Материалдар / Өзін-өзі тану апталығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін-өзі тану апталығы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өзін-өзі тану;Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2018
6733
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Жалтыр негізгі мектебінің

Директоры: М.Қ.Жантокена

« 01 » ақпан 2018ж

1-12 ақпан аралығында өтетін

«Өзін-өзі тану;Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

атты онкүндік жоспары.

Іс-шараның тақырыбы.

Түрі

Уақыты

Жауапты

1

«Өзін-өзі тану;Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы


Салтанатты

линейка


1.02


Оспанова Г.Т.

2

Рухани-адамгершілік білім беретін«Өзін-өзі тану» пәнінің авторы С.А. Назарбаеваның еңбек жолына арналған«Мейірім төккен ана» кітап көрмесі.


Кітап көрмесі.


Онкүндік барысында


Оспанова Г.Т.

3

Ана, мейірімділік,бейбітшілік пен достық тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар,суреттер,ашықхаттар және қабырға газеттерінің көрмесі


көрме


2.02


Сынып жетекшілері.

4

Адамгершілік,қайырымдылық және патриоттық тақырыбындағы дөңгелек стол.


Дөңгелек стол


5.02.


Оспанова Г.С


5

«Жүректен-жүрекке» аз қамтылған отбасы балаларына демеушілер көмегімен сыйлықтар жасау.


Қайырымдылық акциясы


6.02


Мектеп әкімшілігі.

Әлеуметтік педагог.

6

«Салауатты ұрпақ-мерейлі отбасынан.» . 1-4 сыныптар арасында сынып сағаттары.

Сынып сағаттары.

7.02


Сынып

жетекшілері


7

«Ән-көңілдің ажары» ән фестивалі,сахналық қойылым.




8.02

Оспанова Г.Т.



8

«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы.


Сайыс


9.02


Қозкенов Қ.Б.


9

«Мейірімге толы әлем» мерекелік концерт.Онкүндік қорытындысы.Марапаттаулар.


Концерт.


12.02


Оспанова Г.Т.


«Жас ұлан» ұйымы.





Мейірімге толы әлем

(«Өзін-өзі тануМахаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікті қорытындылауға арналған мерекелік концерт)

1-жүргізуші; Қайырлы таң,құрметті ұстаздар,оқушылар мен қонақтар.

2-жүргізуші;Бүгінгі мерекелік концертіміздің тақырыбы-Мейірімге толы әлем деп аталады.Бүгінгі күні біз «Өзін-өзі тану;Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы » атты онкүндіктің қорытындысын шығарып,үздіктерді марапаттамақпыз.

1-жүргізуші;Бәрінің бастауы-мейірім,махаббат.

Жаныңа нұр сепкен шапағат.

Еңбектің рахатын сездірген,

Гүлдерге құлпырған нұр берген,

Бәрінің бастауы –махаббат.

2-жүргізуші;Сәбидің шырағын жандырған,

Бұлағы мейірін қандырған,

Шуағы жылытқан жүректі,

Жаңғыртып айтамын қайталап,

Бәрінің бастауы-махаббат.

Ән « Бала тілегі »

1-жүргізуші;Біз бақытты баламыз еркелеген

Тыңдап өскен ертегі,ән мен өлең.

Туған жердің аймалап самал лебі,

Отан-ана біздерді мәпелеген.

2-сынып оқушыларының жаттаған өлеңдері оқылады.

2-жүргізуші;Бақыт-адамның өмір қызығы мен қуанышына,рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым.Бақыттың негізінде адам өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр.Арман сияқты бақыт та мұраттың тылсымдық, эмоциялық көрінісі болып табылады.Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, бақыт оның іске асу деңгейін көрсетеді.Бақыт-бұл адамның ішкі жан дүниесі.

1-жүргізуші;Минут сайын сезінем бақыт дәмін,

Қуанышқа толады уақыттарым.

Айналаның бәрінен бақыт көрем,

Арайланып тұрғанда атып таңым.

Би « 5-6 » -сыныптар.

2-жүргізуші;Табады асыл сөзді ер данасы,

Шығады білімдіден сөз сарасы.

Салшы бір әсем әнге шарықтатып,

Егемен еліміздің болашағы.

Ән « Дос болайық бәріміз»

2-жүргізуші;Бізде бүгін мереке,

Көңілденіп билейік.

Жүректен шыққан жырымызды,

Шашу етіп төгейік.

Өлеңдер оқылады.9-сынып

1-жүргізуші;Күндіз-түні шүкір деп шаттанамын,

Сәбидеймін,көңілім аппақ әлі.

Көзім-шырақ,санам сау,ғалам ғажап,

Бұдан артық бола ма бақыт маған.

2-жүргізуші;Бақыт деген-ата-анаң өмірдегі,

Бақыт деген-арманың көңілдегі.

Бақыт іздеу өмірде міндет емес,

Бақыт өзі кеп қонар бір күндері.

Ән «Бақыт деген» 9-сынып

1-жүргізуші,Если бы я была цветком,

Белой полевой ромашкой,

Я б дала ночлег и дом

Каждой крохотной букашке.

Я бы Радовала свет,

Красотой неприхотливой.

Я бы знала; в ми

Более чем я Счастливой

1-жүргізушіӨнеріне қыздардың бас иеміз.

Тыңдап өскен үлкендер өсиетін.

Біз қазақтың баласы өнер сүйген,

Қадірлеген елінің қасиетін.

Би 4- сынып оқушылары.

2-жүргізуші;Сұрасаң сен бұл өмірден,

Қай жол маған мәңгілік?

Күнмен бірге сен оянсаң,

Жол сілтейді таң күліп.

Әрқашан да алға бассаң

Тура жол ол-Адалдық.

Соңынан ер сән құрып,

Болашақтың жолы-құт.

1-жүргізушіТамсандырып өнерімен,

Осы кештің барысы.

Жадыратсын жанымызды,

Бүлдіршіндер күлкісі.

Ән «Балдырғандар әні».

2-жүргізуші;Көрікті етіп,білдіріп жетік,

Өмірдің сырын ұқтырған.

Ойлантып қана,ой айтып дана,

Өзін-өзі тану мықты пән.

1-жүргізуші; Ақыл мен талап,болады қанат,

Қырандай самғап ұшасың.

Бабаның даңқын,атаның салтын,

Тереңнен танып ұғасың.

Жақсылықпен жанарыңда маздар от,

Мақтанасың туғаныңа қазақ боп.

2-жүргізуші;Құрметті оқушылар,ата-аналар, ұстаздар,баршаңызды «Шаттық шеңберіне» шақырамыз.Бізбен бірге қайталаңыздар.

1-жүргізуші;Біздің өміріміз-бұл- Бақыт.

2-жүргізуші;Еліміздің тыныштығы-бұл-Бақыт.

1-жүргізуші;Армандардың орындалуы-бұл-Бақыт.

2-жүргізуші;Жүрегіміз меірімге толы болса, бұл-Бақыт.

1-жүргізуші;Ендеше бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. «Жүректен-жүрекке»

Ән;«Мы желаем счастья вам»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!