Отбасынан таппаған мейірімділікпен құрметті қоғамнан іздеу бекершілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасынан таппаған мейірімділікпен құрметті қоғамнан іздеу бекершілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасып, Отанға деген ыстық сезім жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталатыны анық.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Бүрлібаева

Ақбаян

Шілдебайқызы


Отбасынан таппаған мейірімділікпен құрметті қоғамнан іздеу бекершілік. \Баяндама\

Бала дүние есігін шыр етіп ашқан күннен бастап-ақ, жаңа ортаға келіп қосылады. Сол ортада ол да тиесілі еншісін алады. Ол оның отбасы. Баланы үлкен ортаға, қоғамға бейімдеп даярлайтын да отбасы. Баланың жан дүниесі айнадай тап-таза мөлдір, сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарау қажет. Себебі, әр баланың өзіндік психологиялық жеке ерекшеліктері бар. Ата-ана балаға жақсы тәрбие беру үшін, баласының әр мінез бітістерін байқап білуге қабілеті болу керек. Барлық ата-ана отбасында «Мен балама дұрыс тәрбие бермей жатырмын» -деп, еш ойламайды. Себебі, әр ата-ана, әр отбасы қабілет-қарымына қарай тәрбие береді.

Ал баланың жан дүниесі-өте нәзік. Балаға ойланбастан айтылған сөздің өзі оны күйзеліске әкеп соқтырары анық. Отбасындағы бала тәрбиесі түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып, жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп, дамып отырса тәрбиенің құндылығы арта түседі. Ата-бабаларымыз тәрбие тал бесіктен деген. Бала үшін ата-ана үлгі боларлықтай игілікті іс жасаушы, өнеге көрсетуші және ақыл кеңес айтушысы болған жағдайда ғана танып біле алады. Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Ата-ана баланың жеке тұлға ретінде қарау. Баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру. Сонымен жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіруге, отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейд. Осы мақалдың мән мағынасына үңілер болсақ, баланың санасына түсінікті сөздермен сіңірер болсақ нәтижесі керемет болып, саналы ұрпақ шығары сөзсіз. Алайда ата-ананың үйдегі іс әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан баланың көзінше ата-ана бір-біріне қатты дауыс көтермесе, бала сол тәрбиені алып тәрбиелі болып өсер еді. Үйдегі ата-ананың жүріс тұрысы, сөйлеген сөзінің өзі баланың санасына ықпал етеді. Бұл қасиеттердің барлығы бала бойында тұрақты қалыптасады. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, баламыздың да жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетілері сөзсіз. Отбасында ата-ана мектептегі ұстазды мақтап, әр алған бағаларына сеніммен қарап баланың өзін мақтай отыра, білімге ұмтылысын жақсартуға өзі себепші болар еді.

Ұстазды үлгі тұтпайтын оқушы болмайды. Мектепке келген оқушы алдымен ұстазға қарап үлгі алары сөзсіз. Ата-ана өз баласының саналы болып өсуіне өзі себепші. Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату-біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге-өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын. Қорытындылай келе, тәрбиедегі ең басты ережелер-балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махабатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшелектерін түсіне білу болып табылады дегім келеді.

Picture 3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2022
391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі