Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің
VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі
8, атом
массасы 15,999. Оттегі
–химияның ең маңызды элементі
және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс
алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре
аламыз. Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті
өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру
үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп
қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы
оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті
атқарады.
Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары
қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем
дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам
өмір ырғағы (біз күн сайын энергияжоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы
гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары
орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі
қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына
алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі)
туындайды.
Мазмұны
[жасыру]
Оттегінің алынуы
Оттегін өнеркәсіпте ауаны қысып сұйылтады
да, азот пен оттегінің қайнау температураларының
айырмашылығына қарай буландырып бөліп алады. Осылайша алынған
оттегі көгілдір түсті баллондарда сақталады, себебі сұйық оттегі
ашық-көгілдір түсті болады. Ал зертханалық алу әдістері кейбір
оттегіге бай күрделі қосылыстарды айыруға негізделген
(8-сурет).
-
Тұрмыста жиі қолданылатын
«марганцовканы» айыру. Ол үшін құрғақ сынауыққа
аздаған түйірлерін салып, оның аузын газ шығатын түтігі бар
тығынмен жауып қыздырамыз. Сонда мына реакция
жүреді:
Шоқтанған шырпыны түтіктің аузына апарсақ, ол лап
етіп жанады, себебі оттегі жануды қолдайтынын сендер бұрыннан
білесіңдер.
-
Калий хлоратын айыру. Бұл реакцияның жүруін
тездету үшін марганец (IV) диоксидін (өршіткі) қосамыз,
сонда оттегі көп мөлшерде бөліне бастайды:
Өршіткі - реакцияның жылдамдығын өзгертетін,
бірақ өзі жұмсалмайтын зат (МnO2 — өршіткі (катализатор)).
Бөлінген оттегін екі әдіспен жинауға
болады.
-
Ауадан сөл ауыр болғандықтан
(Мr(O2)=32, Мr(ауа)=29) ауаны ығыстыру арқылы (8,
а-сурет).
-
Суда нашар еритіндігінен суды ығыстыру арқылы
жинау (8, ә-сурет).
Оттегін сынап (II) оксидін (HgO) айырып ағылшын
ғалымы Д. Пристли алған (1774).
Газдарды зертханада жинайтын құрал газометр деп
аталады. Ол қалың қабырғалы шыныдан жасалған екі бөлімнен тұратын
ыдыс, оның сол жағында табанына жақын жерде (1) және оң жақ иығында
(2) тығындалатын екі тесігі бар. Ал үстіңгі бөлігі (тубус) ұзын
түтікті құйғы сияқты болып жасалған, ол астыңғы бөлігіне
кигізілген. Оған газ жинау үшін тубустың шүмегін (А) ашып сумен
толтырамыз. Одан кейін тубустың шүмегін жауып, астыңғы тығынға
кигізілген шүмекті ашамыз да, осы жерден оттегін жібереміз, ол суды
ығыстырып шығарады. Газды жинап болғаннан кейін астыңғы шүмекті
жабамыз. Тәжірибеге оттегі керек болғанда тубустың шүмегін ашамыз,
одан аққан су оттегін ығыстырады, ол жоғары оң жақ, иықтағы
шүмектен (Б) шығады, оны бір ыдысқа жинап алу керек
(9-сурет).
Оттегінің қасиеттері
Физикалық
қасиеттері
Оттегі (O2) түссіз, суда аз еритін (20°С-та судың 100
көлемінде 3,1 көлем O2 ериді) газ күйіндегі зат. Қалыпты жағдайда
(0°С, 1 атм=101,3 кПа) 1 л оттегінің салмағы 1,43 г, ал 1 л ауа -
1,29 г болады.
Химиялық
қасиеттері
Оттегі қыздырған кезде көптеген заттармен
әрекеттеседі, бұл үдеріс жану деп аталады, ол жылу мен жарықты бөле
жүреді.
Жай заттармен
әрекеттесуі
Бейметалдармен әрекеттесуін көру үшін оттегі
толтырылған сынауыққа көмірдің түйірін салсақ, ол жарқырап жана
бастайды (10-сурет):
С +
O2 = СO2
Түзілген көмір қышқыл
газын әк суына жіберсек оның лайланатыны сендерге
белгілі. Бұдан басқа күкірт, фосфор, т.б. бейметалдар да оттегінде жанады
(11-сурет):
S +
O2 = SO2
4Р
+ 5O2 = 2Р2O5
Кейбір металдар да оттегінде жанып оксидтер
түзеді. Мысалы, оттегімен толтырылған сынауыққа магний ұнтақтарын
сепсек, оның жарқырап жанғанын көруге
болады.
2Mg
+ O2 = 2МgО
Болат сымның ұшына кішкентай көмір түйірін шаншып
алып, оны тұтатып оттегімен толтырылған ыдысқа салсақ жанған
көмірден бөлінген жылудың әсерінен темір жана бастайды
(12-сурет).
ЗFе
+ 2O2 = Fе3O4 (FеO•Fе2O3)
Элементтер оттегімен әрекеттесіп оксидтер түзеді,
бұл тотығу үдерісі.
Оксидтер дегеніміз молекула құрамы екі элементтен тұрып, оның бірі
оттек болатын күрделі заттар.
Оксидтерді атағанда элемент таңбасынан кейін
жақшаның ішіне валенттілігі көрсетіледі де оксиді деген сөз
қосылады. Мысалы, SO2 - күкірт (IV) оксиді,
SО3 күкірт (VI) оксиді.
Халықаралық номенклатура (атау әдісі) бойынша оксидтердің
құрамындағы элемент атомдарының сандары грек сандарымен көрсетіліп
аталады: CO - кеміртек монооксиді,
СО2 - көміртек диоксиді,
МnO2 - марганец диоксиді,
Мn2O7 - димарганец
гептаоксиді.
Күрделі заттармен
әрекеттесуі
Кейбір күрделі заттар да оттегінде жанып оксидтер
береді, мысалы, тамақ пісіргенде ас үйдегі газ пешінде қолданылатын
пропанның (С3Н8) жануы:
С3Н8+ 5O2 = ЗСO2+ 4Н2O
Автогендік әдіспен металдарды кесу мен жалғауда
мына реакция жүреді:
2С2Н2 + 5O2 = 4СO2+ 2Н2O
Металлургия өндірісінде өртеу пештерінде күрделі
заттардың тотығу реакциялары жүреді:
2ZnS+3O2 = 2ZnO +
2SO2
Cu2S +
2O2 = 2CuO +
SO2
Сонымен,
оттегі жай және күрделі заттармен әрекеттескенде жану реакциялары жүріп,
нәтижесінде әр түрлі оксидтер түзіледі.
Оттегінің табиғаттағы айналымы және қолданылуы
Табиғатта оттегі негізінен фотосинтез нәтижесінде түзіледі,
ол жапырақтарда және теңіз балдырларында жүретін үдеріс.
6СO2 +
6Н2O
→ С6Н12O6 +
6O2↑
Осы оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады,
одан басқа жер қыртысындағы минералдар түзіледі.
Табиғатта оттегінің қатысуымен тоттану,
шіру,
aшy
сияқты бүліну үдерістері де жүріп жатады.
Оттегінін,
атмосферадағы қоры 1,5•1015 т,
оның 1•1010 тоннасы жану үшін жұмсалады.
Тыныс алу жеке ағзаның өмірі үшін,
ал шіру -
эволюция (даму)
үшін маңызды үдерістер.
Оттегінің қолданылуы оның қасиеттеріне
негізделген, ол мына 4, 5-сызбанұсқаларда
көрсетілген.
Оттегінің аллотропиялық түр өзгерістері.
Озон
Оттегі табиғатта екі түрлі жай зат күйінде
кездеседі, оның бірі O2, екіншісі O3, ол озон деп аталады. Енді озонмен жете
таныссақ, озон найзағай ойнағанда ауада пайда болады. Сонда электр
заря- дының әсерінен мына реакция жүреді:
3O2 → 2O3