400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана ролі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған баяндама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі

Біздің халқымыз үшін бала тәрбиесі бір ғана отбасының,не балабақшаның,мектептің жеке ісінен бүкіл зиялы қауымның,бүкіл қоғам шұғылданатын ұлағатты істің тұтас бір кешеніне айналып отыр.Жас адамды саналы,сергек,есті етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы.

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың басты ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі», «Әкеден ақыл,анадан мейір алады». Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы-ата-ана,яғни отбасы.Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді.Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы-ата-анасы.

Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты,не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші орта факторларының маңызды кешенін қалыптастырады.

Отбасы адам баласының дүниеге келгенде есігін айқара ашып,табалдырықтан аттап кіретін үйі,алтын ұя-мекені.Сол ұяда ержетіп,тәрбие алатын аса қажетті,әрі қасиетті бесігі.Бала тәрбиесіндегі жанұяның аса құнды ықпалы және артықшылығы үйдегі адамдардың жас шамасы әртүрлі болса да рухани жақындығы,мақсаты,ынтымақтастығы.

Жанұядағы әке,шеше,бала негізгі мүшелері.Жанұяда әкенің рөлі ерекше.Әкені-отбасы,отағасы деп,жанұяда негізгі тұлға деп есептеген.Сол себепті әкені асқар тауға теңеген.Халқымыз әкені құрметтеуге ұрпағын үнемі тәрбиелеп отырған. «Әке қарғысы-оқ» деп бекер айтылмаған. «Әкеге қарап ұл өсер»-деп әкелердің жауапкершілігін ескертіп отырған.

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны ерекше.Әке-асқар тау болса,ана-ағып жатқан бұлақ,бала-жағасындағы құрақ,яғни бұлақ тіршілік негізі,бұлақ арқылы жансыз жерге жан бітеді,көрікті тал,терек,гүл өседі.

Халқымыздың «бұлақ көрсең,көзін аш» деуі сондықтан.Ана арқылы оның мейірімді жүзі,аялы алақаны,ұрпақты өмірге әкелуі,ана тілі,ұлттық ерекшелігі қалыптасады.

Отбасымыздың жеміс брер гүлі-бала.Ендеше ұлтымыздың,мемлекетіміздің байлығы-бала.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында былай деп жазылған:

1.Неке мен отбасы ,ана мен әке және бала мемлекетіміздің қорғауында болады.

2.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата-ананың табиғи құқығы және парызы.

Қазақстан Республикасы Білім беру туралы Заңының 26-бабында:

Ата-аналардың(оларды алмастыратын адамдардың) міндеттері:

-балалардың өмірі және оқуы үшін,олардың рухани және дене күштерінің кінаратсыз және қауіпсіз дамуына ,адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға;

-6-7 жастан бастап балаларын жалпы білім беретін мектепке беруге;

-денсаулығына сай арнаулы мектепте оқытуға;

-білім беру мекемелерімен ынтымақтастық жасауға міндетті.

Ата-ана өз құқығын заң жүзінде білуі керек.

Мектеп ережесін,бала тазалығын сақтауы міндетті және бұлжытпай орындауы керек.

Тәлім-тәрбиенің мақсаты және де көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төменгі міндеттерді шешеді:

-Отбасындағы баланың өсуіне,денсаулығына қамқорлық жасау,тазалықты қалыптастыру.

-Еңбексүйгіштікке баулу,тұрмыстағы,үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру,өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.-Отбасы мүшелерімен тіл табысып,дұрыс қарым-қатынас жасауға,жасы үлкендерді сыйлауға,кішіге қамқор болуға үйрету.

-Ұқыптылыққа,ойшылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

-Әдебиетке,өнерге,мәдениетке тәрбиелеу.

Қорыта келе, отбасы –бұл белгілі дәстүрлерді,адамшылық идеалды,жақсы өнегелерді сақтаушы.Жылы сөз,ұнамды мінез,ыстық мейірім,қуатты ашық әңгімелесуарқылыкөңілін табу,баланың ішкі сырын ашу-әр ата-ананың міндеті.Бұны ата-аналардың қоғам алдындағы үлкен міндеті десек те болады.



Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы













Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен міндеттері

Баяндама



Өткізген:Тұяқова Қарлығаш Жалбыровна

















2014 жыл

Жалтыр негізгі мектебі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.01.2019
650
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі