400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзін-өзі тану" пәні - рухани байлық көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәнінің мақсаттары мен міндеттерін ашып көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақаланы жазған
: Сарымбетова Алия Аскаровна
Жұмыс орны: Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
Атқаратын қызметі: әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы


Мақала тақырыбы: Өзін-өзі тану пәні – рухани байлық көзі.
Алдымызда білімге құштар, өмірге талпынысы зор жас ұрпақ тәрбиеленуде. Сондықтан да «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы басты мақсат – бұл баланың бойына тек білім нәрін сіңіріп қою ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта жағдайында баланы дұрыс бейімдеу, оның өзін де, өзгені де сыйлай білуіне жол ашу. Сонымен қатар білім алушының ізгілікті дүниетанымын, өзін және қоршаған ортаны бағалай білу қабілетін дамыту. Сабақ барысында білім алушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттерімен бірге ақыл-ой қабілеттерін дамыту көзделеді. Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты - әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Өмір - теңіз, тағдыр - кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек. Ал өзін-өзі тану пәні бізге мына өмірде ақ пен қараны ажырата білуге септігін тигізеді. Өз-өзіңді бақылап, көптеген жеңіске жетуге көмегін береді.
Сара Алпысқызы Назарбаева: «Мен сәбилердің жастайынан үнемі дені сау және бақытты болу өнерін меңгергендерін, білім алып есейгендерін, адамзатқа қызмет ету жолында өмір даналығы мен бақыт табуларын, өздерінің кім екендіктерін, не үшін өмір сүретіндіктерін және қандай нәрсеге талпыну керектігін ұғынуын қалаймын. Әрбір адам өзін-өзі тануы қажет», -деген бір сөзі керемет айтылған Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері «Өзін-өзі тану» бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді.
Өзін-өзі тану пәні баланы тәрбиелеуге көп септігін тигізеді. Себебі, ондағы жағдаяттар мен шығармалар әр балаға әсер етіп, өзінің сондай дәрежеге жетпеуін қадағалайды.
Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.
Кәзіргі таңда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, тағылымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген әрбір адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Адам тәрбие негізінде жетіліп, қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі бәріне белгілі. Бала тәрбиесі білім арқылы жетіледі емес пе. Сондықтан да әр баланың өзіне тән психологиялық ерекшелігін ескере отырып жүрегіне жол таба білу маңызды.
Ф.И. Достоевскийдің: «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе-өзің бағын, өзіңді-өзің тани біл»,- деген сөзі бекерден айтылмаса керек .
Жалпы алғанда «Өзін-өзі тану» пәні жеке тұлғаның жан-жақты дамыған, ешкімге тәуелді емес, өзін-өзі бағалай, жетілдіре алатындай, өз бетінше шешім қабылдап, өмір сүре алатындай бағыт ұстануын қамтамасыз етеді.
Әрбір жеке тұлға өзін-өзі тани отырып жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке түлға болып қалыптасады. Өмір деген ұзақ жолда кейбіреулер сүрініп, қайта тұрып, алдына қойған мақсатқа жету үшін тырысады. Алайда, алдыңа қойған мақсатың өзің үшін де, ел үшін іске асарлық пайдалы іс болуы қажет. Егер де алдыңа қойған мақсатың неғұрлым пайдасыз болса ең терең өзеннің тұңғиығына түсіп кетуің ғажап емес. Міне, өзін-өзі тану пәнінің адамдарға ең алдымен берер пайдасы, мақсаты дұрыс жолды көрсете білу. Бізге дұрыс бағыт бағыттап, өмірге деген құлшынысымызды арттырады. Адамгершілік,мейірімділік,жанашырлық адам бойындағы ең бір тамаша қасиеттердің бірі. Өзін-өзі тану пәні бізді адамгершілік қасиеттерге баулиды.
Біз бұл пәнді оқу арқылы жан дүниемізге рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерімізді жинаймыз. Адамгершілік - бұл адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы. Бала кішкентай кезінен бастап адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп өссе, болашақта адамгершілігі зор азамат болып шыға алады. Міне, өзін-өзі тану пәнін балабақшадан бастап оқытудың басты мақсаты мен міндеті баланың болашақта жақсы азамат етіп шығару. Адамның ең жақсысы меніңше, бойында адамдығы бар адам. Мейлі адам кедей болсын, білімсіз болсын, жүрегінде иманы, көңілі ақ болса адамның адамы деп атауға болады. Өзін-өзі тану нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Өзін-өзі тану пәні-жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол.

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі