады.

Эсседе күрделі және түсініксіз сөздерді қолданбаңыз, әсіресе сөздің мағынасы шала таныс болса.

Мүмкіндігінше жалпы сөйлемдерді (фраза) аз қолданыңыз. Эссе автордың жеке басын көрсететін бірегей, жекеленген жұмыс болуы керек.

Әзілді өте мұқият қолданған жөн. Өйткені, сарказм және дөрекілік оқырманның ашуын келтіруі мүмкін.

Жеке тәжірибе, естеліктер мен әсерлерді көрсету – өз көзқарасыңды және оқырманның сенімін растаудың тамаша тәсілі.

Тақырыпты және негізгі идеяны ұстаныңыз, және одан ауытқымай, қажетсіз мәліметтерді сипаттаудан аулақ болу қажет.

Эссені толығымен аяқтағаннан кейін, баяндаманың барлық жерінде ойдың дұрыс жеткізілгеніне көз жеткізу үшін, оны қайтадан оқып шығыңыз.

Эссені деректер мен зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып жазу – сенімділік танытудың керемет мүмкіндігі.Эссе, жоғарыда айтқанымыздай, оқушының сыни ойлауына, өз ойын дәлелдеу мақсатында аргумент пен факті ұсынуына негізделеді. Мәселен, "М.Әуезовтің «Абай жолындағы» Құнанбайдың образы" деген тақырыпта эссе жазатын болсақ, оқушы Құнанбайдың образын қай жағынан қабылдап, тани алды, соны дәлелдеп жазуы тиіс. Мысалы, Құнанбайды қатыгез адам деп таныса, онда Қодар мен Қамқаның өлімін мысалға алып, жайылымды тартып алу үшін келіні мен атасын өлімге кескенін аргумент ретінде пайдалана отырып, Құнанбайдың мінезін сипаттауы қажет. "Мұхтар Әуезов Құнанбайдың бұл әрекетін баяндай отырып, ел билеуші Құнанбайды қолындағы билікті өз мүддесіне жұмсайтын әділетсіз сұлтан ретінде көрсетеді" дегендей ойлар жазса құба-құп. Ал шығарманы мұндай аргумент не тезис ұсынып қажеті жоқ. Мұнда әдеби дүниелерге барынша мән берген жөн. Мәселен, Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасы жайлы шығарма жазу керек болса, ақынның аталмыш поэманы жазудағы көркемдік шеберлігі, әдеби әдіс-тәсілдері талданады. Ақынның поэманы жазудағы ойы мен идеясын талқыласа болады. Метафора, эпитет, шендестіру, теңеу сынды әдеби троп түрлері мен көркемдеуіш құралдарды анықтап, мән-мағынасын ашып жазса жөн болмақ.

Эссенің ерекшеліктері, түрлері

1. Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік сипатта болуы мүмкін.

2. Эссе – ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Эссе мақсаты өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Мұғалім өзі істейтін мемлекеттік мекеме мен өз әрекетінің ерекшелігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу авторға өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйрену. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Мәселе бойынша авторлық позицияны қорытындылайтын, қорытынды, концепция және сөздікті қолдануымен өзі өткізген талдау жазылады. Тақырып ерекшелігіне қарай, эссе түрлері қомақты деңгейлік болу мүмкін. Кейбір кездерде оқитын тақырып бойынша мәліметтерді талдау болу мүмкін, бұқаралық ақпарат басылымдардан материалдардың талдауы және толық пікірлермен, мысалдарды іріктеу мен нақты талдау, мәселені суреттейтін және т.б. оқитын модельдерді қолданумен ұсынылған мәселені нақты талдау болып келеді. Эссе жазу– дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген түрі, бұл –сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эссе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жұмыстардағы сияқты ішкі логика болуы тиіс.

3. Эссе жанры еркін шығармашылықты болжалдайды. Оның жақсы ерекшелігі автор өз ойын өз еркінше кез келген тақырыпта жаза алады. Эссе – бұл қандай болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану, сол себептен эсседе басқа авторлармен (олардың пікірлерімен) пікірталас өрбиді. Басқа авторлардан цитат келтіруге болады, бірақ орынды және сирек қолданған жөн. Эссе – өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан дәйексөздер (цитата) аз болған да жақсы.

4. Эссенің алдында – автор тұлғасы. Оның ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы шығарма негізі болып келеді. Эссе жазуда қиындық туу мүмкін. Бұл тақырып, жазу стилін таңдау және кез келген мәселеге ерекше ой.

5. Эссе кез келген тақырыпқа: кәсіпорнының қаржылық-шаруашылық әрекетін талдаудан қоғам сатысына дейін бес абзац немесе жиырма бетке созылуы мүмкін. Бастысы, сіз жазып отырғаныңыз – «эссеге» жарайтын болғаны. Эссе француз тілінде «талпыну, тырысу» дегенді де білдіреді. Әдетте, эссе – өз көзқарасыңызды түсіндіру талпынысы, ал жақсы жазылған эссе үнемі ашық, түсінікті және ақпаратқа толы болады.

Эссе түрлері келесідей жіктеледі:

1. Сипаттамалық

2. Анықтамалық

3. Хабарламалық

4. Салыстырмалы немесе кереғар

5. Дәлелдеме

6. Аргументтік

7. Әдеби

1. Сипаттамалық эссе. Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның, жердің, заттың немесе дебаттың бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестеткізеді.

2. Анықтамалық эссе. Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер, терминдер және (анекдоттар қолдану) арқылы берілген терминнің мағынасын ашу.

3. Хабарлама эссе. Субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі хабарламалық эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді. Әңгімешінің ойын және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу - бұл эссенің басты мақсаты.

4. Салыстырмалы немесе кереғар эссе. Салыстырмалы немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді.

5. Дәлелдеме эссе. Дәлелдемелік эссенің мақсаты - айтылған оймен оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады.

6. Аргументтік эссе. Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.

7. Әдеби эссе. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.

Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдебисинтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашылық эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әр түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе өз ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдебисалыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол 6 туындыдағы кейіпкерлерді, оқиғаны салыстыра отырып, талдап жазады. Әдеби-шығармашылық эсседе көркем туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады. Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар. Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады.

Эссе белгілері

Эссе дұрыс жазу үшін оны басқа жанрлардан ерекшелейтін ерекшеліктерді ескеру қажет.

Эссенің негізгі белгілері:

Мәселені қамтитын және оқырманды ойлауға итермелейтін нақты тар тақырыптың болуы.

Автордың субъективті ұстанымы. Эссе автордың қалыптасқан проблемаға деген көзқарасының, дүниеге көзқарасының, сөйлеу мен ойлаудың болуымен ерекшеленеді.

Ауызша жазу стилі. Күрделі сөздер, ұзақ сөйлемдерден аулақ болу керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін стильді сақтау маңызды. Шығарманың мәтінін жаргонға толы стандартты емес мәтінге айналдырып, оны асыра алмау өте маңызды.Мәтінге қысқа, қарапайым және анық сөйлемдер, сөйлемдердегі әртүрлі интонацияны қолдану арқылы дұрыс эмоционалды түс беріледі.

Мәселенің егжей-тегжейлі талдауы. Өз көзқарасыңызды нақты материалға сүйену керек.

Салыстырмалы қысқарту. Бет шектеулері жоқ, бірақ эссе аз.

Тегін құрастыру. Эссе презентацияның сипатына ие, ол ешқандай нақты шеңберге сәйкес келмейді. Құрылыс мәселені әр түрлі жағынан қарастыруға тырысып, автор ұстанатын өзіндік логикаға бағынады.

Тұсаукесер қисыны.

Еркін шығармаға қарамастан, эссе автордың пікірін білдіретін тұжырымдардың ішкі бірлігі, дәйектілігі болуы керек.

Сонымен, очерк баяндаудың ерекше стилімен ерекшеленеді, оның мақсаты оқырманды ойлауға итермелеу. Автор өз көзқарасын талап етпейді, бірақ оқырманды оны ойланып, талқылауға шақырғандай.

Эссенің негізгі белгілерінің бірі - көлемінің шағындығы. Қандай да бір қатаң шек қойылмайды, әрине. Эссе көлемі компьютермен тергенде 7-10 беттей болуы керек. Гарвард бизнес мектебінде көбінесе екі-ақ бетке жазылады. Ресей университеттерінде 10 бетке дейін жаза беруге болады.

Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы.

Еркін композицияға құрылуы – эссенің маңызды ерекшелігі. Зерттеушілердің айтуына қарағанда жақсы эссені тақырыпты жақсы білетін, оны әр қырынан көре алатын, оқушысына түрлі идеялар ұсынып, оның ойлануына түрткі жасай алатын адам ғана жаза алатын көрінеді.

Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа идея тудырып отыруы абзал.

Бұл жанр оғаштығының бірі болуы ықтимал. Себебі, еркін композицияға құрылған, автордың субъективті көзқарасына құрылған эссе ішкі мағыналық бірлікті талап етеді. Ол дегеніміз негізгі тезистер мен дәлелдемелер, фактілер мен ассоциациясының үйлесімділігі барлығы ішкі бірлікте болуы тиіс.

Эсседе қалыптасқан шаблондарды, сөздерді қысқартуды, жеңіл-желпі ой қорытуларды қолданудан аулақ болған жөн. Эссе тілі байсалдылықты талап етеді. Сонымен: эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады.

Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы міндет – оқырман назарын бірден аудару.

Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін белгілі бір қысқа тақырыптың болуы.

Субъективті авторлық ұстаным. Эссені ерекшелейтін нәрсе – онда қандай да бір мәселеге тоқталған автордың көзқарасы, оның әлемге деген қатынасы, сөйлеуі мен ойы болады.

Сөйлеу стилінде жазылады. Эсседе күрделі тұжырымдар мен тым ұзақ сөйлемдер болмауы керек. Оқырманмен байланыс орнату үшін еркін стильді ұстану маңызды. Сонымен қатар, эссені іші сленгке толған сапасыз мәтінге айналдырып, артық кетудің қажеті жоқ. Мәтінге – әртүрлі интонация қолданылған қысқа, қарапайым және түсінікті сөйлемдер жақсы эмоционалдық өң береді.

Мәселеге толық талданым жасау. Жеке көзқарасты нақты деректерге сүйене отырып көрсетіп, дәлел келтіру керек.

Салыстырмалы түрде қысқа болғаны жөн. Қанша бет болатынына қатысты ешқандай шектеулер жоқ, бірақ эссе шағындығымен ерекшеленеді.

Құрылысы еркін болады. Эссе – қандай да бір нақты шеңбердің аясында жазылмайды. Мәтіннің құрылысы мәселеге әртүрлі жағынан қарауға тырысатын автордың логикасына бағынады.

Көзқарасты жеткізу логикасы. Еркін құрылысқа қарамастан, эсседе ішкі тұтастық, пікірін білдіретін авторлық мәлімдемелердің дәйектілігі болуы керек.

Осылайша, эссе баяндаудың ерекше стилімен ерекшеленеді, оның мақсаты оқырманның ойлануына түрткі болу. Эсседе автор өзінің көзқарасына көндірмейді, ол өз ойы арқылы оқырманды ойландырып, мәселені талқылауға шақырады. Нақты тақырып немесе сұрақтың болуы: анықтамасы бойыынша эссе жанрында орындалмайтын кең көлемдегі мәселелерді талдауға арналған шығарма;эссе тақырыбы әрқашан нақты, кейбір зерттеушілер айтуы бойынша оның жекелей сипаттамасы бар.

Мәселені қабылдау мен оны пайымдаудың жекеше сипаттамасы: эссе - субъективті жанр, ол автордың жеке басын, ұстанымынын бірбеткейлігін көруге мүмкіндік беруімен қызықты, бағалы.

Кішкене көлем: қандай да бір қатқыл шекара әрине жоқ, алайда жақсы эссе үшін сөз орамын ойландыруга жетелейтін сыйымды шығарма үшін бір парақта жетіп жатыр.

Еркін композиция: эссе өзінің табиғатында былайша құрастырылған: ешқандай жасанды қалыпқа шыдамайды, логика заңына сирек құралады, еркін ассоциацияға бағынады, «Бәрі керісінше!» қағидасын басшылыққа алады.

Баяндаудың еркіндігі: түсінікті болу үшін қиын түсініксіз артық "қатал" құрастырулардан олар әдейі қашқақтайды, эссе авторына оқырманмен қарым-қатынастың сенімді стилін белгілеу маңызды; зерттеушілер жақсы эссені мәтінді еркін меңгерген, оны әр қырынан көре білетін және болып жатқан заттараға көп аспекті көзқарасты оқырманға ұсынатын адам ғана жаза алатынын атап айтады.

Парадоксалды: эссе оқырманды көруге бейімделген - бұл, көптеген зерттеушілер пікірлері бойынша, оның міндетті түрдегі сапасы; эссе автвордың оқу, кинофильмді көруі, досымен сөйлесуі кезіндегі таңданудан туады; эсседегі ойлануға тиек болатын нәрсе афористикалық, ашық айтылған немесе парадоксалдық анықтама, бір қарағанда даусыз, бір-бірін толықтыратын шешімдер, сипаттаулар, тезистер.

Ішкі мағыналы бірегейлік бұл жанр түрінің парадокстерінің бірі, композиция жағынан бос, субъективтілікке бейімделген, эссе ішкі мағыналы бірігуі бар, яғни шешуші тезистер мен бекітулердің келісімділігімен.

Ашықтығы: автор жарты ойда және өз пікірін аяғына дейін әдейі айтпайды,ол толықтай, аяқталған талдауға үміт артпайтын жағдайда эссе аяқталмай қалады.

ЭССЕ ЖАЗУДЫ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

Эссе жазудың мақсаты, шарттары мен алғышарты

Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді.

Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек. Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи – библиографиялық проза жанры.

Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма.

Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.

Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашылық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.

Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал.

Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.

Ең алдымен, өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.

Эссе жазудың алғышарттары:

1. Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?» сұрақтарға жауап беру керек.

2. Эссе жазудағы мақсатты айқындау. Ол:

Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

Оқырмандарды ақпараттандыру;

Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;

Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

Іс-әрекетке түрткі болу.

Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады.

Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықтауға тырысу керек.

Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.

Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай отырып,өзіңізге де эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.

Сіздің ойларыңыз, сезімдеріңіз, көзқарастарыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді,ал кейбіреулері дәлел және фактілерсіз болады. Сондай-ақ,тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын авторлық позицияның негізінде автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл – кітапхана, интернет ресурстары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет, олар сұрақ түрінде де болуы мүмкін.Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.

Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: фактілерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материал-дарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.

Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтас-тықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады.Тезистері мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?

Жүйелі ақпарат,идеяларды нақтылайтын фактілер болып, автор оларды қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің хабарламасымен қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе – тезистерді ойды мағыналы баяндауға айналдыру қажет.

Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім.

Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертп т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. Егерде эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады.

Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әр түрлі айқындау құралдары қолданылады.

Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды. Эссенің қорытынды бөлімі негізгі бөлімнің көлемімен бірдей болу керек.

Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.

Автор неден бастап жазса да өз еркінде. Мүмкін кіріспе бөлімнен бастап, жайлап қорытындыға қарай

Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыс-тылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыс-тығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойын-ша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баян-даудың жатықтығына,ойдың логикалық сабақтас-тығына, байланысына назар аудару керек.

Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы, тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.

Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану барысында мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.

Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңа оқырманның көзқарасыимен қарауға тырысу, ең соңында адамдардың пікірін білу.

Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармаукерек.



ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптарды жіктеп көрсетейік:
Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр.);
• Юмор, сарказм;
• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Эссе жазудағы қателер

Ең жиі кездесетін қателерді біле жүрген дұрыс. Себебі, олар эссені өзің жазған кезде сол қателерді жібермеуге көмектеседі.

1-қателік: Түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмау секілді жеке қорқыныштардың кесірінен автор эсседегі барлық көрнекті ойларды алып тастап жатады. Осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.Бұл жерде автордың жеке позициясы көрінбейді.
2-қателік: Мәліметтердің жеткіліксіз дамуы. Көп кездесетін қателік – автор өз тұжырымдамасында мысалдар мен дәлелдерді жеткілікті мөлшерде көрсетпейді. Теоретикалық негіздемесі жоқ.

3-қателік: Эсседе көрсетілген мәселенің мәнін түсінбеу немесе тақырыпты дұрыс түсіндірмеу.Проблема ашылмайды.
4-қателік. Авторды көрсетпестен өзгелердің пікірін қолдану және эссе жазған адамның өзінің жеке көзқарасының болмауы.

5-қателік. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану.

6-қателік.Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп.

7-қателік. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер.
8-қателік. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
9-қателік. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
10-қателік. Логиканың болмауы.

Жалпы, эссе жанрының артықшылығы қатаң шектеулердің болмауында. Шығармашылықтың толық еркіндігі, өз пікіріңді білдіру және ойыңмен бөлісу мүмкіндігі, мәселені қалыпсыз шешу – бұл керемет идеяларды шығаратын шығармашылық адамдарға осы жанрды тартымды ететін эссеге тән ерекшеліктер болып табылады. Эссе жазудағы қателер деп мыналарды айтуға болады:

- тексеру жұмысын дұрыс жүргізбеу;

- емле қателерін тексерумен шектеліп қалу ;

- екіұшты ойлар, сәтсіз алынған фразалардың жоқтығына көз жеткізбеу.

- кіріспе сөздің тым ұзақтығы. Детальдардың жетіспей тұруы. Мысалы, негізсіз деректерді келтіре беру;

- көпсөзділік.

Эссе белгілі сөз көлемімен шектелгендіктен, ойыңды сол көлемге сыйдыра білу керек. Кейбір кезде кейбір идеялардан, тәптіштеп түсіндірулерден бас тартуға тура келеді, әсіресе, ондай ойлар бір рет айтылып кетсе, оны әрі қарай айта берудің қажеті шамалы.

Ұзақ фразалардан гөрі қысқа сөйлемдер көп болғаны жөн. Кейде ұзақ фразалар мен қысқа сөйлемдердің ауысып келіп отырғаны да ұтымды шығуы мүмкін. Эссені қайта-қайта оқыңыз. Сосын оқуға ыңғайлы абзацтарға бөліңіз.

Энциклопедия, кітаптардан алынған дұрыс қолданылып тұрмаған фразалар, мәліметтермен сықитып қойсаңыз эссенің көркемдігі, нанымдылығы азаяды.

Эссе жаза отырып та, адам өзінің әрекетіне есеп беріп, алдына жоспар құрады. Сондықтан, оны рефлексия түрінде қарауға болады.Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).

Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады.

Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте ұстаған жөн.



ЭССЕ ЖАЗУДА ҚОЛДАНАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Эссенің тілі көркем, айшықты ғана емес, сонымен қатар дәлелді, сенімді, тұжырымды, тыңдарманды ойландыра алатын болуы керек.

Эсседе қолданылатын тілдік орамдар:

Риторикалық сұрақ (жауап қажет емес сұрақ).

Мысалы:

Риторикалық сұрау – сұрақ түрінде белгілі бір фразаға жинақталған межелі ұсыныстар түйіні. Онда ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсе леппен, сұрау түрінде айтылады. Риторикалық сұрақ тыңдарманның ойына қозғау салу үшін, олардың назарын бір мәселеге аудару үшін қолданылады. Мысалы:

Тәуелсіздік алған жылдар белесінде жеткен биігіміз қайсы?

Бүгінгі ұрпақтың бабалар мұрасына, аталар аманатына адалдығын анықтайтын ісі қайсы?

Мемлекеттік мәртебе алған тіліміздің мерейі қандай?

Мәселелі сұрақ

Мәселелі сұрақ өмір, қоғам, заман, саясат, тұрмыс төңірегінде көңілді алаңдатып жүрген мәселелерге көзқарас тұрғысында қойылады. Мысалы:

Мемлекеттік тіліміздің бүгінгі таңдағы қолданысы көңілден шыға ма?

Шәкірттеріңіздің сөйлеу тіліне көңіліңіз тола ма?

Компьютер кітаптың орнын баса ала ма?

Дәйексөзді (цитата) қолдану

Эссе жазу барысында кез келген цитаталар орынды бола бермейді. Ол автордың ойын толықтай айтатындай болуы керек. Автордың ұстанымын дәлме-дәл бейнелейтін кішірек фрагментті қолдану орынды.

Эссенің кез келген оқырманға «ПОПС формуласы» әдісіі бойынша – «Менің ... туралы айтқым келеді...», «Мен мынандай қорытындыға келдім...» деген тілдік қолданыстардың болуы.

Эссе - дайын оқырманға, яғни не туралы айтылатынын түсінетін адамға бағытталған реплика. Бұл - эссенің авторына жаңаны ашуға және мазмұндаманы қызметтік детальдармен араластырмауға мүмкіндік береді.

Этикалық нормаларды сақтау: дөрекі, балағат сөздерді қолданбау, этикалық сыпайылылықты сақтау;

Эсседе көтерілген мәселе төңірегінде беделді пікірлерге берілетін сілтемелер.

Эсседе автор өз ойын дәлелді жеткізу барысында ғалымдарды, қоғам қайраткерлерінің, т.б. белгілі азаматтардың пікірлеріне сүйенеді, олардан эссе көтерген мәселеге немесе эссе тақырыбына қатысы бар мәтін үзіндісін, көзқарасын айқындайтын дәлелдерлерді пайдаланады. Олар туралы мәліметтер атап көрсетіледі.

Осы бағытта ғалым З.Ш.Ерназарова эссе жазуда келесі қағидаларды есте сақтау керектігін көрсетеді:

1.Эссе жазуды меңгеру барысында өзінің білім қорыңды дамытасың, өзің білетін ақпараттарға жаңа көзқараспен қарайсың.

2. Эссе жазу сатыларын меңгере отырып, ойды жүйелеуді, ақпараттарды салыстыруды,талдауды, негізгі мәселені дұрыс анықтай білуді үйренесің, ойды қорытып, тұжырым жасай білетін боласың.

3. Эссе жазу сені тәртіп пен еңбекке тәрбиелейді, ойлануға, ақпараттарды саралай білуге, өз еңбегінің жемісін көріп, оны бағалауға, шығармашылық шабыт күйін кешіп, рақаттана білуге үйретеді.









ЭССЕГЕ ТАҚЫРЫП ТАҢДАУ ЖОЛДАРЫ

Эссеге тақырып таңдау

Тақырыптар дайын түрде оқулықта немесе мұғалім тарапынан ұсынылады. Ал еген тақырыпты өзің ойлап тапқың келсе, оның қайшылықты мәселеге, адам қажеттілігіне құрылуын қадағалануы тиіс. Қажеттілік түрлері адамның бәріне ортақ ұғым-түсініктерге қарай анықталады. А.Маслоу адам қажетттілігінің келесідей түрлерін көрсеткен:

  • Өз мүмкіндігін іске асыру;

  • Өзі туралы баға;

  • Сүйіспеншілік пен өзінің қажет екендігін сезіну;

  • Қауіпсіздікті сезіну;

  • Физиологиялық қажеттілік.

Сондықтан тақырыпты ұсынуда, таңдауда оның негізінде адамға тән осы қажеттіліктердің жатуы маңызды. Егер сіз олардың ішінен біреуін таңдай алатын тақырыптар тізімі болмаса, бірақ жалпы бағыт берілген болса, эссе қай аудиторияға арналғанын қарастыруыңыз керек. Опциялар әртүрлі болуы мүмкін: университеттегі оқытушы, комиссия, әдеби бірлестік, жұмыс беруші. Егер мұғалімге эссе жазылса, онда қандай қасиеттер бағаланатынын ескеру керек. Осыған сүйене отырып, тақырып инспектордың автордан күткен қабілеттерін көрсете алатындай етіп таңдалуы керек: ерекше, сөйлемдерді логикалық түрде құра білу, сауаттылық, кәсіби қасиеттер және т.б. Мысалы: бір ұлы тұлғаны алатын болсақ, «Мұқағали және оның жағын адамдарымен қарым-қатынасы» деген жалпы тақырып бойынша «Мұқағали өз жақындарынан нені күтті » , «Мұқағали жақын адамдарының арасында жүріп, неге өзін жалғыз сезінді?» деген тақырып-сұрақтар адамды ойлануға жетелейді. Өйткені тақырыпта қайшылық, қарама-қарсылық бар. Сонымен қатар жалпы адамзатқа тән сүйіспеншілікті қажет ету, өзінің керек екенін білу қажеттілігі туралы ой да беріліп тұр. Адам осы қарама-қарсылықты түсіндіруге , түсінуге тырысады. Сондықтан тақырып таңдауда жаттанды, жаңаша қарауға, жаңаша ойлауға тырыс. Бұл жерде жоғарыда айтылған қажеттілік түрлерін басшылыққа алуыңа болады деп көрсетеді.

Ұсынылған тізімнен эссе жазу тақырыбын таңдағанда, белгілі бір білімі, пікірі бар немесе қызығушылығы бар тақырыпты таңдау керек.Егер эссе жұмыс берушіге бағытталған болса, онда шығарманың тақырыбы да, мазмұны да автордың мінезін, оның шынайылығы, өзіндік ерекшелігі, адамгершілігі мен жеке басын бейнелегені жөн.

Әдетте, шешендік қабілеті мен өз ойларын қағазға жеткізе білетін адам шығарманы, оның ішінде эссе жазуды бастауға қиналады. Бастау туралы ойлау ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, бұл шығармашылық жұмыс процесін айтарлықтай көлденеңдетеді. Эссе жазу туралы кеңестерді пайдаланыңыз.

Эссе жазу үдерісін бірнеше кезеңге бөлуге болады: проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру – түзеу.

Эссе жазуда практикалық қадамдар:

1 - қадам. Контексті анықтаңыз.

Егерсізге эссе берілсе, ондакейбірөлшеуіштеранықталады: бұлэссеніңкөлемі, біріншіпарағыныңүлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлімбасшылары). Қандайталаптарқойылса да, олардысақтаукерек. Еңбастысы – эссеніңнегізгіойы.Эссе жазуды бастамас бұрын идеяны тұжырымдап, мақсатын анықтап, жұмыс үшін ақпарат көздерін табу керек.

2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз.

Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет.

3 - қадам. Ақпаратты жинаңыз.

Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.

4 - қадам. Эссені жоспарлаңыз.

Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.Бұл орайда, тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз. Мысалы: 1.Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2.Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер.

5 - қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.

Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.

6 - қадам. Қорытынды жазыңыз.

Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?Жалпы таралған нұсқалардың бірі - сұрақтан басталып, кейінірек жауап берілетін эссе жазу.

7 - қадам. Кіріспені жазыңыз.

Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.Кіріспе бөлікке назар аудармағаныңыз жөн. Кіріспе негізгі бөлік жазылғаннан кейін де жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда эссе не туралы екендігі белгілі болды, сондықтан кіріспе жазу оңайырақ.

8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.

Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз. Оның мәні - ақылға келген барлық ойларды түзетусіз және грамматикаға, тыныс белгілеріне, стилдерге және т.б. сәйкес келтірмей жазу. Шығармашылық дағдарысты жеңуге және ерекше идеяны табуға көмектесетін тамаша әдіс.

9 - қадам. Қателерді тексеріңіз.

Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.Еркін жұмыс техникасын қолданыңыз (еркін жазу).

Эссені бағалау тәртібі

Тақырыпты түсінуі бойынша:

  • Тақырыпқа қатысты түсініктерді анық және толық қарастыра алады.

  • Тақырыпқа сай түсініктерді орынды қолдана алады.

  • Ойын нақты жеткізе біледі.

  • Тезисті тақырыпқа сәйкес бере алады.

  • Жалпы мазмұндау формасының тақырыпқа сәйкестігі.

Эссенің жазылу құрылымдарының сақталынуы бойынша:

  • Бөлімдерді талапқа сай құра алады. Әр бөлімге қатысты негізгі түсініктерді орнымен қолдана алады.

  • Тақырыпты ашу, мәселені шешу жолдарын жан-жақты ойластырып, ұстанымын дәлелді қорғай алады.

  • Мәселеге байланысты өзіндік пікірін, көзқарасын, аргументтерді сауатты жеткізе алады.

  • Әр бөлімде логикалық реттілік пен бірізділікті сақтай біледі.

  • Эссені қорытындылау тұжырымы мен ой түйінін талапқа сай қорытындылай алады.



Мәтін логикасы мен ой толғау сауаттылығы бойынша:

  • Ой жүйелілігі мен нақтылығын сақтай алады.

  • Дәлелдерді нанымды бере алады.

  • Тезис аргументтерінің дәлдігі қадағаланады.

  • Әртүрлі көзқарасты салыстырып, өзіндік ой тұжырымын ұсына алады.

  • Тақырыпқа сәйкес жазу стилін (баяндау, дәлелдеу, сипаттау, өзіндік ой толғау ерекшеліктерін) ұтымды таңдай біледі.

Жұмыстың орындалу сауаттылығы бойынша:

  • Орфографиялық және пунктуациялық талаптарға, стилистикалық нормаларға сәйкестігі.

  • Сөздік қоры мен көркемдегіш құралдарды қолдана алу.

  • Лексикалық, грамматикалық нормаларды сақтай алу.

  • Сөз санының дәлдігі, сөз бен ойдың қайталанбауы.

  • Ойдың логикалық бірізділігін сақтау үшін сөз оралымдарын (қыстырма сөз, шылау), терминдерді сауатты қолдана білу.



Сыни ойлау, ой тұжырымдау шеберлігі бойынша:

  • Тақырыпқа қатысты сыни талдау жасай білу.

  • Салыстырып, ой жинақтап, сыни сараптама жасай білу.

  • Сыни пікірін нақты тұжырымдай білу.

  • Өзіндік көзқарасы мен пікірін негіздей білу.

  • Ойын қорытып, шешім, ұсыныс, түйінді тұжырым ретінде ұсына алу.

«Өте жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

1. Өзіндік, соны пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).

2. Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау (бұл жерде дәлелдердің санын нақты түрде көрсетуге болады).

3. Өз тезистеріне қарсы дәлелдерді келтіру және соларды жоққа шығару.

4. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу.

5. Ұқыпты және қатесіз жазылу.

6. Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.

«Жақсыға» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

1. Өзіндік пікірлер келтіру (мұғалімнің лекциясын немесе оқулықты қайталамай).

2. Тезистерді нанымды дәлелдермен растау (мұнда дәлелдер «өте жақсыға» жазылған жұмыстан аздау болуы мүмкін).

3. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралу.

4. Ұқыпты және қатесіз (немесе Х қатеден аспау) жазылу.

5. Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.

«Қанағаттанарлыққа» бағалану үшін эссе келесідей талаптарға сай болуы керек:

1. Нақты тезистерден тұруы.

2. Тезистердің тұжырымдармен дәлелденуі.

3. Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімнен құралуы.

4. Таза және белгіленген қате санынан аспай жазылуы.

5. Көлемі ХХ дейін сөздер (немесе ХХ дейін белгілерден, немесе Х бетке дейін) болуы.

Төмендегідей болса, эссе «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады:

1. Тезистік тұжырымдары жоқ.

2. Өз пікірін растайтын дәлелдер келтірілмеген.

3. Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер нақты айқындалмаған .

4. Ұқыпсыз жазылған, грамматикалық және орфографиялық қателері бар.

5. Көлемі белгіленген сөздер немесе белгілерден (беттерден) кем болуы.



























ГЛОССАРИЙ

эссе – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін мәтін. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге мынадай анықтама берілен: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған әдеби шығарма».

жанр - өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды.

шығарма – берілген тақырып бойынша өзіндік ойды білдіретін мәтін, шығарма міндетті құрылымдық элементтері бар (кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды) еркін композицияға құрылады.

абзац/ мәтіннің абзацқа жіктелуі – мәтіннің негізгі композициялық бірліктерінің бірі, ол мәтінді бөледі және мағыналық тиянақтылықты білдіреді (мысалы, кіріспе, қорытынды).

Аргументті эссе – эберілген тақырып мәселесі талданатын көлемі шағын мәтін, эссе мәтіні еркін құрылымда болады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), авторпозициясын білдіру үшін аргументтер мен фактілер келтіріледі.

(эссені) бағалау критерийі – оқушылардың мақсатқа жету нәтижесі шын мәнінде қандай болатындығын көрсететін белгі (сипаттама), эссені бағалау кезінде эссе тақырыбын ашу, дәлелдеу, анықтық т.б. критерийлер басшылыққа алынады.

(эссе) мазмұны – эссе тақырыбында берілген мәселені авторлық көру/ шешу көрінетін сөз, сөйлем түрінде берілген мәтіннің мағынасы .

(эссе) пішіні – сөз, сөйлем және абзац түрінде эссе мәтінінің тілдік ұйымдастырылуы. (эссе) құрылымы/ (эссе) композициясы – мәтін компоненттерінің орналасуы мен қатынасы, яғни мазмұны мен жанрына сәйкес эссенің жазу.

(эссенің) байланыстылығы – мәтіндегі сөйлемдер мен абзацтардың бір-бірімен байланысы, лексика-грамматикалық, морфологиялық- синтаксистік құралдарды (сөз таптарын есімдікпен алмастыру, шылаулар мен демеуліктерді пайдалану, етістік формаларының жақтық-шақтық үйлесімі пайдалана отырып, олардың орналасу және тізбектелу тәртібі.

(эссенің) логикалығы – мәтіннің логикалық түрде түзілуіне жататын эссе мәтінің қасиеті, мысалы, эссенің кіріспеден қорытындыға дейін жүйелілігін сақтауы.

(эссе) тақырыбы – эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетін атау.

кілт сөз - сөздің (сөйлемнің) негізгі мағыналық өзегі болып табылатын сөз немесе сөз тіркесі.

(эссе) мәселесі – өте күрделі, жан-жақты талдауды қажет ететін мәселе.

(эссенің) карта-схемасы – мәтін түзудегі нақты параметрлерді, яғни аргумент арқылы сипаттау, тезис құрау, жазылатын эссе тақырыбын жоспарлау сияқты параметрлерді қамтитын эссе құрылымының визуалды сипаты

Қорыта келгенде, эссе жазу оқушыға талқылау мәтінін құрастыруды қалыптастырып,өз ойын байланыстырып жазуға мүмкіндік ашылады. Ой қорытындысын жасап,пікір білдіру әдеби нормадан ауытқымай, ойды сөзбен байланыстыру, сөзді орынды қолдануға септігін тигізеді. Эссе жазу арқылы жазу тілінің мәдениеті қалыптасады.

Абай тілімен айтқанда, «ойдың жүйрік тағысын қиуадан шауып, қисынын келтіріп қайыратын» шөз шеберін көрсету.

Адам өз ойын шебер жеткізе білу-өте күрделі құбылыс. Эссе жазу барысында ой ықшамдылығы, тақырыптық, ұтымдылық пен сөз қисынын тауып қолдану аса қажет.





























































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий.-Санкт-Петербург: «КАРО», 2002.-368С

2 Иманбекова Б. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс.-Алматы, 2003.-136 б.

  1. http://melimde.com/astana-alasini-bilim-basarmasi-edistemelik-kabinet.html

  2. https://stan.kz/esseni-kalay-zhazadi-barlik-erezheler-311643/

  3. Ерназарова З.Ш. Эссе түрлері оқу құралы.-Алматы, 2018

  4. https://nauchniestati.ru/blog/kak-napisat-esse/

  5. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. Гл.15 «Понятие статики и динамики у Н.Кондратьева и Й.Шумпетера»

  6. Шумпетер Й. Теория экономического развития. Гл.2, Кондратьев Н.Д. Основные проблемы экономической статики и динамики. Гл.9.

  7. . Методические рекомендации по написанию эссе. Государственный Университет Высшая Школа

  8. Экономики Санкт—Петербургский филиал. — СПб., 2005.

  9. http://www.library.novouralsk.ru/recommends—esse.html

  10. «Эссе жазу әдістемесі» Ғаламтор материалдары

  11. Иманбекова Б. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс.-Алматы, 2003.-136 б.

  12. https://infourok.ru/aza-tili-sabainda-oynalatin-oyindar-zhinai-1507110.html

  13. https://ust.kz/word/esse_jazydyng_tiimdi_tasilderi__kyrs_jospary-78684.html

  14. Ұлан Еркінбай «Эссені неден бастау керек?»









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2025
237
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі