Маңғыстау облысы
Бейнеу
ауданы
«Атамекен орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық сынып
мұғалімі
Сабақта балалардың таным қызметін басқарудың әдіснамалық
қызметі
«ХХІ ғасырдағы дамыған ел» дегеніміз – белсенді, білімді
және
денсаулығы мықты азаматтар. Қазақстан Республикасындағы
12-жылдық білім беру Концепциясында «Қазақстандық қоғамның өзекті
мәселелерінің бірі өзгермелі әлеуметтік, экономикалық жағдайда тек
өмір сүріп қана қоймай, сонымен қатар қалыпты жағдайдың жақсы
жағына қарай өзгеруіне белсенді түрде әсер ете алатын бәсекеге
қабілетті тұлға қалыптастыру»,- деп
жазылған.
Қазіргі
заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру
жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас
ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой – өрісі биік,
бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті
мәселесі. Бұл
әр
мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет
етеді.
Олай
болса, қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік
қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой
атағы,
мақсат-мұраты. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған
өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен
іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға,
таным үрдісінің әдіс- тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің
дамуына , адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеру шығармашылық
пен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға
мүмкіндік жасайды.
Осы
тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдерін,
яғни
Ж.Караевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы»,
М.Жампейсованың «Модульдік оқыту технологиясы», СТО
стратегияларының элементтерін пайдаланып, оқушының ізденушілік,
зерттеушілік әрекетін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып,
оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамыту ұстаздардың
басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып
отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің
іс -әрекеті емес, оған уақыт керек. «Адамның адамшылығы ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»
деп айтқан ұлы Абай.
Оқушы
жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын
арттырып,
өзін -
өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр
оқушының
дара
ерекшеліктерін ескеріп, білім алуға қабілетін зерттей отырып,
тұлғаның негізінің ашылуына жол көрсететін ұстаз. Ұстаз өзінің
құзырлығының деңгейін бағытты жетілдіріп, ой, іс бірлігін қатар
дамыту қажет.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас
ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» -деген Елбасы
Н.Ә.Назарбаев.
Танымдық
белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта –
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы:
мұғалімнің
баяндап
тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы,
алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы,
бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі
керек.
Өйткені
өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім
алуда,
оның
жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін
емес.
Танымдық
әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса,
оқушылардың ақыл – ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды:
зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.
Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру
мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген
еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы
қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты,
әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және
талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге
болады.
Танымдық
әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл – ой
әрекеті.
Ол
танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті
орындаудың тәсіл – амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділікті бір
ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын
айқын көреміз. Сондықтан оқу барысында оқушының таным
белсенділігін
арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас – ынтасын
шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады. Шәкірттің
қабылдауы негізінен, мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне
байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз
болатындай
даярлық
жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру
дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Баланың өзіндік
сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік
әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Танымдық белсенділіктің үш
дәрежесі бар:
1-Дәреже
– жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды
жадылап,
қайта
жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға , меңгеруге ұмтылысымен
сипатталады. Белсенділіктің 1-дәрежесіне тән көрсеткіш – оқушының
бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың
болмауы.
2-Дәреже
– түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне
белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда
пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді.
2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін
жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны
жеңудің жолдарын
қарастыруынан
байқалатын үлкен
дербестігі.
3-Дәреже
– белсенділіктің шығармашылық дәрежесі – оқушының тапсырманы
шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен
сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі
табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр
алуандылығы.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі талдауда
көрсетілгендей «танымдық белсенділік» терминінің негізінде
белсенділік жөнінде түсінік жатыр.
Танымдық
белсенділік – адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде
өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген
тұжырымдамаларға ие.
Маңызды
әлеуметтік күшіне байланысты бұл
мәселе қазіргі диалектикада, білім беру
тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр.
Оқыту
жұмысын
тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық – сабақ
жүйесінің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін
дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды
ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан
оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру
мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері
қолданылады. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын
дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты
меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің
қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар
беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Сондықтан оқушылардың танымдық белсендідігін арттыруда
маңызы зор.
Оқу
жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті – оқушылардың
сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету,
үлгермеушілікті болдырмау.
Танымдық
белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз
байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласы мен
таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және
қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді.
Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным процестерінің өзінің даму
деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның шындықты
қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты
жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық
тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі,
білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің
міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Әрбір
қимыл дамып қалыптасудың белгілі бір кезеңінде ғана болып, тек
өзіне ғана тән рөлді атқарады. Өзіндік әрекеттің үшінші компоненті
құралған танымдық оқу әрекеті жатады. Өзіндік әрекет арқылы жүзеге
асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты- тұлғаны
қалыптастыру. Өзіндік жұмысқа бейімделу өзіндік танымдық әрекетті
қажетсінуді тудырады. Оның белгілеріне: білімді қажетсіну, білімді
ғана емес оны игеру жолын тереңірек меңгеруге құштарлық, оқу
материалына сын көзбен қарау, бір мәселе бойынша өз көзқарасының
болуы, өз бетінше ойлау, өзінің тіршілік әрекеті және ары
қарай білімін көтеру үшін жаңа білім алуға ұмтылуы
жатады.
Көптеген
ғалымдар оқыту әдістерін мазмұнына, қолданылуы мен іс-әрекет
түрлеріне, мақсатына, мәніне қарай түрліше
топтайды. Оқытуда инновациялық әдістерді қолдану
жақсы нәтиже береді деп ойлаймын.
Біз
жалпы оқыту әдістерін талдап, жүйелей отырып, оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудағы әдістер тобын мынадай негіз бойынша
топтадық:
Ақпараттың берілуі мен қабылдау сипаты бойынша – дәстүрлі
әдістер жүйесі (әңгіме, әңгімелесу, көрнекілік, шығарма
т.б.)
Оқушы
мен мұғалімнің өзара әрекеті бойынша –топтаған әдістер жүйесі:
баяндау, проблемалық баяндау, ішінара іздену,
зерттеушілік әдісі.
Мұғалім іс- әрекеті компоненті
бойынша)
а) оқу –
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге
асыру
(
сөздік, көрнекілік, практикалық, өзіндік жұмыс
).
б)
бақылау және өзіндік бақылау әдістері ( ауызша және жазбаша
бақылау, лабораториялық және практикалық жұмыс бағдарламаланған
бақылау, т.б).
в) оқу
танымдық әрекеттегі мотивация және реттеу әдісі (қызығушылықты
қалыптастыру әдісі: танымдық ойындар, өмірдегі жағдайларды
талдау)
Сабақ
барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда
оқушыларда ақыл – ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды:
зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі,
қызығушылығы т.б. Сөйтіп, оқудағы белсенділік – оқушының іс – қимыл
жағдайы ғана емес, осы іс - қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет
мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің рухани - ерік, күш-жігерін
оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен
айқындалатын тұлғасы көрінеді. Өз бетінше ізденімпаздықпен
жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен
меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы
әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б.
оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты
болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу
шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу
қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық
сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде
қалыптасады.
Оқушылардың танымды белсенділігін қалыптастыруға
бағытталған сабақтар түрлерін төртке бөліп қарастыуды
ұсынамыз:
Танымдық
Коммуникативтік
Шығармашылық
Әдіснамалық
Өзіндік
жұмыс пен шығармашылық сабақтарды өткізу оқушының танымдық
белсенділігін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу
үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып
табылады. Танымдық әрекеттегі белсенділік компоненттерін бір арнаға
біріктірген тиімді болады: мотивациялық, еріктік,
мазмұнды-операциялық, бағалау-
нәтижелік.
Оқу
үрдісінде оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру жеке
тұлғаның өзіндік ақыл-ой дербестігін, шығармашылық әлеуетін
көтереді. Оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыратын
педагогикалық шарттар жиынтығы мен тиімді әдіс-тәсілдерді, оқытудың
түрлі формаларын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеріп,
танымдық ой- өрісін арттыруға болатынын эксперимент
жұмыстарының қорытындыларынан көруге
болады.