Материалдар / "Отбасындағы қарым-қатынас" ата-аналарменжұмыс

"Отбасындағы қарым-қатынас" ата-аналарменжұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету мақсатында ата-аналармен өткізуге өте тиімді. Бұндай іс-шараны өткізу негізінде ата-аналардың балалары арасындағы қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады, отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктерін анықтауға, олардың қалыптасу жолдарын қарастырады, бала құқығымен танысып, ата-аналардың отбасы тәрбиесі жағдайындағы әдіс- тәсілдерін қарастыратыны сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2149
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Отбасындағы қарым-қатынас . Ол қандай болу керек? Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға,отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету. Міндеттері: 1. «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу. 2.Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау, олардың қалыптасу жолдарын көрсету. 3.Балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының мүмкіндіктерін айқындау. 4. Бала құқығымен таныстырып өту. 5.Отбасы тәрбиесі жағдайында әдіс- тәсілдерін ұсыну. 6. Әңгіме қазғау сұрақтарын талқылау.

Отбасыадам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірінбірі тыңдап, атаананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету. Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беруүн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі — ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995 Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалдыөпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қаладыаланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз – балаларыңыз бен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. «Бала тәрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті»деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасадыемек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайдылай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. «Жапырақ тамырдан нәр алады» дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-анаасқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады. «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995) 21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар. 22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында , осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген құқықтарға ие. 23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi. 24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөнiндегi мiндетi 1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi өздерiнiң қабiлетi мен қаржы мүмкiндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi. 2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге мiндеттi. Отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері ырым, тыйымдар аркылы тәрбиелеу; ақыл-кеңес беру, түсіндіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; ұлы гұламалардың өсиет сөздерін пайдалану; халық ертегілерін бірлесе оку; мектеп, мұгалім, сынып оқушыларымен тыгыз байланыс жасау; бірлескен қозғалыс ойындар ұйымдастыру; ашық әңгіме-сұхбаттар; ата-аналардың жеке үлгі-өнеге көрсетуі; бірлесе өткізген демалыс уақыттары; балалар көркем фильмдерін бірге талдау; салауатты өмір салтын қалыптастыру; Әңгімелесу сұрақтары: 1. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау неге байланысты? 2. Отбасындағы тату тәтті өмір сүруге басты қасиеттер қандай болу керек? 3.“Қарым-қатынас мәдениетін” қалай құру керек? 4. Мұғалімдердің үлесі қаншалықты? Ата-аналарға сауал 1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі) 2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.) Қорытынды: Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы,әрі парызы»делінген. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын -Отбасыебебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді,адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады,мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ