Материалдар / Өзге емес, өзім білем өз жайымды
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзге емес, өзім білем өз жайымды

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған әдеби сазды кеш туралы сценария. Қасым Аманжоловтың өзі айтқандай, уақыттың сынынан сынбай, сүрінбей өткен, сымбаты бөлек әлемнің сәулетшісі болып қала беретін, алаштың ақиық ақындарының бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
802
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Өзге емес, өзім білем өз жайымды

Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған әдеби сазды кеш


Өтетін күні: 29.10 21.

Өтетін уақыты: сағ 10 ºº сағ


Көрнекілігі: Кітап көрмесі «Қазақ жырының алдаспаны», ақын туралы нақыл сөздер.

Мақсаты: Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушыларға тәуелсіздікті насихаттай отырып патриоттыққа, адалдыққа, адамгершілікке баулу. Ақын өлеңдері арқылы туған әдебиетіміздегі асыл дүниелерімізді таныта білу, мәнерлеп оқу арқылы оны болашақ ұрпақтың бойына сіңіру.

1 – жүргізуші: Армысыздар, қадірлі көрермен! Биыл қастерлі тәуелсіздігімізге 30 жыл толды.Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата бабаларымыз аңсаған азаттықтың түғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас қағым сәт. Дегенмен бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы , дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Бүгін біз «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды мақсат еткен қайсар ақын

Өзге емес, өзіме айтам өз жайымда,

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді

Тербетіп тулатып бір қозғайын да...

Аманжол – Рақымжанның Қасымымын,

Мен қалған бір атаның ғасырымын.

Біреуге жұртта қалған жасығымын,

Біреуге аспандағы асылымын,- деп жырлаған ақиық ақын, аудармашы, композитор Қасым Аманжоловтың 110 жасқа толуына орай өткізгелі тұрған «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...» атты әдеби-сазды кешіне қош келдіңіздер!



2 - жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Олардың ел үшін келер ұрпақ үшін жасаған еңбектері қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. «Жас дәурен - жігер оты жанған жалын» деп поэзия көгіне ерте самғаған Қасым ақын оқырманды сыршылдықтың сұлу орманына бірден ертіп жүре береді. Кез- келген сезімтал пенде оған қосылып «Бір күй бар домбырамда тартылмаған, бір сыр бар жүрегімде айтылмаған» деп әндетіп кеткісі келеді. Ол талант құдіреті деп аталса керек.

Өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл ақын жайлы сыр шертіп, Қасым ақын әлеміне сапар шексек деп отырмыз.



1-оқушы (аты жөні) «а» класс оқушысы

Бұлбұлым ,сайра кеудемде,

Бұлбұлым менің жүрегім.

Көңілдің күйі келгенде

Ағыл да тегіл жыр едім.

Ағыттым ойдан ел үшін

Өлеңнің ерке өзенін

1- жүргізуші Қасым Аманжоловтың өзі айтқандай, уақыттың сынынан сынбай, сүрінбей өткен, сымбаты бөлек әлемнің сәулетшісі болып қала беретін, алаштың ақиық ақындарының бірі.

Қасыммын , сол баяғы бір Қасыммын

Бақытын ойламаймын құр басының.

Тымырсық түнек болсаң дұшпаныңмын,

Ақ көңіл адал болсаң сырласыңмын

Боламын ақын Қасым, боламын мен,

Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.

Қанатын қағып жылдам келер жылдар,

Бәрін де қарсы аламын ән- күйменен.



Ұлы ақын мына өмірде небәрі 44 – ақ жыл ғұмыр кешті. Аса аз өмір. Қамышының сабындай тым шолақ ғұмыр. Мұның үстіне оның осы өмірі аса ауыр, жетімдікпен, ашаршылықпен және апатпен, алапат от жылында өтсе, 1947 жылы аурумен арпалысы тағы бар. Міне, осындай аласапыран уақытта күн кешіп жүріп, ақын болып туып, 4 томдық асыл мұра қалдыру, қазақ жырының шыңы болып мағыналы да, махаббатты ғұмыр кешу, әрине қайран қаларлық құбылыс.

( бір күй немесе ән домбырамен...)

2-жүргізуші Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған ақын өзінің туған жеріне арнап жазған өлеңі

«Қарқаралы» оқитын 2-ші оқушы

2- жүргізуші:

Туған даласын тап Қасымдай егіліп, төгіліп, еміреніп жырлаған ақындар кемде кем.

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Олай болса, ақынның туған жер тақырыбындағы өлеңдеріне кезек берейік.





«Хан тәңірі» оқитын 3-ші оқушы

«Жайық» оқитын 4-ші оқушы



Ақын ағамыз бірнеше әндерге де аударма жасаған. Сол әндердің бірі - «Ах Самара городок»

Құя алман үгітілген балшық өлең
Көңілімді жасадым тамашаменен.
Серінің семсеріндей сертке таққан,
Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
дегенін естіп, көзінің нұрын соңғы тамшысына дейін сарқып беретініне бас ұрасың. Келесі кезекте жастық жырлары


«Қара ағаш» оқитын 5- оқушы

«Нартәуекел» оқитын 6-оқушы



1-жүргізуші:


Қайран Қасым аға1947 жылдан бастап сырқаттанып, ара- тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде өлеңдерін өзінің ақындық өміріне, аяулы жарына, қызы Дариғаға арнап жазатын.

Ақын күнделігі сыр шертеді үзінді оқу 7-ші оқушы

Күй орындайтын ????

Ақын жырларын махаббат тақырыбына арнаған. Олай болса, сүйіспеншілік жырларына кезек берейік.
«Дарғашым» оқитын 8-ші оқушы

«Қайдасың махабаттың періштесі»


1 жүргізуші:


Қасым Аманжолов - білікті аудармашы ақын. Ол аударған Пушкин, Руставели, Маяковский, Тарас Шевченко өлеңдері – қазақ әдебиетінің аударма өнері саласындағы елеулі табыстары. Оның творчествосы әдебиет тарихынан берік орын алды. 1970 жылдардың жаңа Қасымы ақын Мұқағали Мақатаев «Қасым деген – қалғыған жанартау ғой!»,- деп өзі ғана мойындап қоймай, өзгелерді де мойындатып келеді. Оның Қасымға арнаған жыры – Ұлы Қасымға мәңгілік қойылған ескерткіштің бірі.

2-жүргізуші М. Мақатаев «Қасым солай болмаса»

Ән «Атамекен»









2 жүргізуші

1954 жылы қыркүйек- қазан айларында Қасым Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты меңдей түсті.1955 жылы 18 қаңтарда Қасым Аманжолов мәңгілікке көз жұмды. Ақын өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандары сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.

Құрметті бүгінгі кешке жиылған оқырман! Қасым Аманжолов- қазақтың ұлттық ақыны. Ол бүкіл жан- тәнімен, рухымен, ішкі сезім күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын толықтырады, жетілдіреді. Сондықтан Қасым поэзия сүйгіш қазақтың досы, рухани демеушісі болып қала береді дей келе кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарызды бөліп келгендерізге көптен- көп рахмет.





6 селолық кітапхананың

кітапханашысы Лесова Л.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!