Материалдар / Отбасы сайысы ата аналармен сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы сайысы ата аналармен сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2018
2000
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Менің Отбасым» сайысы

Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін байқау.
Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдісі: Ата – аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар. «Менің отбасым» тақырыбындағы шығармалар көрмесі.

Барысы:Мұғалім: «Отбасы –шағын мемлекет » деген сөз бар. Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ –мемлекетіміздің құт берекесі. Атамыз қазақ  «Бала –адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.

Бүгін бастауыш сыныптар арасында күзгі демалыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатымен «Менің отбасым» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

1-сынып Айтжанов Алмас –анасы Мәдинамен

1-сынып Мұңсызбаев Ерсұлтан –анасы Динамен

2-сынып Құттымұрат Абылай-анасы Элмирамен

2-сынып Аманбаев Ильяс –анасы Айнұрмен

2-сынып Әлібек Әділбек-анасы

2-сынып Орынбеков Амир-анасы Ақгүлмен

3-сынып Темірбаева Мәдина –анасы Гүлшатпен

4-сынып Есіркепова Әсемай –анасы Раушанмен

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1) Ищниязова Ботакөз Самигуллақызы — директордың оқу ісінің орынбасары
2) Есетбаева Гүлнұр Мартаевна — даярлық тобының тәрбиешісі
3) Узганова Мақсат Құттымұратқызы — музыка пәнінің мұғалімі

Сайыс 5 балдық жүйемен бағаланады .


Ана-бала, бала-ана бір ұғым

Бір –бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын

Екеуінің өтсін бірге уақыты

Ана – бала көздің ақ пен қарасы

Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы

Әр ананы арманына жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары санасы

дегендей бүгінгі сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
І – бөлім . «Кел, танысайық!» таныстыру
ІІ – бөлім. «Менің Отбасым» Сұрақтарға жауап беру, яғни жан – жақты білім деңгейін, сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.

III – бөлім. «Шешімін тап» видеоролик талдау

Мұғалім:

І бөлім. Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.


ІІ – бөлім. «Бақытты отбасы қандай ?» - деген тақырыпқа жоба қорғау.

Сайыскерлер плакат, буклет,альбом түрінде отбасыларымен түскен суреттерін пайдаланып жоба қорғайды.

Әділқазыларға сөз беріледі
III – бөлім. Мұғалім:

«Мақал айтсаң –жол көрсеттің, мәтел айтсаң-жанымды жайландырдың» демекші, енді сайыскерлердің ата аналарымен отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу ойыны жүргізіледі.

1.Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.

2.Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

3.Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

4.Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.

5.Тату үйдің тамағы тәтті.

6.Ана- бәйтерек, бала- жапырақ.

7.Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала –
сорлы бала

8.Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

9.Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

10.Ағаның үйі – ақ жайлау.

11.Қонақ асына емес қабақ –
қасыңа риза.

12.Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.


13.Жақсы сөз сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.

14.Ата-балаға сыншы

15. Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.

16.Атаңа не істесең, алдыңа сол келер

17.Ананың сүті бал, баланың тілі бал

18.Әке көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішір.

(ситуациялық сұрақтар)
1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

3. Мектептен келген балаңыз. «Мен ертең мектепке бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

4. Мектептен келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектепте ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сен де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

5. Әке мұғалім сізді мектепке келсін деді? Мен мұғалімге дөрекі сөйледім.

6.Мама, сыныптағы балаларда қымбат ұялы телефон бар , маған да алып берші .

7.Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік Не істейсіз? 

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

9. Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

Әділ-қазыларға сөз кезегі беріледі. Марапаттау.

Соңынан оларға жүрекке жазған тілектерін сыйлыққа ұсынады.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер бүгін «отбасы сайысын» көріп тамашаладыңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!