Сабақ
мақсаты: Тәрбие саласындағы басты
мақсатымыз-рухани-адамгершілігі терең ұрпақ тәрбиелеу болса, оған
апарар жол баланың өзін-өзі тануына, қабілетін ашуына баулу.
Өзін-өзі тану арқылы өзгені, тануға жол ашып, өмірдегі өз орнын
табуға бейімдеу.
Міндеті:
Бұл бағыттың негізгі міндеті – оқушының
бойында жалпы адамгершілік - рухани қағидаларын сақтауға тырысуын
қалыптастыру, адамдыққа, ізгілікке жат нәрселерге белсенді рухани
қарсылық көрсету қасиетіне
тәрбиелеу.
|
Ресурстар: (құралдар,
мәлiметтер)
|
1 Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi.
Сәлемдесу
Сабақтың 5 Т ережесімен
таныстыру
2.Жағымды көңіл-күйге
келу. «Нұрға
бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елесететіп көріңіз: Күн
нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі
нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр
ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды
шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің
бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе
түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады.Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің
ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі
сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз
тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің
басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын
және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан
сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша
түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да
жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық
адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға
таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша
айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен
Нұрмын"
Осындай Нұр,Махаббат
және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай
әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға
болады.Рахмет.
|
Ескерту
|
2.Баяндама
«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда
үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік,
шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы
адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл
– қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен
жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» С. А.
Назарбаева
“Әрбір адамда екі түрлі
тәрбие болады, біреуі өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі,
маңыздырағы өзіне-өзі беретін
тәрбиесі”
Жас ұрпақтың азамат болып
қалыптасуы ,оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден
бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық
қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда
тәрбие мәселелері назар аударуды қажет
етеді.
Жаңа кезеңдегі білім
берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие
беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу,
рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы
керек.
Халықта
«Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»-деп бекер айтылмаған.
Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне
сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде
отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Рухани-адамгершілік
тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің,
ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші
жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан,
сезімдері мен қарым-қатынастарынан
көрінеді.
Қай
заманда болмасын өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты,
саналы ұрпақ тәрбиелеу – адамзат алдында тұратын ұлы
мұрат-міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру
жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында денсаулық, салауатты өмір салты
– бақытты өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына
жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс
деп тәрбие құндылықтары ретінде көрсетілген. Елбасының «Қазақстан –
2030» Қазақстан халқына Жолдауында – денсаулық республиканың
стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып
танылады.
Рухани
адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні
баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа,
ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға,
ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды,
адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын
тұлға қалыптастыруға негізделген. Рухани-адамгершілік тәрбиесі
өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп
ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен
келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын
қалыптастыруды болжайды. «Өзiн – өзi тану» – бұл өзiнiң
әлеуеті мен жеке бас қасиетiн, көшбасшылық ерекшелiгiн,
мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы танытатын
үрдіс.
|
5. Шығармашылық
іс-әрекет.
І. «Сен
қандайсың?»
Өз
аттарын жоғарыдан төмен қарай жазып, өсіміне кіретін әріптерден
басталатын, өз бойында бар қасиеттерді жазу.
Мысалы:
М – мейірімді
Ұ - ұқыпты
Р – рақымшыл
А - ақылды
Т– талапты
ІІ. Ойын. Сиқырлы
таяқша
Сиқырлы таяқ түскен адамға
сұрақ қою.
1. Сіздің қандай жақсы
қасиеттеріңіз бар?
2. Сіз өзіңізді рухани бай
адаммын деп айта аласыз ба? Ойыңызды қалай
дәлелдейсіз?
3. Сіз өзіңізді адамгершілік
рухани байыту үшін қандай іс- әрекеттер жасап
жүрсіз?
4. Рух деген сөздің мағынасын
түсіндіріңізші
5. Өзіңізді қалай мақтар
едіңіз?
6.
Білім шыңына жету үшін адамда қандай
қасиеттер болу керек деп
ойлайсыз?
7.
«Өмірдегі ең басты мәселе
не?»
8.
«Өмірдің
мәні неде?»
9.
Әрқашан да адал болу керек пе, әлде жағдайға
сәйкес өтірікті пайдалануға
болама?
10. -Бақытты болуды тек материалдық байлыққа жету
деп түсінесіз бе?
|
|
7. Топпен ән
айту «Жақсы
адамдар» Сөзі
Н.Жанаевтікі
Әні
Б.Дәлденбаевтікі
сендер аман болыңдар жақсы
адамдар
жақсы адамға қосылмас басқа
балдар
табаныңның астымда жатар
әлі,
пенделіктенөресіаспағандар.
жақсы адамдар,
жақсыадамдар,
сенде аман болыңдар, жақсы
адамдар
жақсы көрем сендерді жақсы
адамдар,
жүрегіңде өткені әппақ ар
бар.
сендер жайлашырқалар асқақ ән
бар,
күйіп кетсінкөре
алмаспатшағарлар
жақсы адамдар, жақсы
адамдар,
күйіп кетсінкетсін көре
алмаспатшағарлар.
|
|