Материалдар / Өзін – өзі тану пәні сабағының жоспары7Тақырыбы: Адам жасампаздығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін – өзі тану пәні сабағының жоспары7Тақырыбы: Адам жасампаздығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімі: Абдрахова А.А. Сыныбы: 7 Ә Тақырыбы: Адам жасампаздығы Құндылығы: Дұрыс әрекет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2021
683
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өзін – өзі тану пәні сабағының жоспары


Мектеп: Қостанай қаласы №15 жалпы білім беретін мектеп

Күні: 29.04. 2021 ж.

: 30

Мұғалімі: Абдрахова А.А.

Сыныбы: 7 Ә

Оқушылардың саны: 16

Тақырыбы: Адам жасампаздығы

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: сыйластық, ішкі үйлесімділік, мейірімділік


Мақсаты:  Оқушыларға адамның жасампаздығы туралы түсінік бере отырып, дұрыс-әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

•  "шабыт","сұлулық","үйлесімділік" ұғымдарын тіршіліктің біртұтастығы арқылы жасампаздықпен байланыстыра отырып түсіндіру;
•өзара және айналамен мейірімді қарым-қатынас жасау қасиеттерін дамыту;  

• сыйластыққа,мейірімділікке,ішкі үйлесімділікке тәрбиелеу;


Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу

Оқушылар «Билет әдісі» арқылы топтасады.

«Мейірімділік» , «Сүйіспеншілік», «Дұрыс әрекет»

Жағымды көңіл-күйге келу: «Нұрға бөлену»


Нұрға бөлену



Билеттер

5 «Т» ережесі

Баяу ән https://youtu.be/axR35gdtXaI


2.Үй тапсырмасын тексеру. «Бірден-бір сұлулық» әңгімесі.


Сұрақтар:

1.Баланың ешкімге,ешнәрсеге ұқсамайтын сыйлық жасағысы келуінің себебі неде?

2.Данышпанның балаға берген ақылынан қандай жасампаздықты көріп тұрсыңдар?

3.Егер бала данышпанның ақылын тыңдап,соны орындаса,жасампаз бола ала ма ?

4.Адамның жасампаздығы ізгілікке бағытталғанда әлем қандай болады деп ойлайсыңдар?

5.Өзің әлемді гүлдендіру үшін қандай үлес қосар едің?

Слайд.


3. Дәйексөз:

... Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Абай Құнанбаев

  • Адамға ақыл, ғылым, не үшін керек?

  • «Ар, мінезбен озу» дегенді қалай түсінесің?


Маркерлер, Флипчарттар

4. Оқиға айту, әңгімелеу: Бәйтерек

«Ер Төстік» ертегісінен

Ертеде алып бәйтерек болыпты. Сол бәйтеректің ұшар басына Самұрық деген құс ұя салады. Алып қара құс жылына бір-ақ рет балапандайды. Содан кейін балапандарына жем іздеп алысқа кетіп, бір айда бір-ақ қатынап, қайтуға мұршасы келмей жүреді екен.

Құстың кеткенін аңдып жүріп, сол маңдағы бір айдаһар жыл сайын балапандарын жеп кетеді. Алып қара құс содан запы болып:"Балапандарым аман болса екен", - деп жылап қайтатын көрінеді. Сол құстың қанатынан жел, дауыл тұрады екен.

Бір жем іздеген сапарынан қайтқанда, балапандарының аман екенін көріп, қуанады. Самұрықтың балапанын Ер Төстік құтқарып қалады. Содан бері бәйтерек басындағы Самұрық құстың жұмыртқасына ешқандай зиян келмеген екен.

Ал, балалар, ең қызығы, осы ертегідегі Бәйтерек қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының көрікті ғимаратына айналды.


Сұрақтар:

1.Бәйтерек монументі қай ертегіден алынған?

2.Самұрық құс неге бәйтерекке ұя салады?

3.Ертегідегі оқиғаның бүгінгі ғимаратқа айналуының көрініс неде?

4.Сонда жасампаз болу үшін қандай қасиеттер қажет?

5.Сен қандай жоба ұсынар едің?


Слайдтар.

5. Шығармашылық іс-әрекет:

1-топ: Күйші Динаның өмір баянынан мәлімет беріледі.

2-топ: Динаның күйлері туралы мәлімет беріледі.

3-топ: Күйші Динаның атындағы көшелер, оқу орындары туралы мәлімет беріледі.

Оқушылар берілген мәліметті оқып, мәліметтегі жасампаздықты аңықтап, ой бөліседі.


Күйші Дина жайлы слайд!

6. Үй тапсырмасы.

31 -сабақ. 125- бет, Ақселеу Сейдімбектің мәтінін оқу.



7. Топпен ән айту: «Қазақ елі осындай!» әні

Қарашы қазақ еліме,

Қарашы қазақ жеріме.

Кең өлкесі- Сарыарқасы

Берекенің алқасы,

Мерекенің арқасы,

Арайлы алтын таңдарың,

Жайдары жарқын жандары.

Асқарлы арманы бар,

Аспаны таулары бар,

Бақшалы баулары бар.

 

Иә, солай, иә, солай

Қазақ жері осындай!

Иә, солай, иә, солай,

Қазақ елі осындай!

 

Алатау, Алтай арасы,

Еділ мен Ертіс жағасы.

Түстік пен терістігі,

Көрінбес тегістігі,

Қиысып кеңестігі.

Алақай дархан бейілі,

Анадай айтай пейілі,

Бір тұтас халқымыз бар,

Мызғымас халқымыз бар,

Әлемге даңқымыз бар!


Қайырмасы: 

Көгінде күлген ай, күні,

Шалқыған шалқар қылығы.

Сарқымаз еліміз бар,

Алтынды көліміз бар,

Айтулы еліміз бар.

Қайырмасы:

Әні-Б.Оралұлынікі

Сөзі-

Ә.Асылбековтікі


8. Сабақтың қорытынды сәті.

-Табиғатпен үйлесімді боп, ізгі іс жасасаңдар нағыз жасампаз тұлға болып өсесіңдер! Тәуелсіз Елдің азаматы боп, елге қызмет етіңдер!

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!