Сабақтың тақырыбы: Мен және менің
отбасым
Сабақтың
мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі
ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін
түсіндіру;
Ә) Халқымыздың
тәлім-тәрбиесі ананың ақ
сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік
ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына
дарыту;
Б) Отбасы
мүшелерінің арасындағы
бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру,
сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны
шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд,
мультимедиа.
Барысы:
І. Құрметті
ұстаздар, ата-аналар!
«Мен және менің отбасым» атты тәрбие сағатымызға
қош келіпсіздер.
ІІ. Алдымен
балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап
жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы
ойнаймыз
-
Әкелеріңнің әкесі сендерге кім
болады?
-
Әкелеріңнің анасы кім болады?
-
Отбасының тірегі кім?
-
Үйдегі алтын қазық кім?
-
Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін
артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін
атқаратын кім?
-
Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім
дейміз?
(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп,
отбасы сөзін шығару)
ІІІ. Отбасы-адам
баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге
келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына
көніп, осында ер жетеді.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас
ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана
сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе
әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.
Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан
мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі
толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы
өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.
ІV. Балалардың
отбасы туралы жыр шумақтары:
1-оқушы
Бала,бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
2-оқушы
Атамның ән-күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мерейі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
3-оқушы
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген-тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойында аққан қаның
да,
Шыққан тегің, ол-негізің, жаның
да.
Не десеңде әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр
демеп.
4-оқушы Бойға қуат
береді.
«Әй, жарайсың» дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді.
5-оқушы Әкем шытса қабағын,
«Байқа, балам» дегені
Алған көп-ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны.
6-оқушы Сабағымнан
қалмаймын
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым
Қуантамын әкемді
7-оқушы
Ойнаймыз, күлеміз
Жарқылдап жүреміз
Әкені сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.
8-оқушы
Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар
бұлағы,
Ана деген – тіршіліктің шұғылалы
шуағы.
Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
9-оқушы
«Балам аман болсын» деп көз
ілмеген,
Қуат алдың, анажан, өзің
неден?!
Адамдардан жақсылық күте
алмаймын
Ана жүрек мейірін түсінбеген
10-оқушы
Әжемнің саясында ер жетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер
бетінен
11- оқушы
Ер жетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны
12- оқушы
Дүниенің жарық күні-анамыз
Жарық күннен қуат алған
санамыз.
Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,
Дана болсақ-анамене данамыз.
Өмірге мына бізді ала келген,
Дүние қымбат екен анаменен
V. Ән: «Асыл
әжем»
VІ. Отбасы туралы
мақал-мәтелдер
-
Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ,
бала-жағасындағы құрақ.
-
Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.
-
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон
пішер
-
Ата-бәйтерек, бала-жапырақ
-
Балалы үйдің еңсесі биік.
-
Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ
бар.
VII. Оқушыларға арналған ситуациялық
жағдайлар:
-
Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол
үшін ұстазың саған
ренжиді. Осындай жағдайда сен не
істейсің?
-
Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң
«Досына қарап
өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды,
онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?
-
Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін
жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді
жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен
болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут
бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің
қоңырауы соғылды. Не істейсің?
ХІІІ. Қорытынды
Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы
туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін,
отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын
жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін
дәлелдейді.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Әкем біреу, анам да біреу менің
Мен жығылсам сүйенер тілеулерім
Олар барда мереке
Көрген емес қабақтарын, шытқанын,
түнергенің
Менің досым әкесін жек көреді
Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.
Жамандайды, сыртынан тістенеді.
Бір-біріне бітпейді өкпелері
Дос тапса да адамдар, тапсадағы
Әке жалғыз табылмас ақшаға да
Жамандасаң әкеңді саған әкеп
Жақсы әкесін береме басқа бала
Әке білек, саусағы балалары
Қан тамырымен жалғасқан аналары
Ана тамыр бойымен беріледі
Тіршіліктің жылуы таралады
Отбасым - бақыт
мекенім.
Мақсаты:оқушылардың
отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының
маңызын дәріптеу.
Оқушылардың естес ақтау, ойлау
қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын
дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа,
жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы
құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтүрі:сынып
сағаты
Әдісі:әңгімелеу,
сұрақ-жауап .
Көрнекі
құралдар: отбасы туралы
мақал-мәтелдер, нақылсөздер.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал
туғызу:
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге,
Алақанға ұрайық.
Отбасы-мемлекеттің негізгі
буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне,
Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен
ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі
мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау
алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген
әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің
борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан
мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды
ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының
түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр
етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер
жетеді. Отбасы мүшелерінің
жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей
міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның
тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады.
Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау
керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез
дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес
тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін
іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие
беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына
адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін
тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен
аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін
өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі,
бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана -
отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен
салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен,
қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы
баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл
жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас
нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап,
болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет
жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны
дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге ,
салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге,
жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар
мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске
әкеледі.
Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ
қасы.
Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта
орал.
Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан
келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек.
Өзің іздеп таппасаң, ол
қаша береді.
«Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел», -
деуші еді марқұм анам, қазір өз басыма келіп
отыр.
Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс түсе
біліңдер.
Жұбайың жанында болса, жұлдызым төбемде дей
бер.
Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз
жұмағым үйімде.
Екеуге тентек болсаң да, басқаға тентек
болма.
Үйленуге барсаң, үйретуге
барма.
Туыс та сыйлыстыққа мұқтаж.
Бірақ жанды алдамау керек, ол -
бала.
Поэзияның пірін сәбиі бар анадан сұра, қайда
екенін айтады.
Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағағға, тіпті
қала берді үйге келген
қонаққа да қарап өседі.
Сәбидің Алласы - анасы.
Ата салты дегеніміз - халықтың салты, адалдық пен
ақтықтың салты.
Болар бала босағадан.
«Келешек көзі – балада» деп өсіріп
келеміз.
Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі
деген осы, баласын сәби ете
береді.
Есейген бала еңбекшіл, есірік бала
көшешіл.
Ерке бала есік таңдамайды.
Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі
мүмкін.
Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді
ұмытуға әсте болмайды.
Махаббаттың ұлылығы сонда: уақытпен бірге жасарып
жасай да,
жырлана да береді.
Жақсы есім — қанатты ат сияқты баланың қиялын
дамытады.
Текті тектігін сақтайды, асыл асыл калпында
сынады, жасып сынған
асыл жоқ.
Балалы үйдің есігіне құлып керегі
жоқ.
Әкеден бала артып тумайды, тұрған ортасы
арттырады.
Жаман қатын қабаған иттей, жаман ер мияулаған
мысықтай, екеуіне де кезіге көрме!
Жаман қатын туысын балағаттар.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С.
Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп
бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы,
ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы
- барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында
сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік
болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап
отбасының тәрбиесін алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа
әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де
ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп
қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың,
қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып
қалыпты.
Балдан тәтті не? (бала)
Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
Балаға кім сыншы? (ата-ана)
Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде
кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім,
ұстаз
қадірлі.)
Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл
атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт
ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда
болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана
сүті)
Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз,
қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы
айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы
мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері
керек.