Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өзін-өзі тану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
Нұр-Сұлтан
2019
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің
шешімімен баспаға ұсынылды (2019 жылғы 15 маусымдағы №7 хаттамасы)
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру
ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:
Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2019. – 440 б.
Жинаққа 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының
мектепалды даярлық және білім беру ұйымдарының
1-11-сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша материалдар
енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары, мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне, бастауыш сынып және пән
мұғалімдеріне, сонымен қатар білім басқармалары/бөлімдерінің, білім
саласындағы бақылау департаменттерінің басшыларына, мамандарына
арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2019
3
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2019 жылдың 1 қыркүйегі «Білім күні»
«Білім күні» дәстүрлі мерекесі «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»
атауымен өтетін болады. Аталған мереке аясында Жалпыреспубликалық
патриотизм мен азаматтылық сабағы өткізіледі.
«Саналы ұрпақ
– жарқын болашақ» мерекесін өткізу тұжырымдамасы
мен әдістемелік ұсынымдар https://www.nao.kz
сайтында орналастырылған.
Жаңа оқу жылында төмендегі айрықша оқиғалар аталып өтіледі:
2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды, ТМД елдерінде
– Кітап жылы болып жарияланды.
2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аталып өтеді.
2020 жылы елімізде Волонтерлер жылы болып жарияланды.
4
1. 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2019-2020 оқу жылында 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-сыныптар жаңартылған
білім мазмұны бойынша, ал 11- сыныптар 2013 жылы бекітілген үлгілік оқу
бағдарламаларымен білім алады.
2019-2020 оқу жылында білім беру процесінің нормативтік-
құқықтық қамтамасыз етілуі:
1) мектепалды даярлық сыныптары/топтарында және 1-4-
сыныптарда білім беру процесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР БҒМ 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (2018 жылғы 10
қазандағы № 556 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік
оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер
мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім
беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша
2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім
беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 199 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім
беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары ( «Ақпараттық-
коммуникациялық технология» пәні бойынша 2018 жылғы 17 қазандағы № 576
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және
басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық
жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен
бекітілген оқу басылымдары;
5
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019
жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;
2) 5-10-сыныптарда білім беру процесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31
қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31
қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім
берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім
берудің үлгілік оқу жоспарлары (2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрықпен
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы
білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25
қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі
№ 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7
наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы
білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2014 жылғы 15 шілдедегі
№ 281 бұйрықпен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және
басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық
жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен
бекітілген оқу басылымдары;
6
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары;
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019
жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады;
3) 11-сыныпта білім беру процесі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту қазақ тілінде жүргізілетін
сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013
жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген оқыту орыс тілінде жүргізілетін
сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2013
жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің,
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және
басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық
жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығымен
бекітілген оқу басылымдары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2014 жылғы 25 ақпандағы № 61
бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің
үлгілік оқу бағдарламалары (2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрықпен
соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы (2018 жылғы 21
қыркүйектегі № 477 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң
есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
7
Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23
қазандағы № 502 бұйрығы (2019 жылғы 16 мамырдағы № 208 бұйрықпен соңғы
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік
құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу,
оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
24 шілдедегі № 344 бұйрығы (2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 651 бұйрықпен
соңғы өзгерістер енгізілген);
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы
білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру
нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы (2017 жылғы 29
желтоқсандағы № 662 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген);
«Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын әдіснамалық
қамтамасыз етуді үйлестіру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 бұйрығы (2018 жылғы
14 желтоқсанда соңғы өзгерістер енгізілген);
«Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог
қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
26 қаңтардағы № 32 бұйрығы;
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 494 бұйрықпен
соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйы мдарының педагог
қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру
(растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632
бұйрығы (2018 жылғы 16 шілдедегі № 350 бұйрықпен соңғы өзгерістер
енгізілген);
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру
бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген
тұлғаларды және білім мен ғылым саласындағы басқа да азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
8
27 қаңтардағы № 83 бұйрығы (2018 жылғы 29 маусымдағы № 316 бұйрықпен
соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті
атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік
орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу
конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік
қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығы (2018 жылғы 16
маусымдағы № 351 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«2018 жылы педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген
тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі – Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
10 мамырдағы № 200 бұйрығы;
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен
оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығы
(2018 жылғы 10 қаңтарда соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялық
талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы (2018
жылғы 28 қыркүйекте № ҚР ДСМ- 20 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген).
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (мектепке дейінгі,
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына (www.nao.kz)
орналастырылған.
Мектеп әкімшілігінде МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу
бағдарламаларының бір данадан қағазға шығарылған нұсқасы болғаны жөн.
Педагогтердің МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу
бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеулеріне болады.
Барлық оқу пәндері бойынша 1-10-сыныптарға арналған орта мерзімді
жоспарлар жүйелік- әдістемелік кешенде (сілтеме: smk.edu.kz) орналасқан.
11-сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық
жоспарлар әзірленуде және 1-10-сыныптарға да әзірленуі мүмкін.
Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды әр сабаққа әзірлейді және
9
электронды не қағаз түрінде ұсына алады.
Назар аударыңыз!
ҚР «Білім туралы» Заңының 31 бабына сәйкес 1-сыныпқа балалар алты
жастан қабылданады.
Мектепке қабылдау ережелері «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазанда № 564
бұйрығымен реттелген.
Ережеге сәйкес бірінші сыныпқа алты жастағы балалар және ата-анасының
қалауы бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толған балалар, ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші
негізінде дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.
Ата-аналар баланың мектепке қашан баратынын шешуге құқылы және оны
жеке өтініш арқылы ресімдейді. Ешқандай айыппұл санкциялары
қарастырылмаған.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін, төмендегідей құжаттар
қажет:
1) баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші (еркі н
түрде);
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) «Баланың денсаулық паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және
жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен
бекітілген 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 026/у-3 нысаны
бойынша № 2423 болып тіркелген);
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907
бұйрығымен бекітілген 063/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы
құжат (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697
болып тіркелген);
5) 3х4 көлеміндегі екі дана фотосурет.
(«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы).
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1
10
маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі. Баланы бірінші сыныпқа
қабылдау кезінде қосымша құжаттарды сұратуға жол берілмейді.
Сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар, гимназиялар мен лицейлерден
басқа, білім беру ұйымының бірінші сыныбына балаларды қабылдау
емтихандарын, тестілеуді, сынақтарды, конкурстарды өткізуге жол берілмейді.
Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан
өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін
дайындық курстарын ұйымдастырады.
2019-2020 оқу жылының ерекшелігі еліміздің білім беру
ұйымдарының 4, 9 және 10-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын
енгізу болып табылады.
4-сыныпта оқытудың ерекшелігі білім алушыларды білімді жетілдіре
отырып «белсенді оқуға» белсенді тарту болып табылады. Оқыту процесінде
білім алушылардың жаңа білімді өз бетінше іздестіруі үшін жағдай жасау
маңызды. «Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.
9-сыныптардың оқу бағдарламасының ерекшелігі базалық білім
беруді аяқтауға бағытталғандығы болып табылады.
9-сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары
жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға, толыққанды қарым-қатынас
жасауға қажетті және тұлғаның дамуына ықпал ететін, ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытатын социумдағы өмір үшін маңызды
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Бұдан басқа, оқыту процесінде тоғызыншы сынып оқушыларының
оқытылатын оқу материалдарын талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және
оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді бағалау дағдыларының
қалыптасуына назар аудару маңызды.
9-сыныпта дамытушы оқыту әдістерін (іскерлік ойындар, өзін-өзі оқыту
және өзара оқыту, пәнге «тез арада» ену әдісі, процестерді модельдеу, басқа
пәндік салалармен интеграция, мәтінмен жұмыс жасау, пәндік тілді дамыту
және т.б.), жобалық әдістерді (зерттеу топтық және жеке жобалар, танымдық,
конструкторлық, әлеуметтік жобалар, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ
мерзімді жобалар, контент-талдау және т.б.), коммуникативтік әдістерді
(практикалық жағдаяттарды талдау, білім алушылардың командалық жұмысы
және басқалар) белсенді қолдану ұсынылады.
10-сыныпты оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты
мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта
таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген
деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау болып табылады.
10-11-сыныптардың үлгілік оқу жоспарлары Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен
11
және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15
мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген.
10-сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес
оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі
анықталды.
Жаңа ҮОЖ-да «бейіндік» деген термин қолданылмайды, себебі
қоғамдық-гуманитарлық бағыт (бұдан әрі – ҚГБ) және жаратылыстану-
математика бағыты (бұдан әрі – ЖМБ) – бейіндер емес, бағыттар болып
табылады.
Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы
бейінді білім алушылардың өздері анықтайды,
10-сыныпта Үлгілік оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқарды,
білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің
дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді.
Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2
міндетті пәнді таңдау енгізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы
сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі.
Осылайша, 10-сынып оқушылары болашақ мамандығына назар аудара
отырып ҮОЖ-дағы 19 академиялық пәннен 14 оқу пәнін таңдай алады.
10-сыныпта оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес
негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізілсе, «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәніне өзгерістер енгізілді.
«Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.
Назар аударыңыздар!
2019-2020 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-
сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)-сыныптарда – 34 апта.
«Орта білім беру ұйымдарында 2019 - 2020 оқу жылының басталуын,
ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337
бұйрығымен 2019-2020 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:
2019-2020 оқу жылының басталуы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі. Оқу
жылының аяқталуы - 2020 жылдың 25 мамыры.
1-11(12)-сыныптарда:
күзгі каникул –7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса
алғанда),
қысқы – 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды
қоса алғанда),
көктемгі – 13 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды
қоса алғанда).
12
Назар аударыңыздар! Мектепалды сыныптарда:
күзгі каникул – 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса
алғанда),
қысқы – 14 күн (2019 жылғы 27 желтоқсан – 2020 жылғы 9 қаңтарды
қоса алғанда),
көктемгі – 15 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
қосымша каникулдар: 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
Сабақтарды өткізу мерзімі мереке күндерімен, ауа райының
қолайсыздығына және карантин енгізілуіне байланысты актіленген күндермен
сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша
жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып,
кіріктіруді ескере отырып көрсетілген күндерге дейін немесе кейін аздаған
сағат санымен оқыту қажет. Бұл ретте, қосымша сағаттар бөлінбейді.
Журналдарда біріккен сабақтар тақырыбы бір жолда көрсетіледі. Бұл
жағдайлар мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді, оқу сағаттары берілген деп
есептеледі.
Бұл ретте оңай мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын
жоспарламаған жөн. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл
өзгерістерді электрондық журналдар жүйесінде техникалық қолдау арқылы
көрсетіледі.
Сыртқы және ішкі бақылауды жүргізу кезінде осы бұйрық негіз болады.
Назар аударыңыздар!
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарларындағы вариативтік
компонентті қоса алғанда, жалпы білім беретін мектептерде білім
алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі 1-сыныпта –
24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта – 29 с., 4-сыныпта – 29 с., 5-сыныпта – 32 с.,
6-сыныпта – 33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-
сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
Оқу жүктемелерін қысқарту Педагогтер кеңесінің шешімі негізінде білім
беру ұйымдары таңдай алатын қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу
жоспарында қарастырылған (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4
қыркүйектегі № 441 бұйрығы). Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті
және қамқоршылық кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын
белгілейді.
Қысқартылған ҮОЖ-ды таңдаудағы басты шарт – білім алушылардың
ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету. Егер оқу пәндерінің қиыстырылуын
(комбинациясы) таңдау 7-сыныпта жасалса, онда таңдалған оқу пәндерінің
қиыстырылуына (комбинациясына) сәйкес келесі сыныптарда (8-9-сыныптарда)
оқуды жалғастыру қажет.
13
Жалпы білім беретін мектептердің 7-9-сыныптарына арналған ҮОЖ-да
ескертпе берілген, онда инвариантты компоненттен таңдау бойынша бейінді
оқу пәндерінің комбинациялары жазылған.
Бейінді оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинация) ҰБТ аясында
пәндерді таңдауға бағытталған.
Гимназиялар/лицейлерде де жүктеме өзгерді. Бастауыш сыныптарда
гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа
қысқарту ұсынылады.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру
ұйымдарында мектеп бағытына байланысты білім беру ұйымының өзі
айқындайтын мамандандырылған компонент енгізілді.
Осылайша, еліміздің білім беру ұйымдары, соның ішінде
гимназиялар/лицейлер, мамандандырылған лицейлер/гимназиялар да жүктемесі
қысқартылған ҮОЖ-ды таңдауға құқылы.
Бескүндік оқу аптасында оқу процесін ұйымдастыру
Бескүндік оқу аптасына көшу жаңартылған білім мазмұнына көшумен
қатар жүргізіледі және түрлеріне, типтеріне, меншік нысандарына қарамастан
барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.
Бірқатар оқу пәндері бойынша сабақтарды оқу мақсаттарына және сабақ
тақырыптарына сәйкес, кестеде өткізілетін орынды көрсете отырып,
музейлерде, театрларда, кітапханаларда, кәсіпорындарда және басқа да
ұйымдарда өткізу ұсынылады.
Егер мектеп бес күндік оқу аптасына көшсе, мұғалім сенбі күнді өз
қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Бұл ретте мектеп әкімшілігі сенбі күні
айына бір рет педагогикалық, әдістемелік кеңестердің мәжілістерін және басқа
да ұйымдастыру іс-шараларын қоя алады.
2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 10 сыныптарда
информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі. "Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына сәйкес "Жалпы білім
беретін ұйымдарға арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және
факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: ....5-тармақ.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі, мыналарды қоспағанда: "ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар" оқу пәні бойынша осы бұйрыққа 4 -
14
қосымшада 7 және 21-тармақтарды, бастауыш білім беру деңгейінің 1- 4-
сыныптары үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-сыныптар үшін, 2021 жылғы
1 қыркүйектен бастап 2 және 3-сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен
бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін болады.
Назар аударыңыздар!
2019-2020 оқу жылында Педагогтер кеңесінің шешімімен мектептер
мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын (спортзалда р,
аудиториялық қор), білім алушылар контингенті, кадрлармен қамтамасыз ету
және т.б. ескере отырып, жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу
туралы дербес шешім қабылдайды.
1-4-сыныптарда қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде
немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан
жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді:
- оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
- оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
- шетел тілі;
- ақпараттық- коммуникациялық технологиялар;
- өзін-өзі тану.
Негізгі орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу
төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке
жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе
одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
₋ оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
₋ оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
₋ шетел тілі;
₋ информатика;
₋ дене шынықтыру;
₋ көркем еңбек.
Жалпы орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу
төмендегі пәндерді оқыту барысында қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке
жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе
одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
₋ оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
₋ оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
₋ шетел тілі;
₋ информатика;
₋ дене шынықтыру.
2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын 11-сыныптардың
білім алушылары қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе
одан асқанда, ауылдық жерлерде 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан
жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:
15
₋ оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
₋ оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
₋ қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс
тілі;
₋ шетел тілі;
₋ информатика;
₋ бейіндік пәндер;
₋ технология;
₋ дене шынықтыру.
Білім алушылардың таңдауына сәйкес стандартты және
тереңдетілген деңгейдегі таңдау пәндері бойынша 10-сынып білім
алушыларын топтарғ а бөлуге болады .
Үш тілде оқыту
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылғы 23 сәуірдегі ХХІІ
сессиясында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын және Ұлт
жоспарының «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет»
79-тармағын орындау мақсатында 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім
беруді дамытудың (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
м.а. 2015 жылғы 5 қарашадағы № 622, Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 344 және Қазақстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 13
қарашадағы №1066 бұйрығына сәйкес) Жол картасы бекітілді.
Жол картасына сәйкес, оқыту процесінде қолдануға қажетті Үш тілді
оқытудың бірыңғай тілдік стандарты әзірленді (https://nao.kz/) (2016ж.). Тілдік
стандарт Қазақстан мектептерінің барлық түрлерінде үш мақсатты тілді оқытудың жалпы шегін (тәсілдері, принциптері, стратегиялары) анықтайтын
негіздемелік құжат болып табылады.
Сонымен бірге «оқыту тілі» және «мақсатты тіл» ұғымдарының мәнін
ажырату маңызды.
Жалпы білім беретін мектептердің оқыту тілдеріне: қазақ, орыс, ұйғыр,
өзбек, тәжік жатады.
Мақсатты тілдер болып: қазақ тілі екінші тіл ретінде, орыс тілі
екінші тіл ретінде және шетел тілі үшінші тіл ретінде саналады.
Төменде 1-кестеде үш тілде оқыту бойынша бойынша қазіргі жағдай
көрсетілген.
16
1-кесте. Үш тілде оқыту.
Бірінші тілдер
Оқыту тілдері
Қазақ тілі
Орыс тілі
Ұйғыр тілі
Өзбек тілі
Тәжік тілі
Екінші тілдер
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні (Т2)
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі «Орыс тілі» пәні (Т2)
Үшінші тілдер Шетел тілі (Т3)
Үш тілді білім берудің мақсаты білім алушылардың үш мақсатты тілді,
атап айтқанда: қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін қазақ
тілін, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін орыс тілін және
шетел тілін меңгеру үшін қажетті жағдайлар жасау.
Сондай-ақ, Қазақстанда этникалық топтардың ана тілдерін дамытуға
айтарлықтай көңіл бөлінуде. Осыған байланысты көптілді білім беретін
мектептер бар.
Қазақ, орыс және шетел тілдерін жеткілікті мөлшерде оқыту қазақ тілінде
оқытатын мектептерде де, орыс тілінде оқытатын мектептерде де үлгілік оқу
жоспарларында көзделеді.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері тек
оқыту тілінде оқытылады.
МЖМБС және 1-11 сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарларында
«Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына «Шетел тілі» пәні енгізіледі. Білім беру
ұйымдары «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндерінің бірін
таңдау құқығы бар. Жұмыс оқу жоспары мен журналда оқытылатын шетел
тілі көрсетіледі.
Неміс және француз тілдері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7
наурыздағы № 105 бұйрығымен (10-11 сыныптар);
ҚР БҒМ 2019 жылғы 26
шілдедегі № 334 бұйрығымен (1-4, 5-9-сыныптар) бекітілді.
Шетел тілін оқыту жалпы білім беру жүйесінің барлық сатыларында
олардың бірлігін, сабақтастығын және үздіксіздігін қамтамасыз ететін CEFR
("Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment" –
«Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі: оқу, оқыту, бағалау»)
тілдерді оқытудың деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады.
2019-2020 оқу жылында 10-11 сыныптарда «Физика», «Химия»,
«Биология», «Информатика» оқу пәндері оқыту тілінде жүргізіледі.
Аталған пәндерді білім алушылардың, педагогтердің және білім беру
ұйымдарының дайындық деңгейіне қарай, ата-аналардың пікірін ескере
17
отырып ағылшын тілінде оқытуға болады. Білім бөлімдерімен келісілуі
мүмкін.
Мектептердің педагогикалық ұжымдары пән
апталықтарын, мектепішілік олимпиадаларды және
зияткерлік конкурстарды ұйымдастыру арқылы үш тілді
білім беруді дамытып, қолдауы қажет
ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқытуда
CLIL технологиясын қолдану ұсынылады (2-кесте).
2-кесте. Тілді және оқу пәнін кіріктіріп оқыту
Тілдік және тілдік емес пән мұғалімдерінің бірлескен жұмысы көптеген
формаларда өткізілуі мүмкін. Шетел тілі мұғалімдері өз сабақтарында тілдік
емес ЖМБ пәндерінде оқылған лексиканы пысықтай алады. Білім беру
ұйымдарында, мүмкіндігінше, тілдік және тілдік емес пән мұғалімдері бір
уақытта бір сабақта жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, сабақтың қойылған
мақсаттарын, білім алушылардың оқу жетістіктерін және оларға ЖМБ оқу
пәндерін ағылшын тілінде оқуды жалғастырулары үшін мүмкіндігінше қажетті
қолдау көрсету мақсатында педагогтер сабаққа дейін және одан кейін бірлесіп
ТІЛ – оқыту құралы
Оқыту уақытының көлемі (әлеуеттік мүмкіндіктер)
CLIL технологиясы
Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту
Толық енгізу Ішінара енгізу
тілдік емес және тілдік пәндер
мақсатты тілде оқытылады
тілдік емес пән бірінші тілде
оқытылады (мектептегі оқыту тілі)
тілдік емес пән бойынша сабақтың
барлық кезеңдері мақсатты тілде
өткізіледі (жаңа материалды түсіндіру
кезінде оқыту тілінің қолданылуы
мүмкін)
сабақтың жеке кезеңдері мақсатты
тілде өткізіледі
тіл пәндері бойынша сабақтарда
пәндік терминологияны қолдану
дағдылары пысықталады
пәндік терминология мақсатты тілде
оқытылады
кейбір сыныптан тыс іс- шаралар
мақсатты тілде өткізіледі
сыныптан тыс іс- шаралар мақсатты
тілде өткізіледі
пән бойынша элективті курстар
мақсатты тілде оқытылады
пән бойынша элективті курстардың
кейбір бөлімдері мақсатты тілде
оқытылады
18
жұмыс жасай алады.
«Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімімен оқу тапсырмаларын
әзірлеу, оқу материалын іздеу және іріктеу, оның тіл тұрғысынан күрделілігін
бағалау, сонымен қатар сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыру бойынша
бірлесіп жұмыс жасай алады. «Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімі
дайындаған оқу тапсырмаларының дұрыс құрастырылуын тексере алады.
«Шетел тілі» пәнінің мұғалімі білім алушылардың тілдік емес оқу пәні
сабағында жұмыс жасайтын тілдік материалды анықтауға (грамматика, мәтін
жанры, терминология, айтылуы қиын лексика және т.б.) көмектеседі және
шетел тілі сабағында сол тілдік материалды пысықтайды.
Пән мұғалімдері мен «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдеріне 10-сыныпта
ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жоспарлау барысында Орта
мерзімді жоспарды (ОМЖ) бірлесіп жоспарлауға болады, бұл олардың оқыту
тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді. ОМЖ-ны бірлесіп құру барысында
білім алушылардың да, педагогтердің де тілдік құзыреттіліктерін дамытуға,
қосымша ресурстарды іздеуге және қолдануға, сонымен қатар бағалау рәсімін
ұйымдастыруға мүмкіндіктер көбейеді. Педагогикалық ұжымдар пәндер
бойынша мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің дәстүрлі
формаларынан бас тарта отырып, әр түрлі пәндер, соның ішінде тілдік және
тілдік емес пән мұғалімдері бірлестігіне біріге алады. Бұл үш тілде оқыту
аясында сабақ өткізуде жаңа формалар, әдістер мен технологияларды енгізуге
және оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық формалары:
әдістемелік секциялар, мұғалімдер қауымдастығы;
бір сынып мұғалімдерінің командалық жұмысы;
параллель сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
тіл пәндері мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
тіл пәндері мұғалімдерінің және тілдік емес пәндер мұғалімдерінің
ынтымақтастығы;
мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығы.
Командалық жұмыс:
бірлескен жоспарлау бойынша жүйелі жұмыс (ортақ
тақырыптарды жоспарлауды, ҚМЖ, оқу тапсырмаларын және бағалау
критерийлерін әзірлеуді және жұмысты талдауды (оқу жетістіктері, оқу
үдерісіндегі білім алушылардың
қиындықтары және т. б.);
ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды анықтауды,
осы категориядағы білім алушыларға қолдау көрсету стратегиясын белгілеуді;
мұғалімдердің табысты тәжірибелерін таратуды;
өзара сабаққа қатысуды;
бейнежазба жасауды және сабақты талдауды;
оқу материалдарын әзірлеуді;
сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыруды;
ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды;
менторлықты іске асыруды, ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде
оқытатын мұғалімдерді қолдауды көздейді.
19
Менторлық қолдау түріндегі командалық ынтымақтастық құнды болып
табылады. Менторлық немесе менторинг ағылш. – mentoring – оқу пәндерін
оқытуда озық тәжірибесі бар, тәжірибелі адамның, сарапшының (жұмыс өтілі
маңызды емес) тәжірибесі аз, жұмысты жаңа бастаған педагогпен өзара іс -
қимылы.
Ментор – тәлімгер. Физика, химия, биология, информатика пәндерінің
мұғалімдеріне ағылшын тілі мұғалімі, сондай-ақ, ағылшын тілінен кем дегенде
В2 деңгейі бар ЖМБ оқу пәндерінің мұғалімі ментор бола алады.
Менторлық қолдау көрсету ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды
жаңа бастаған педагогтің кәсіби іс-әрекетін тексеруші, оған баға беруші,
бақылаушы функцияларын атқаруды көздемейді.
Менторлық қолдау көрсетудің бірінші жылынан кейін өзара командалық
іс-әрекеттесу тәжірибесін талдау және ары қарай кәсіби өсу үшін бағыттарды
анықтау маңызды.
Білім алушылардың тілдік және пәндік құзыреттілігін бағалау
ерекшеліктері
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту аясында білім алушылардың жетістіктерін
бағалаудың келесі ерекшеліктері бар:
1. Пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері пәнді оқыту
мақсаттары жүйесіне сәйкес бағалау критерийлері негізінде қалыптастырушы
және жиынтық бағалау барысында бағаланады.
2. Тілдік дағдылар жиынтық бағалау кезінде бағаланбайды, бірақ мұғалім
тілдік дағдылардың даму барысын бақылап, пәнді оқу кезінде қалыптастырушы
бағалау үдерісінде көмектеседі, қолдайды, бағалайды.
3. Пәндік және тілдік құзыреттіліктерді кешенді түрде бағалауды жүргізу
үшін шетел (ағылшын) тілінде оқытылатын пәндерге қатысты пән мазмұны мен
тілдік ерекшеліктерге сәйкес тіл пәндері мұғалімдерімен бірлесіп
дескрипторлар әзірлеу қажет.
Әрбір мектеп өзіндік ресурстық базасын дамыту үшін ЖМБ пәндерін
ағылшын тілінде оқыту бойынша тапсырмалар, жаттығулар, мәтіндер, бағалау
жұмыстарының электронды «Банкін» жинай алады.
2019-2020 оқу жылында мұғалімдер ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде
оқыту үшін желілік кәсіби қауымдастықтарға тіркеліп, сандық платформаларды
пайдалана алады:
1. https://www.khanacademy.org/
2. https://bilimland.kz
3. https://www.stem.org.uk/
4. https://www.pinterest.com/
Назар аударыңыздар!
20
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және
оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008
жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 317
бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру
ұйымдары басшыларының бұйрығымен бір оқу жылына сайланады және
бекітіледі.
Педагогикалық кеңес:
• оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;
• жұмыс оқу жоспарларын бекіту;
• білім беру қызметтерінің сапасы;
• инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім
алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімдері мен психология -
педагогикалық ерекшеліктері туралы мәліметтер негізінде білім алушылардың
(тәрбиеленушілердің) жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие
және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;
• білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу,
оларды емтихандарға жіберу, білім алушыларды ұсынылған құжаттар негізінде
емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа көшіру немесе
оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мадақтау
қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік аяқтағаны, негізгі орта
білімді аяқтағаны, жалпы орта білім беруді үздік аяқтағаны, жалпы орта білім
беру жөнінде аттестаттар, белгіленген үлгідегі анықтамалар беру туралы шешім
қабылдау;
• оқу жүктемелерін бөлу, педагогтерді аттестаттауға, марапаттауға және
көтермелеуге дайындау;
• 10-11 сыныптарда «Химия», «Физика», «Биология» және
«Информатика» оқу пәндері бойынша білім беру ұйымының ағылшын тіліне
оқуға көшуі;
• экстернаттық оқыту түрінде білім алушыларды аралық және
қорытынды аттестаттауға жіберу, өткізу;
• зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық- шығармашылық
конкурстарға қатысатын білім алушыларға арнап жеке жұмыстар ұйымдастыру;
• сабақ кестелерін келісу;
• білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және
мектепті бітіруі;
• білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) эмоционалдық-еркін және
тұлғалық дамуын зерттеу сияқты мәселелерді қарастырады.
Қазіргі таңда педагогикалық кеңестерге жүктемесі төмендетілген ҮОЖ
таңдауда, топтарға бөлу мәселелері, жоғары сыныптарда физика, химия,
биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту және білім беру
ұйымдары қызметінің басқа да мәселелері бойынша өздігінен шешім
21
қабылдауға мүмкіндік беретін академиялық еркіндік беріледі.
Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
2019-2020 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9,
10-сыныптарда жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі
жиынтық бағалауды қамтиды.
Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және
бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын
қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін
анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын
көрсету, оқыту нәтижесі бойынша ата-аналарын хабардар ету мақсатында
әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады.
Бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады,
білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде
көрсетуге бағыттайды. Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі
даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту деңгейін
бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айту/көрсету мен оған
жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған
оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету
керектігін білуі қажет.
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу
материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын
анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдын ала танылған
критерийлермен салыстыруға негізделген.
Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де,
бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да
атап өту маңызды.
Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты,
мақсатқа жетудегі дербестікті ұстану маңызды.
Бағалау жүйесі ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді
22
қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына бағалау жүйесінің мақсаты
мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық
тренинг немесе мастер-класс өткізіледі.
Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға
немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.
Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек
ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік
материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:
- «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14
маусымдағы № 272 бұйрығы;
– «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта
білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
туралы» әдістемелік нұсқау хат;
– Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған
критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
– Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша басшылық;
– Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;
– Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға
арналған тапсырмалар жинағы;
– Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы;
– Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсынымдама.
Әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.
Мұғалім:
• бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;
• бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);
• бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе
«НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;
• білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
• үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және
оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке
тапсырмаларды әзірлеуі;
• сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ
ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере
отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі керек.
Мұғалім білім алушылардың бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау
жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу
23
тапсырмаларының шарттарын белгілеуде түзетілген жерлерді ескеруге
болмайтынын білуі тиіс.
Білім алушылар мен педагогтердің портфолиосын жүргізу міндетті емес.
Назар аударыңыздар! Білім берудің барлық деңгейлерінде
жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес.
Оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестация өткізілмейді.
Бағалау барысында мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды ескерген жөн:
1. Білім алушылар бағалау процесіне белсенді қатысады, соның ішінде,
үнемі өзін-өзі бағалау жұмыстарын өткізеді.
2. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;
3. Білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен
емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
4. тапсырмалардың әртүрлі формалары мен түрлері қолданылады және
мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары
әзірленеді;
5. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болады;
6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті
шарты ретіндегі білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді;
7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін бөлім бойынша
жиынтық бағалаудың (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың (ТЖБ)
оқу тапсырмаларына өтілген (меңгерілген) оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқыту
критерийлері оқыту мақсаттарына сай болуы тиіс.
Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері
көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану,
анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.
Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушыларға дайындық
деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге
оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс
таңдауға мүмкіндік береді.
8. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған
критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.
9. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері
бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау
маңызды.
10. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын
салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия
ұйымдастыру ұсынылады.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін
өзі таңдап, әзірлей алады.
1. Диагностикалық құралдар тек бақылауды, диагностиканы ғана емес,
сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды
24
қамтуы керек, яғни:
- тапсырмалар білім алушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады,
мәселен: «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне
айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;
- тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды,
мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («көп»
немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер».
2. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қарай мұғалім
қалыптастырушы бағалау шеңберінде белгілі бір уақыт аралығында аралық
нәтижелерге қол жеткізуді жорамалдай алады.
Критериалды бағалау құралдары
Мұғалімнің ауызша бағалауы белгілі бір оқу нәтижелеріне қол жеткізу
үшін көтермелеумен байланысты болуы керек. Баланың бүгінгі жетістіктерін
оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет.
Негативті баға білім алушының ынтасына, жауапкершілігіне,
табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге классикалық
сөздермен тоқтап қалмай, сөздік бағалау қорын толықтыру қажет. Білім
алушының оқу жетістіктеріне қатысты өзінің эмоционалдық қатынасын, уайымын көрсету қажет. «Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты»,
«сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» (болжам, жорамал), «Қандай тамаша идея, оқулықтың авторы бұл туралы әлі
ойламаған», «Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс- әрекеттерді
орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі
жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер».
Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:
- білім алушыны бірден мақтаңыз, тіпті болмашы нәтижеге қол
жеткізгеннен кейін де мақтаған жөн;
- білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін
мақтаңыз;
- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді айтыңыз.
Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды,
содан кейін жаңа міндет қоюға болады.
Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта
пайымдауды үйренуі керек.
Мұғалім білім алушыларға өзара әрекеттестіктің, конструктивті қарым-
қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.
Жазбаша кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі
жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім
алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді.
Айдарлар үлгілерін мұғалім қалыптастырушы бағалау бойынша кері
байланыс беру үшін оқытудың барлық мақсаттарымен құрастыра алады.
Білім алушылар мен ата-аналарды барлық оқу кезеңінде оқушылардың
оқу жетістіктерінің деңгейі туралы түсінуді қамтамасыз ету маңызды, бұл
25
толтыруға қосымша уақытты қажет етпейтін электрондық нұсқада дайындалған
айдарларды ұсыну арқылы мүмкін болады, ал білім алушының оқу материалын
меңгерудегі бағалау сипаттамаларының, жетістіктері мен проблемаларының
барлық спектрін қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы
жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан
әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және
педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе
ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі.
Бақылау - қалыптастырушы бағалау түрінің ажырамас бөлігі болып
табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар.
Формальды емес бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ
жүреді. Формальды бақылау - мұғалім қандай да бір дағдылардың қаншалықты
дамығанын көруге мақсат қояды.
Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім пайдалана отырып, өз
қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және
дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.
3-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының
деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде
бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.
3-кесте. Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері
Дағдылар Сипаттама
Білу Нақты дəлелдерді, ақпараттарды жəне олардың сипаттамаларын білу
жəне еске түсіру
Түсіну Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты
интерпретациялауды көрсету
Қолдану
Ақпаратты жəне бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес
жағдаятта немесе контексте қолдану жəне пайдалану
Талдау
Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету,
себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен
əртүрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерттеу, жəне/немесе жалпы
ереже-қағидаларды негіздеу үшін дəлелдеме табу.
Синтез Жаңа контексте бұрын алынған білімнің əртүрлі бөліктерін қайта құру
қабілетін көрсету
Бағалау Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің
маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру
Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру ерекшелігін
ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады.
Төменде берілген ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту
бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін қолданылатын етістіктердің
кестесі мұғалімге бағалау критерийлерін құрастыруда көмектеседі (4-кесте).
4-кесте. Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы
26
Р/с Ойлау
дағдылар
ының
деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін
етістіктер тізбесі
1 Білу Санап шығу, есте сақтау, айту, көрсету, қайталау, аяқтау,
жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.
2
Түсіну
Талқылау, айқындау-анықтау, əңгімелеу, түсіндіру, сұрау,
тұжырымдау, түрлендіру, көрсету жəне т. б.
3
Қолдану Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету,
табу, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент өткізу,
иллюстрациялау - безендіру, түсіндіріп беру, əрекет жасау,
аздап жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау,
көрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану жəне т.б.
4
Талдау
Талдау, топтастыру, есептеу, категориялау, жіктеу,
салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырату,
зерттеу, тəжірибе жасау, түсіндіру, шығару, реттеу,
күмəндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру жəне т. б.
5
Синтез
Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау, құру,
жасау, əзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу,
өзгерту-модификациялау, ұйымдастыру, жоспарлау,
дайындау, ұсыну, қайта топтау, көшіріп жазу, орнату,
анықтап алу жəне т.б.
6 Бағалау Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, , сендіру,
дәйектеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу,, алдын ала
болжау, реті бойынша бөлу, ұсыну-ұсыныс жасау,
бөліп/атап көрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау,
кеңес беру, экспертиза жасау, рецензиялау, зерттеу, алып
шығу.
Мұғалім білім алушылармен бірлесіп оқыту мақсаттарына жетудегі табыс
критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды
толықтырады.
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім бағалауда жеке тәсілдемені
ескеруі тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдысын
дамыту үшін көп уақыт қажет екенін көрген болса, бұл оқу мақсатын басқаша
бағалауға және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін
әзірлеу кезінде түзетулер енгізуге шешім қабылдауы керек.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын
мұғалімдер өздігінен әзірлейді. Қалыптастырушы бағалау бойынша есеп
беру құжаты болуының қажеттілігі жоқ.
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалімнің өзі білім алушылардың
санын және кері байланыс жиілігін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін тіркеу формасын мұғалім өзі
(сандық, графикалық, балдық) дербес анықтайды. Қалыптастырушы бағалау
нәтижелері мұғалімнің есептік құжаты болып табылмайды.
27
Критериалды бағалау рәсімдері бойынша нұсқаулық
1. Критериалды бағалау жүйесінің принциптері, рәсімдері және
құралдары
1.1 Критериалды бағалау жүйесінің принциптері
1.1.1 Критериалды бағалау жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу
бағдарламасындағы мақсаттармен және күтілетін нәтижелермен тікелей
байланысты оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.
• Объективтілік, нақтылық және валидтілік. Бағалау нақты және
сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу
мақсаттарына және күтілетін нәтижелерге жетуді бағалайтынына сенімділік
бар.
• Анықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті және ашық ақпарат
береді, білім беру процесінің барлық қатысушыларының қызығушылығы мен
жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерінің прогресін
уақытылы және жүйелі түрде қадағалауға мүмкіндік беретін үздіксіз процесс
болып табылады.
• Дамуға бағыттылық. Бағалау білім беру жүйесін, мектепті,
мұғалімдер мен әр оқушының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Білім алушының жеке қасиеттері емес, оқу іс-әрекетінің нәтижелері мен
олардың қалыптасу процесі ғана бағалануы мүмкін екенін түсіну маңызды.
Бағалаудың негізгі критерийлері жоспарланған нәтижелер болып
табылады. Бұл ретте бағалау нормалары мен критерийлері, бөлім және тоқсан
бойынша жиынтық бағалау (БЖБ мен ТЖБ) нәтижелерін қою алгоритмі
мұғалімдерге және білім алушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.
Бағалау жүйесі білім алушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау
дағдыларын меңгере отырып, бағалау қызметіне қатысатындай етіп құрылады.
1.2 Критериалды бағалау жүйесінің рәсімдері
Критериалды бағалау білім алушы өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы
ақпарат алған кезде тұрақты кері байланысты болжайды. Бұл ретте мұғалім
білім алушылардың санын және кері байланыс жиілігін дербес анықтайды.
Тіпті аралық жұмыстың қанағаттанғысыз нәтижелері білім алушылардың
нәтижелерін жақсарту үшін ұсынымдық сипатта болуы тиіс.
1.2.1 Мұғалім тоқсан бойы өткізілетін бағалауды алдын ала жоспарлауы
және бағалау үшін оқытудың нақты нәтижелерінің (оқу мақсатының) тізбесін
анықтауы тиіс.
1.2.2 Қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізу қорытындылары бойынша
балл қою білім алушылар үшін түсінікті болуы және оқу уәждемесін арттыруға
ықпал етуі тиіс.
1.2.3 Қалыптастырушы бағалауды қолдану оқушылардың жұмысын
28
тексеру нәтижелері бойынша мұғалім сабақтағы жұмыстың мазмұны мен
дұрыстығы туралы жазбаша немесе ауызша пікірлер қолданатынын білдіреді.
Сабақта білім алушыларды кері байланыспен қамту және саны бойынша
нормалар жоқ. Мұғалім кері байланысты берудің формасын, мазмұнын және
жиілігін дербес анықтайды.
1.2.4 Білім алушылардың үй тапсырмасын мұғалім жазбаша түрде
(дәптерде және/немесе күнделікде) немесе ауызша тексереді және түсіндіреді.
1.2.5 Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары сабақ барысында өткізіледі
және басып шығаруды және одан әрі сақтауды қажет етпейді.
1.2.6 Білім алушының орындалған жұмысының нәтиж есі немесе
түсініктемесі дәптерге мұғалімнің таңдауына кез келген түсті қаламмен
қойылады.
1.2.7 Мұғалім қалыптастырушы және жиынтық бағалау қорытындысы
бойынша: а) жеке алынған білім алушы деңгейінде; ә) сынып/параллель
деңгейінде алынған мәліметтерді талдайды. Қалыптастырушы бағалау
қорытындысы білім алушылармен талқыланады.
1.2.8 Мұғалім білім алушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижелерін
бір оқу жылы ішінде жинайды және сақтайды.
1.2.9 Мұғалім білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелерін балл
түрінде журналға (қағаз/электрондық) қояды, балдарды ауыстыру шкаласы
бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.
1.2.10 Бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып-үйренгеннен кейін жиынтық
бағалау бір пән бойынша тоқсан сайын үш реттен артық жүргізілмейді.
1.2.11 Бір тоқсанда үш және одан да көп бөлімдер (ортақ тақырыптар)
оқылған жағдайда, мұғалім өздігінен оқу мақсаттарының саны мен
тақырыптарының ерекшелігін ескере отырып, бөлімдерді ( ортақ
тақырыптарды) біріктіреді.
1.2.13 Бір бөлімді (ортақ тақырыптарды) оқыған жағдайда ТБЖ-ның
ширегінде тоқсанның екінші жартысында бір рет, тоқсанның соңына дейін
кемінде екі апта бұрын өткізіледі. ТБЖ-ны екі бөлікке бөлуге және екі ТБЖ
түрінде жүргізуге жол беріледі.
1.2.14 БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер сыныптағы білім
алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып өздігінен құрастырады. Басты
талап - пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкестігі. Үлгі үшін
ұсынылған БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын пайдалануға жол берілмейді.
1.2.15 Жылдық жиынтық бағалау немесе оқу жылының қорытындысы
бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.
1.3 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау
Оқыту барысында мұғалім ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған
жеке жоспарды қолдана ала ды, дифференциалды және/немесе жеке
тапсырмаларды әзірлей алады, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар
білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне
(қалыптастырушы және жиынтық бағалау) өзгерістер енгізе алады.
Критериалды бағалау сұрақтары бойынша келесі дереккөздерге жүгінуге
болады:
29
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік
қағидалары (2018 жылғы 09 ақпандағы № 47 бұйрықпен өзгерістер енгізілген).
2. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14
маусымдағы № 272 бұйрығы.
3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды
бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ, 2016
4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешен
http://smk.edu.kz
5. Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелерді
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтының «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құрал» бөлімінен табуға болады :
https://www.nao.kz
6. Онлайн курс «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды
бағалау жүйесі» https://academia.kz/ru/course/1
Назар аударыңыздар!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы
10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және «Орта білім
беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жүргізуі
үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32
бұйрығымен мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында төмендегідей
құжаттарды жүргізу белгіленді:
– сынып журналы;
– тақырыптық-күнтізбелік жоспар;
– күнделікті жоспарлар (қысқамерзімді жоспар);
– қритериалды бағалау бойынша құжаттар (қалыптастырушы және
жиынтық бағалау);
– білім алушылардың күнделігі.
Сынып журналы әр мұғалім үшін міндетті түрде жүргізілетін қатаң
есептегі құжат болып табылады.
Сынып журналы білім беру ұйымын электрондық жүйеге қосқан кезде
тек электронды форматта толтырылады, оны қағаз түрінде толтыруға жол
берілмейді.
«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы»
30
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының 23 -
тармағына сәйкес білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балл
түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және балдарды ауыстыру
шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.
Оқу жылы ішінде білім алушыны бір мектептен бір мектепке ауыстырған
кезде оның жиынтық бағалау нәтижелері электрондық (қағаз) журналынан
үзіндімен ресімделеді, директордың қолымен, мектептің мөрімен
куәландырылады және білім алушының жеке ісімен бірге беріледі (ҚР Білім
және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 47 бұйрығы
редакциясында).
Оқу жылында тоқсанның қорытындысы бойынша электрондық
журнал басып шығарылмайды, б ілім беру ұйымдарында электрондық
журналды электрондық тасымалдағышта (флеш, диск) сақтау көзделуге
тиіс.
Электрондық журналды жүргізу жөніндегі қызметтерді қамтамасыз
ететін компания электрондық журналды мұрағаттық сақтауды және
нормативтік құжаттар мен істер номенклатурасында белгіленген уақыт
көлемінде "қарау" режимінде қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Табельдер оқу жылы аяқталғаннан кейін бір рет басып
шығарылады. Ата-аналардың әр тоқсан аяқталғаннан кейін табельді
қарауға мүмкіндігі болуы тиіс.
Білім алушылар мектептен кеткен жағдайда табель қажеттілігіне
қарай басып шығарылады.
Электронды журналды жүргізу