«Өзін-өзі тану» сабағында интерактивті әдістерді қолданудың маңызы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өзін-өзі тану» сабағында интерактивті әдістерді қолданудың маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі педагогикалық сана мен үрдістерінің талабы бойынша оқытушының орны мен әлеуметтік жағдайда мазмұнды өзгерістері бар. Адамның өзге адамға деген көзқарасы оның негізгі мәнін құрайтын сипаттамасы болып табылады. “…Адамның өмір сүру жағдайының ең алғашқысы – ол басқа адам. Басқа адам мен адамдарға көзқарасы оның өмірінің негізін құрайды…”.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Айдарханбеков.Е.А

Алматы қаласы Алмалы ауданы

147 гимназия мұғалімі

«Өзін-өзі тану» сабағында интерактивті әдістерді қолданудың маңызы.


Қазіргі педагогикалық сана мен үрдістерінің талабы бойынша оқытушының орны мен әлеуметтік жағдайда мазмұнды өзгерістері бар.

Адамның өзге адамға деген көзқарасы оның негізгі мәнін құрайтын сипаттамасы болып табылады. “…Адамның өмір сүру жағдайының ең алғашқысы – ол басқа адам. Басқа адам мен адамдарға көзқарасы оның өмірінің негізін құрайды…”.

Мұндай талапты жүзеге асыруда неғұрлым нәтижелі болатын оқытудың белсенді формалары қолданылады. Олар ең алдымен оқушыны өзіндік өзгеруі мен өзіндік даму субъектісі етеді. Руханилықтың басымдылығы әдістер мен тәсілдердің түрін де өзгертеді. Дәстүрлі мектепте басымдылық білім беруге, оның игерілуіне берілді, ол енжар қабылдаудан (бала зердесі – tabula rasa, таза тақта) және интеллектуалдық реакция, интеллектуалдық белсенділік, білімді бірлесіп қолдану (интеллектіде интеллектіге дейінгі бір дүние бар – «туа біткен идеялар») қағидаларынан тұруы мүмкін еді. Мейлі ол енжар немесе белсенді болсын, бірақ екі жағдайда да, зерде, сана, ақыл-ес, психиканың пайдалы қабаты туралы сөз болды.

Интербелсенді әдістер тек зияткерлік, танымдық қабілеттердің белсенділігін арттырып қана қоймайды. Олардың көмегімен оқушылардың бірлескен іс-әрекетіне мән беруге және қарым-қатынас мүмкіндіктерінде ашықтықты, әлеуметтік белсенділікті дамытатын, өзара байланысты өзара сәйкестіктегі әлеуметтік әлеммен байланыс жасауға дайындайтын - жұппен, топпен, сыныппен бірлесіп жұмыс жасау қажеттілігі мен дағдыларының дамуына жағдай жасалады.

Әйтсе де «Өзін-өзі тануда» интербелсенді әдістемелер айрықша мақсатты орындайды.

«Өзін-өзі танудың» интербелсенді әдістемелерінің негізі тереңдетілген диалог деп айтуға болады.

Индивидуалды және коллективті қатысушылардың мынаны білуі тиіс:

Ақпаратты қабылдау және бағалау;

-Ақпаратты қалыптастыруға және талқылауға қатысу; Қатысу мәселелеріне және азаматтық мәселеге қатысты шешім қабылдау;

-Позицияны бағалауға, шешімге, кез-келген билік институтының әрекетіне көмектесетін универсалды стандартты қолдану; Топтың басқада мүшелеріне қоғамдық және мемлекеттік көшбасшыларға өз атын толық жеткізе білу;


Интерактивті әдістердің негізгі міндеттері үш топқа бөлінеді:

I. Білім

Қоғамдық және мемлекеттік институттардың қалай дамитыны туралы яғни сол жайлы оқушыларға түсінік беру. Сонымен қатар, бақылау және әсер ету мүмкіндіктері жайлы түсінік беру.

II. Біліктілік және дағды

Интеллектуалды дағды - оқушылардың логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру.

Оқушылардың өз позициясын қоғамдық сұрақтарда көркемдей алуы;

- Таласты мәселелерде шешім таба білу;

Комминикативті дағды - өз позициясын түсінікті және нақты көркемдеу, топтағы өзара іс-әрекеті болып табылады.

III. Бағалық

Бағалық - мынандай яғни оқушылар орнықтырған бағалықтарды алады:

Адамның құқықтарымен ар-намысын сыйлау;Қайшылықтарды бейбітшілікпен яғни татулықпен, дұрыс тәсілмен шешу;

Бірге қызметтесу; Шыдамдылық; Әділдік; Ашық; Адалдық; Заңды орындау; Жауапкершілік; Патриоттық; Табандылық;

Билік пен оның өкілдерін сыйлау;

Өзіңнің және өзгелердің еңбек күшін құрметтеу.

Интерактивті әдістің әдістемелерін ұсыну және оны жүзеге асыру:

дайындық жұмыс.

Мамандарды қатыстыру.

Рөлдерді бөлу.

Дәрісхананы дайындау.

Нақтылы сабақ сабаққа қатысушылардың дайындығын қадағалау яғни тексеру сабақтың қорытындысы яғни сабақты қорытынды жасау.

«Өзін-өзі тану» сабағында интерактивті әдістерді қолданудың

маңызы.

Рәсімдер (сәлемдесу – қоштасу (бой жазу ойындары, интербелсенді ойындар, жаттығу ойындар).

Жағымды ойларға бағытталу (тыныштықта отыру, әуен тыңдау). Дәріс-сұхбат, пікірталас, «ми шабуылы», мәселелі тапсырмалар, жағдайлар және т.б.

Көркем әдебиет шығармалары мен халық ауыз әдебиеті шығармаларын тыңдау және талқылау (сұхбат, пікірталас, талдау, «ми шабуылы», «дөңгелек үстел») .

Бірлескен шығармашылық (кіші топтардағы іс-әрекетті ұйымдастыру, коллаж, мәселелі жағдайларды, тапсырмаларды шешу, жобаларды қорғауға дайындалу және т.б.).

Өзіндік іс-әрекет (студент дәптерімен жұмыс жасау).




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2020
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі