Материалдар / Өзіндік жұмыстың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзіндік жұмыстың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Егемен еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – оқушыны білімді әлемнің түбегейлі бейнесін қабылдай алатын, өз бетінше ойлай алатын адамға айналдыру. Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш сынып мұғалімдері. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады. Мұғалімнің қызметі қазіргі таңда тек бағыт – бағдар беруші болуы керек. Ал оқушы осы бағдар бойынша өз бетімен жұмыс жасауға дағдылана білуі тиіс. Оқушылар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
1762
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл орта мектебі





Өзіндік жұмыстың маңызы






Баймұқашева Гүлзада Қайыржановна


















2016жыл



Жоспар:




Кіріспе


Негізгі бөлім:

а) Оқытудың белсенді әдістерінің бірі- оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге баулу.

ә) Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне қойылатын талаптар.

б) Шығармашылық бағыт бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

в) Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауында жаңа технологиялық әдістерді қолданудың маңызы.

г) Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру- дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытудың құралы.


Қорытынды



Бала білімді тәжірибелер арқылы

өздігінен алуы керек.

А. Байтұрсынов


Егемен еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – оқушыны білімді әлемнің түбегейлі бейнесін қабылдай алатын, өз бетінше ойлай алатын адамға айналдыру. Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш сынып мұғалімдері. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады. Мұғалімнің қызметі қазіргі таңда тек бағыт – бағдар беруші болуы керек. Ал оқушы осы бағдар бойынша өз бетімен жұмыс жасауға дағдылана білуі тиіс. Оқушылар үшін өзіндік жұмыстың маңызы зор. Өз еңбегімен ізденіп қараған болса, ол оқушының жадында мәңгіге сақталады. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Уақыт ілгерілеп, білім беру ісі заман талабына қарай бейімделіп келе жатқан жағдайда білім беру жүйесінің өзгеруі заңды. Барлық пәндер бойынша оқыту үрдісінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы – арнайы жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ойы мен күш- жігерін жұмылдырып шешуі және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс.

Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудың негізгі мақсаты – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыра білу, сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау, оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

Өзіндік жұмыс – оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс- тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті.Оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың негізгі мақсаты мынадай болу керек.

1 Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.

2 Оқушыларды өз пікірі бар, дара тұлға етіп тәрбиелеу.

3 Білімі мен білігіне сай келетін бағдарды өзі таңдап алатындай дәрежеге жеткізу.

Мектеп алдындағы талаптарды ескере отырып, мұғалім сабақ беру барысында оқушылардың танымдық қабілеттігін; ойлау, кеңістікті елестету, пайымдау сияқты тағы басқа дербестік қасиетін дамытуға жағдай жасай білу керек. Бұл жағдай көбінесе оқушылардың өз беттерінше жұмыс жүргізуін дұрыс ұйымдастыруымен анықталады.

Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір- біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан- жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.

Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Өз бетінше жұмыс жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізуде өз бетімен жұмыстың орны ерекше. Сондықтан өз бетімен жұмысты ұйымдастыру мәселесін көптеген педагогтар кең көлемде зерттеген. Оқушының өз бетінше ізденіп оқуын жетілдіріп отыру бағытында Я.А.Каменский, К.Д.Ушинский, Л.В.Занков т.б ғалымдардың еңбектері бар. Осы еңбектерге талдау жасай отырып, қысқаша түсінік берсем:

Л.В.Занков. Оқытудағы өз бетінше жұмыстың жетекші ролін көрсетеді. Ақыл-ой қызметінің көрсеткіші өз бетінше жұмысты істеуді іске асырады: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу қабілетінің артатынын көрсетеді. [19].

Я.А.Каменский. Оқушының өзбетінше әрекеттенуінің кезеңдерін белгілеген: - өзіндік бақылау

- практикалық жүзеге асыру

- алған білім, білік, дағдыны жаңа жағдайда қолдану

- өз іс-әрекеті нәтижелерін өз бетінше баяндауы. [14].

К.Д.Ушинский. Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру туралы еңбегінің дидактикалық маңызы ерекше. Оқушының жас және жеке ерекшелігін ескеруді ұсынады.Ұйымдастырылған оқу-тәрбие үрдісіндегі өз бетінше жұмыста ғана бала белсенді дамиды; саналы мақсатқа ұмтылады, білім игеруге талпынады, білімді пайдалана біледі. [24].

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл- амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Бастауыш сыныпта оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру үш бағытқа бөлінеді:

1. Өз бетінше жұмыстың ұйымдастыру технологиясын енгізу .

2. Сол технология негізінде өз бетімен жұмыс жасауға бағытталған өзіндік жұмыстар ұйымдастыру.

3. Өз бетінше жұмыс жасаудың нәтижелі болуына оқытудың түрлі формаларын енгізу.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары және өз еркімен жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстар да жатады. Өзіндік жұмыстар өткен тақырыптар-ды пысықтап, бекіту үшін өздігінен жұмыс жасауға жетелейді. Алған білім, білік, дағдысын жүйелейді. Ойын еркін жүргізуге, ойланып тұжырым жасауға машықтанады.Оқыту үрдісіне негізделген оқушылардың өзіндік жұмысы-мұғалімнің тікелей қатысуынсыз орындалатын жұмыс. Бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге, өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тырысады.

Өзіндік оқу іс-әрекеті дегеніміз – бұл дидактикалық ұғым, ғылыми- практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғалық өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Өздігінен істейтін әрекеті оқушылардың белсенділігін арттырады. Өз бетінше жұмыс істеп дағдыланған бала кездескен қиындықтарды жеңе алатын, өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын азамат болып өседі. Мұғалімнің міндеті – баланың ерік – жігерін дамыту, ұқыптылыққа үйрету, өзіне деген сенімділігін арттыру.


Бұдан басқа оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастырудың неғұрлым сапалы нәтижесіне жету үшін мынадай басты қағидаларды, шарттарды,талаптарды, әдістерді басшылыққа аламын:






Оқушы арасындағы пікірталаста мәселе шешімін өзім айта салмау






Сатылы мәселе тудырып отыру (ойлан, ізден, тап)




Мадақтауға таршылық жасамау










Оқушының әр ойын назардан тыс қалдырмау

Shape1





Басты қағидалар




Барлық оқушының бір пікірге сүйеніп қалмай, басқаша ойлауға баулу












Сабақта оқушы қызығушылығын арттырып, алға талпынуын көздеу



Оқушы ойын «қате» деп тыйып тастамау







Оқушының асығыс берген жауабына бірден келіспеу, дәлелдеуді талап ету












Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда басты назарда болатын негізгі қажетті шарттарды мұғалім үшін және оқушы үшін деп екіге топтауға болады.



ОShape2 қушыға нақты тапсырма беру;

ОShape3 ны орындауға уақыт белгілеу;

МShape4 ұғалім басқаруы мен оқушының дербестігі

арасындағы байланыс;

ӨShape5 з бетімен жұмысты орындауға жағдай жасау ;

ұйымдастырылған оқу-тәрбие үрдісінің болуын

қамту;

МShape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 ұғалім үшін Қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар

беру;

Жас ерекшелігіне сәйкес оқушының өзіндік

ерекшелігін ескеру;

Білім алудың, білудің қажеттілігін ұғындыру;

Оқушы еңбегін мадақтау, марапаттау;

Өз бетінше жұмыстың орындалуын қадағалау;

Пәнішілік, пәнаралық байланыстың болуын есте сақтау;

Нәтижені уақытында тексеру, әділ бағалау,

қатені өзіне жөндету, өзін-өзі бағалауына

жағдай жасау.



АShape13 лдымен берілген тапсырмаға талдау жасау;

МShape14 ақсатты айқын түсіну;

ӨShape15 ткенді еске түсіру, әдіс-тәсілдерді анықтау;

Shape16 Орындауға жоспар жасау (білімін, іскерлігін,

ОShape20 Shape19 Shape18 Shape17 қушы үшін дағдысын жаңа жағдайда қолдану);

Жоспар бойынша тапсырманы орындау;

Өзін-өзі тексеру, өзіндік бақылау;

Өз еңбегін бағалау;

Өз әрекетінің саналы, жүйелі орындалуын ой елегінен өткізу;


Оқушының өз бетінше жұмысының сапасы ол орындаған оқу жұмысының түріне, мазмұнына, көлеміне байланысты сапалылығы оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, ақыл-ой операцияларын тиімді пайдалануға да байланысты. Осы тұрғыда өз тәжірибемде басты назарда ұстайтын әдістер жиынтығы төмендегідей:

- ойын (ұлттық, танымдық, дидактикалық т.б);

- салыстыру (ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау);

- дәлелдеу (өз ойының дұрыстығына өзгенің көзін жеткізу);

- талдау (тұтасты бөлшектеу);

- жинақтау (бөлшектерді біріктіру);

- бағалау (өзін, досын, топты т.б);

- эврестикалық (жаңалық ашу, зерттеу, іздену);

- көрнекілік (сызба, сурет, буклет, альбом т.б)

- сұрақ-жауап;

- ой шақыру.

Сабақтарда балалардың сабаққа деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуде осы қағидаларға ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, сабаққа деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Сондықтанда оқытудың белсенді әдістерінің бірі- оқушыларға өзбетімен жұмыс істете білу.

Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:

- Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма.

- Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б)

- Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар: өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу. Мұнда басты назар аударатын мәселе- оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін кабинетте дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық – ғылыми - техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету – мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамасыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді. Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама- шарқын ескере отырып, сораптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болсада ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.

Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К.Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техникалық ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойлап шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істете білуіміз керектігін» - көрсеткен болатын.[16] Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы- жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек.

2. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

3. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

4. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс.

5. Оқушының тілегі жұмыстың соңына дейін бәсеңдемейтіндей болуы керек.

6. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегідей ерекше болып келеді. Олар естіген әңгімелер, сурет бойынша түрлі ертегілерді ойдан құрастыра алады. Сондықтан мен ертегіні немесе әңгімені бастап беріп,оны аяқтауға оқушыларға тапсыратын болсам, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады, ізденеді. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін өз бетімен жұмысты сабақта және сабақтан тыс уақытта да мен мынадай әртүрлі әдістерді қолданамын.

Олар мыналар:

  1. Ақын, жазушылардың мәтіндерін өз ойымен аяқтау.

Мысалы: Мағжан Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» әңгімесін оқушым Хамзина Амангүл былай аяқтады. «Тоңып, дірілдеп, аласұрып жүрген балапанды көріп, қатты аяп кеттім. Балапанды қыс біткенше үйімде ұстадым. Жем беріп, су бердім. Көктем шығысымен сары балапанды далаға шығардым. Кенет балапан шиқылықтап аспанға қарай ұша жөнелді».

Ал, Қапан Ринат деген оқушым «Тоңып, дірілдеп, аласұрып жүрген балапанды көріп, үйге әкелдім. Ата-анам да балапанды аяп көмектесуге тырысты. Әкем ұя жасады. Мен күнде тамақ беріп, жем шашып тұрдым. Құстарға көмектесуге міндеттіміз, өйткені құстар – біздің досымыз» деп өз ойымен аяқтады.

2) Ойдан сурет бойынша ертегі құрастыру.

Мақсатым: Оқушылардың қиялын дамытып, шығармашылығын арттыру,өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Көрнекілікке құмырсқа, шегіртке, араның суреттерін пайдалануға бердім.

Мысалы Дүйсенғали Мағжан деген оқушым «Баяғыда бір құмырсқа өз достарына өкпелеп, кетіп қалып, шегіртке, арамен дос болыпты. Күндердің күнінде құмырсқа келе жатып, жолдан бір түйір дән тауып алады. Оны әрі қозғап, бері қозғап көтере алмайды. Көмекке шегіртке мен араны шақырғанымен олар келмей қояды. Ренжіп келе жатқан құмырсқа, өзінің илеулес достарымен кездесіп қалады. Олар мұның түрін көріп:

- Саған не болған, - деп сұрайды. Құмырсқа болған жайды түгел достарына баяндап береді.Достары оған көмектеседі. Өз қылығына ұялған құмырсқа достарынан кешірім сұрайды»деп өз ойымен аяқтады. Оқушылардың ертегісі әр түрлі болды.Осылайша сабақтың соңында оқушылар мынадай нәтижеге қол жеткізеді.

Алынатын нәтижелер:

-Қарым-қатынас жасауға үйренеді;

-Жауапкершілігі артады;

-Практикалық іс- әрекетте болады;

-Басқаларды тыңдай біледі;

-Өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығарады;

-Өзін- өзі бағалайды;

Мен мұннан оқушыларға сенім білдіре отырып, өзіндік тапсырмалар ұсынғанда, олардың ізденімпаздық, жауапкершілік және еңбек қабілетін дамыту үстінде екендігіне көз жеткіздім.

Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік, танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, алгаритмдік, шығармашылық деңгеймен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге болады. Бұл оқушыға кішкентай жаңалық ашқанмен пара-пар. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: « Сабақ балалардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп балалар үшін рухани өмірдің тікелей ошағы, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады», - деген екен.[25] Олай болса, қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой–атағы, мақсат-мұраты. Олай болса менің өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыру, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін. Міне, осыған сай бастауыш сыныпта оқу әрекетінің қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілгендігі, оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтындығы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б мәселелер қамтылады. Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең басты оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Сондықтан, жаңа технологияны пайдалану дегенде, өз басым интерактивті тақтаны барынша көп қолдануға тырысамын. Бұл жағдайда интерактивті тақта көп рөл атқарады. Яғни, уақытты ұтымды әрі тиімді пайдалануға мол мүмкіншілік береді. Интерактивті тақта арқылы кез-келген тақырыпты түрлі көрнекіліктер, объектілер арқылы дәлелдей отырып түсіндіруге болады. Қолдан жасалатын түрлі көрнекіліктер, кестелер, карта- сызбалар, тіпті кейбір суреттерді көруге өте тиімді. Ендігі кезекте осы айтылған ойларымның, жұмыстарымның бір сәті ретінде өзім дәріс беретін 2-сыныпқа дүниетану пәнінен өткізген ашық сабағымды ұсынамын.

Дүниетану

Тақырыбы: Тұқым және жеміс

Мақсаты:

  1. Оқушыларға өсімдіктердің көбеюі жайлы түсінік беріп, білім, білік

дағдыларын қалыптастыру;

  1. Жаңа тақырыптың өткен материалмен байланысын, шығармашылық

әрекеттерін дамыту;

  1. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, табиғатты қорғауға, өз бетімен

жұмыс жасауға тәрбиелеу.


Түрі: өз бетінше практикалық зерттеу.


Әдісі: сұрақ- жауап.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, жеміс- жидектер, сызбалар, сөзжұмбақтар.

Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңі:

-Дүниетану сабағына қажетті оқу- құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын сұрау:

-Жапыраққа жасыл түс беретін зат қалай аталады?

-Күзде жапырақтың түсі неге өзгереді?







PAGE \* MERGEFORMAT 1 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!