Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасы тәрбиенің алтын бесігі. Қауіпсіздік 10 мин 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаты |
Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі |
Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда) |
|
Күні: |
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы |
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) Құндылықтар: Бірлік және ынтымақ
№ 2-САБАҚ 1- сыныптар: «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?» |
Сабақтыңмақсаты |
Отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту,сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту,сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу |
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық, жауапты азаматтық позиция, өмір бойы оқу, ашықтық, өзі-өзіне және айналадағы адамдарға құрмет |
Қауіпсіздік мақсаты |
оқушыларды қауіпті жағдайларды жылдам және ұтымды шешімдер қабылдауға үйрету |
Апта дәйек сөзі |
«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!» (Абай) |
Сабақтыңкезеңі/ уақыт |
Педагогтіңәрекеті |
Оқушыныңәрекеті |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
1.Шаттық шеңбері Сергіту сәті Бас барамағым - атам, үйдің данасы, Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы, Ортан терек - әкем, отау панасы, Шылыдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажажры, Титтей бөбек - мен, бәрінің базары. (Ермек Өтетілеуұлы) Ой салу -Отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі қандай ? -Бүгінгі тақырыбымыз не туралы болуы мүмкін? Әңгімелеу - Қыздар анасына өз сүйіспеншіліктерін қалай білдірді? - Ұл балалар аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру |
Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді |
Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы |
Дәйексөз - Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны көресің» деген сөзін балаларға бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде алынады. 1. Бала тәрбиесіндегі ата-ана махаббатының мәні неде? 2. Бала тәрбиесіндегі ата-әжелердің рөлін анықтаңыз. 3. Махаббатсыз отбасы деген баяндаманы дайындаңыз. 4.Өзіммен – өзім Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздерін ең жақын, сүйікті отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз алдарына елестетеді. Өз отбасылары туралы ең қымбат, ғажап сөздерді айтып, өз ойларымен бөліседі. 5. Дәптермен жұмыс Мына суреттердегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Суреттерді бояңдар.
Сергітку сәті Өлең мазмұнына сәйкес қимыл- қозғалыстар жасалады. Ғажайып сөздер - Отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік. Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. |
Бағалау критериі Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін ажыратады Дескриптор: Отбасындағы құқықтарын анықтайды; Ұғымдар бойынша ақпарат анықтайды; Дәйектердің нақты, толық сипаттайды: Дескриптор Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды; құрылысын сақтап, жүйелі ой жазады. Дескриптор: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін қажеттігін дәлелдейді; |
Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Қауіпсіздік 10 мин |
1.Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін еске түсіріңіз. - Ешкі өз балаларына не тапсырды? - Қасқыр лақтарды алдай алды ма? Неліктен? Бейтаныс ағайды үйге кіргізбе, Және апайға да есік ашпа, Егер анаң жұмыста болса. Бейтаныс адамдарға сенбе, есікті мықтап кілтте! 2.Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау Қазір біз үйде жалғыз қалдық деп елестетейік. Қараңызшы, балаға үй ішінде қауіп төндіретін қандай заттар бар? - Кенеттен біреу есікті қақты. Сіз есікті бірден ашасыз ба? 3.Бейтаныс адамдар неге қауіпті? Дұрыс, балалар, ешкімге есікті аша салуға болмайды, өйткені қауіпті адамдар көп. Олар пәтерді тонап, бала ұрлап, тіпті адамды өлтіруі мүмкін. Егер сіз үйде жалғыз қалсаңыз, бейтаныс адамдарға, тіпті олардың дауысы мейірімді болса да, есікті ашпаңыз. Қауіпті адам ол өте айлакер, ол курьер немесе тіпті сіздің ата-анаңыздың танысымын деп айтуы мүмкін. Бірақ сіз сенбеңіз, үйде жалғыз екеніңізді айтпаңыз, әкем ұйықтап жатыр еді деп айтыңыз және оятпауын сұрағанын айтыңыз. Бейтаныс адамнан кетуді және кедергі жасамауды сұраңыз. Енді біз үйде жалғыз қалып, есікті бейтаныс адам қағып тұрған қауіпті жағдайды ойнайық |
4.Білімді бастапқы игеружәне түсінуді тексеру. «Егерүйге біреукірсе» тренингі Тренинг барысында бала пәтерде жалғыз болған кезде бөгде адамдардыүйге кіргізбеуі тиіс жағдайлар ойналады. Рольдер бөлінеді. Бейтаныс бала есіктің артында тұрып, жақсы уәделерді, жылы сөздер мен интонацияларды қолдана отырып, пәтердегі баланы есікті ашуға көндіреді. Жағдаяттар: - пошташы шұғылжеделхат әкелді; - слесарь кранды жөндеуге келді; - полицей дабылды тексеруге келді; - медбике әжесіне дәрі әкелді; - анамның досы қонаққа келді; - бейтаныс адамдар көршілеріне заттар қалдыруды сұрайды; - әйел адамға «жедел жәрдем» шақыру керек. (Тренинг әртүрлі қатысушылармен бірнеше рет қайталанады). |
https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=36 |
Сабақ тың соңы |
Сабақты қорытындылау Кері байланыс «Тазалық» әдісі бойынша оқушылар өздері жаңа тақырыптан алғандарын ой елегінен өткізеді Еттартқыш- алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін. Чемодан- алған білімім болашақта қажет. Қоқыс жәшігі-алған білімімді қажет етпеймін. |
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
А4, конспект |