Материалдар / Өз құқығыңды қорға, өзгенің құқығын таптама! дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өз құқығыңды қорға, өзгенің құқығын таптама! дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
орта мектеп мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
3250
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Өз құқығыңды қорға, өзгенің құқығын таптама

Мақсаты: Оқушыларға құқықтық білім беру,құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын ,шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру,ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Түрі: дөңгелек үстел

Қатысушылар:Учаскелік полиция инспекторы, психолог, ұстаздар, 9-11 сынып оқушылары.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, мемлекеттік рәміздер т.б.

«Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттерімен беделін, жоғары адамгер-шілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» Н. Ә. Назарбаев.

«Тәртіпсіз ел-ел болмайды, тәртіпке бас иген – құл болмайды» (Б.Момышұлы)

Балам бол, басқа бол-бәріңе заң біреу-ақ” Ж.Баласұғын.

Бізге қажетті-жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін,тарихы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, туған жерін түлетуді, егемен елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу” /Н.Ә.Назарбаев/

барысы:

І.Психологиялық тренинг ( мектеп психологі )

ІІ. Құқық туралы жалпы түсінік

( құқық пәні мұғалімі )

ІІІ. Сенің құқығың–менің құқығым

(Оқушылар өздерінің құқықтары мен міндеттерін топтастырады)

IV. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»

(Сұрақтар айдарында оқушылар сұрақтарға жауап береді)

V.«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қазіргі жәйі,алдын алу жөнінде құқық қорғау органдарының ролі»

(кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор )

VI. Қорытынды.

І Психологиялық тренинг ( мектеп психологі )

ІІ Құқық туралы жалпы түсінік. Құқық туралы не білеміз?

Жүргізуші:Құқық дегеніміз мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық, яғни заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.

1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан оны ешкім айыра алмайды.

Мемлекетіміздің ата Заңының 1–бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.

ІІІ. «Сенің құқығың – менің құқығым» (Оқушылар өздерінің құқықтары мен міндеттерін айта отырып, топтастырады)

Балалар құқықтарын қорғау үшін 1924 жылы бала құқығының Женева декларациясы қабылданған болатын. Бұл Декларацияға қол қойған мемлекеттер әр адамды оның ұлтына,діни сеніміне,жынысына,әлеуметтік тегіне қарамастан,өз елінің құқықтары мен бостандықтарына ие, тең құқылы азаматы етіп қабылдады.

1959 жылы БҰҰ «Адам баласына өз білетін бар жақсыны үйретуге міндетті» деп шешті.

1979 жыл –Халықаралық бала жылы деп аталды.

БҰҰ 1989 жылы қазанда «Бала құқығы туралы Конвенцияны» қабылдады.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йоркте ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Джеймс Грантпен бірге “Бала құқығы туралы Конвенцияға” әлемнің 156-шы елі болып қол қойды.

1. Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

2. Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

3.Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

IV. «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»

  1. Бала құқықтарын қорғайтын қандай құжаттарды білесің?

(Білім туралы Заң , Балалар құқығының Конвенциясы , Неке және отбасы туралы Заң, ҚР Конституциясы, ҚР бала құқықтары туралы Заңы, Бала құқығының Декларациясы)

  1. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? /бала туған кезінен бастап/

  2. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі? / 6 жыл /

  3. Қандай тұлға Президент болып сайлана алады?

  4. Қай уақыттан бастап заң қабылданды деп саналады?

  5. Ерікті еңбек ету құқығы деген не?Еріксіз еңбекке қай кезде жол беріледі?

  6. Некенің қандай түрлері бар? /заңды неке, азаматтық некен, жалған неке/

  7. Құқықтың қандай түрлері бар ? /жеке, саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық /

  8. Қоғамның бастапқы ұясы не? /отбасы/

  9. Біздің мемлекетіміздегі меншіктің түрлерін ата? /мемлекеттік, жеке/

  10. Ата-ананың қасиетті міндеті не? /балаларына қамқорлық көрсету/

  11. ҚР азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы оның азаматтығын тоқтатуына әкеліп соқтыра ма?\жоқ\

  12. 16 жасқа толмаған балалардың азаматтығын қалай анықтаймыз? \Туу туралы куәлігі бойынша\

  13. Некеге тұру жасы: / 18 /

  14. Конституцияда бекітілген ең басты құндылық: /адам және адамның өмірі/

  15. Азамат сайлау құқығына қашан ие болады?

  16. Ата Заңның қабылданған уақыты?

  17. Заң шығарушы органы қалай аталады?

  18. ҚР азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма?

  19. Қазақстанның қазіргі Конституциясына биыл неше жыл болады?

  20. Азаматтың толық көлемдегі әрекет қабілеттілігі қанша жасқа толған кезден басталады?

  21. Қанша жастан бастап жасөспірім өзінің салымдарына өз бетінше билік жүргізе алады?

  22. Жазаның ең ауыр түрі

  23. Терроризм деген не?Тероризм қылмысы қалай және қандай мақсатпен жасалады?

  24. Оқушының демалыс уақытына нелер жатады?

V. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қазіргі жәйі,алдын алу жөнінде құқық қорғау органдарының ролі» (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор)

Жүргізуші:Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал жақсармай отыр. Бұл туралы осы жылдың 16 мамырында Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың мәлімдемесінде қазіргі таңда бірқатар мемлекеттік органдармен бірлесе жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алу жұмыстарының жүргізілуде екендігін, ІІМ арнайы бөлімдерінің елімізде арнайы есепте тұрған 100 мыңнан астам кәмелетке толмағандарды өз бақылауға алғандығы, 16 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатқан жағдайы нашар отбасыларында мақсатты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізілгендігі айтылды.«Алайда, осы атқарылған шаралардың барлығына қарамастан жасөспірімдер ортасындағы қылмыстық ахуал жақсармаған.Республика бойынша былтырғы және ағымдағы жылы жасөспірімдер 3 800 қылмыс жасаған, олардың ішінде 23 кісі өлімі, 49 шабуыл жасау, 527 тонау, 1 930 ұрлық қылмыстары бар. Айта кетерлігі, бірқатар жылдар бойы қайталанып келе жатқан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың жартысына жуығы  бұлар оқушылар мен студенттерге қатысты болса, оның ішінде  ішімдік немесе есірткі пайдалану салдарынан орын алған қылмыстар», -деді Қ.Қасымов.Министрдің айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында полиция мектеп инспекторы институтын дамыту үстінде. Қазіргі уақытта бұл үшін әлі де 1 850 мектеп инспекторлары қажет екен. Елімізде ауыр қылмыстар жасаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылуға толмаған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеуге арналған тек бір ғана жабық типтегі арнайы мектеп бар. Сондықтан да, бізде қазіргі күні екі мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлерді қоғамнан оқшау тәрбиелеуге мүмкіндіктің жоқ екендігін айтып өтті.

Қорытындылау.

Жүргізуші: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік!

Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын Көшенов Еділ 10-сынып оқушысы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!