Материалдар / Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
899
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған биология

сабағының жоспары


Мектеп: «№5 А. Байтұрсынов атындағы ЖОМ»

Мерзімі: 19. 12. 2017ж.

Мұғалім: Абаева Назира Турсыновна

Сынып: 6«А» Оқушы саны: 22

Тақырыбы: Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғатта өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалардың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар туралы түсіндіру

Дамытушылық: оқушылардың бойында білімге деген қызығушылықтарын дамыттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды шынайылыққа, жанашырлыққа, адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу


Ресурстар: (материалдар, көздері)

Оқулық, материалдар, фото суреттер, үнтаспа,

маркер, видеобейне

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Балалар 5 «Т» ережесін есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып білуге талаптанып, татулықты ұстанып, тыныштықта сабақты өткізейік.

Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау

  1. Тәртіп

  2. Тазалық

  3. Талап

  4. Татулық

5. Тыныштық

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Тыныштық сәті. Баяу әуен ойнатыладыМұғалім мәтінін оқиды.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ескерту




























Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Өткізгіш ұлпа - қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне риясыз сүйіспеншілікпен өткізеді. Ол екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – ксилема немесе ағаш сүрегі, тамырдың ақиқат құндылығы арқылы адалдықпен сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жерүсті вегетативті мүшелеріне риясыз қызмет ету арқылы жеткізеді.

Су туралы жапон ғалымы Эмото Масарудың ашқан жаңалығы бойынша су ақпаратты тасымалдаушы, яғни оның кристалдарына адамның ойы мен сөзі жазылып қалады екен.

Келесі бөлігі – флоема немесе тін – жапырақта түзілген органикалық заттарды шынайылықпен ерітіп, басқа мүшелеріне дұрыс әрекет құндылығы арқылы сенімді болып таратады.

Өткізгіш ұлпа жасушаларының пішіндері де түрліше болып өзгерген. Ұзынша жасушаның қабырғасы ағаштанған (сүректенген) қалың. Жұқарған жерлері (саңылауы) арқылы қоректік ерітінді екінші жасушаға жанашырлықпен өтеді.

Ч. Дарвин кезінде жасушаны тек қана қарапайым желі толы торсылдақ-деп болжаған. Одан кейін көп ұзамай микроскоп арқылы Роберт Гук өсімдіктің ең кішкентай бөлігі екенін анықтаған.

Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне риясыз қызмет сүйіспеншілікпен жеткізетін тірі жасушалар – сүзгілі түтіктер деп аталады. Жасуша органикалық заттарды барлық мүшелеріне сенімділікпен жеткіздіріп риясыз қызмет етіп отырады. Бұл жасушалардың қабырғаларында өте көп сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулар болады.

Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа риясыз сүйіспеншілікпен бірлесіп, өткізгіш шоқ немесе түтікшелі – талшықты шоқ түзеді. Оларды жүйке деп атайды. Өткізгіш жасушалары сүректе орналасады. Сүзгілі түтік жасушаларының топтасқан бөлімі қабықта болады, сондықтан органикалық заттар қабықтағы өткізгіш ұлпалармен дұрыс әрекет құндылығы арқылы қозғалады. Минералды тұздардың судағы ерітіндісі жүйкедегі және сүректегі өткізгіш ұлпалармен ақиқат құндылығы арқылы қозғалып, өсімдік мүшелеріне сүйіспеншілікпен қызмет ету арқылы жеткізіледі. Күзде сүзгілі түтік жасушаларының саңылаулары уыз тәрізді затпен бітеліп, органикалық заттардың қозғалуы ішкі тыныштық құндылығын сақтап, өсімдік тыныштық күйде болады. Ішкі тыныштық құндылығы арқылы ырғақпен демалады, көктемде уыз тәрізді заттары ақиқат құндылығы арқылы адалдықпен еріп, органикалық заттардың қозғалысы дұрыс әрекет арқылы қайта басталады.

Бөліп шығарушы ұлпа. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әртүрлі. Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде тыныштық құндылығы арқылы шыдамдылықпен ұзақ сақталады. Керексіз заттар жасушада шектен тыс артық жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қалыңдап, қиянат жасамай тозданады. Керексіз қалдық заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен қиянат жасамау құндылығы арқылы ақжарқындылықпен сыртқа шығарылады. Сондықтан оны бөліп шығарушы ұлпа дейді. Бөлінген заттар өсімдікті жанашырлықпен ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, дұрыс әрекет жасау арқылы малға жем болудан риясыз сүйіспеншілікпен сақтайды.

1. Өткізгіш ұлпа дегеніміз не?

2. Өткізгіш ұлпа қоректік заттарды не арқылы және қандай құндылық арқылы өткізеді?

3. Өткізгіш ұлпа неше бөліктен тұрады және бірінші бөлігі

қандай құндылық, қасиеттер арқылы жүзеге асады?

4. Екінші бөлігі жапырақта түзілген органикалық заттарды

қандай қасиетпен ерітіп, қандай құндылық арқылы таратады?

5.Жасуша органикалық заттарды қандай қасиет арқылы

жеткізіп отырады?

6.Қай мезгілде өсімдік тыныштық күйде болады?

7.Бөлінген заттар өсімдікті қандай қасиетпен неден сақтайды?

Үй тапсырмасы

9 36-37 бетті оқу.

Сабақтың қорытынды сәті

Оқушылар бүгінгі сабақты қорытындылай келе, өткізгіш ұлпа қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен, екінші мүшесіне риясыз сүйіспеншілікпен өткізіп отыратынын білдік. Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелерге риясыз қызмет етіп, жанашырлықпен жеткізетін тірі жасушалар-сүзгілі түтік деп аталатынын шынайылықпен түсіндік. Күзде сүзгілі түтіктердің саңылаулары бітеліп, ішкі тыныштық арқылы ырғақпен демалады екен. Көктемде уыз тәрізді заттар ақиқат құндылығы арқылы арқылы адалдықпен еріп, органикалық заттардың қозғалысы сүйіспеншілікпен қайта басталатынын риясыз сүйіспеншілікпен түсіндік. Сабақтан алған білімдеріңізді және жақсы қасиеттеріңді риясыз сүйіспеншілікпен жүректеріңізде сақтаңыздар.

Сабақтың соңында оқушылар пікірлерін айтып, бір-біріне тілектерін айтты.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!