Материалдар / Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. 8-сынып Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. 8-сынып Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал физика пәні мұғалімдеріне қысқа мерзімді жоспар ретінде ашық сабақтарда қолдануға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
2846
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Физика Мектеп:Ә.Темір атындағы жом

ҰМЖ: 8.4.В

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Алипаева Р


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Өткізгішдерді тізбектей және параллель қосу

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

8.4.2.11 Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар –өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды түсіну.

Басым бөлігі істей алады –тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдана, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу.

Кейбір оқушылар істей алады – Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын пайдаланып, электр тізбектеріне күрделі есептер щығару.

Бағалау критерийі

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды айтады.

  • Тізбектей және параллель қосу формуласын пайдаланып, есептер шығарады.

  • Тізбектей және параллель қосуда Ом заңын қолданып, күрделі есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік оқыту мақсаты: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды сипаттайды.

Тілдік оқыту мақсаты: Тізбектей және параллель қосу формуласын ауызша жазбаша жүйелейді.

Пәнге қатысты терминдер:

Қазақ

орыс

ағылшын

Тізбектей

последовательно

serial connection

Параллель

параллель

parallel

Ток

ток

current.

Кернеу

напряжение

voltage

Жалпы ток

общий ток

total current

Жалпы кернеу

общее напряжение

total stress.

Диалогқа қатысты сөз тіркестері:

Өткізгіштер ...............,...............,...............жалғанады

Өткізгіштер параллель, .............жалғанады

Кернеу дегеніміз.........................


Құндылықтарды дарыту



Жалпыға бірдей еңбек қоғамы:

Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркəсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада қолданудың ерекшелігін, сын тұрғысынан ойлауда, артықшылықтарын сезіндіру.



Пән аралық байланыс


Математика, геометрия


АКТ-ны қолдану дағдылары


Интербелсенді тақта, интернет желісі-сайт sabaqtar.kz phizika


Алдыңғы білім


Потенциал және потенциалдар айырымы, Ток күші. Амперметр. Вольтметр.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут



4 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды ахуал орнату.

Пазл құрастыру арқылы топтасу.

1 топ – тізбек

ІІ топ - параллель

БО «Сұрақ қою және талқылау» түрін қолдана, «Веер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

1.Электр тогы деген не?

2. Электр тогы формуласы

3.Ом заңы дегеніміз не

4.Токты қалай есептеуге болады

5.Электр кедергісінің температураға тәуелділігі не

6.Өткізгіштін кедергісі R оның өлшемдері мен материалына тәуелді ме

7.Асқын өткезгіштік дегеніміз не

ҚБ «Жарайсың», «керемет», «Тағы да ойлана түс, сен жауап бересің» деп оқушыларды сабақ барысында ынталандырып отырамын.



Сабақтың ортасы




10 минут








3 минут







15 минут











































3 минут

БО «Нұсқау беру және айту» түрінде «Әлемді шарлау» әдісі арқылы өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды түсіндіріп, айтады.

1 топ- тізбектей жалғау

ІІ топ - параллель жалғау

ҚБ. «Стикердегі диалог» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып, жабыстырады.


БО. «Бекіту және қолданысқа енгізу»

Жеке жұмыс. Саралаудың « Қарқын» және «Диалог пен қолдау көрсету» тәсілдерін пайдаланып, «Джигсо» әдісі арқылы тізбектей және параллель қосу формуласын пайдаланып, есептер шығарады.

1.Кедергісі 0,5 Ом амперметрге параллель ұзындығы 0,4м, диаметрі 0,001м мыс өткізгіш жалғанған. Мыстың салыстырма кедергісі 1,7* Shape1 Shape2 Ом м. Амперметр 0,2 А токты көрсетсе, тізбектегі толық токты табыңыз.

2. Тізбек кедергілері 4 Ом және 12 Ом болатын тізбектей жалғанған екі резистордан тұрады. Бірінші резистордың ток күші 1,2 А. Әр

резистордың кернеуі мен тізбектегі жалпы кернеуді табыңдар. (Жауабы: 4,8 В; 14,4 В; 19,2 В).

3. Әрқайсысының кедергісі 12 Ом болатын үш резистордың жалпы кедергісі қандай? (Жауабы: 36 Ом; 18 Ом; 8 Ом; 4 Ом)

4. Шырша шамдары қалта шамының шамдарынан жасалған. Осы шам тізбегін желіге қосқанда әр шамның кернеуі 3В. Шамдардың бірін ағытып алып, оның орнына саусақ тигізген неге қауіпті?

Шешуі: Қалта шамының кедергісі аз бар­жоғы бірнеше Ом ғана. Тізбектегі барлық шырша шамдарының кедергісі бірнеше ондаған Ом. Саусақтың кедергісі бірнеше жүздеген Ом. Тізбектей жалғанғанда тізбектің бөлігіндегі кернеу түсуі бөліктердегі кедергіге тура пропорционал. Сондықтан саусақты шамның орнына тізбекке тигізуге болмайды. Бұл адам өміріне өте қауіпті.

Дескрипторлар

Ток күші, кернеу, кедергілеріне анықтама береді.

Формулаларды түрлендіреді


Есеп шығару барысында ток куші, кернеу,кедергі шамасын біле отырып графиктер тұрғызады.


ҚБ: Білім алушылар, бір-бірін «Жапондық бағалау» арқылы бағалайды.


Амперметр

Вольтметр

Реостат

Кілт,

Өткізгіштер














Оқулық 8 сынып, Кронгарт

Сабақтың аяғы


3 минут

«Рефлексия пирамидасы»

Білім алушылар мұнда

1.Есте сақтау керек 1 маңызды мәлімет

2.Менің көбірек білгім келген 2 мәлімет

3.Мен білген 3 мәлімет

4. Мен үйренген 4 мәлімет


Үйге тапсырма-әр түрлі ток және кернеу үшін графиктер жасау.



Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау

Оқушылардың білімін саралау үшін ток күші, кернеу шамаларын тірек сызбаны сызу арқылы ұсынамын.

Түрлі денгейде тапсырмалар бере отырып барлығына қолдау көрсетемін. «Джигсо» әдісі арқылы сапалық есептерді шығара отырып, қабілетті оқушыны анықтаймын.


Сабақтың әр кезеңінде кері байланыс жасалады.

Ауызша пікір (Жазбаша кері байланыс)

«Стикердегі диалог» (жазбаша кері байланыс)

«Жапонлық бағалау»




Сергіту жаттығулары орындалады. Қауіпсіздік ережелері сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?


Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!