Материалдар / Өткенін білмеу-болашаққа қиянат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өткенін білмеу-болашаққа қиянат

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қаңтар 2019
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі







Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Өткенін білмеу- болашаққа қиянат»



Сыныбы: 2 а


Сынып жетекшісі: Ризуанова Лариса Туремуратовна


Өткізген күні: 04.05.18













2017-2018 оқу жылы



Бекітемін: ___________

МДТІЖО: Ф.Рысқалиева

Күні: 04.05

Сыныбы: 2 а

Сынып жетекшісі: Ризуанова Лариса Туремуратовна

Түрі: ашық тәрбие шара


Тақырыбы: «Өткенді білмеу- болашаққа қиянат»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Сіздерді келе жатқан  Ұлы жеңістің 73 жылдық мерей тойымен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға мықты денсаулықұзақ өмір, отбасыларыңызға бақыт, бірлік, береке тілейміз.

Бүгінгі сынып оқушыларының мерекеге орай ұйымдастырып отырған «Өткенді білмеу- болашаққа қиянат» тақырыбындағы ашық тәрбие шарасының алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп басшылары _____________________________ беріледі.



1-Жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2-Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған


1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)


1-Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
1-Жүргізуші: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
2-Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді.

1-жүргізуші: Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!


Нұрлан: Көкте зырлап барады алтын жұлдыз,
Жерде тұрып қарады Әлия қыз.
Алтын жұлдыз алысқа кетті ағып,
Кетті ағып, жас қызға бір ой салып.
Алтын жұлдыз зымырап кетті алыс,
Кетті алыс мылтық ап бір жап - жас қыз...
Майдан кешті мылтық ап Әлия қыз
Өр төсінде жарқырап алтын жұлдыз!

Еркеназ: Бақыт деген келер дәйім күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер,

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.



Айзада: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.



2-Жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
1-Жүргізуші:
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген-деп, ұлы Отан соғысына қатынасқан аталарымыздың өмірімен таныстырып өтеміз.

(Мархаба, Балауса, Арслан)


1-Жүргізуші: Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз?
2-Жүргізуші: Иә, әрине осындай қиын қыстау кезеңдерді бастан кешіргендегі қазақ халқының еңбекқорлығын, сабырлығын, төзімділігін атап айтсақ артық болмас еді.

Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар»


Көрініс

(Соғысқа бір солдатты шығарып салып жатқан ақ жаулықты ана:

Ботақаным, кеше ғана қуантып ең, келін әкеп.

Қу соғыс бүгін міне сені әкетіп барады.

Іште қалған құлыныңды, көру саған буйыра ма?

Не жазып ек бұл тағдырға.

Қош бол, көзімнің қарашығы!

Жолың болып, жеңіспен елге оралшы!

Атаң жолын қуып,

жауға жерді бергізбе!-деп баласын құшақтап,маңдайынан сүйеді.

Екі қабат келін 


-Қош бол жарым.

Сенің тұяқ болар балаң маған "Көкем қашан келеді"- деп ауыр сұрақ қояр.

Қош,......қош,.....қош бол-ол!


II кезең

Сыртта радиодан.- "Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің әскерлер фашисті Германияның үстінен жеңіске жетті. Германия тізе бүкті. Біздер Жеңіске жеттік, жеңіс! деп хабарлайды.


Кішкентай балалар! - алақай, жеңіс, жеңіс - деп сахнадан бір айналып жүгіріп шығады,

- ана, ата, әне, әне біздің ауылға солдаттар қайтып келеді алақай! Менің көкем, менің көкем - деп жүгіріседі. Сахнаға ауыл адамдары шығады. Ортаға екі-үш солдат келеді.

Қол -аяғы дәкемен таңылған әскер келе жатады. Кішкентай бала солаттың алдынан жүгіріп шығып-Көке, көке - деп, еңкейген солдаттың мойнынан құшақтай асылады. Соңынан жас келінде алақтай шығады. Солдат баланы құшақтап тұрып: -Балам мен сенің әкең емеспін. Бірақ, сенің әкеңнің қасында болған жолдасымын - деп жатқанда, келіннен соң әжей де шығып келе жатады.

Солдат сөзін жалғай береді: - Сенің әкең Нартай Берлин түбіндегі үлкен шайқаста ерлікпен қаза тапты. Осыны естіп тұрған келін орамалының бір ұшын тістеп үнсіз жылап отырып қалды.

Әжей де - құлыным көзімнің қарашығы, келдің бе? - деп жүгіріп келген еді. Солдаттың сөзін естіп тұрып қалады:- Не деген қатығез ең қу тағдар.

Сұм соғыс жалғызымды жұттың ба?

Жолыңды сонша күткен анаңды

Зарлатып, бізді балам, ұмыттың ба?

Бес жыл бойы ұлым келердей боп қара жолға сарыла қарап күткенімде естейін дегенім осыма еді. Сонша жыл үзілмеген үміт отым өштіме бүгін? -деп зарлана шашын жұлып отырып қалады.

Осы кезде солдат балаға : -балам, мынау әкеңнің саған бер деген асыл, аманаты еді - деп қоржынынан бір нәрселерді алып беріп жатады да, екі көрші әйел келіп әжейді - қойыңыз әжей, жыламаңыз деп жұбату сөздерін айтып жатады. Келесі бір кексе әйел "Құрбан болған осы азаматтардың ерлігімен жеткен жеңіске тәубе дейік, замандас!" -деп демеу білдіріп қолтықтап сахнадан алып кетеді.

Бала: -жоқ, жоқ. Менің әкем өлмеген, өлмейді. Жексұрын фашистер әкемді, елімді бермеймін сендерге. Мен ұланы өр намысты батыр елдің, туымды төмен еңкейтпеймін.

Бердім саған сертімді елім менің! - деп дік дік басып, сахнадан шығып кетеді.

Сахнада жалғыз қалған солдат!

- Міне біздің ұландарымыз. Өжетте қайсар өрендерім менің. Соғыс салған жара жазылмас, ұмытылмас бұл қайғы. Елімнің ауыр азаппен жеткен жеңістің, тәуелсіз, егемен халқымның болашағы сендердің қолдарыңда, жас жеткіншектерім!!! - деп қайраттана сөйлеп, сахна пердесі жабылады.




1-жүргізуші: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге  қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза  тапты.
2-жүргізуші: келесі кезекте өлең жолдарын арнағалы отырған оқушыларға кезек берейік.


Қажымұрат: Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында.
«Мені ал, мені ал»- деп алуан гүл
Қолына оның таласуда.
Тығылып гүл омырауға,
Сұрағандай жанға сауға.
Ант еткендей тұрды Мәншүк
Гүлді жауға таптатпауға


Нұргүл: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы.


Іңкәр: Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт!


Мархаба:


Диана: Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті


1-жүргізуші: - Соғыс жылдары-ақ қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан
28 батырдың батальон, кейіннен дивизия әскери қолбасшысы болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Келесі кезекте вальс биін тамашалаймыз


1-жүргізуші: Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.
Сыныптың ұл балаларының орындауындағы «Ел қорғауға әзірміз» әнін қарсы алыңыздар.


1-жүргізуші: (Ибрахим, Арслан, Мерейлімнің өлең жолдары айтылады)


1-жүргізуші: (Би: «Дети войны»)


Гүлжайна: Ашылды жеңіс күннің парақтары,
Талай құс содан бері қайта оралды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Ұрпағы олар жайлы айтады әнді.


Нұргүл:


2-жүргізуші: Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз!
1-жүргізуші: Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Самал ескен жерін қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады.

Ән: «Елім менің» орындайтындар Нұрвахит Мархаба мен Дарынбекқызы Диана


1-жүргізуші: Қақ жүрегім, дүрсіліңді ұлғайт сен,

Жеңісіңді бар әлемге, күнге айт сен!

Не десең де сенің сөзің қуатты

Күнім сөйле, тағы да сөйлей түс, таңым,

Самға, самғай бер, менің Қазақстаным!


2-жүргізуші: Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!

Хор: «Қазақстаным»


2-жүргізуші: Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!

2-Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «Өткенді білмеу болашаққа қиянат» тақырыбындағы ашық тәрбие шарамызды аяқтай келе қорытынды сөз кезегін мектеп директорының тірбие ісі жөніндегі орынбасары Фая апайға беріледі.


2-жүргізуші: Қонаққа келген әжелерімізге рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!