400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасындағы тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдерді жақсы қасиеттерге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасындағы тәрбие

Педагог-психолог Касенова Г.Ж.

«Горное негізгі мектебі» КММ.

«Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты».

Н.Ә. Назарбаев.


Мақсаты: Отабсы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Отбасы – әр адамның шағын Отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Адамгершілік, әдеп-инабат танымын, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілігін, құрмет, сый сезімін ояту, адал және парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, слайд.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Сөзжұмбақ.

  1. Түсі нарттай,

Тілін тартпай.

Жолға тартпай,

Қоймайды құртпай.

  1. Мемлекеттік рәміздің бірі.

  2. Еңбек құралы.

  3. Ең жақын адам.

  4. Уақыт өлшемі.

  5. Ырыс алды - . . .

Сөзжұмбақты шешкенде, қою қара әріппен жазылған торкөз ішінде, кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.

  1. Кіріспе сөз. Әрбір балаға ата-ананың өмірдегі алар маңызды орнын ұғындырып, оларды қадірлеуге баулу, мектеп пен отбасы қарым-қатынасын нығайту, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау.

  • Балалар, бүгін отбасы туралы тақырыпты сөз етеміз. «Тәрбиешінің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, туған-туыстармен қарым-қатынас туралы сөз етеміз.

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Отбасы дегеніміз – ата-ана мен баланың туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.

Қоғам дегеніміз – жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар,өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, ұлдар ер жетіп, қыздар бой жетеді.

Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі.

Әйел – отбасының ұйытқысы. Баланы дүниеге әкеліп, оны өсіріп тәрбиелеу – ананың тікелей міндеті. Әке мен ана – отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.

Бала – әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу –отбасы мен мектептен алған үлгі-өнеге жиынтығының жемісі.

Отбасы – тәрбиенің басты ұясы. Әке жолы ұлына мақтаныш. Ананың аялы алақаны қызына сағыныш.

Қорытындылай келе, сабағымды ӘбуНасыр Әл-Фарабидің мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», - деген екен.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі