Бекітемін Канашова
Б.К.
Өзiн-өзi тану
сабағының жоспары
Мектеп:№3
ЖББОМ
Мерзiмі:
13.12.2018ж
Тақырыбы:
Сүйіспеншілік пен
қамқорлықты сыйлау
Құндылық:
Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: жақсылық,сенім, мейірімділік,
адамгершілік.
Мұғалiм:Ералиева Гүлдана
Класс: 3«А,Ә»
Сабақтыңмақсаты: оқушыларға өзін-өзі тану
арқылы сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мағынасын түсіндіре отырып,
сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға “қамқорлық”,
“мейірімділік” ұғымдары туралы түсінік
беру.
Дамытушылық: оқушыларға мейірімділікпен
ойлау, сөйлеу, әрекет ету дағдыларын
дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікті,
сабырлықты, кешірімділікке тәрбиелеу
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.
5Т ( сыныптағы тәртіп , талап
, тыныштық , тазалық және татулыққа назар
аудару).
2.Тыныштық
сәтi.
Су
асты патшалығына ойша
саяхат.
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз;
денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат
жасаймыз.
Теңіз
жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл
шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен
құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған
кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету
үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр.
Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз.
Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су
астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда
кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар
қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда
тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор
балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор
сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені
байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық
күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз
қалады).
Ал қазір
жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті
қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ
түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин
кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға
жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және
осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық
білдіріңіз.
Сыныпқа
оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді
ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға
тырысыңыз.
Дәйек
сөз: «Сүйіспеншілік –
жүректен шығады»
Ш.Құдайбердіұлы
2-рет ер балаларға , 2- рет
қыз балаларға айтқызу және бәріміз бірге
қайталау.
Адам
жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік,
адалдық сияқты асылқасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю,
Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке
байланысты.
Сендер
шыр етіп дүниеге келгенде ата – анаңның қуанышында шек болмайды. Ал
сендералғаш рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақанын, мейірлеген
махаббатын сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы
махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа
бөлейді.
1. Ш.Құдайбердіұлы кім ?
2. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесің ?
3. Сүйіспеншілік деген сөзді естігенде кім естеріне түседі ?
4. Неліктен сүйіспеншілік пен қамқорлық жүректен шығады
?
«Мұғалімнің сыйы»
Бейнеролик
«Сүйіспеншілік
сабағы»
Шығармашылық жұмыс, топпен
жұмыс.
“Жақсылық” тобы
: Сүйіспеншілік пен қамқорлық
қасиеттеріне постер
қорғау.
«Адамгершілік»
тобы: Қамқорлық сөзінің
әр
әрпіне жақсы жылы сөздер
тізбектеп жазу.
“Мейірімділік”
тобы: қамқорлық қолдау көрсететін
анамызғаарнап,
өзіміздіңішіміздегі
білдіре алмай жүрген риясыз
сүйіспеншілігімізді хат арқылы
жолдайық.
Топпен ән
айту.
Қайда?
Ерке
Есмахан
Ауыл менен қала, көше менен
дала
Сені іздедім мен, сені
ғана
Ауыл менен қала, галактикада
ма?
Тілеген іздемей, табылар
ма?
Сен
жоқсың жоқсың, таба алмадым сені
Сен
жоқсың жоқсың, іздемейсің мені
Сен
жоқсың жоқсың, бар болсаң қайдасың?
Сен
кімсің? Жүрсің қайда?
Алматыда жоқ жоқ
Астанада жоқ жоқ
Сені іздедім, үмітті
үзбедім
Ақтөбеде жоқ жоқ
Шымқалада жоқ жоқ
Сені іздедім үмітті
үзбедім
Қазақ па екен өзі?! Ғажап па екен
сөзі?
Түсер маған қашан оның
көзі?!
Мейлі таз болса да, ақшасы аз болса
да
Ер-жігіттің көркі ой мен
сана
Ал,
сен жоқсың, жоқсың, аба алмадым сені
Сен
жоқсың жоқсың, іздемейсің мені
Сен
жоқсың жоқсың, бар болсаң қайдасың?
Сен
кімсің? Жүрсің қайда?
Соңғы қортындыдау сәтi:
Баяу әуен қойылады. Көзімізді
жұмып, еркін жайғсайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені
түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол
жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге
түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі
керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!