Ою-өрнек түрлері және сызбалары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ою-өрнек түрлері және сызбалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқынынң сәндік қолданбанбалыөнерінің көп ғасырлық тарихы бар.Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорынан айналып отыр. «Қол өнер –мол өнер» дейді халық.Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеуүшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор.Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы,дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады. Қай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдармен заттарды дүниеге әкелген- бұл қолөнер.Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор. Сән мен қолөенр екеуі егіз ұғым. Сән киім-кишек,тұрмыстық заттар,киіз үй сүйегімен оның жабдықтары, қару-жарақ,ер- тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою-өрнекпен безендіру болса, қол-өнер шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз. Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою-өрнектері. Ұлттық ою-өрнектерді төрт топқа жатқызамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлері және сызбалары.

(Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке жапсыру.)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігк: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.

Дамытушылық:ою-өрнектің тілін түсіндіру,сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін,білімін жан -жақты дамыту,халқымыздың асыл мұраларын,салт- дәстүрін, өнерін

құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ою-өрнектердің суреттері, сергіту сәті.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, технология пәні.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

Үш топқа бөлу.

Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Жаңа сабақты өту.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім. Ә.Қастеев.

Қазақ халқынынң сәндік қолданбанбалыөнерінің көп ғасырлық тарихы бар.Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорынан айналып отыр.

«Қол өнер –мол өнер» дейді халық.Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеуүшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор.Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы,дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.

Қай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдармен заттарды дүниеге әкелген- бұл қолөнер.Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор.

Сән мен қолөенр екеуі егіз ұғым. Сән киім-кишек,тұрмыстық заттар,киіз үй сүйегімен оның жабдықтары, қару-жарақ,ер- тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою-өрнекпен безендіру болса, қол-өнер шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.

Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою-өрнектері.

Ұлттық ою-өрнектерді төрт топқа жатқызамыз.

1.Жан жануарлар тектес ою-өрнектер.

Қошқар мүйіз-қазақ оюының ең көне түрі.Сырмақ,текемет,алаша,кілем,киіз былғары,сүйек,ағаш,зергерлік бұйымдардың бәрінде кездеседі.

Қос мүйіз,қырық мүйіз,арқар мүйіз ою-өрнектеріде кездеседі.

Сыңар мүйіз- кең тараған ою- өрнек үлгісінің бірі.Қошқар мүйіздіңтек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді.Сырмақ,текемет,киім-кешектердің жиегіне істеледі.

Түйетабан,түйе өркеш оюлары түйенің табанына ,өркешіне қарап шығарылған ою.

2.Гүл- жапырақ өсімдік тектес ою-өрнектер.

Гүл (Жауқазын) барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.Көбелек-қанатын еркін жайып,ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек.Шәй дорбаға, аяққаптарға істелінеді.сондайақ шытырман,жетігүл жапырақ оюларыда бар.

3.Космогониялық ою-өрнектер.

Жұлдыз-аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.

Ай,күн, жұлдызша, күн көзі деген ою-өрнектері тағы бар.

4. Геометриялық ою-өрнектер.

Ботакөз-сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.

Қарғатұяқ-қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек.Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.

Тұмарша-үшбұрыш улгілес болып келетін өрнек.

Қос тұмарша , балдақ,Тарақ олюлары көп кездеседі.

Әр ою-өрнектің астарында мағына болады.

Ою мен өрнек қос сөзі,латын тілінен орнамент деген ұғымды білдіріп тұр.Ою дегеніміз- бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу ойып алу арқылы өңдеу жұмыстары.Өрнек – дегеніміз бұйымға түсірілген әшекей. Оқушыларға тақтаға ою-өрнектердің сызбасын сызып көрсету.Және қағаздан ою-өрнектің оңай жасалу жолдарын түсіндіру.Ою-өрнектің эскизін сызамыз.Ол үшін симметриялық түзу жүргіземіз.Симметрия дегеніміз- ою –өрнектің екі жағының тең болуы.ою-өрнекте бір элемент екі рет қайталансамұны ритм дейміз.Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп,жарасым табуы-колорит деп аталады.

Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын әртүсті жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылар жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып алады.

Дайындалған диск бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды диектің центріне тигізіп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.

Үш топқа тапсырма:

Оқушылар біз бүгін шәйнектің астына қоятын тақтайшаны фетра матасынан жасаймыз.Ол үшін біз мына, геометриялық дененің (цилиндр,текше, призма) үстіңгі көрінісін қағазға сызып алып, оны қиып аламызда,дайын эскизімізді фетра матасына сызып, қиып аламыз.Сонымен тақтайшаларымыз қандай пішінде шықты. Қағаз бетіне сызған оюымызды қиып аламыз,оны мына фетра матасына сызып, қиып аламыз.Дайын тақтайшамызға мана дайындап алған оюымызды желімнің көмегімен желімдейміз.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын бақылау:

-салып жатқан өрнектің және геометриялық дененің пішінін анықтау

- жобалау және үйлестіру жолдары

-суретті салу процессі

- фетрамен жұмыс процессін қарау

- жұмыстарын аяқтау

Әр топ өздерінің жұмыстарымен таныстыру.

Бағалау.

Бағалау парағына топтар бір бірінің жұмыстарын бағалайды.

Қорытындылау:

Бүгінгі сабақты қортындылау,өтілген сабақты сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабаққа қояр пікірлерініңіз және тілектеріңіз болса стикерге жазып қалдыруларыңызға болады.

Назарларыңызға рахмет!!!













































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2018
2488
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі