«Озат құқықтанушы» танымдық сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Озат құқықтанушы» танымдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныптарға оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Озат құқықтанушы» танымдық сайыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың тыңдау, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелік: Конституция т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сайыс

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, иллюстрациялық тәсіл шешендік сайыс, сөзжұмбақ жарысы.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, дүние тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, заңға байланысты мерзімді басылымдар, кітаптар, буклет , заңдар жинағы, арнайы үлестірмелер (карточкалар), плакаттар.

 — Қымбатты  ұстаздар, оқушылар!  Бүгінгі  9- сынып оқушыларымен «Озат құқықтанушы»атты қазақ тілі мен тарих апталығының аясында өткізілгелі отырған зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса,  бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс  үстінде жүретін алғыр оқушыларымызға кезек берейік ….

Топтың аты мен ұранын таныстыру

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:  …      (әділқазылармен  таныстырады)




Сайыс барысы:

І. «Бәйге» (әр топқа сұрақтар қойлады тез жауап беру қажет)

 ІІ. «Жорға»  кезеңі (сөзді құрастыру мағынасын түсіндіру)

ІІІ. «Ойды аяқта» кезеңі ( мақалдың жалғасын табу)

 IV. «Қасиетті жетілік» ( 7 тәртіп ережесінің баптарын ойлап,табу)

V. «Өткел» (көрермендерге сұрақ)

VІ. «Құқық қорғаушылар» сөйлейді. ( шешендік сайыс)

-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы  шарты  «Бәйге» кезеңін бастаймыз. 


1. «Болашақ» тобының сұрақтары: 9 «А»

1. Шыңғысханның тұсындағы негізгі заң жинағы қалай аталады? Жасақ (Ясса)

2.Қазақстан Республикасы құрылымы жағынан қандай мемлекет? 2.Унитарлы

3.Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?

1993 жылы

4.Қазақстанда ресми қолданылатын қай тіл? 4.Орыс тілі

5. Қылымыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы? 14-16жас

6.Ата заң не үшін қызмет етеді? Әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға


2. «Бірлік» тобының сұрақтары 9 «Ә»

1.Қ.Р-ның конституциясы екінші рет қашан қабылданды? 1995 жылы 30 тамыз

2.Қазақстан Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? 98 бап, 9 бөлім

3. Қ.Р –ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы? Парламент

4.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? Президент қол қойғаннан кейін.

5. Қ.Р Егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты аса маңызды құжаттарды атаңыз?

Егемендік туралы Декларация, тәуелсіздік туралы Конституциялық заң, Конституция.

6.Адамның құқығы туралы жалпыға бірдей Декларациясы қашан, қай айда қабылданды?

1948 жылы 10 желтоқсан


3. «Қыран» тобының сұрақтары 9 «Б»

1. Соттар үкім шығарғанда кімге бағынады? Заңға бағынады.

2. Қазақстан халықтарының ассамблеясы қашан құрылды? 1995 жылы 10 ақпан

3.Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? Бала туылған кезінен бастап.

4. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? 18 жас

5. Баланың өз пікірін білдіруге, ақпарат алуға, ақпаратпен идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме, әлде шектеусіз бе?

6. Мемлектеміздің Ата Заңының 1- бабанды не айтылған?«Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет...........

оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»


 ІІ. «Жорға»  кезеңі (сөзді құрастыру мағынасын түсіндіру)

1. ЕКОНЮС

2.АТКРДЕИЯМО

1.НТЕЗПРИДЕ

2.ДФЕРМРЕМЕУН

1.ОТЕВ

2.СКРЯИНАЦДИИМ

1.ЮНЕСКО - БҰҰ білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы

2.ДЕМОКРАТИЯ-халық билігі немесе халықтың басқаруы дегенді білдіреді.

1.Президент- мемлекет басшысы.

2.РЕФЕРЕНДУМ-бүкілхалықтық дауыс беру.

1.ВЕТО-мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту заңы. Мұндай ерекше құқық, мемлекет басшысына беріледі.

2.ДИСКРИМИНАЦИЯ -жекелеген тұлғалардың қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдардың құқықтарына қысым жасау немесе шек қою.

ІІІ. «Ойды аяқта» кезеңі

1. Заңның құрығы............ (бәрінен ұзын)

2. .«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала,…………… қырсығын әкесінен іздейді

3.Туғанды биде.............. (иман жоқ)

4. Таста тамыр жоқ ......... (биде бауыр жоқ)

5.Қылмыскер кісіден қорықпайды ........ ( ісінен қорқады)

6.«Жақсы бала сүйініш ,…жаман бала күйініш»

7. Сөз шынына тоқтайды ............ (пышақ қынына тоқтайды)

8.Жазасын тартпайтын ....... (жамандық болмайды)

9. Ұрлық түбі ......... (қорлық)

10. Біреуге ор қазба .......... (өзің түсесің)

«Қасиетті жетілік»

(7 тәртіп ережесінің баптарын ойлап,табу)


IV. «Қасиетті жетілік» (7 тәртіп ережесінің баптарын ойлап,табу)

V. «Өткел» (көрермендерге сұрақ)

1. Құқық дегеніміз не?  мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер жиынтығы;

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы E) халық

3.Диктаторлық режимнің  белгісі не болып табылады? Мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын шектеу,   Парламенттің рөлін жоққа шығару, күштеу мен зорлық-зомбылықты кең қолдану, т.б.

4.Еңбек заңдарында жұмысқа қабылдаудың ең төмен жасы: 14

5. Жазаның мақсаты? қайта тәрбиелеу;

6.Жоғарғы прокурорды кім тағайындайды ? Президен парламент сенатының келісімімен

7. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың түрі: президенттік;

8.Республика күні: 25 қазан;

VІ.«Құқық қорғаушылар» сөйлейді. (Шешендік өнер)

1. «Құқық-әділет пен парасат жолы».

2. «Заңды білу заман талабы»

Қорытынды: Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
–Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.














               










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
942
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі