2.Үй тапсырмасын
тексеру.
Өсімдіктер туралы айтылған
қызықты мәліметтер тауып,кітапша жасап
келу.
Сұрақтар:
1.Өсімдіктердің мүшелерін
атаңыз ?
2.Өсімдіктердің пайдасы
қандай?
3.Өсімдік неге жасыл түсті
болады?
4.Суда өсетін өсімдіктерді
атаңыз?
5.Өсімдіктің адам өміріндегі
пайдасы қандай?
6.Өсімдіктердің жайқалып өсуі
үшін,қандай дұрыс әрекет
жасаймыз?
3.Жаңа
тақырып.
Ішкі
интеграция ( жалпыадамзаттық
құндылықтарды сабақ мазмұнына
интеграциялау)
Кіріспе: Қадірменді оқушыларым, біздің
бүгінгі сабағымызда өсімдіктер туралы болмақ.Ендеше осы
өсімдіктердің ішінен орман-тоғай өсімдіктеріне назарымызды
аударайық.Орман-тоғай өсімдіктеріне:
қайың,көктер,шыршалы,мойыл,тошала жатады.Орман мен тоғай да
өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жеткілікті,оның топырағы
құнарлы,ылғалы мол,топырағы қыста тоң болып қатып
қалмайды.
Қайың-жарықты жақсы
көретін,тез өсетін,гүл шоғы сырға тәрізді көрікті ағаш.Қайң
ағашы-сымбатты ,биік бойлап өседі.Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр
бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады.Қайың ағашының күтімі жақсы
болса,жайқалып жан-жағына сәулесін шашып керемет өседі.Қайың
ағашының адаммен тығыз байланыстығы бекер емес.Бұрынғы өткен
замандарда дүниеге келген сәбиге арнап қайың ағашын отырғызатын
болған екен.Сәби өскен сайын қайың да бой түзеп сала береді
екен.Егер сәби ауырып қалса,ағашқа барып емдеген екен.Қайың да
адамдар тәрізді тыныштықты қалайды.Егер тыныштығы орнамаса
бұтақтары иіліп ,жерге дейін салбырап тұрады екен.Адамдар да
өздерінің ішкі тыныштығын қалайды.Егер адам өз тыныштығын таба
алмай,неше түрлі ауыр сөздер мен пікірлерде жүрсе, иықтары төменге
қарай бүгіліп,өздерін ауыр сезіне бастайды.Адамдар да,қасында жан
дүниесін түсінетін адамдар болуын қалайды,ғажайып сезімді
армандайды.
Ендеше балалар,біздер барлық
өсімдіктерге қиянат жасамай,бой түзеп биік болып өсуін қаласақ
,дұрыс әрекет жасайық!Дұрыс әрекет дегеннің өзі жер бетіндегі
барлық тірі жан иелеріне қиянат
жасамау.
4.Ой- толғау : топпен
жұмыс.
1-топқа : «Ағаштар неге
ашуланады?» постер қорғау.
2-топқа: « Ағаштардың сендерге
мен не жаздым?» деген ішкі даусына калай жауап берер
едіңіздер?
3-топ: «Ағаш-қаламыздың көркі»
деген тақырыпта эссе жазу.
6.Қорытынды:
Балалар біз бүгінгі сабақта
өсімдіктер мен адамдар арасындағы тығыз байланыс туралы
әңгімеледік.Өсімдіктердің адам өміріндегі тигізер пайдасы,адам мен
сырласуы туралы мағлұмат алдық.Сондықтанда бәрімізде барлық тірі
жанға риясыз сүйіспеншілігімізді арнап,қиянат
жасамауға
өзімізге журекпен серт
берейік.
7.Үйге
тапсырма: «Қызыл кітапқа енген
ағаштар»туралы мағлұмат жинап
келу.
8.Бағалау. Оқыту үшін және оқуды
бағалау.
Соңғы тыныштық
сәті.
Баяу әуен
қойылады.
Көзімізді жұмып,еркін жайғасып
алайық.Бүгінгі өткен сабағымызда түйген жақсы ой мен жақсы
қасиеттерді жүрегімізге
сақтайық.
Тыныштық,тыныштық,тыныштық.тыныштық бар
жерде,
Тыныштық,тыныштық,тыныштық,тыныштық бүкіл
әлемде,,
|