Күні:
|
Пәні:
Сыныбы:
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Оттекті органикалық
қосылыстар. Спирттер.
|
Мақсаты
|
Оттекті органикалық
қосылыстар жайлы түсінік беру. Спирттер құрамында -ОН тобы
көмірсутектердің туындыларымен таныстыру. Спирт өндірісінің адам
өміріндегі түйткілді мәселелерін қарастыру арқылы саналы таңдау
жасауға тәрбиелеу. Ой жүйріктігі, шапшаң шешім қабылдау, бәсекеге
қабілеттілік дағдыларын жаттықтыру.
|
Міндеттері:
|
Органикалық
заттардың құрамында оттек бар жаңа тармағы туралы түсінік бере
отырып, функционалдық топ ұғымына анықтама беру. Спирттердің
жіктелуі, номенклатура, изомерия алу жолдарын білу. Заттардың
құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, изомерия
ерекшеліктерін түсіну. Салауатты өмір салтын насихаттау, спирт
өнімдерінің құрамындағы химиялық заттардың адам денсаулығы үшін
маңызын көрсету.
|
Сабақтың
типі
|
Жаңа ұғымды
меңгерту
|
Сабақтың
түрі
|
Ашық
сабақ
|
Күтілетін
нәтижелер
|
Оттекті органикалық
қосылыстарды, жіктелуін, номенклатура, изомерия, алу жолдарын
біледі. Химиялық теңдеулерін есептеулерде қолдана алады. Оттекті
органикалық қосылыстарды көмірсутектерден ажырата алады, алған
білімдерін өмірде қолданады.
|
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер
|
БЛУМ таксономиясы,
АКТ («Суретші» тренингі;
«Біліміңді сынап көр»; «Ғылыми ақпарат»; «Қанағат. Талап. Терең
ой»; «Үштаған»; «Портфолио»; «Бір сөз»)
|
Керекті
жабдықтар
|
Оқулық, электронды
оқулық, дәптер, ватман, маркер,
|
|
Сабақ
кезеңдері
|
Мұғалім
әрекеті
|
Оқушы
әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
А) Психологиялық ахуал
тудыру:
«Суретші»
тренингі
Ә) Ұқсас суреттер бойынша
топқа бөлу
1-топ: қауіпсіздік техникасына
жауапты инженер
2-топ: заттың сапасын
бақылау инспекторы
3-топ: химик-сарапшы
|
Оқушылар екі адамнан
бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Олар бірінің арқасына бірі ақ
парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре
алмайды). Осы суретті бір-біріне сыйға
тартады.
Сабақ тақырыбына
байланысты топқа атаулар беру.
|
БІЛУ
«Біліміңді
сынап көр»
|
Бүгінгі сабақтың
ерекшелігі: бос лауазымды қызметке конкурс
жарияланып отыр. Қай саланың мамандық иесіне сұраныс артып
отырғанын анықтау үшін кестеге назар
аударыңыздар.
«Біліміңді сынап
көр» бойынша көмірсутектерді
жіктеп, логикалық байланысын анықтау.
Олай
болса, ҚР, Ақтөбе облысы, Қандағаш
ауданындағы спирт өндіретін «Қандағаш – спирт» зауыты ҚР Үкіметінің
2007 жылғы 27-қыркүйегіндегі «Азаматтық қызметке кіру және
азаматтық қызметінің бос лауазымын иеленуге конкурс өткізу» туралы
№849 қаулысы негізінде бос лауазымдарын иеленуге конкурс
жариялайды.
Конкурстың өту
мерзімі: 30.04.2016ж.
Конкурс өткізілетін
орны: №36 мектеп-гимназиясы, 303
кабинет
Зауыт
мекен-жайы: Қандағаш ауданы, Б.Майлин
көшесі, №290
Конкурсқа қатысу үшін
құжаттардың тізімі:
- Конкурсқа қатысуға
өтініш.
- Жеке куәлік
көшірмесі.
Маман таңдауға қойылатын
негізгі талаптар:
-
Жалпы
орта білім беретін мектептердің
9-сынып оқушылары қатыса
алады;
-
«Ғылыми
ақпарат» шартында
жаңа материалды
ұғыну;
-
«Қанағат. Талап.
Терең ой» шартында
алған жаңа материалды
қолдану;
-
«
Үштаған» шартында тақырып бойынша
талдау;
-
«Портфолио» шартында алған білімдерін
жинақтау.
|
Сабақтың тақырыбы
анықталатын кесте ұсынылады.
|
ТҮСІНУ
«Ғылыми
ақпарат»
|
Электронды оқулық бойынша жаңа
сабақ түсіндіріледі.
Қосымша: Этиленгликоль –
С2Н4(ОН)2 синтетикалық лавсан талшығы
мен антифриздер алу үшін қолданылады. Антифризді қыста суы қатпас
үшін автокөліктердің радиаторына құяды. Құрамында 25 пайыз
этиленгликолі бар антифриз -12 градуста, ал 53 пайыз этиленгликолі
бар антифриз -40 градуста ғана қатады.
Глицерин –
С3Н5(ОН)3 қоймалжың сұйықтық, тәтті дәмі
болады, суда жақсы ериді. Ол ылғал тартады, сондықтан да теріні
жұмсартатын қасиеті бар. Сондықтан былғары өндірісінде,
парфюмерияда қолданады.тоқыма өндірісінде матаны глицеринмен
өңдейді. Глицериннен қопарылғыш зат және дәрілік препарат
нитроглицерин алынады.
|
Оқушылар тақырыпты
дәптерлеріне жазып, керекті мәліметтерді түсіріп
отырады.
|
ҚОЛДАНУ
«Қанағат.
Талап.
Терең
ой»
|
«Қанағат»
|
Спирт
|
Mr
|
ω(С),
%
|
ω(Н),
%
|
ω(О),
%
|
1-топ
|
СН3ОН
|
|
|
|
|
2-топ
|
С2Н5ОН
|
|
|
|
|
3-топ
|
С2Н4(ОН)2
|
|
|
|
|
«Талап»
1-топ: 2-метил пропанол-2;
2,3,3-триметил гексанол-2
2-топ: 3-этил бутанол-2;
2-пропил-3,4-диметил гептанол-3
3-топ: 2,3,4-триметил пентанол-1;
3,3-диэтил бутанол-2
«Терең
ой»
Ортақ: глюкоза спирттік ашығанда 92 г
этанол түзіледі. Егер өнім шығымы 80 пайызды құрайтын болса,
глюкозаның қандай массасы ашу процесіне
қатысады?
|
Оқушылар берілген
тапсырмаларды интерактивті тақтада, ватманда
орындайды.
|
ТАЛДАУ
«Үштаған»
|
Гүл түстері арқылы нұсқаны
таңдайды. Ол нұсқада суреттер, сұрақтар болуы
мүмкін.
Сары
қызғалдақ:
1. Этанолдың қолданылуын
түсіндіріңдер (сурет бойынша)
2. Глицерин неше атомды спирт,
қасиеттерін сипаттаңдар?
Қызыл
раушан:
-
Сәйкестігін
табыңдар:
СН3ОН
|
|
Этиленгликоль
|
С2Н5ОН
|
|
Этанол
|
С2Н4(ОН)2
|
|
Глицерин
|
С3Н5(ОН)3
|
|
Метанол
|
-
Көпатомды спирттер деп қандай
қосылыстарды айтады?
Ақ
түймедақ:
1. Спирттердің адам ағзасына
физиологиялық әсері туралы не білесіңдер? (сурет
бойынша)
2. Спирттер гидроксид тобына
байланысты қалай жіктеледі?
|
Оқушылар тақтада берілген
тапсырма-ларға топ болып ойланып жауап
береді.
|
ЖИНАҚТАУ
«Портфолио»
|
-
Органикалық қосылыстар
кластарын атаңдар? (көмірсутектер, оттекті
органикалық қосылыстар, биологиялық маңызды
қосылыстар)
-
Оттекті органикалық
қосылыстардың құрамына қандай элементтер
кіреді? (С, Н,
О)
-
Спирттер деп қандай заттарды
айтады? (құрамындағы сутек атомдары
бір немесе бірнеше гидроксид топтарымен алмасқан көмірсутектің
туындылары)
-
Спирттер қалай
жіктеледі? (біратомды,
көпатомды)
-
Метанол мен этанолдың
формуласында қандай айырмашылық бар?
(радикалдарында)
-
Этанолды қандай заттардан
алуға болады? (құрамында қанты бар заттар
ашығанда, этиленді гидраттау)
-
Көпатомды спирттерге мысалдар
келтіріңдер? (этиленгликоль,
глицерин)
-
Этиленгликольдің жалпы
формуласы қандай? (С2Н4(ОН)2)
-
Глицеринді қандай мақсатта
қолданады? (парфюмерияда, былғары,
мата өндірісінде)
-
Спирттердің пайдасы мен зияны
бар ма? (бар)
|
Алған білімдерін портфолиоға
жинақ-тайды. Тақырыпқа толықтай шолу
жасайды.
|
БАҒАЛАУ-РЕФЛЕКСИЯ
«Бір
сөзбен»
|
Төзімсіздік. Ашу. Қуаныш. Немқұрайлылық.
Қанағаттану. Шабыт. Зерігу. Алаңдау. Тыныштық. Сенімділік.
Сенімсіздік. Рахаттану.
Бүгінгі конкурсқа келіп, бағын сыныған
қатысушыларды бағалау.
Жұмысқа қабылданғандар – «5», қалған
қатысушылар – «4» деп
бағаланады
|
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің іші-нен,
өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөз-ді таңдап
айтады.
|
ҮЙГЕ
ТАПСЫРМА
|
Оттекті органикалық қосылыстар туралы қосымша
мәліметтер жинақтау. Көмірсутектер тақырыптарын қайталауға
алу.
|
Оқушылар үй тап-сырмасын
алады.
|