Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар мен ата-аналарға арналған кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары

(Жас мамандар мен ата-аналарға арналған кеңес)

Ақтөбе қаласы, №4 «Көктем» МДҰ-ның

қазақ тілі мұғалімі - Ж. С. Жұмашева.



Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр.

Отбасында тәлімді тәрбие, өнеге көріп өскен бала жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық – баланың жан –жақты даму деңгейіне әсер етіп, тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Сондықтан ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталуы керек.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

  • Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру кеңістігін құру:

  • Балалардың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық – физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

  • Баланы мектепке дайындау;

  • Отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру,дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;

  • Балалармен бірлескен шығармашылық іс – әрекет ұйымдастыру;

  • Ата –аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс – әрекет негізінде арттыру. Ата – аналарды оқыту үшін берілген бағдарламаны меңгеруін қадағалау.

Сонымен қатар балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін, іскерлігін дамыту керек. Оны дамытудың жолдары:

1. Танымдық бағытта – ашық ұйымдастырылған іс – әрекеттер, педагогикалық – психологиялық тренингтер, дарынды балалармен жұмыс.

2. Адамгершілік – құқықтық бағытта – баланың құқығы туралы ата – аналармен дөңгелек үстел ұйымдастыру.

3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында – семинар, конференция, акциялар, денсаулық күні, т.б.

4. Эстетикалық бағытта – өнер байқаулары, сайыстар ұйымдастыру.

5. Рухани –өнегелік тәрбие – ұлттық салт – дәстүрлерді балалар бойына сіңіру.

6. Шығармашылық бағытта – көрмелер, топтар жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Ата –аналармен жұмыс –ашық есік күні, спорттық жарыстар, шығармашылық есеп беру концерттерін ұйымдастыру.

Бала тәрбиелеу оңай шаруа емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдықты талап етеді. Отбасы баланың дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі ошақ. Баламызды балабақшаға жібердік, бақша тәрбиелейді,білім береді деп ауыртпалықты тәрбиешіге жүктеген дұрыс емес.

Баланы бақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым –қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие алуына бірлесе әрекет етуі тиіс.

Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне көңіл аударуға уақыт бөле алмайды. Баланың күнделікті өмірінде әрбір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсылығын мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру баланы жетістіктерге жетелейді.

Ата –ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса,сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсіне жол ашады.

  • Бақшадан келген баланың көңіл-күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға беруін үйрету.

  • Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.

  • Баланың жақсы мінезін, іс -әрекетіне назар аударып, көңіл –күйін көтеру.

  • Ата-ана өзін –өзі ұстай білу, бақылай білу.

  • Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.

  • Баласының тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ой –идеясына көңіл бөлу.

  • Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез – құлқын, іс –әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу.

  • Баланың психо – физиологиялық даму деңгейіне, жан –жақты жетілуіне көңіл бөлу.

  • Баланың орынды талап тілегін тежеу жасамай, еркіндік беріп,дүниеге, өмірге деген көзқарасына түсіністікпен қарау.

Ата –аналар жиналыстарын дұрыс өткізу үшін тәрбиешілер есіне:

Алға қойған мақсатыңыз нақты, айқын болсын.

Жиналысқа арнайы мамандарды шақыру( психолог, балалар дәрігері, педагогтар).

Жиналысты өткізуге алдын-ала дайындық кезеңін жасау.( Жиналысқа дейін талдау ұсыныс жасау, сауалнама жүргізу, оны алдын ала талдау).

Ұйымдастыру формасы ата-аналардың белсенділігін туғызатындығындай қызықты, тартымды болуы шарт: іскерлік ойындар, ата-ана рингі, шағын топтармен жұмыс, тренинг, пікір сайыс, дөңгелек үстел,, отбасылық кеңес, т.б.

Ата-аналар жиналыстарында баланың іс-әрекетінің немесе кемшіліктерін айтудың қажеті жоқ, оларға сенімділікпен қараңыз, кінә тағудан аулақ болыңыз. Керісінше, баланың жақсы жақтарын айту сіздің міндетіңіз еrенін ұмытып кетпеңіз.

Ата-аналар жиналысына қатысушыларды мадақтау, ризашылық білдіруді естен шығармаңыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі