жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ
АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
Луговой ауылы

«Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты қалыптастыру жолдары»
Әдістемелік
Авторлары: Сарманқұл Арайлым Нурдәулетқызы
Кайназарова Ақбөпе Рахымжанқызы
УДК: 452-Ө
Жалпы білім беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ
Мазмұны
- Кіріспе
-
Математика сабағында оқушылардың математикалық сауттылығын
қалыптастыру жолдары.....
-
Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнiнен өзiндiк жұмысты
ұйымдастырудың әдiстемелiк негiздерi....
-Математика сабағында өзiндiк жұмысты ұйымдастыру
әдiстерi мен оқушылардың бiлiмiн арттырудың
жолдары.....
-Математика сабағындағы өзiндiк жұмыстың
тәрбиелiк мәнi
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кiрiспе
Оқушы бiлiмiнiң тиянақтылығының ең басты шарты – математикалық логиканы ойланып меңгерiлуi болмақ. Егер жаңа сабақ мұғалiмнiң баяндауы арқылы түсiндiрiлсе, оқушының бәрi естiгенi арқылы ойлана ала ма? Әрине, оқушылардың бiр бөлiгi естуi бойынша-ақ ойланып, тиiстi қорытындылар жасайды, бiрақ бәрi де солай етедi дей қою қиын. Сондықтан – математика сабағында өзiндiк жұмыстың ең басты қажеттiлiгі – оқушыны ойға жетелеуiнде, ойланта отырып, өзiндiк қадам жасатуына байланысты. Оқушылардың өзiндiк қадамы, өзiндiк ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейдi.
Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бiтiредi, қиял бередi. ғылым-бiлiмдi меңгерудi мақсаттандырады, өзiнiң барар жерiн, жеңер қиындығын, шығар биiгiн айқын етедi. Оқушының бiлiм жүйелерiнiң меңгерудегi сан алуан қадамдары бiрiгiп, бiртұтас дүниеге айналады.
Сапалы бiлiм, саналы тәрбие алған жастарымыз егемендi елiмiздiң ертеңiн баянды етiп, қоғамымыздың әлеуметтiк-экономикалық, рухани адамгершiлiк тұрғыда дамуына үлес қоса алады. Сондықтан бастауыш сыныптан берiлген бiлiм мен iс-әрекет тәсiлдерiн бағалау өлшемдерiн қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәрбие тағылымдарын игерiп қана қоймай, оны әрi қарай өзiнiң белседi, мақсатты iс-әрекетiмен сабақтастыру үшiн күнделiктi оқу үрдiсiнде бағдар алып отырғанда ғана нәтижеге қол жеткiзе алады.
Бүгiнгi таңда елiмiздiң әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне енуге бағытталған талпыныстары бiлiм беру мазмұнын жаңарту, оқу үрдiсiн жетiлдiру, әсiресе шәкiрттiң өзiндiк жұмысын, дербестiгi мен iзденiмпаздылығын дамытатын оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерi мен түрлерiн iздестiруге аса мән берiп отыр.
Әдістемелік мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнiнде өзiндiк жұмыстарын ұйымдастырудың әдiстемесiн жасау.
мiндеттерi:
-
Бастауыш мектептерде оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйыдастырудың нақты әдiстемесiн жасау.
-
Бастауыш сынып оқушыларының жұмысын ұйымдастыру әдiстемесiнiң тиiмдiлiгiн тәжiрибе жүзiнде тексеру.
Жаңалығы , өзектілігі, педагогикалық мақсатқа лайықтылығы:
Бұл әдістемеліктің жаңалығы мен өзектілігі оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру әр түрлi әдiстер арқылы iске асырылады, мысалы: жаттығу, кiтаппен жұмыс iстеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргiзу.
Әрбiр оқыту әдiсi оқушылардың өзiндiк жұмысын қамтиды, оқыту әдiсiнiң мiндетi-оқушылардың дербестiгiн арттыру, өздiгiнен жұмыс iстей бiлуге баулиды.
Математика сабағында оқушылардың математикалық сауттылығын қалыптастыру жолдары
Бiлiм мазмұнын жаңартудың ғылыми негiзiнде бастауыш сынып оқушысын белгiлi бiр қажеттi бiлiктер мен дағдылардың иесi, оқу әркетiнiң субъектiсi, әр түрлi мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетiн автор және жас ерекшелiгiне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетiн бала деп қарастыратын, осыған орай, көп қырлы бiлiм тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетiн қазiргi заманға дамыта отырып оқыту идеясы алынады.
Жаңартылған бiлiм мазмұны оқушының шығармашылық қабiлетiн дамытуға, iскерлiгiн өздiгiнен iздену бiлiктерiн қалыптастырып жетiлдiруге қажеттi әрекет түрлерiн меңгеруiне мүмкiндiк беретiндей компоненттi құрамда құрылған.
Соңғы жылдары дидактика төңiрегiндегi оқушылардың танымдық белсендiлiк әркетiн және оқыту үрдiсiнде өзiндiк жұмыстарды жан-жақты арттыру мәселесi қолға алынды.
Озат мұғалiмдердiң пiкiрiнше: сабақ үстiнде оқушылар мүмкiндiгiнше оқушылар өздiгiнен жұмыс жүргiзiп, мұғалiм бұл жұмыстың үстiнен басқарып, оны орындауға тапсырманы алдын-ала даярлап отыру керек.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде көкейтестi мәселелердiң бiрi-оқыту үрдiсiнде оқушылардың өздiгiнен жұмыс жүргiзу әрекеттерiн жетiлдiру болып отыр. Осы әрекеттер ұйымдастырудың әдiстерi қандай, оқушыларды бiлiммен қаруландырудағы атқаратын рөлi, оқушылардың өзiндiк жұмысында бiлiк пен дағдыны қалай қалыптастыру, танымдық және шығармашылық қабiлетiн дамытуға қалай жетекшiлiк ету керек деген ой пiкiрлер көптеген мұғалiмдердi қызықтырады.
Балалардың оқу-әрекетi-күрделi, жан-жақты үрдiс, ал балалардың барлық әрекетiн, рухани күштерiн керек етедi. Балалардың танымдық әрекетi, оның қажеттерi мен қызығулары сезiм мен ерiк сияқты, т.б. психологиялық үрдiстерiмен байланысты iске асырылып отырады. Оқушылардың өздiгiнен жасайтын түрлi оқу жұмыстары балалардың белсендiлiгiн арттырады және оқу мен ойлау әрекетiнiң тиiмдi амал-тәсiлдерiн қалыптастырады, басқаша айтқанда, оқу материалымен белсендi түрде жұмыс iстеуге үйретедi.
Өзiндiк жұмыс-балалардың шығармашылық әрекетi мен ынтасын дамытуда зор әсер бiлдiредi, бiлiм, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда, көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаның сапалық қасиеттерiн жетiлдiруге зор мүмкiндiк бередi.
Психо-педагогика ғылымында, өздiгiнен бiлiм алу, оқушылардың ақыл-ойының дамуының жоғарғы көрсеткiшi деп қарастырылады.
Сонымен, оқушылардың өзiндiк жұмысы деген не?
Бұл туралы педагогтардың, психологтардың, әдiскерлердiң көптеген еңбектерi бар. Ғылыми еңбектерде өзiндiк жұмыс мәселесi жайлы бiржақты пiкiр жоқ. Кейбiр ғалымдар оны оқыту әдiсiнiң бiрi деп есептейдi. Менiң ойымша, өзiндiк жұмыс ұғымына П.И.Пидкасистыйдың берген анықтамасы оның мән-мағынасын толық ашады. Ол былайша пiкiр айтты: Ең қолайлы және практикада тексерiлген сабақтың тиiмдiлiгiн, сабақ үстiнде оқушылардың белсендiлiгiн арттырудың бiрден-бiр жолы оқу жұмысында өзiндiк жұмысты тиiстi ұйымдастыру болып табылады. Сабақ үстiнде оқушылар өз мүмкiндiктерiнше өздiгiнен еңбектену қажет, ал мұғалiм оқушылардың өздiгiнен жұмыс iстеу барысын жетекшiлiкке алып, оны орындауға тапсырма беру қажет.
Оқу үрдiсiнде өзiндiк жұмыс деп, мұғалiмнiң ұйымдастыруымен оқуышлардың белсендiлiк әрекетiн, белгiлi уақыт iшiнде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған; бiлiмдi iзде, оны ұғыну, бекiту, бiлiк және дағдыны қалыптастыру және дамыту, бiлiмдi жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз. Дидактикалық құбылыс сияқты өзiндiк жұмыс та өз алдына оқу тапсырмасы, яғни оқушылардың орындауы қажет жұмыс, екiншiден тиiстi әрекет түрi: ес, ойлау, шығармашылық қиялы оқушылардың оқу тапсырмасын орындауда бұрын белгiсiз болған мүлде жаңа бiлiммен қаруландырып, әрекет өрiсiнде алған бiлiмдерiн толықтыруды және кеңейтудi көрсетедi. Демек өзiндiк жұмыс, ол оқытудың мынадай құралы: әр нақтылы жағдайларда бiлiмдi меңгеру, нақтылы дидактикалық мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес келуi;
Оқушылардың психологиялық өздiгiнен бiлiм жүйесiн толықтыруға, iскерлiктерiн ғылыми және қоғамдық жаңалықтар төңiрегiнде жаңа танымдық мiндеттердi шешуге төселдiруге бейiмдеу; педагогикалық жетекшiлiктiң басты құралы және оқу үрдiсiнде оқушылардың танымдық iзденiмпаздылығы әрекетiн басқарушы болып табылады.
Оқушылардың өзiндiк жұмысының маңызын толығырақ түсiну үшiн, оның атқаратын негiзi мен мiндеттерiн атап өткен жөн болар.
1.Оқушылардың дербестiк қабiлетiн мейлiнше арттыру
2. Олардың алған бiлiмiнiң саналылығы мен берiктiгiн қамтамасыз ету.
-
Оқушыларда оқуға қажет бiлiктер мен дағдылар қалыптастыру.
4. Таным, ақыл-ой қабiлетiн дамыту т.б
Мектепке алты жасар балалардың келуiне байланысты сабақтың түрi, оқыту әдiстерi өзiндiк жұмыстың мазмұнына өзгерiстер енгiздi. Жалпы бастауыш сыныпта аралас сабақтар өткiзiлетiн болса, қазiр сабақтың дәстүрден тыс түрлерi көбiрек пайдаланылады. Мысалы: ойын сабақ, ертегi-сабақ, бақылау, саяхат сабақтары. Оқытушының түсiндiру, сұрақ-жауап әдiстерi қосылып алты жасарлардың психологиялық жас ерекшелiктерiн ескерiп өзiндiк жұмыстың мазмұны, қойылатын талаптар өзгерiп отыр. Зерттеу жұмыстарының нәтижесi бойынша жетi жасар балалардың математика пәнiндегi өзiндiк жұмысына – 8 минут уақыт берiлсе, ал алты жасарларға – 1,2 минутқа кемiту керек. Өз бетiмен жұмысын оқытушының басшылығымен iстелетiн жұмыстар жиi ауысып тұру керек. Әшекейленген суреттер, ойнау т.б. тапсырма өзгерiп тұру керек. Оқушылардың жұмыс iстеу қабiлетiн сабақтың соңына дейiн сақтау үшiн сергiту сәттерiн орынды өткiзу керек.
Математика сабағында өзiндiк жұмысты ұйымдастыру әдiстерi мен оқушылардың бiлiмiн арттырудың жолдары.
Өзiндiк жұмыстың өз алдына оқыту принципi бола алмайтынының тағы бiр себебi оның өзi басқа принциптерге тәуелдi. Сондықтан олардың өзiндiк жұмысы оқу әрекетiнiң бiр түрi ғана.
Адамның қандай да болмасын әрекетi белгiлi қажеттерден тұрады. Осы қажеттердi өтеу үшiн ғана адам белсендi әрекет жасауға тиiс. Оқушылардың таным әрекетi бiлiм алу қажетiмен ұштасып жатады. Осыған орай олардың дербестiгi ең алдымен белсендiлiкке байланысты, ал белсендiлiк дербестiктi қажет етедi. Оқушылардың өздiгiнен iстейтiн әрекетi оның белсендiлiгiн арттырады.
Оқушылардың өзiндiк жұмысына мұғалiмнiң тапсырмасы бойынша олардың өздерi жоспар жасап, iстiң тәсiлiн анықтап, оның нәтижесiн бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзiндiк жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркiмен жаңа амал-тәсiлдер қолданып жасайтын творчестволық жұмыстарын жатқызамыз.
Оқушылардың өзiндiк жұмыстарының түрлерi сан алуан. Оларды топтастыру өте күрделi мәселе. Сондықтан оқушылардың өзiндiк жұмыстарын топтастыру үшiн бiрнеше шарттар мен белгiлерді ескеруiмiз керек.
Оқытудың мақсат-мiндеттерiне және пәннiң мазмұнына, ғылым мен оқыту әдiстерiнiң ерекшелiктерiне, оқушылардың дербестiгi мен жалпы даму дәрежесiне, оқыту процесiндегi алатын орнына, оқушылардың мiндеттi түрде немесе өз еркiмен iстейтiн жұмысына т.б. белгiлерiне қарай өзiндiк жұмыстарын бiрнеше топқа бөлуге болады.
Оның жиi кездесетiн бiр тобы-сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлерi.
а) жаңа бiлiмдi меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалiмнiң ауызша баяндауының жоспарын, конспектiсiн жасау т.б. тәсiлдерге үйрету)
ә) жаңа бiлiмдi бекiту (түрлi жаттығулар, есеп шығару т.б. (түрлi жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар)).
Оқушылардың өзiндiк жұмысы бiлiк пен дағды қалыптастырудың тиiмдi жолы болғандықтан, В.А.Сухомлинский оқушылар оқуға қажеттi бiлiм дағдылар жүйесiн меңгеру қажет дейдi. Оның пiкiрiнше, мектепте он жыл жемiстi оқу үшiн оқушы мiндеттi түрде мынадай бiлiктер мен дағдыларға ие болуы тиiс:
-
Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай бiлу;
-
Ойлай бiлу: нәрселердi салыстыру, қарама-қарсы қою, түсiнiксiз нәрсеге жауап iздеу, талқылау;
-
Оқушының көргенiн, байқағанын, iстегенiн, ойын тұжырымдап айта бiлуi;
-
Оқыған материалдың мағынасына қарай логикалық бөлiктерiн айыра бiлу, олардың өзара байланыстарын ажырата бiлу;
-
Өзiне керектi кiтапты таба бiлу;
-
Өзiне керек мәселеге тиiстi материалды кiтаптан таба бiлу;
-
Оқу үстiнде текстке алғашқы логикалық талдау жасай бiлу;
-
Мұғалiмдi тыңдай бiлу және оның әңгiмесiн қысқаша жазып алу;
-
Мұғалiмнiң текстпен қалай жұмыс iстеу туралы берген нұсқауларын ескере бiлу;
-
Көрген-бiлгендерi туралы шығарма жаза бiлу.
Оқушыларда осындай шеберлiктер мен дағдылар жүйесi болмаса, онда ойдағыдай оқи алмайды деп ескертедi В.А.Сухомлинский. Ол үшiн өзiндiк жұмысқа мынадай талаптар қойылады:
-
Тапсырма әрбiр оқушының бiлiм деңгейiне байланысты таңдалуы керек;
-
Өзiндiк жұмысты орындауға жеткiлiктi уақыт берiлу керек (8-15 минут ұзақ болмайды);
-
Өзiндiк жұмысты мiндеттi түрде тексеру керек;
-
Өзiндiк жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, бiлiмiн тексеруге) таңдалады;
-
Өзiндiк жұмыстың мақсаты, орындау әдiсi оқушыларға түсiнiктi болу керек;
6. Өз бетiмен жұмысқа оқушылар бiлiм деңгейiне байланысты әр түрлi уақыт жұмсайтындығын ескерiп, тақтаға немесе карточкаға қосымша дайындап әкелу керек;
7. Ескертпе, түсiндiрме карточкалар, перфокарталар дайындау керек;
Қазiргi заман талабы бастауыш мектептен, тiптi бастауыш сыныптан бастап балалардың оқудағы дербестiгiн арттыруды керек етедi. Осыған орай, олардың өз жұмысының барысын өзi дұрыс бағалай бiлуге үйретудiң тәрбиелiк маңызы бар.
Оқушылардың өздiгiнен жұмыс iстей бiлу әрекетi бiрден қалыптаспайды. Ол өте күрделi процес болғандықтан жай, қарапайым сатыдан жоғары, күрделi сатыға қарай дамиды. Оның қалыптасуына алдымен сыртқы факторлар әсер етедi. Оқытудың маңызы мен мiндеттерi, оның әдiстерi, мұғалiмнiң талаптары т.б. Содан бiрте-бiрте оқушының белсендi таным әрекетiне байланысты өздiгiнен жұмыс iстеуi оның қажеттiлiгiне айналады.
Оқушы ең алдымен мұғалiмнiң берген үлгiсiне қарай елiктеу негiзiнде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндай жағдайда жұмыстың мазмұнын, жасау әдiстерiнiң бәрiн мұғалiмнiң өзi айтып бередi, ал оқушы тек орындаушы ретiнде жұмыс iстейдi.
Ал егер мұғалiм оқушыға бәрiн өзi айтпай, бұрын алған бiлiмдерiн қолдануға лайықты жаңа жағдайлар туғызатын бола, ол кезде оқушы өздiгiнен iзденiп, жаңа мiндеттердi шешуге тырысады. Бұндай жағдайда оның дербестiгi, өздiгiнен iстейтiн әрекетi арта түседi.
Бұдан шығатын методикалық қорытынды: мұғалiм оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастыруда алдымен оларды өздiгiнен жұмыс iстеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейiн мұғалiмнiң көмегiмен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздiгiнен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.
Мұғалiм мен оқушының арасындағы қызметiне қарай оқушылардың өзiндiк жұмысының негiздерiн мынадан көруге болады.
Мұғалiмнiң басқару функциясы:
Тапсырманы анықтап беру, әрекеттiң мотивтерi:
Жұмысты орындау туралы методикалық нұсқаулар:
-
Жұмыс барысында бақылау жүргiзу.
-
Оқушылар әрекетiне, оның жеке амал-тәсiлдерiне түзетулер жасау.
-
Жұмысты тексеру, оның н„тижесiн талдау, бағалау.
Оқушылардың өзiн-өзi басқаруы:
-
Жұмыстың нақты мақсат-мiндеттерiн аңғару. Жұмыстың мәнi мен пайдасын ұғыну, оған қызығу.
-
Жұмысты орындаудың жоспарын жасау. Өзiн-өзi бақылау. Өз жұмысының қателерiн табу, оны түзету.
-
Өзiн-өзi тексеру, өзiн-өзi бағалау.
Өзiндiк жұмысты ұйымдастырғанда, мұғалiм оқушылардың дара ерекшелiктерiн ескерiп, соған қарай беретiн тапсырмаларды өзгертiп отырғаны жөн және орындалған жұмыстың қорытындысына ғана баға қоймай, сонымен қатар оқушы қалай жоспарлады, қандай тәсiлдер қолданып орындады, өзi қалай тексерiп отырды, осының бәрiн ескерiп, бағалағаны жөн.
Сонымен, оқушылардың өзiндiк жұмыстарының сапасын арттыру мақсатына жету үшiн, мұғалiм жоғарыда баяндалған оқу әрекетiнiң психологиялық ерекшелiктерiн бiлiп, соған сәйкес өзiнiң методикалық шеберлiгiн жетiлдiрiп отыру қажет. Осы тұрғыдан алғанда, оқушылардың өзiндiк әрекетiн ұйымдастыру үшiн, мұғалiм мынадай үш жағдайды ескерген жөн.
-
Оқушылардың өзiндiк жұмыстарының мазмұнын анықтау.
-
Өзiндiк жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау, қолданылатын амал-тәсiлдердi белгiлеу;
-
Оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға дұрыс бағыт берi көмектесу.
Профессор Р.Г.Ломбергтiң пiкiрiнше, оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға:
а) оқушылардың iстейтiн жұмысының мақсатын айқын түсiнуi;
ә) жұмыстың жемiстi аяқталуына, оның алдағы нәтижесiне қызығуы;
б) жұмысты оқушылардың өз еркiмен, қалауымен орындауы.
Қорыта келгенде, өзiндiк жұмысты ұйымдастыруға қойлатын талаптар мыналар:
-
Жұмыстың көлемiн шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңiл аудару.
-
Оқушылардың өзiндiк жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерiмен дұрыс ұштастыра бiлу.
-
Оқушылардың дербестiгiн арттырып, өзiндiк бiлiм алу қабiлетiн жүйелi түрде дамыту. Өзiндiк жұмыстың мазмұнына күнделiктi өмiрден алынған материалды, хабарларды енгiзу.
Бiздiң негiзгi мақсатымыз – баланың жеке қасиеттерiн ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабiлетiн қалыптастыру ж„не ой-өрiсiн дамыту арқылы олардың шығармашылық қабiлеттерiн дамытуда өзiндiк жұмыс түрлерiнiң маңызын ашу.
Оқу-тәрбие процесiнде өзiндiк жұмысты оқушыларға беру арқылы, оқушылардың өзiндiк таным әрекетiн, белсендi ойлауын, тапсырманы орындаудағы жауапкершiлiгiн қалыптастыруға мүмкiндiк туады. шығармашылық белсендiлiгiн арттыру арқылы тiл байлығы мол, сауатты да ой-өрiсi кең шығармашыл жеткiншек тәрбиелеу.
Шығармашылыққа баулып, ойын дұрыс айтуға салыстыра бiлуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетiне үйрету, жалпы ой-өрiсiн дамыту. Өзiндiк тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсендi ойлау талап етiледi. Осының нәтижесiнде оқушылар өздiгiнен бақылауды үйренедi, оларда тапсырылған iстi орындаудағы жауапкершiлiк сезiм, еңбек сүйгiштiк, табандылық, ұйымшылдық, бiр-бiрiне деген жолдастық көмек беруге тәрбиелейдi
Оқушылардың дербестiгiнiң даму дәрежсiне қарай, олардың өздiгiнен iстейтiн жұмыстары репродуктивтiк және творчестволық болып арнайы екi топқа бөлiнедi. Репродуктивтi жұмыстарға оқушылардың да
Творчестволық жұмысқа оқушылардың өздiгiнен шығаратын есептерi, түрлi баяндама, реферат, рецензия, көрнекi құралдар, модельдер, конструкциялық жұмыстар жасауы т.б. жатады. Әрине, репродуктивтiк және творчестволық жұмыстар өзара байланыста болады, бiрiншiсi екiншiсiне ауысып отырады.
Оқушылардың өзiндiк жұмыстарының жеке оқушының түгел сынып болып немесе топтарға бөлiнiп әрекеттенуiне қарай дара және фронтальды формалары болады. Осыған орай, оның ұйымдастыру формасын жеке және фронтальды деп топтастыруға болады. Эстониялық ғалым-педагог О.А.Нильсон оқушылардың өзiндiк жұмыстарын мынадай принциптерге қарай топтастырады:
-
Психологиялық (ойлау амалдарын қолдануға байланысты)
-
Психологиялық-дидактикалық (оқушылар жасайтын әрекетке байланысты)
-
Дидактикалық (жұмыстың атқаратын функциясына байланысты)
-
Дидактикалық-методикалық (проблемалы тапсырмалардың дәрежесiне байланысты)
-
Методикалық (берiлетiн хабар қандай құралдар, жағдайлар негiзiнде берiлуге байланысты)
-
Ұйымдастыру-методикалық (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты)
-
Ұйымдастыру принципi (жұмысты ұйымдастыру формасына байланысты)
Мұғалiм оқушылардың өзiндiк жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшiн, ең алдымен, олардың өзiндiк әрекетiнiң негiзгi психологиялық ерекшелiктерiн білгенi жөн.
Оқушылардың өзiндiк әрекетiне тән ерекшелiктер мыналар: жұмыстың басынан бастап мақсаты мен мiндеттерiн аңғару, соған орай, қандай тәсiлдердi қолданудың жолдарын ойша жасау, жұмысты сәттi аяқтау үшiн, өзiн-өзi бақылап отыру. Дәлiрек айтқанда, оқушы структурасы жағынан мынадай үш бөлiмнен тұрады а) оқушының алдын ала өз әрекетiнiң жалпы және нақты мақсаты мен мiндеттерiн анықтауы; ә) жоспарға сәйкес амал-тәсiлдердi қолдана бiлуi; б) өз әрекетiнiң барысын қадағалап, бақылап отыруы.
Психолоиялық зерттеулерге қарағанда, жеткiншектердiң дербестiгi, өздiгiнен түрлi әрекет, жұмыстар жасауға деген құштарлығы, ынтасы артады.
Олар оқу материалдарын сабақта түгелдей мұғалiмнiң айтқанын дайын түрде қабылдауға қанағаттанбайды, керiсiнше, мысалдарды талдауға, тұжырымдар жасауға, лабораториялық және практикалық жұмыстарды өздiгiнен орындауға қызығады, мектептен тыс үйде қосымша есептер шығаруды, түрлi жаңа информациялар жолын iздейдi. Бiрақ бастауыш сынып оқушылары әлi өздiгiнен жұмыс iстеудiң тиiмдi тәсiлдерiн бiле бермейдi және толық меңгермеген. Мысалы: 12-15 жастағы оқушыларда оқу материалына өздiгiнен зейiн қойып, оның мазмұнын терең талдауға, негiзгi мәселенi есте қалдыруға, алдын ала жоспарлауға, жұмыс барысын бақылап, жiберген қателердi дер кезiнде түзетуге байланысты дағдылардың болмайтыны анықталған.
Бұл жағдай, әрине, мұғалiмнiң қызметiн ауырлатады, одан оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға баса көңiл аударып, оны жүйелi түрде басқарып отыруды талап етедi. Егер оқушы өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренбесе, оның оқуы жемiстi болмайды, ол жиi сәтсiздiкке ұшырайды, басқалардан гөрi оқуда артта қала бередi. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейдi, соның салдарынан ол үлгермеушiлер қатарына қосыларды. Бұдан шығатын қорытынды; оқушылардың мектепке көзқарасы, оқуға деген мотивтерi мен қызығулары олардың өздiгiнен жұмыс iстей бiлу дағдыларын меңгеруiне тығыз байланысты болатындығы. Сондықтан мұғалiмнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi-оқушыларды оқу үрдiсiнде өздiгiнен iстейтiн түрлi жұмыс дағдыларына үйрету.
Мұғалiмнiң тағы бiр ескеретiн мәселесi-бастауыш сынып оқушыларының психологиясында өзiн-өзi, бiрiн-бiрi бағалау қасиетi ерекше орын алады. Оқушылардың дербестiгiн арттыруда олардың оқу жұмысына байланысты табыстары мен кемшiлiктерiн өздерiне дұрыс бағалауға үйретудiң маңызы өте зор.
Арнайы жүргiзiлетiн кейбiр психологиялық зерттеулер мынаны көрсетедi: анкетке жауап берген жоғарғы сынып оқушыларының 50% жуығы: әмұғалiмдер бiздiң бiлiмiмiздi дұрыс бағаламайды, көбiнесе, шын дәрежесiнен төмен бағалайды,-деген, ал 10%-i: әАртық бағалайдыә деген. Ал оқушылардың көпшiлiгi: “Бiздiң шамамыз бен бiлiмiмiздiң сапасына және оқудағы табыстарымыз бен жетiстiктерiмiз туралы дұрыстау, дәлiрек баға бере алатын мұғалiм де емес, өзiмiз”,- деп жауап берген. Бiрақ оқушылардың мұғалiм мен басқалардың берген бағасын мән-мағына жағынан өздерiнiкiнен гөрi жоғары санайтыны байқалған. Олардың өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi бақылауы, өзiн-өзi тұзетуi, бiр-бiрiмен тығыз байланысты процестер. Сондықтан да бастауыш сыныптан бастап оқушыларды өздiгiнен орындайтын жұмысқа икемдеу қажет. Қазiргi заман талабы бастауыш мектептен, тiптi бастауыш сыныптан бастап балалардың оқудағы дербестiгiн арттыруды керек етедi. Осыған орай, оларды өз оқу жұмысының барысын өзi дұрыс бағалай бiлуге үйретудiң тәрбиелiк маңызы зор. А.И.Липкина және басқа зерттеушiлер арнайы жүргiзген эксперименттерiнде бастауыш сынып оқушыларн оқу жұмысында өзiн-өзi дұрыс бағалауға үйретуге болатындығына көз жеткiзгендiктерiн айтады. Мысалы: бiр жыл бойы бастауыш сынып оқушылары (оның iшiнде бiрiншi сыныптағылар да бар) сабақта және үйде орындаған тапсырмалардан мұғалiмге тексеруге беруден бұрын, өздерi тексерiп, бағалайтын болған. Мұғалiм жұмыстарды тексерiп, кейiн оқушылармен бiрге бағасы мен оқушылардың берген бағасының сәйкес келу-келмеу себептерiн талдап отырған. алғашқы кездерде оқушылардың бағасы мұғалiмнiң бағасына сәйкес келеген: бiрiншi сыныпта мұндай оқушылар 6%, екiншi сыныпта – 34%, үшiншi сыныпта – 28% болған. Оқушылардың өзiне-өзi берген бағалары, мұғалiмнiң қойған бағасына қарағанда, жоғары болған.
Ал жыл аяғында өзiн-өзi дұрыс бағалай алмайтындардың саны азайған – бiрiншi сыныпта – 18%, екiншi сыныпта – 14%, үшiншi класта-8% ғана болған. Оқушылардың өздiгiнен жұмыс iстей бiлу әрекетi бiрден қалыптаспайды. Ол-өте күрделi процесс болғандықтан, жай, қарапайым сатыдан жоғары, күрделi сатыға қарай дамиды. Оның қалыптасуына алдымен сыртқы факторлар әсер етедi: оқытудың маңызы мен мiндеттерi, оның әдiстерi, мұғалiмнiң талаптары т.б.
Содан бiрте-бiрте оқушының белсендi таным әрекетiне байланысты өздiгiнен жұмыс iстеу (оның қажетiне айналады (өздiгiнен бiлiм алу, өзiн-өзi басқару, бақылау, бағалау сияқты әрекет дәрежесiне көтерiледi).
Оқушы, ең алдымен, мұғалiмнiң берген үлгiсiне қарай елiктеу негiзiнде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндай жағдайда жұмыстың
мазмұнын жасау әдiстерiнiң бәрiн мғалiмнiң өзi айтып бередi, ал оқушы тек орындаушы ретiнде жұмыс iстейдi. Ал егер мұғалiм оқушыға бәрiн өзi айтпай, бұрын алған бiлiмдерiн қолдануға лайықты жаңа жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздiгiнен iзденiп, жаңа мiндеттердi шешуге тырысады. Бұндай жағдайда оның дербестiгi, өздiгiнен iстейтiн әрекетi арта түседi.
Бұдан шығатын методикалық қорытынды: мұғалiм оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастыруда алдымен оларды өздiгiнен жұмыс iстеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейiн мұғалiмнiң көмегiмен жасайтын жартылай дербес, ең соңында өздiгiнен жасайтын жартылай жұмыстарға үйретуi қажет.
Осыған орай, К.Э.Циолковскийдiң өзi туралы айтқан мына сөздерiн еске алған жөн. әАдымен,-дейдi ол,-мен өзiм үшiн бұрын белгiлi болған жаңалықтарды ашатынмын, содан кейiн онша белгiлi емес жаңалықтарды ашатынмын, ең соңында-мүлдем белгiсiз жаңалықтарды ашатынмынә.
Мұғалiм мен оқушының атқаратын қызметiне қарай оқушылардың өзiндiк жұмысының негiздерiн мынадай таблицамен көрсетуге болады.
Мұғалiмнiң басқару функциясы |
Оқушылардың өзiн-өзi басқаруы |
|
Жұмыстың нақты мақсат-мiндеттерiн аңғару. Жұмыстың мәнi мен пайдасын ұғыну, оған қызығу. Жұмысты орындаудың жоспарын жасау. Өзiн-өзi бақылау. Өз жұмысының қателiктерiн табу, оны түзету. Өзiн-өзi тексеру, өзiн-өзi басқару |
Өзiндiк жұмыс үрдiсiнде мұғалiм мен оқушылардың бiрлесiп жасайтын әрекеттерiн толығырақ қарастыратын болсақ: мұғалiм оқушыларға шамалары келетiндей тапсырмалар ұсынады, онда мыналар көрсетiледi: жұмыстың мақсаты, оны бөлiмдерi бойынша орындау ретi, алынған нәтижелердi, өздерiнiң тексеру тәсiлi (Өзiн-өзi бақылау), мұғалiм тексеру үшiн, алынған нәтижелердi әзiрлеу, реттеу тәсiлдерi, жұмысты орындау мерзiмi.
Мұғалiм тапсырманың дұрыс орындалғанын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесiн қаншалықты түсiнiп, меңгергенiн анықтайды; демек, мұғалiм бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушылардың өзiндiк жұмысын тексерушi де мұғалiм тапсырма арқылы олардың қабiлетiн жоспарлайды, оны бiр мақсатқа бағыттап, сапасын айқындайды. Осыдан келiп оқушылар тапсырма алады, меңгерген бiлiм қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсiлдерiн ойластырады, ең маңыздысы, жұмысты өздiгiнен орындау барысында алынуға тиiстi нәтижелердi өздерi программалайды. Содан соң iстелген жұмыстың дұрыстығын үнемi тексере отырып, тапсырманы бөлiмдерi бойынша орындайды, алынған нәтижелерiн реттеп әзiрлейдi (өзiн-өзi бақылау) және оларды (жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б.) тексеру үшiн мұғалiмге тапсырылады. Осы жұмыстарды бастауыш сыныптан бастап жүргiзiлсе, оқушылардың бiлiмдiлiк маңызы арта түседi.
Оқушылардың оқу әрекетiнiң жемiстi болуы-оқу жұмысының тәсiлдерiн меңгеруге байланысты.
Психологтар /Кабанова-Меллер т.б./ оқу жұмысының негiзгi тәсiлдерiн екi топқа бөледi.
-
Оқушының жалпы оқу жұмысын арттыруға, ұйымдастыруға байланысты қолданылатын тәсiлдерi жоспарлау, уақытты дұрыс пайдалану, оқу мен тынығу режимiн ұйымдастыра бiлу, өз жұмысын бақылау т.б.
-
Оқушының оқуына тiкелей байланысты қолданылатын тәсiлдерi: жаңа бiлiм мен дағдыларды меңгеру және өздiгiнен жұмыс iстеу.
Осылардың iшiнде ерекше орын алатыны – оқу материалы жан-жақты жұмыс iстей бiлу дағдысы, материалдық мазмұнын талдау, одан ең негiзгi мәселенi екiншi бiр мәселеден айыра бiлу, оларды салыстыру, топтастыру, жүйелеу, схемалар, графиктер қолдана бiлу тәсiлдерi. Оқушының мұндай тәсiлдердi меңгеруi оны жан-жақты дамытады, оқуға деген көзқарасын өзгертедi. Ол тек дайын бiлiмдi қабылдаушы пассив жан емес, оқу әрекетiнiң субъектiсi болып саналады.
Өзiндiк әрекеттiң өте маңызды психологиялық ерекшелiгi ол оқушыларды алда тұрған жұмысқа жағымды мативтер, қызығулар туғызады.
Психологиялық арнайы зерттеулерге қарағанда, оқушылардың оқу жұмысының сапасын арттыру үшiн оларда мынадай мотивтердi қалыптастыру қажет: жеке оқу пәндерiне берiлетiн ең негiзгi заңдылықтарға, оларды анықтау жолдарына қызығу, оқу жұмысын бiрлесiп, коллективтi түрде жасауға, жұмыстың н„тижесiн қоғамдық пайдалы iстерде (еңбекте, өздiгiнен бiлiм алуда, басқалармен қатынаста т.б.) қолдануға қызығу. Осындай тау сияқты жалпы дербестiк қасиет артады. Мысалы: оқушылардың сабақта оқу жұмысының бiр кезеңiнен екiншiсiне (оқу мiндетiн анықтаудан жұмысты орындау мен өзiн-өзi бақылау тәсiлдерiне) өздiгiнен ауысуы; өз жұмысының тәсiлдерiн басқалардың жұмыс тәсiлдерiмен үйлестiру; бiр жұмыстың қорытындысы екiншi жұмысты орындаудың құралы ретiнде пайдалана бiлуi. Оқушыларды өздiгiнен жұмыс iстеуге дағдыландыру, оқуға қызықтырудың өте қуатты мотивi болып табылады. Сондықтан осы мәселеге тоқталайын.
Математика сабағындағы өзiндiк жұмыстың тәрбиелiк мәнi
Өзгерiске, жаңалыққа толы бүгiнгi заман мұғалiмге сегiз қырлы, бiр сырлы ерен қасиет иесi болуы керек. Ұстаз алдында отырған бiрi шапшаң, бiрi баяу, ендi бiреулерi төмен қабылдайтын зейiнi, қабiлетi, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкiрттердiң жүрегiне жол тауып, олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту күрделi құрылым екенi даусыз.
Шәкiрттерге әсер ету жолдары түрлiше жүзеге асады. Тәрбиелi мұғалiм iзденiстi әр баланың жан-дүниесiне үңiлуден бастайды.
әрбiр шәкiрттiң жан-дүниесiнiң есiгiн ашатын кiлтiн қолға түсiру, сезiмпаздық, шығармашылық қабiлетiн байқап, оқытып жүрген шәкiрттерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн жете зерттеп, бiлген соң, әдiс-тәсілдердi солардың қабылдау деңгейiне қарай iрiктеп, талдап қолданады.
Сол сияқты өзiндiк жұмысты ұйымдастырудағы математика пәнiнiң маңызы күштi. Өзiндiк жұмыс оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетi формаларының бiрi болып табылады. Сондықтан бұл жұмыстардың тиiмдiлiгi мұғалiмнiң осы iс-әрекеттi дұрыс жоспарлау бiлiктiлiгiне байланысты болады. Математика сабағында белсендi оқу танымдық iс-әрекет оқушылардың ой-еңбегi мен практикалық әрекетiнiң қызметiн болжайды. Яғни бiлiм-бiлiк тек белгiлi бiр оқу әрекеттерiн орындаған кезде ғана толық әрi саналы меңгерiледi және де бұл әрекеттердi оқушының өз бетiнше орындағаны дұрыс. Өзiндiк жұмысты математика пәнiнде қолдану арқылы өз бетiнше iзденудi, оқушылардың өздiк жұмысын ұтымды ұйымдастыра алатын, керек кезiнде проблемалық жағдайлар туғызып, олардың назарын басты проблемаларды оқу процесiнде жақсы нәтижеге жететiндiгiн көруге болады.
Қазiргi кезде сабақты дұрыс жүргiзуге қойылатын негiзгi талап-оқушылардың белсендi iс-әрекеттiк сезiмiн оята отырып, оларды басқара бiлу. Ол бiрiншiден, тек дайын ақпараттар, деректер, заңдар, ережелер берiп қана қоймай, оқушыларды өз бетiнше iздендiретiн, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудiң құрылымын қайта құруды талап етедi. Екiншiден, оқушылардың iс-әрекетiне деген мұғалiмнiң көзқарасын өзгертудi талап етедi. Мұғалiм оқушылар шығармашылдық белсендiлiк танытатындай, оқыту процесiн ұйымдастырушы және басқарушы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңiнде: үй жұмысын тексерген кезде, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруге дайындығы кезiнде, жаңа бiлiмдi енгiзгенде және оларға сүйенген кезде, алынған бiлiмдi қорытып, бiр жүйеге келтiрген кезде де көрiнiп отыруы керек. Осы орайда математика сабағының әр түрлi кезеңдерiне тоқтала кетейiн.
Оқыту тәжiрибесi көрсеткендей, сабақта оқушылардың танымдық iс-әрекетiн бiлiктi басқару, сабақтың әр кезеңiнде түрлi мазмұнды жұмыстар ұйымдастыру оң нәтижеге жетуге ықпал жасайды. Жаңа бiлiмдi игеру кезiнде барлық оқушылардың жеңiл есептердi өз бетiнше шығаруы, тiректiк бiлiмдi өзектендiру мақсатымен тәжiрибелiк мағынасы бар өзiндiк жұмыстарды орындауы, танымдық iзденiмпаздықты қалыптастыратын болжаулар тұжырымдауға үйрету, олардың шығармашылық белсендiлiгiн арттырады.
Жаңа бiлiмдi енгiзу кезiнде оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетiн арттыру ұғымдардың анықтамаларын, ережелердi, заңдарды, қасиеттердi айқындауға жақсы жәрдемшi болатын шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.
Алынған бiлiм мен бiлiктi тиянақтау кезiнде түрлi мазмұнды танымдық есептер шығарылады, мұғалiмнiң берген ақпараты оқушылардың бiлiм деңгейiне сай келуi тиiс және тапсырмалардың қиындық деңгейi үлгi бойынша орындалатын белгiлi амалдардан жаңа жағдайларда орындалатын обьектiлер мен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейiн өседi. Оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетiнiң нәтижесi олардың алынған бiлiмдi өз бетiнше талдап және бiр жүйеге келтiре алатын шығармашылық тапсырмаларды орындауы болып табылады.
Әрине, өзiндiк жұмыстың мазмұны, формасы және оны орындау уақыты сабақтың сол кезеңiндегi оқыту мақсатына байланысты болуы керек. Айта кететiн жай, оқу процесiнде өзiндiк жұмысты көп қолдануда, оны дәл бағалай алмау да зиянды. Әлбетте, егер оқытудың әр кезеңiнде жүргiзiлетiн өзiндiк жұмыстардың мақсаты дәл анықталған болса, оның тапсырмалары мақсатқа сай болса онда ол дұрыс нәтиже бередi. Сондай-ақ, оқушыларды жұмыс жүргiзуге дайындау, оны өткiзу және алынған нәтиженi бағалау мәселелерi мұғалiм үшiн маңызды болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың өзiндiк жұмыстарының әр түрлi жiктеулерi көрсетiледi.
Олардың iшiнде оқытудың теориясы мен практикасында көп кездесетiндерi:
-
Дидактикалық мақсаттары бойынша: тексеретiн т.б.
-
Даярлау дәрежесi бойынша: мазмұны әр түрлi, бiрақ бiрдей тәсiлмен орындалатын; мазмұндары әр түрлi және әр түрлi тәсiлдермен орындалатын.
-
Бiлiм мазмұны бойынша: оқулықпен және оқу әдебиеттерiмен жұмыс, есептердi шешу және салыстыру, зертханалық және сызбалық жұмыстар.
-
Оқушылардың iзденiмпаздық дәрежесiне байланысты өздiк жұмыстар және т.с.с.
Осы жiктеуге сәйкес оқу процесiнде өздiк жұмыстың 4 түрi қарастырылады. Олар: а) үлгi бойынша орындалатын; ә) реконструктивтi-вариативтiк; б) эврикалық; в) шығармашылық:
Бiрiншi жұмысты орындағанда арнайы тапсырмалар, есеп шешiмiнiң дайын үлгiлерi, алгоритмдiк ұғым дайындалады. Бiрақ олар оқушылардың танымдық, шығармашылық iс-әрекетi тәжiрибесiн жетiлдiрмейдi. Сондықтан оқушыларды iс-әрекеттiң қиынырақ түрiн орындауға жұмылдырады.
Вариативтiк өздiк жұмыстарға танымдық есептер кiредi. Оны орындау процесi кезiнде оқушылар: белгiлi амалдардың тиiмдiлiгiн таңдап бiлуге ж„не т.б. дағдыланады. Вариативтiк өзiндiк жұмыстарды орындағанда оқушылар түрлi алгоритмдердi, формулаларды қолданады, дәлелдеудiң бiрнеше жолдарын қарастырады, есеп шығару тәсiлдерiн, ережесiн талдап қорытады.
Математика сабағында өзiндiк жұмыстарды орындау үшiн оқушылар өздерiнiң игерген бiлiмдерiн есептер шығаруда жан-жақты қолданып, өз бетiнше жаңаша шығару жолдарын үйренедi, оның мазмұнын, мақсатын, шығару жоспарын дайындау керек.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабiлетiн дамыту, математикалық бiлiм деңгейiн тереңдету үшiн оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетiнше бiлiм алу дағдыларының дамуына негiзiн салу болып табылады. Бiлiмге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлi тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет.
-
Оқушылардың өз бетiнше ойлай бiлу, есеп шығару мен оның сан қилы жолын iздестiру, олардың шығармашылық қабiлетiн дамытудың бiр әдiсi. Оқушының өз бетiнше жұмыс iстеуге үйрету п„нге қызығушылығын арттыру басты мақсат.
-
Оқушының математикадан бiлiмiн көтерудiң ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге қызыққан оқушының бiлiм сапасының жоғары болатыны белгiлi. Мұғалiм үнемi оқушының ойлау белсендiлiгiн арттырып, бiлiмге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетедi.
-
Қызығушылықты туғызудың тәсiлдерi өте көп. Олар: сабақ барысында қолданылатын математикалық сайыстар, эстафеталар, жарыстар, жақсы дайындықпен өткiзген күнделiктi сабақтар.
Оқыту процесi шығармашылықпен ұйымдастырылса, онда оқушылардың бiлiм деңгейi мұғалiм айтқанынан емес, өз iзденiстерi нәтижесiнде және есептер шығаруда қалыптасады.
Жалпы айтқанда, өзiндiк жұмыс-шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себептi де оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн олардың өз бетiндiк әрекетiнсiз дамыту мүмкiн емес. Соның негiзiнде ғана тiл байлығы мол, сауатты да, шығармашыл жас жеткiншектi тәрбиелей аламыз. Мұнда басты назар аударатын мәселе-оқушылардың ауызша, жазбаша тiлiнiң өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрiнiс табуларын талап ету. Соның негiзiнде ғана тiл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, ойлау қабiлетi жоғары жас жеткiншектi тәрбиелеу
Бастауыш сыныптарда өзiндiк жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлi мазмұнда және формада көрiнiс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс iстеуге баулиды.
Оқушылардың өздiк жұмысы-мұғалiмнiң қажеттi нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрi. Өзiндiк тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсендi ойлау талап етiледi. Осының нәтижесiнде оқушылар өздiгiнен бақылауды үйренедi, оларға тапсырылған iстi орындаудағы жауапкершiлiк сезiм, еңбексүйгiштiк, табандылық, ұйымшылдық, бiр-бiрiне деген жолдастық көмек қалыптасады. Бұдан шығатын қорытынды: мұғалiм оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастыруда өзiнiң басшылық әрекетiн олардың талап-тiлектерiне сәйкес ойдағыдай ұштастыра бiлуi қажет. Сонда мұғалiмнiң басшылық әрекетi кемiмейдi, күрделенiп, арта түседi және мұғалiммен творчестволық еңбек пен методикалық шеберлiктi талап етедi. Сонымен қатар өзiндiк жұмысты математика сабағында пайдалану олардың өз жұмысының барысын өзi дұрыс бағалай бiлуге үйретудiң тәрбиелiк маңызы зор. А.И.Липкина және басқа зерттеушiлер арнайы жүргiзген эксперименттерiнде бастауыш сынып оқушыларын оқу жұмысында өзiн-өзi дұрыс бағалауға үйретуге болатындығына көз жеткiзгендiгiн айтады. Сол сияқты оқыту процесiнде өзiндiк жұмысты қолдану өздiгiнен бiлiм алу, өзiн-өзi басқару, бағалау сияқты әрекет дәрежесiнде көтерiледi.
Алайда, бастауыш мектеп оқушыларымен өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруда бiрқатар кемшiлiктер айқындалып отыр. Өзiндiк жұмысына берiлетiн тапсырмалар негiзiнен балалардың дағдысын бекiту және қалыптастыру мақсатын көздейдi, өткен материалды пысықтауға, қорытындылауға берiледi, оқытудың дамытушылық функциясы, өздiгiнен оқу жұмысын орындау үрдiсiнде анықталған компонентi болып қарастырылмайды.
Бiздiң мақсатымыз оқушылардың мектептегi негiзгi әрекетi-оқу әрекетi болғандықтан, соның психологиялық ерекшелiктерiн мүмкiн болғанша толығырақ ашып көрсету. Мектептегi оқу жұмысының сапасы, мұғалiмнiң оқушының оқу әрекетiн дұрыс ұйымдастыра бiлуiне, оның тиiмдiлiгiн мейлiнше жетiлдiре бiлуiне байланысты болатынын ескеру шарт.
Сондай-ақ бiлiмге деген құштарлық, өз бетiмен жұмыс iстеу қабiлетi мен өздiгiнен бiлiм алу тәсiлдерi адамның санасында неғұрлым ертерек оянып қалыптасса, соғұрлым оның жүйелi шығармашылық еңбек етуiне мол жағдай туатындығын көремiз. Демек, олай болса, әр бiр адамды осындай бiлiм алу жүйелерiне мектеп қабырғасынан бастап дайындаған дұрыс. Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бiрi-оқушыларды өз бетiнше жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыру деп жоғарыда айтып өттiм.
Бiлiмнiң негiзi бастауыш сыныптарда қолданылатыны белгiлi. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетiнше жұмыс iстей бiлу iскерлiктерi де қалыптасуы тиiс. Атап айтқандай-жаңа ұғымды, заңдылықты, ереженi түсiнiп, тұжырымдау, есептi талдап, шығара бiлу, жаңадан өтiлген ұғым бойынша өздiгiнен ой қорыта бiлу, өзiнiң оқу iс-әрекетiне бақылау жасай бiлу т.б. осындай iскерлiктердi қалыптастыру-оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жаттығулар жүйесi арқылы жүзеге асырылады.
Егер өз бетiнше жұмыс жаңа бiлiмдi игеруге байланысты болса және мұнда оқушының бiлiмдi саналы түрде қабылдауы қарастырылса, яғни талдап қорыту, ережелердi, заңдылықтарды тұжырымдай бiлу, есептердi шеше бiлу, берiлген есепке керi есеп құрастыра бiлу, логикалық тапсырмаларды орындай бiлу т.б. бұл математика сабағындағы өздiк жұмыстың жаңа материалды игеру түрiне жатады. Мысалы: математика оқулығында «Қосу амалының ауыстырымдылық қасиетi» деген тақырып қарастырылған. Мұнда көрнекiлiк арқылы қосындылар құрастырып, олардың компоненттерiнiң атауларын еске түсiрiп алғаннан кейiн, оқушыларға қосылғыштардың орындарын ауыстырып, қосындылардың мәндерiн салыстыруды ұсынамын. Осыдан кейiн оқушылардың назарын қосындыларда «Не өзгердi, не өзгермедi?» – деген сұрақтарға аударып, ереженi оқушылардың өздерi тұжырымдауына мүмкiндiк беремiн. Сондай-ақ, осы заңдылыққа байланысты өмiрде кездесетiн жағдайларға оқушылардың өздерi мысалдар келтiруi өте маңызды.
Оқушы оқулықпен жұмыс iстеудiң белгiлi iскерлiгi мен дағдысын жақсы меңгеруi, оқулықпен жұмыс iстей бiлудiң маңызын, нақтырақ айтсам, мұғалiм баяндаған материалды үйге өз бетiмен толықтыруға, сондай-ақ жаңа материалды өз бетiнше игеруге және өтiлген материал бойынша практикалық iскерлiк дағдыларын толықтыра түсуге болатынын түсiнуi тиiс. Егер оқушы 1-сыныптан бастап оқулықпен жұмыс iстеудiң осындай қағидаларын меңгерсе, онда 2-сыныпта қарастырылатын қиын емес тақырыптарда оқушылардың өздерi меңгеруiне ұсынуға болады. Мұнда мұғалiм тек оқушыға таныс емес белгiлер, таңбалар және сөздер туралы түсiнiк берсе жеткiлiктi. Мысалы: 1-шi және 2-сыныпта қарастырылатын «Амалдардың орындалу ретi, жақшалар» тақырыбын
оқушылардың өз бетiнше игеруiне болады. 1-сынып оқушыларында өз бетiнше жұмыс iстеу дағдылары әлi қалыптаса қоймағандықтан, бұл сыныпта мұғалiмнiң басшылығымен атқаратын жұмыстар көбiрек болуы тиiс. Ал, 2-сыныпта оқушылардың оқулықпен өз бетiнше жұмыс iстеу дағдылары бiршама қалыптасып қалғандықтан мұндай тапсырмаларды көбiрек ұсыну керек.
Жоғарыда аталған тақырып бойынша оқушыларға жаңадан енгiзiлетiн «()» жақша таңбасы туралы түсiнiк беру және көк қоршауға алынған, қызылмен жазылған қағиданы есте сақтау керек екендiгi жөнiнде нұсқау берiлсе жеткiлiктi. қалған тапсырманы оқушылар өз бетiнше орындай алады. Айталық, 1-тапсырма бойынша оқушылар берiлген екi өрнектi (10-4)+1 ж„не 10-(4+1) салыстыра келе, ондағы берiлген сандар бiрдей екендiгiн, бiрақ өрнектердiң мәндерi әртүрлi екендiгiн байқайды. Өрнектердiң мәндерiнiң әртүрлi болуы өрнекте қойылған жақшаларға байланысты екендiгiн ешқандай қиындықсыз түсiне алады. Осы ұғымды бекiте түсу үшiн оқулықта берiлген №2 жаттығудың:
6-(3+1) (80-20)+30
(6-3)+1 80-(20+30) түрiндегi тапсырмаларын және 4-1+2=1, 6+3-2=7, 8-5+1=2 сияқты өрнек көрсетiлген мәнге ие болатындай етiп жақшалар қою тапсырмаларын беруге болады. Сол сияқты оқулықта берiлген қалған тапсырмаларды да оқушылар өздiгiнен орындай алады. Мұғалiм тек әрбiр тапсырманың орындалу барсын қадағалап және нәтижесiн тексерiп отырса болғаны. Дәл осы тәсiлдердi пайдаланып, сынып жоғарылаған сайын өзiндiк жұмысты күнi бұрын жоспарлап, әр тақырыптың ауыр-жеңiлдiгiне қарай ұйымдастыруына болады. Сонда әр сыныптағы сабақ жүйелi, ал оқушылардың өз бетiнше орындайтын жұмысы сапалы болады.
Осыған орай, оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор екендiгiн көрiп отырсыздар. Өйткенi, сол арқылы оқушылардың iс-әрекетiнiң дербестiгi артады.
Елiмiзде болып жатқан экономикалық өзгерiстерге байланысты жалпы бiлiм беру жүйесiне қойылатын талаптар да өзгеруде. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының жетекшi ролiн атқаруда. Мектеп оқушылары алған бiлiммен шектелiп қана қоймай, оны ары қарай өздiгiнен белсендi, нысаналы танымдық iс-әрекетi нәтижесiнде игеруi тиiс.
Оны жүзеге асыру оқушылардың белсендiлiгi мен iзденiмпаздылығын ынталандыруға септiгiн тигiзетiн оқу үрдiсiн ұйымдастырудың т„сiлдерiн, әдiстерi мен нысандарын iздестiруге өзектi сипат бередi. Осығн орай 2008 жылда мектеп табалдырығын аттаған бүлдiршiндер 12 жыл бiлiм алатын болады. Бұл қазiрдiң өзiнде қолға алынып, өз нәтижесiн беруде. Менiң 2005 жылы iс-тәжiрибеден өткен №15 М.Жұмабаев мектебiнде 12 жылдық бiлiм берудiң алғашқы баспалдағы қаланған. Сол жылы олар бiрiншi сыныпта едi. Осыған орай 12 жылдық бiлiм берудiң белсендi әдiстерiнiң бiрi-оқушыларға өздiгiнен жұмыс iстете бiлу. Мысалы: математика сабағында және сабақтан тыс кезде өзiндiк жұмыстар жаңа материалды оқып-үйренуге дайындау мақсатымен, жаңа материалды таныстыру кезiнде алған бiлiмiн, бiлiгiн ж„не дағдыларын бекiту үшiн, олардың үйренген материалын қаншалықты меңгергенiн тексеру үшiн өткiзiледi.
Математика оқу процесiнде есеп кезектi дидкатикалық материалдар үшiн пайдаланады:
-
Математиканы оқып бiлуi, ынталандыру;
-
Белгiлi бiр материалдарды меңгертуге алдын ала дайындау;
-
Теориялық материалды меңгеру қабiлетiне ие болуға баулыйды;
-
Негiзгi үлгi есептердi шығару дағдыларын қалыптастыруға септiгiн тигiзедi;
-
Ақыл-ойдың, дүниетану көзқарастарының, өнегелi сананың дамуына мүмкiндiк туғызу; Сонымен қатар есеп шығару кең көлемдегi тәрбиелiк мақсатты да көздейдi;
-
Есеп оқушылардың алған бiлiмiн оқу процесiнде немесе өмiрде, практикалық iс-әрекеттерiнде қолдануға дайындайды;
-
қоғамдық құрылыстың жетiстiктерiн көрсететiн есептер сүйiспеншiлiкке тәрбиелейдi;
-
Есеп шешуiн iздеу оқушыларды қиыншылықты жеңуге жiгерлендiредi, тапқырлыққа, зеректiлiкке тәрбиелейдi;
-
Берiлген есептiң шешуiн табуға қатысу оқушының шығармашылық шабыттануына жағдай жасап, эстетикалық тәрбие бередi:
Эксперименттiк мектеп оқушыларының математика курсында мәтiндi есептердiң аса маңызды мәнi бар.
-
Олар арифметикалық амалдарды оқушылардың еркiн игерулерiне көмектеседi.
-
Арифметикалық амалдар туралы түсiнiктердi, тұжырымдарды және оларды орындау тәсiлдерiн анықтауға мүмкiндiк туғызады.
-
Есептерде балалар амалдардың әр түрлi қолдану жағдайларымен танысады.
-
Есеп балалардың өз бетiмен iс-әрекеттерiн дамытуға және математикаға ынталандыруға мүмкiндiк туғызатын материал болып табылады.
Сондықтан математиканы оқыту курсы оқытудың, оның iшiнде эксперименттiк алаңдардың бастауыш сыныптарында барлық пәндерiмен байланысты кiрiктiрiп жүргiзiлуi тиiс. Кейбiр жағдайларда оқып бiлуге тиiстi теориялық материалдың мәнiн, практикалық мағынасы мен маңыздылығын түсiну есеп шығару арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда есеп шығару математикалық ұғымды қалыптастырады. Арифметикалық амалдар туралы түсiнiк қалыптастыру үшiн оқушылар заттардың шамалары арасындағы байланысты анықтай отырып, көптеген мәтiндi есептер шығарулары қажет.
Мысалы: Марат 1 айдың iшiнде 4 көркем әдебиет оқылы, сонда апта сайын неше көркем әдебиет оқыған? Оқушылар Мараттың бiр ай iшiнде оқыған кiтабының қанша екенiн бiле отырып, олар есептiң шартын ойластырып жазып, есептi қандай амалды қолдану арқылы орындау керек екенiн анықтайды.
Осы сияқты жай және құрама есептердi бiрнеше рет орындай отырып, оқушылар арифметикалық амалдардың және олардың н„тижелерiн салыстыруды бiртiндеп меңгере бастайды. Сонымен есеп-балаларда жаңа бiлiм қалыптастыратын және меңгерген бар бiлiмдi пайдалану үрдiсiнде пысықтай түсетiн нақтылы материал болады. Оқушылардың бiлiмiн жетiлдiру, яғни дамыту мақсатындағы есептерге көбiрек тоқталып ерекше көңiл бөлiнуi керек.
Дамыту қызметiн атқаратын есептер оқушылардың танып-бiлуiне мүмкiндiк туғызатын құрал. Сонымен негiзгi танымдық есептердi және кейбiр дидактикалық есептердi шығаруға үйрету математиканы оқытудың мақсаты болып табылады.
Жай есептердi шығару арқылы математиканың негiзгi ұғымдарының бiрi арифметикалық амалдар туралы ұғым және осыған байланысты тағы басқа бiрқатар жай есептердi шығарудан құралады. Жай есепте тек қана екi берiлген шама болғандықтан, олар арқылы белгiсiз шаманы табу талап етiледi. Бiрақ бұл есептердi шығару үшiн ешқандай ерекше ережелер және әдiстер көрсетiлмейдi, тек қана арифметикалық амалдардың мәнiн және оларды қолданудың әртүрлi жағдайларын түсiнуi қажет. Жай есептердi шығару оқушыларға қиындық туғызбайды деп айту дұрыс емес, себебi есептiң шартын толықтай түсiну және берiлген белгiсiз шамалар арасындағы байланысты айқын, тиянақты ойлауды талап етуi мүмкiн. Мысалы:
-
Ағашты он бөлiкке бөлу үшiн оны неше жерiнен кесу керек?
-
Екi санның арифметикалық ортасы 23, ал олардың айырмасының жартысы 5, үлкен санды табыңдар?
-
қарындаштың 1-қорабында 12 қарындаш бар, ал егер оған тағы 8 қарындаш салса, 2-қораптағы қарындаштар саны бiрдей болады. Алғашқыда екiншi қорапта неше қарындаш болған?
Келтiрiлген есептердiң жауабын кейбiр оқушылар тез беруi мүмкiн, ал кейбiр оқушылар қажеттi дұрыс пiкiрлердi келтiре алмауы
мүмкiн. құрама есептер мағынасында бiрнеше берiлгендер және бiрнеше белгiсiздер болады. Белгiсiздердiң бiрi-есептiң сұрағы-басты белгiсiздер болып табылады. Көмекшi белгiсiздер де болады, есептi шешу үшiн оларды таңдап алу керек. Сонымен, әрбiр құрама есептi шығару үшiн оны бiрнеше жай есептерге жiктеймiз және бiртiндеп оларды шығартуға болады.
Тәжірибелік бөлім
Жаңа буын оқулықтың бiрi математикада пайдаланған логикалық ойды дамытуға арналған жаттығулармен жүргiзген жұмыстарым жайлы қысқаша пiкiр алмаспақышымын. Бұл логикалық жаттығуларды орындау арқылы өз-өздерiмен өзiндiк жұмыс жасайды.
Математика пәнi ктiптарының алғашқы бетiнде «Кiтапта қолданылатын шартты белгiлер бар, соның 7-пунктiнде 2-сынып математикасында жасыл түстi қоршау - орындалуы мiндеттi болып саналмайтын, оқушылардың логикалық ойлау қабылетiн дамытуға бағытталған стандартты емес жаттығу», - деп жазылған, ал 4-сыныпқа арналған математикада жасыл түстi қоршау-шығармашылық жаттығу делiнген. 1-4 сыныптардағы математика оқулығына логикалық есептер.
1-сынып оқулығына 109 есеп.
2-сынып оқулығына 101 есеп
3-сынып оқулығына 127 есеп
4-сынып оқулығына 103 есеп
Барлығы: 440 есеп енгiзiлген.
Бұл есептер сыныбы жоғарылаған сайын қиындығы артып, күрделене түседi. Мысалы: 4-сыныптағы №7 (17 бетте) логикалық есептi өздерiңiз ойланып көрiңiз, қызық ойлануды қажет ететiн логикалық есеп.
10 литрлiк және 3 литрлiк екi ыдысты пайдаланып, 8 литр суды қалай құйып алуға болады? Осы есептi үйге математиканы өте жақсы оқитын оқушыларға үйде шешiп келуге тапсырма бердiм. Бұл есептi шешуге ата-аналарының көмегiн пайдалануға болады дедiм. Тапсырманы 9 оқушыға бердiм, соны келесi күнi 7-i шешiп келдi.
Жауабы мынадай: 10 л. шелекке 3 л. ыдыспен үш рет құйғанда 9 л. су құясыз, төрт рет құйғанда 3 л-дiң 1 л. сияды, шелектегi 10 л. суды төгіп тастап, 3 л. ыдыстағы қалған 2 л. суды 10 л. ыдысқа құйсаңыз 8 литр су әкелесiз. 3+3+2=8 л.
3-сынып математикасында логикалық есептерден мысал: №6 (12 бет) µшып келе жатқан 6 қаздың жартысы ж„не бiр қаз бiрiншi көлге, ал қалған қаздардың жартысы ж„не бiр қаз екiншi көлге қонды. …р көлге неше қаз қонған?
6:2+1=3+1=4
(
1-к†лге 4 јаз
2-к†лге 2 јаз
6-4):2+1=2:2+1=1+1=2Жауабы: 1-көлге 4 қаз
2-көлге 2 қаз қонған
Ал, кей сабақ арасында мынадай өзiндiк шығаратын есептер ұсындым.
№15 қызықты есеп (25 бетте, 3-сынып)
Мен бiр сан ойладым. Сол санды 5-ке көбейтiп, нәтижеге 2-і қостым. Қосындыны 6-ға бөлгенде, 7 саны шықты. Мен қандай сан ойладым?
(5х+2):6 =7
5х+2=7*6
5х+2=42
5х+42-2
5х=40
х=40:5=8
х=8
Ойлаған саным 8
Тексеру (5*8+2):6=42:6=7 жауабы: 8
№34 логикалық есеп (53 бетте)
Әкесi 36 жаста, ал баласы 6 жаста. Неше жылдан кейiн әкесiнiң жасы баласының жасынан 3 есе үлкен болады?
Бұл есептi белгiсiз теңдеу құру арқылы шығарған тиiмдi: Белгiсiз жолды – х пен белгiлеймiз.
36+х=(6+х)
36+х=18+3х
36-18=3х-х
2х=18
х=18:2
х=9
Тексеру: 36+9 =45 3 (6+9)=3 45=45
Жауабы: 9 жылдан кейiн әкесi баласынан 3 есе үлкен болады. Осындай логикалық есептердi шығару арқылы бастауыш сынып балалары өзiндiк жұмысты оңай орындайтын дәрежеге жетедi. Соның бiрi тағы бiр логикалық есептi ұсынғалы отырмын.
№57 логикалық есеп (93 бетте)
Кез-келген сан ойлап, оны 8 есе арттыр да шыққан санға 8-дi қос. Нәтиженi 8 есе кемiтсең, ойлаған саннан 1-ге артық сан шығады. Неге?
Бұл есептi үйге бердiм, алайда оқушылар шығара алмады, өзiм түсiндiрiп шығарып бердiм. Ол былай болды.
(8х+8):8=8х:8+8:8=х+1
Тексеру. Кез-келген сан ойлан
(3*8+8):8=(24+8):8=32:8=4
ойлаған сан «3» едi шыққан сан одан 1-еуi артық болып 4 шықты.
Түсiндiру: Ойланған санның х оны 8-ге арттырдық та оны қайтадан 8-ге бөлдiк сонда ойланған саныңның өзi х қалдыма, сонан соң шыққан санға 8-дi қостыңда оны тағы 8-ге бөлдiң одан 1 шығады. Нәтижесiнде кез-келген ойлаған х саныңнан 1 саны артық шығып х+1 саны шығып отырады. Өздерi қызығып, әрқайсысы түрлi санды ойлай шығарып, көздерiн жеткiзiп, өздерiнiң ойлау қабiлеттерiн дамытып жатады.
Қазiргi бастауыш сынып математикасында қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары, төрт түлiгi, салт-дәстүрлерi жайлы логикалық есептер берiлген, солардың бiрi 4-сыныптағы №9 (34 бетте). Күбiде 9 л шұбат бар. 5 литрлiк және 4 литрлiк торсықтарды пайдаланып, күбiден 2 литр шұбатты қалай құйып алуға болады?
9 л – 5 л торсыққа құямыз да, одан 4 л торсыққа құямыз, түбiнде 1 л. шұбат қалады, оны өзiмiздiң апарған ыдысқа құйып қоямыз. Осыны екiншi рет қайталасақ апарған ыдысымызға 2 л. шұбат аламыз.
Осындай логикалық есептердi оқушыларға берiп отыру арқылы, оқушылардың математика пәнiнде кез-келген есептердi өздерi шығарып, қызығушылығын арттырып отырамын.
ЛОГИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР!
1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
2. Үш ағайынды. Арман, Аян, Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
3. Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі Үштөбеде болып көрмегендігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?
4. Әкелерінің атын тап. Мұрат, Жандос, Асхат бір класта оқиды. Олар: Ораз, Ахмет және Үсен деген кісілердің балалары. Егер Мұрат, Ораздың, Жандос Ахметтің, Асхат Үсеннің баласы еместігі, Асхат пен Ахметтің бір үйде тұратыны белгілі болса, баланың әкесі кім?
5. Таба білесің бе? Мұнда 10 үшбұрыш, 3 төртбұрыш бар. Оларды көрсет.
6. Айырмашылығы неде?
7. Суретте төрт баланың аттары: Мәлік, Қанат, Қайрат, Қуат. Егер Қанаттың ең биік еместігі, бірақ ол Мәлік пен Қуаттан биік, ал Мәлік Қуаттан биік еместігі белгілі болса, әр баланың аты кім?
8. Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім:
- Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның бағаң әртүрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3» те «5»те емес деді. Сонда әркім қандай баға алған?
9. Қай баланың әкесінің мамандығы қандай? Айша, Әсем, Жамал, үшеуінің әкелері – дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Айша мен Әсемнің ұшқыштың қызы еместігі және Әсем мен мұғалімнің қызы екеуі көрші тұратыны белгілі болса, қыздардың әкелері кім?
10. Тақияның түсі қандай? Ойын жүргізу үшін қызыл, қара, көк түсті үш тақия дайындалған. Ержан, Ермек, Самат үшеуі ойынға қатынасарда тақияларды таңдап киді. Ержан: «көк пен қараны кимейтіндігін», ал Ермек: «өзіне көк тақия жарасатынын», Самат таңдамай-ақ кие беретінін айтты. Балалардың әрқайсысы қандай тақия киді?
11. Кезекшілік. Мұғалім тірі табиғат мүйісінде дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, күндері кезекшілік жасауға Ерлан, Нұрлан, Асхатты бөлді, Ерлан: «Мен сәрсенбіде қазақша күреспен айналысамын, сондықтан ол күні кезекші бола алмаймын» - деді. Нұрлан: «Мен сейсенбіде қазақша күреспен айналысамын, сондықтан ол күні кезекші бола алмаймын»-деді. Асхат: «Мен сейсенбіде кезекші болайын!»- деді. Мұғалім балалардың тілегін орындады. Қай бала қай күні кезекші болды?
12. Бір класта 25 оқушы бар. Құжаттарын қарамай, ата - аналарынан сұрамай, ең болмаса 3 баланың бір айдың ішінде туғанын қалай дәлелдеуге болады?
13. Бос тор көздерді толтыр. 1-торкөз.
36 45 24 50 38
22 13 18 42
2- торкөз.
64 76 ? 58 ? 65
14 26 40 ? 36 ?
3- торкөз.
44 62 25 ? 76 ?
56 38 ? 49 ? 85
14. Өзгеше «қатарды» тап. а)
2 4 6 8 10 12
1 3 5 7 9 11
12 14 16 20 25 30
20 22 24 26 28 30
б)
100 95 90 85 80
80 70 60 50 40
80 75 70 65 60
60 55 50 45 40
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӨЛЕҢ ЕСЕПТЕР
«Барлығы қанша қарға?»
Келді ұшып екі қарға, Топ достарын ертіп талға Болды елу әлгі жиын Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер. Табылар ебі бәрі бір. Айтар есеп шартын кім, Теңдеу құру тәртібін?
(Жауабы: 2 + х = 50)
х = 48
«Кетті бірге нешеуі?» Кездесіп бір топ аңмен, Болды отыз бас,малменен Олар кетті Һәм достасып, Үш түлкімен қоштасып. Әуре болып құмар басқа. Күлкі болма зерек досқа Теңдеуді ойлап құрыңыз, Сан қанша айта тұрыңыз?
Математикалық санамақ
«Бәрі қанша құс болды?» Мынауда бір санамақ Өздерің көр саралап: Төбеден төрт бөктері Аңдыпты қос кептерді Шыңқылдаса көп қарға, Үн қоспапты көп қарға Секем ап,бір дауыстан Безектеп бес сауысқан
(Жауабы: х+3=30; х=27)
Алты белден асыпты, Тым-тырақай қашыпты Үш үшкі үркіп ұшыпты Тас құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ Отырғанда қаталап,
Топ-топ тоғыз тоқылдақ, Қарғып кеткен топырлап, Бүйтіп,қызық іс болды, Бәрі қанша құс болды?
(Жауабы: 31 құс)
Математикалық жұмбақтар
«Бұл не?»
Алпыс төрт бөлмеде Отыз төрт тұрғын бар Ақ,қара қып бөлгенде Бірін-бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де Бермейді олар намысын.
(Жауабы: Шахмат)
Бір көлден он екіден қаз ойнайды, Алсам деп бірін-бірі наз ойлайды. Келгенде жақындасып, қожаңдасып, Бір бірін алмасына еш қоймайды.
Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар, Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара.
(Дойбы) (Жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
Логикалық тапсырмалар 2-сынып
1. Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы,екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар? (4)
2. Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды. Ал ол 30 теңге ғана жұмсады. Сонда бір аптада Арман неше теңгені үнемдеді?
(5 күнге -100 тг, ал алты күн болса-120 тг)
3. Бақтан алғашында 12 кг алмұрт әкелінді, екінші рет одан 4 кг кем әкелінген. Барлық әкелінген алмұрттарды әр пакет қалтаға 2 кг-нан салғанда неше пакет қалта қажет болды? (10 қалта)
4. Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4-тен артық бөрене сыймайды.Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет? (3 рет)
5. Назымның 4 қарындашы бар, ал Оспанда осынша қарындаш және тағы да сонша және тағы да соншаның жартысындай қарындаш бар.Оспанда қанша қарындаш бар екенін тап. (10 қарындаш)
2-сыныпқа арналған логикалық есептер
1. Әтеш бір аяқта тұрып 3 келі тартады. Екі аяқта тұрып әтеш қанша келі тартады?
2. Бір көпбалалы отбасыда әр 5 ұлда 3 қарындасы бар. Барлығы қанша бала бар?
3. Бөлменің 4 бұрышының әр қайсысында мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы тағыда 3 мысық отыр. Осы бөлмеде барлығы қанша мысық отыр? Кiм Маридің анасының жанында отыр?
Отырғышта Мари, оның анасы, әже және қуыршақ отыр. Әже немеренiң жанында отыр, бiрақ қуыршақтың жанында емес. Қуыршақ ананың жанында отырған жоқ. Кiм Маридің анасының жанында отыр?
(A) Мари; (B) Әже; (C) Мари және әже; (D) Мари және қуыршақ;
(E) Әже және қуыршақ.
1. Алаңғасар үй иесiде не өсiп шығады? Алаңғасар үй иесінде «Қияр», «Гүл» және «Түймедақ» жазулары бар 3 жәшік көшеттері бар. Ол «Түймедақ», «Қияр» және «Раушан» гүлін жәшіктерге
отырғызды, бірақ жазу атауына сай келген жоқ.
«Түймедақ» жазуы бар жәшікте не өседі?
(A) қияр; (B) раушан; (C) түймедақ;
(D) анықтауға болмайды; (E) қарбыз.
6. Баспалдақта неше саты бар? Марат саты бойынша баспалдақ арқылы адымдай келе жатып бiрiншi баспалдақты өткiзіп жіберді. Сонымен қатар ол басқан адымдарын санап отырды: «Бір, екі, үш...» Баспалдықтағы сатылар саны нешеу?
(A) 5; (B) 7; (C) 9; (D) 11; (E) 12 .
7. Әрбiр шынжыр табанда өз жапырығы бар. Қай жапырақ кімдікі екенін анықта.
8. Бір топ бала тоғаннан, Он бес балық ұстады. Бөліскеде оларды
Тиді әркімге үш балық. Сыпайын бір ол сені Бала сонда қанша еді.
9. Бес бұтақты ағашта Бұтақ сайын 5 алма Біреуін бер Сайынға Сонда қалмақ қанша алма?
10. Шығатын жолды дұрыс тап:
Жаңбыр жауып тұрғанда мысық бөлмеде немесе жертөледе отырады. Мысық бөлмеде болғанда, тышқан інінде отырады, ал ірімшік тоңазытқышта болады. Егер ірімшік үстелдің үстінде, ал мысық жертөледе болса, онда тышқан бөлмеде болады. Қазір жаңбыр жауып тұр, ал ірімшік үстелдің үстінде. Онда міндетті түрде
(А) мысық бөлмеде (В) тышқан інінде (С) мысық бөлмеде немесе тышқан інінде (D) мысық жертөледе, ал мысық бөлмеде (Е) ондай жағдай мүмкін емес
Логикалық есептер 4-сынып
1. Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады? Шешімі: 12-3=9 9-3=6 6=6
2. 10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады?
Шешімі: 10-7=3 7-2=5 2+3=5
3. Тоғыз литрлік және төрт литрлік екі ыдыс берілген. Осы ыдыстардың көмегімен бактан алты литр суды қалай алуға болады? (Суды бакқа қайта құюға болады) Шешімі: 9-4-4=1 9-4=5 5+1=6
4. 8 л, 5 л, 3 л ыдыстар берілсін. 8 л ыдыс суға толы. Енді осы суды екі ыдысқа 4 литрден қалай тең бөлуге болады? Шешімі: 8-5=3 5-3=2 3+3=6 6-2=4
5. Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым?
Шешімі: (((x+1) * 2)/4)-3=1 x=7 6
6. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
7. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша, қыздар қанша? Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұ) х+3=16+3=19(қ)
7. Есептеңіз. 7500*8001+8001*3500 Шешімі:
7500*8001+8001*3500=8001*(7500+3500) = 8001*10 000
8. 30 марғұлан үш күнде жүз конверт сатып алды. Осы үш күннің бірінде ол кем дегенде отыз төрт конверт алғанын дәләлдеңдер. Шешімі: 100=33*3+1
9. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз. Шешімі: (Дирихле принципі) 1 жылда 365, 366 күн бар. Демек, олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туған.
10. Сиқырлы алма ағашында алғашында он бес банан, жиырма апельсин өсіп тұр. Егер ағаштан бір жемісті үзсек, онда дәл сондай жеміс өсіп шығады, ол егер бір уақытта екі бірдей жеміс үзсек-апельсин, ал егер бір уақытта екі әр түрлі жеміс үзсек – бана өсіп шығады. Алма ағашында бір түрдегі жемістер қалу үшін, жемістері қандай ретпен үзу керек? Жауабы: Талдау
11. Қорапта 25 кг шеге бар. Табақты таразы мен массасы бір кг гирь тасты қолданып, екі рет өлшеу арқылы қалай 19 кг шеге алуға болады?
Шешімі: 12+1кг=13 12/2=6 6=6 13+6=19
11. 1,2,3 цифрларының әрқайсы қайталанбайтындай етіп құрастырылған барлық үш таңбалы сандардың қосындысын тап.
Шешімі: мүмкін нұсқаларды іріктеу 2 3 1 3 2 1 3 * 2 3 1 1 2 3 2 1
12. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді?
Жауабы: 9 есе
13. Селодан қалаға дейін велосипедші 20 км/сағ жыдамдықпен, ал қайтар жолда 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орта жылдамдығын тап.
Шешімі: (20+10) / 2=15
14. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін. Жауабы: 1 және 2
15. Дөңгелек бойында он бес бала тұр. Әрбір қыздың оң жағында бір ұл тұр. Ұлдардың жартысының оң жағында бір ұлдан тұр, ал қалған ұлдардың жартысының оң жағында бір қыздан тұр. Неше қыз? Неше ұл бар?
Шешімі: Әр қыздың оң жағында ұл тұрғандықтан, қыздар мен ұлдардың жұптары бар (қ, ұ). Бірақ ұлдардың жартысының оң жағында ұлдар тұрғандықтан, дөңгелек бойында ҚҰҰ болуы керек. Ал қалған ұлдардың жартысының оң жағында қыздар болуы керек. 5-қыз, 10- ұл.
16. Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді. Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз. Жауабы: 6*(8+20):4-2=40
17. Суретші Худабеднов бір айда 42 картина салды. Олардың 17-сінде орман, 9-нда өзен, ал 13-нде орманда, өзенде салынған. Қалған картинкаларда түсініксіз суреттер бар. Қанша түсініксіз суреттер бар?
Жауабы: Эйлер-Венн диаграммасы. (29-17)-13=33 42-33=9
18. Егер фигураның периметрі 32 см екені белгілі болса, онда осы фигураның ауданын табыңыз.
Жауабы: 16 жағы бар. 32:16=2. Кішкентай квадраттың бір қабырқасының ұзындығы – 2см. Кішкене квадрат ауданы: S=2*2=4 Үлкен квадрат ауданы одан екі есе үлкен S=4*4=16 Kішкене квадраттар - 8. S=8*4=32 S=32+16=48
19. Мұғалім оқушыларға 415327 және 8373 сандарының көбейтіндісін табуды берді. Жәнібек есепті бірінші орындап, жауабы 328363624 деді.
Бұл қате, - деді Алишер. Неге, сен әлі шығарған жоқсын ғой, - деп Жәнібек ашуланды. - Сонда да оның қате екенін көріп тұрмын, - деді Алишер. Кімдікі дұрыс?
Шешімі: Жәнібек дұрыс айтты.
1) Соңғы цифралардың көбейтіндісі бірге аяқталуы керек.
2) Екі тақ санның көбейтіндісі тақ санға аяқталуы керек.
20. Отбасыда төрт бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың аттары: Жәнібек, Райхан, Салтанат, Жанат. Қыздардың біреуі бала-бақшаға барады. Жәнібектен үлкен, Райханның жасына Жанаттың жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Жанат кім? Қыз ба, ұл ма?
Жауабы: (5+13) = 18:3 Райхан>Жәнібек. Райхан он үште, Жанат бесте. Ең кішкентайы бесте, ол-Жанат, демек ол балабақшаға барады. Жанат-қыз.
21. Әділ тақтаға екі сан жазды. Мейрамбек олардың қосындасын қасына жазды. Жәнібек тақтадағы үш санын қосты. Егер Мейрамбектің жазған саны бес болса, Жәнібек тапқпн қоынды нешеге тең? Жауабы: 5+5+10=20
22. Туристік агенство «Дуремар» Карабасқа «Қиялилар әлеміне» үш билетті, яңни екі үлкен адамға және бір балаға арналған билеттерді -3543 теңгеге береміз деді. Балаларға арналған билет үлкен адамдарға арналған билеттен бес жүз теңгеге арзан. Карабас олардың өзін алдап тұрғанын қалай түсінді?
Жауабы:
1) Егер баланың билетінің құны үлкендердікімен бірдей болса, онда билеттің құны 3543+500=4043 болатын еді. Бірақ 4043 үшке бөлінбейді.
2) х-үлкен адамның билетінің құны.
3x-500=3543 3x=3543+500 X=4043/3 Теңдеудің натурал шешімі жоқ.
23. Үш таңбалы санның соңғы екі цифрларының орындарын ауыстырып, алғашқы үш таңбалы санға қосты. Одан 195… деп басталатын төрт таңбалы сан шықты. Онд алғашқы үш таңбалы сан шықты. Онда алғашқы үш таңбалы санның соңғы цифрі қандай сандар болуы мүмкін?
Жауабы: cba + cab - 195 * Екі бірдей санның қосындысынан (c+c) жұп сан шығу керек. Cондықтан b және a сандарының қосындысы 10-нан үлкен, яғни 14-ке тең. Сондықтан а цифрі 5-тен кіші бола алмайды. Демек а цифрінің орнына 5-тен 9-ға дейінгі сандарды қоюға болады.
24. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. Әрқайсының жасы нешеде?
Жауабы: 36;12
25. Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әр түрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады? Шешімі: 5*3=15
26. Дүкенде 4 әр түрлі қасық, 5 әртүрлі кесе, 3 әр түрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1 тәрелке, 1 қасық және 1 кесені сатып алуға болады?
Шешімі: 4*5*3=60
Қосымша тапсырмалар топтамасы
Тура есеп:
3, 2, Алмас 3 жаста, Әсел одан 2 жас үлкен. Әсел Шешуі: 3 + 2 = 5 (жас)
Кері есеп: 3, , 5.
Алмас 3 жаста, Әсел 5 жаста. Әсел Алмастан неше Шешуі: 5 – 3 = 2 (жас)
Кері есеп:
Саяжайдан 30 кг. құлпынай және бірнеше кг. қарақат Саяжайдан 20 кг. қарақат және бірнеше кг. құлпынай Бұл есептердің шығарылуы.
Тура есеп. Құлпынай – 30кг Қарақат - 20 кг ?
Шешуі: 30 + 20 = 50 (кг)
Жауабы: Саяжайдан барлығы 50кг жидек жиналды. 1-кері есеп.
Кері есеп. Қаланың бір көшесінде 90 үй бар, ал Шешуі: 90 + ( 90 + 8 ) =
Жауабы: Екі көшеде 188 үй бар.
Кері есеп. Қаланың екі көшесінде 188 үй бар, ал
Бұл жағдайда өрнек жазып шешу қиын, сондықтан жеке өрнектермен
188 – 90 = 98 (үй)
98 – 90 = 8 (үй)
Кері есеп. Шаруашылық ұжымы әрқайсысы 8 кг-нан 48 жәшік Шешуі:
1) 8*48 = 384 (кг)
2) 480 – 384 = 96 (кг)
3) 36 : 3 = 12 (кг)
4) 96 : 12 = 8 (жәшік)
5) 48 : 8 = 6 (есе)
Жауабы: 6 есе көп
Кері есеп: Шаруашылық ұжымы әрқайсысы 8 кг-нан 48 жәшік
Шешуі: 1) 8*48 = 384 (кг)
2) 48 : 8 = 6 (жәшік)
3) 36 : 3 =12 (кг)
4) 12 * 8 = 96 (кг)
5) 384 + 96= 480 (кг)
Жауабы: барлығы 480 кг
Мысалы: Арасы 846 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне 324 км ? 286 км
846 км
І тәсіл: 846-(324+286)=236 (км) Шешуі: 1) 324+286=610 (км)
2) 846-610=236 (км)
ІІ тәсіл: (846-324)-286=236 (км) Шешуі: 1)846-324=522 (км)
2) 522-286=236 (км)
ІІІ тәсіл: (846-286)-324=236 (км) Шешуі: 1) 846-286=560 (км)
2) 560-324=236 (км)
Шыны ыдыста – 3кг. ? артық Бөшкеде – 26кг.
Бір сан бір саннан нешеу артық немесе кем екенін Шешуі: 20 – 3= 23 (кг)
Жауабы: бөшкеде 23 кг. қияр артық. Шыны ыдыста – 3 кг.
Бөшкеде -? 23 кг. артық Шешуі: 20 + 3 = 26 (кг)
Жауабы: бөшкеде 26 кг. қияр артық. Бөшкеде – 26 кг.
Шыны ыдыста -? 23 кг кем. Шешуі: 26 - 23 = 3 (кг)
Жауабы: шыны ыдыста 3кг. қияр бар.
Барлығын табу үшін не істейміз? Құлпынай – 30кг? тг.
Қарақат – 20 кг.
Шешуі: 30 + 20 = 50 (кг) Жауабы: 50 кг. жидек.
Екінші есеп:
Барлығы қанша жидек жиналды? Оның неше кг. құлпынай?
Қалғандары қанша жидек? Құлпынай – 30кг 50кг.
Қарақат –?
Шешуі: 50-30 = 30(кг) Жауабы: 20 кг. қарақат. Үшінші есеп.
20 саны нені білдіреді? 50 саны нені білдіреді? Есептің сұрағы қандай? Қалай табамыз.
Қарақат – 20 кг. 50 кг. Құлпынай –? кг.
Шешуі: 50 – 20 = 30 (кг) Жауабы: 30кг. құлпынай.
Жұмбақты есептер
1. Мұз айдында жеті бала Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың Санын айтсаң – жарадың!
2. Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді?
3. Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып.
4. Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? Бір алма атама,
Бір алма әжеме, Бір алма апама, Бір алма әкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады?
4. Аулада бес үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
5. Қанша қоян аулада Сонша тауық аулада. Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей?
6. Екі аяқпен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің.... Нешеу болды кәне, бол, Санап шығар кім бұрын?
7. Тал басында тізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да, Үзіліп,
Қорытынды.
Өзiндiк iс-әрекетiнiң бiрiншi деңгейi бiлiмдi тiкелей қолдануды, үлгi бойынша шығаруды, есеп үлгiлерiн таныс жағдайға ауыстыруды қажет ететiн есептерден тұрса, орташа деңгейде – бiлiмдi 2-3 тақырып бойынша жаңғырта қолдануды, есеп үлгiлерiне сәйкес жағдайға ауыстыру мен реконструкциялауды, есеп үлгiлерiн жаңа жағдайда ауыстыруды мақсат етсе, жоғары деңгейде – бiрнеше таныс тәсiлдердi ерекше жағдайларға ауыстыру мен араластыруды, бұрыннан таныс көптеген үлгiлер негiзiнде есеп шығудың «жаңа» тәсiлдерiн шығармашлықпен шешудi көздейдi.
Тапсырманы құрастыру үшiн есептердiң вариативтi түрлерiн қолдану, олардың қиындығы мен проблемалылығының бiртiндеп артуына мүмкiндiк жасады. Оны орындау барысында бастауыш сынып оқушыларының дербестiгi артады. Бiрiншi кезектi үлгi бойынша iздеу, материалды еске түсiру мен жаңғырту дағдысы қалыптасады. Меңгерiлген бiлiмдi, анықтаманы қолдана бiлу дағдысын қалыптастырады. Мұнан кейiн есеп шығару тәсiлдерiн қолдана бiлудi меңгеру қалыптасады. Осы айтылғандармен қоса бастауыш сынып оқушыларының бiлiмiн жетiлдiрудi, олардың жинаған дербестiк және өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып iске асыру керек.
Бiлiм, бiлiк пен дағдыны қалыптастыруда осы дәйектiлiктi жүзеге асыра отырып, оқушылардың өзiндiк iс-әрекетiн жүргiзудi де осындай iзбен ұйымдастыруға қол жеткiзуге болады. Сабаққа дайындығын тексеру, есеп шығару тәсiлдерiн үлгi арқылы көрсету, есеп үлгiлерiн пайдалануды меңгеру бағытындағы тапсырмаларда жан-жақты орындау – вариант бойынша тапсырма орындау – тапсырманың орындалу нәтижесiн тексеру.
Өзiндiк оқу iс-әрекетiн ұйымдастыру, үлгiнi көрсету барысында оқытушы қойған сұраққа жауап беру түрiнде жүзеге асырылды. Дербестiктi дамытудың соңғы деңгейi бастауыш сынып оқушыларының бiлiм мен есептi шығару тәсiлiн пайдалану тәжiрибелiк қалыптасқан, оның өзiндiк ерекшелiгiмен сипатталады. Мұнда өзiндiк жұмыс тағы сол сияқты оқушылардың жеке жұмыс жасауы, тапсырманың қорытындысы бойынша сұхбаттасу және игеру деңгейiн анықтау мақсатындағы бақылау жұмысын орындау түрiнде жүргiзiледi.
Бастауыш сынып оқушылардың мүмкiндiгi мен ерекшелiгiне сай тапсырмалар араластығы егiзiлдi, өзiндiк жұмыстарды үлгi бойынша және түрлi басқа да тапсырмалар. Мұндай тапсырмалардың орындалуы бiлiм мен оны орындау тәсiлдерi сәйкестiгiн қалыптастырды, бiрақ танымдық дербестiгiнiң даму деңгейi әртүрлi болды. Бұл бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкiндiктерiне сай өз қабiлеттерiн толық көрсетуге жағдай жасайды. Бiлiм мен бiлiктiлiк жолындағы өздерiнiң табыстарын байқай отырып, оқушылар есеп шығаруға бұрынғыдан да жоғары белсендi кiрiстi, сөйтiп, өз кезегiнде пәнге қызығушылығы, оқуға деген ынтасы, шығармашылық жұмысқа деген қабiлетi артып, алға ұмтылғандығы байқалды.
Бастауыш сынып оқушыларының өзiндiк оқу iс-әрекетiн ұйымдастыру әдiстерi мен мазмұнында әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану циклдары пәндерiн оқытудағы сабақтастықтың құралы мен жолдарын табудың да берерi мол, осы сабақтастықты жүзеге асыруда оқушыларға көмек ретiнде ғылыми әдiстемелiк материалдар даярлау да кезек күттiрмейтiн мәселе. Бұл мәселелердi бастауыш сынып оқушыларының өзiндiк жұмысын тиiмдi ұйымдастыру арқылы шешiлуiмен байланыстырамыз.
Жүргiзiлген тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстарды қорытындылай келе, оқушылардың өзiндiк iс-әрекетiн ұйымдастыру мәселесi кешендi сипатта, сатылы түрде дамып отыруы қажет және әрбiр адамның нақ осы өзiндiк оқу әрекетi мен шығармашылығы қоғамдағы ғылыми техникалық және әлеуметтiк, экономикалық процестердi қалыптастырып, даму фокторлары болады деген тұжырым жасадым.
Жалпы сабақ мақсатының орындалуы мұғалiмнiң талмай iзденуiне, жауапкершiлiгiне байланысты. Ал математика пәнiнiң мұғалiмi үшiн, әсіресе өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру әдiстерiн жетiк меңгеру маңызды. Өйткенi мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрiсiнiң жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Әрбiр сабақта ұсынылған өзiндiк жұмыстардың өз мақсаты болады.
зiндiк жұмысын орындау процесiнде оқушы орындаған амалдардың дұрыстығы мен бұрыстығы сандық есепке алынады.
Өзiндiк жұмыс оқушыларды сөйлеп үйретуге емес, бiлiмнiң нақты деңгейiн көрсете бiлуге негiзделген әдiс. Өзiндiк жұмысты ұйымдастырғанда оның сапасына назар аударған жөн. Бұл оқушылардың бiлiм деңгейiн тексеруде өте тиiмдi.
Оқу бағдарламасында бұл әдiстi тарауларды және бөлiмдердi қайталау және пысықтауда қолдануға болады. Нәтижесiнде әрбiр оқушының бағдарламалық материалдық деңгейiн қалай игергенiн дәл анықтауға мүмкiндiк болады. Әрине, тапсырма оқушыға бiрдей мiндеттi емес, бiлiм дәрежесi жоғары, қабiлеттi оқушылар үшiн арнайы есептер мен сұрақтар, логикалық тапсырмалар енгiзуге болады. Бұл оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырып, терең бiлiм алуына бағыттайды. Сонымен қатар оқушы бiлiмiнде қандай олқылықтар бар екенiн анықтаумен қатар, оқушының өзi де қандай қажеттi бiлiмдердi меңгергенiн бiледi.
Өз заманының аса ойшылы, дүние жүзiне танымал, артына өшпес мұра қадырған немiстiң атақты математигi Карл Гаусс «Математика ғылымдар патшасы», – деп текке айтпаған. Олай болса математиканы оқыту, өзiндiк жұмысты ұйымдастыру, одан терең де сапалы бiлiм беру – әрбiр математик ұстаздың мiндетi.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Бастауыш мектеп» 1999 жыл, №8-9, 17 бет – 21 бет
Оқушылардың өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыру Гүлмира Пазылова.
-
«Бастауыш мектеп» №8, 2004 жыл, 20-21 беттер
Оқушының өзiндiк жұмысын ұйымдастыру.
Т.Қоқымбаева (аға оқытушы)
-
«Бiлiмдегi жаңалықтар» 2005 жыл, №3-11, 56-57 беттер.
Өзiндiк жұмысты ұйымдастыру.
Сансызбаева Шынарай Шангерейқызы Қызылорда облысы Арал ауданы
-
«Бiлiм» 2003 жыл, №3-4, 4-5 беттер.
«Өзiндiк жұмыс» Н.М.қалкеева. Ақтөбе қаласы №37 мектептiң директоры.
-
«Бiлiмдегi жаңалықтар» 48 бет.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық ойлау қабiлетiн дамыту Қ.Хасенова
-
«Математикалық пәндердi мектепте және жоғарғы оқу орнында оқыту» 2006 жыл, №2-3, 8-9 беттер.
Шығармашылық жұмыстар. Молдағалиева.
-
«Математика және информатика» 2004 жыл.
Оқушылардың бiлiм деңгейiн көтерудегi бақылау жұмысының ролi.
-
беттер. Сағи Мадияр.
-
«Бастауыш бiлiм беру мазмұны мен әдiстемесi» 2006 жыл, №2, 14-17 беттер, «Бастауыш мектепә м„тiндi есептi өздiгiнен шығару iс-„рекеттерiн ұйымдастыру. А.Белесарова. Бастауыш мектептердi оқыту сапасы, эксперимент және мониторинг зертханасының меңгерушiсi.
-
«Математика» №6 2006 жыл, 30-32 беттер.
«Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабiлетiн дамытудағы математиканың ролi».
Жандарова Жазира. О.қ.О. қазығұрт ауданы, Махамбет елдi мекенi. М.Өтемiсұлы атындағы орта мектебi.
-
«Математика және информатика» №3 2005 жыл, 14-17 беттер.
«Тұтас педагогикалық үрдiстi басқарудағы мектепшiлiк бақылау және оның реттелуi».
С.Қ.Қалиев. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ Бiлiм академиясы П.Ғ.О-ның директоры, п.ғ.д профессор.

