Отбасында мейірімділік пен
қайырымдылыққа тәрбиелеу
Отбасы- ол кішкентай мемлекет.
Сол мемлекет ата мен әже, әке мен анадан бастау алады. Қазақ
халқында әуел бастан отбасы ең басты құндылықтардың бірі саналған.
Мысалы: «Отан – отбасынан басталады» деген нақыл сөзбен толықтыра
аламыз. Еліміздің ертеңі, ел басқаратын азаматтар, жұртына қамқор,
патриот азаматтар осындай ортадан шығады. Ал оны біздің халқымыз
ертеден-ақ білген, соның үшін де «жақсылықты алдымен анаңа жаса,
«Бала бауыр етің», «Әке асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала –
жағасындағы құрақ» деп атадан балаға ұрпағына мұра етіп қалдырып
отырған. Халқымызда баланың рухани адамгершілік тұрғыда дамып, өзін
қоршаған ортаға мейіріммен қарауға тәрбиелейтін әрине ол отбасынан
алған тәрбие. Отбасында бала мейірімге қанып өссе ол тұлға жүрегі
кең, мейірімге толы тұлға болып қалыптасуы айдан анық. Әже,
аналарымыз мейірімін төгіп бауырына басып тәрбие нәрімен
сусындатса, ата, әке қайырымдылыққа
баулыған.
Қазақ халқы баланы дүниедегі
барлық асылдан жоғары бағалаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй –
базар», «Баласыз үй- беймазар» деп бала тәрбиесіне аса мән берген.
Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болған ғой. Қазақ отбасы ата-әже,
әке-шеше, балалар – үш ұрпақты құрамнан тұрған. Ата – әже мен әке –
шешенің қарым-қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан толысып,
жетілуіне үлкен үлес қосады және ізгілікті іске баулыған. Жалпы
қазақ халқындағы бүкіл салт – дәстүр болсын отбасылық қарым-
қатынастарды реттеуге бағытталған десек артық айтпаймыз. Баланың
рухани кемел адам болуы үшін салт- дәстүрмен қатар тыйым сөздерді,
ырымдарды жиі қайталап тәрбиеге тиек етіп отырған. Бала тәрбиесіне
үлкен мән берген, ана сүтімен дарыған. Тәрбие тал бесіктен демекші
ұл мен қыз баланың тәрбие алуын жеке дара қарастырған. Ұл бала
мейірімді, ізетті болғанымен, керек жерінде ержүрек, батыл болуын
талап еткен. Сол бағытта тәрбие берген. Ал қыз баланың тәрбиесі
мүлдем бөлек. «Қыз жат жұрттық» екенін ертеден есте ұстаған, қазақ
қыздарын ерекше құрметтеген. Ұл бала тәрбиесінде әке басым тәрбие
бере білген, ал қыз бала тәрбиесіне анасы мейіріммен тірбие
берген.
Баланың бойына жастайынан
ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз- өзіне сенімді болуда отбасы үлкен рөль
атқарған. Шын мәнінде кемел білімімен терең сусындаған және сол
білімін ұлт мұратына құрбан еткен азамат – азаматтың төресі деп
тірбиемен қанаттандырып отырған. Ал ол азаматты тәрбиелеп, ұясынан
ұшырып, тұғырына қондыратын орта ол – отбасы. Осы орайда мен мына
аңыз әңгімемен толықтырғым келіп отыр, «Әке тәрбиесі». Ертеде хан
заманы кезінде алпыс жасқа келгенде қарт кісіні алыс шалғайға
апартып тастайды екен. Ұлы өсіп әкесі алпыс жасқа келеді.
Уайымдаған ұлы әкесін апармасқа шара жоқ , әкесіне келеді. Қарт
кісі ұлына: «Балам сен мен сиятын үлкен сандық жаса, сол сандыққа
мені жасырын бақ» дейді. Ұлы қабыл алып әкесінің айтқанының бәрін
жасап әкесін жасырын бағады. Арада бірнеше уақыт өткенде ауылында
су тартылып мал жан қырыла бастайды. Хан бұйрығымен ауыл посып
арбаларын өгізге жегіп көше бастайды. Әкесі ұлына: «Өгізді арбаға
жегіп мені арбаға тие» дейді. Әкесі: «Өгіз қатты шөл қысқанда балам
өкіріп тулайды, сонда арбадан босат» дейді. Ұлы тура әкесінің
айтқанындай жасайды. Секіріп тулаған өгіз бір жерді мүйізімен
сүзіп, тұяғымен қаза бастайды. Арада сәл уақыт өткенде сол жерден
су атқылап бүкіл ауыл - аймақ, мал - жан шөлдерін басып, мәз-мирам
болады. Ұлды хан шақыртады. Сонда хан сұрағына, бұл алпыс жастағы
әкесінің ақылы екенін айтады. Сол күннен бастап хан бұйрығы: «Қарт
кісіні бағып қағу бұйырылады» деседі. Бұл жерде «Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні», айтқым келгені әке, ана тәрбиесі. Қанша жасқа
келсеңде әкеңдей қамқор, анаңдай мейірімді жан жоқ. Ол кісілердің
беретін тірбиесі шексіз. Ана мен әке мейірімін көріп өскен бала
ешқашан ата-анасын тастамайды.
Қай заманда, қайсы елде болса
да жанұяның, ата-ананың адамзат ұрпағына беретін тәлім- тәрбиесіне
ештеңе жетпейді, өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға
болмайды. Жанұя тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе
көрегенді, ынтымақты, тату тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы
негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық,
әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұғымдарға
негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке – шешесінің,
ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің
маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті,
қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да алғаш рет өзінің отбасында
меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен
ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті
қылықтары, ерке – назы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық
– психологиялық қарым – қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани
бір байлығы. Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың
өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп
болады.
Адамның ең асыл қасиеттерінің
бірі – оның жұртқа ұнамды мінез – құлқы. Ол қасиет негізінен
отбасында қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттерімен ұштастыра білсек,
оның берері мол.
Балаға ортасына, қоғамға,
досына, жан- жағына және жан-жануарларға, жәндіктерге, өсімдіктерге
де мейірімділік танытуы ол отбасында алған үлкен тәрбиесіне
байланысты. Кішкентайынан мейірімділікке қалай баулу керек?,
қайырымды болу үшін қандай тәрбие бердім?, деген сұрақты әр ата-ана
бірінші өзіне қоюы керек...
«Айналдырған тас» туралы
аңызды тыңдап көріңіздерші: «Ел кезіп жүрген бір адам келе жатса,
алдында үлкен бір тасты көреді. Ол таста «Аудар да, оқы» - деп
жазылған жазуды көреді. Ол тасты әрең дегенде аударып, екінші жағын
қараса, «Өз білгеніңге назар аудармай, жаңа білім неге іздейсің?»-
деген жазуды оқиды», яғни бала тәрбиесінде туындап жатқан мәселенің
шешімі өзімізде екен.
Баланы тәрбиелеуде ата-ана
жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай
атамыз былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады,
Біріншісі - ата-анадан,, екіншісі- ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан.
Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек
жұғады». Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да , қаншалықты
шаршап- шалдығып жүрсе де ата – ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс.
Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала
жақсы әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен жанұяда
алады..
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін
оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны
түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына
жасайтын ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік
құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде
отбасы мен педагогтар шешуші рөль
атқарады.
Өз баламызға: мен сені жақсы
көремін, мен сенімен біргемін. Бірге біз барлығын да жеңеміз! –
деуді бүгіннен бастауды ұмытпайық.
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж
2.Б.Адамгершілікке тәрбиелеу
әліппесі.1989.
3.Аманжолова А.А. Жеке тұлғаны адамгершілік рухани бағытта тәрбиелеу.
4.// Әбдірахманов Ш.Ұрпақ тәрбиесінің
кейбір мәселелері. . Жолдыбекова Қ.
Рухани құндылық 5.Капешова Ш.Т. Адамгершілікті
жасөспірім бойында қалыптастыру.
6. //Отбасы Мұхаметшин С. Сен
қандайсың немесе өзінөзін түсінген –
дана.
7.//Өзіндік таным.2004,№5,24бет. Жастарға
адамшгершілікрухани тәрбие
беру
Жетісу ауданы, №193
ЖББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
С.Н.Дауленова