Отбасында баланы туған жерге деген
сүйіспеншілікке баулу.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «
XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел алға баспайды» деген
болатын.Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу өзара тығыз байланыста,
тіпті оларды өзара тең деп те атайды. Ендеше отбасы тәрбиесі бізге
ауадай қажет. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат
тарихының өн бойындағы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы
мақсат болмағандықтан, мектеп оқушыларының бойында Отанға, туған
жерге деген сүйіспеншілік терең қалыптаса білу керек. Осы жолда біз
нәтижелі жұмысчтар жүргіздік. Ата-ана бізге осы бағытта қолдау
көрсетіп отырды.
Ата-ана адамның ең ұлы сезімі
– азаматтық парызын туған жерді қадірлеу, адамгершілік,
Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас
өскіннің екінші жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып,
қалыптастыруға бағыттады. Отбасылық патриоттық – отансүйгіштік
тәрбиесі – тереңнен тамырын тартқан, халқымыздың сан ғасырлық
болмысының, дүниетаным – көзқарасының, ақыл – ойы мен салт – дәстүр
мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпай тұрып келер ұрпақты
патриоттық – отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырып, алтын
бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында
бар күш – жігері мен ақыл – қайрат жұмсап, отаншыл азаматтарды,
яғни нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсіру мүмкін емес. Патриотизмге
тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ
ол әрбір буында патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан
бастау алғанда ғана тиімді
болмақ.
Туған жерге деген отбасы тәрбиесін жүзеге
асыру нәтижесінде патриоттық сана қалыптасып, сезім, қабілет,
қасиеттерді дамуыды. Әртұлға бойына намыс, ар, сүйіспеншілік
ұялатты. Туған жерге деген сүйіспеншіліктер арқасында ғана қазір
бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз. «Бұл дүниеде біздің
Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Бұл туған мемлекетіміздің
тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне,
халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге
мектебіміздің әр тұлғасы
патриоттық тәрбие тамырын кеңге жаюы
тиіс. Патриоттық
тәрбие – еліміздің әлеуметтік – экономикалық, саяси дамуы жаңа
сапаға ие болып, тәрбие процесіне жаңаша көзқарас қажет болып
отырғандықтан, қазіргі кезеңнің күрделі шарттары аясында іске
асырылуда. Мұның барлығы патриоттық тәрбиенің төмендегідей өзіндік
ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді:
- өткен уақыттағысына негіз
болады, олардың негізінде спортшыларды патриоттық іс-әрекетке
қатыстыруға болатын оқу- тәрбие процесін түзеуге болады;
- патриоттық тәрбие өзінің
мақсаты бағыттылығымен жас спортшылардың отанға деген
сүйіспеншілігін арттырады; -
патриоттық тәрбиеде мақсаттар мен мазмұндардың, нысандардың және
тәрбие әдістерінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін жеке-
әрекеттілік, кешендік қатынас пайдаланылады. Мұның өзі
тәрбиеленушіге біртұтас тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін
топтық және даралық ықпал қолдануға жағдай жасайды. Сонымен,
оқушыларға патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты – оқушының, жеке
тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс- әрекеттерін саналы түрде
меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси-моральдық, кәсіптік,
психологиялық,дене шынықтыру сияқты сапаларды қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында тәрбие
жүйесін жетілдіруге байланысты алдына қойған негізгі мақсаты –
«қазақстанды патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпыадамзаттық
құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға
ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру» - деп бүгінгі XXI
жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениетті өзара кіріктіре
отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделіп отыр. Егеменді еліміздің
жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен
ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған
басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп
оқушысы. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары
Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық жолдауында :
«Олар...күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары
болады» - делінсе, ҚР – ның «Білім туралы Заңында» «Білім беру
жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отанын
ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық
дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің
жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа
халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін
зерделеу,мемлекттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» делінген.
Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға
талабы, қоғам қажеттілігі. Халық ауыз әдебиетінің бір саласына
жататын ел қорғау, батырлық істер жайында туған халық мақалдары да
халықтың бұл ой – тілегі, арман-мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық
мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар,
ең алдымен кімге болса да, туған жер, өсіп-өнген ел – Отанды аса
қажетті, қадірлі, қымбат деп көрсетеді. Мысалы: «Ел іші- алтын
бесік», «Туған жердің топырағы да ыстық», Туған жерден топырақ
бұйырсын деп, отансүйгіштік сезімді дәріптеген халқымыз « Отанды
қорғау – азаматтық парызың» дейді. Ал «Ер жігіт ел үшін туады, ел
үшін өледі», «Елін сүйген ер болар», « Ерлік білекте емес, жүректе»
т.б. мақалдар өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша,
ақтық демі біткенше алысу,сөйтіп дұшпанын Отанын қорғап қалу нағыз
халқын сүйген әрбір адамның міндеті болатынын
танытады.